Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет3/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


 
Себебі, орта мектепті тамамдаған жастардың адам, қоғам, табиғаттың бір-
бірімен байланысын ғылыми  тұрғыдан  терең меңгеріп, дүниенің біртұтастығы 
жайында  материалистік  көзқарасының  қалыптасуы  қажет.  Сонымен  қатар, 
қазіргі  таңда  оқулықтар  сапасына  қойылатын  талаптар  да  күрделеніп  өзгеріп 
отыр.  Мәселен,  оқулық  мазмұнының  ғылымилығы,  жүйелілігі  талаптарын 
былай 
қойғанда 
оның 
құндылық 
бағдарлы 
болуы, 
Қазақстандық 
компоненттердің енуі сияқты жаңа талаптар қойылуда. 
Осыған  орай,    жаратылыстану    ғылымдарының  бір  саласы  болып 
есептелетін  химия  пәнінің  де  алдына  қоятын  мақсаттары  мен  міндеттері 
жаңарып  жетілдіруді  талап  етеді.  Соңғы  жылдары  Қазақстанның  орта  білім 
беретін мектептерінде  химия пәні бойынша жаңа буын оқулықтарының жарық 
көріп, қазіргі таңда сол оқулықтармен білім беруді жүзеге асып отыр. 
XX  ғасырдың  соңындағы  қоғамда  болған  өзгеріс  жалпы  білім  беру 
жүйесіне  де  күрделі  серпілістер  әкелді.  Мемлекетіміздің  дүние  жүзілік  білім 
беру  кеңістігіне  шығуы,  Қазақстанда  осы  кезеңге  дейінгі  қалыптасқан  тарихи 
жағдайларға,  жинақталған  құндылықтарға  және  қоғамның  түбірімен  өзгеруіне 
байланысты  қазіргі  уақытта  химиядан  білім  беру  жүйесінің  маңызы  артуда. 
       Химия      пәні  7  -  сыныптан  басталып,  оқушыларға  заттар,  денелер, 
химиялық  заңдар      мен  теориялар,  химиялық  өндіріс  туралы  білім  деңгейін 
меңгертуді көздейді. Болашақ қоғам мүшелерінің  белгілі мөлшерде химиялық  
білімі болмаса  «әлемнің химиялық  көрінісін»  саналы  түрде  ұғынбаса,  «заттық 
әлемге»  деген  шындыққа  сәйкес  келетін  көзқарасын,  оның  дүниетанымын, 
ойлау  үдерісінің  дамуын  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Еліміздегі  алуан  түрлі 
шаруашылық салаларының бәрі де дерлік химиямен байланысты дамуда. 
Химиядан  білім  беруде  әдетте  заттар  мен  химиялық  үдерістердің 
арасындағы  обьективті  заңдылықты,  деректерді,  ұғымдарды  және  олардың 
байланысы  ашылады.  Мәселен,  оқушыларға  өндірістік  материалдар  туралы 
білім беру  олардың политехникалық дайындығын күшейтеді. Сонымен қатар,   
бұл  пән-  нің  жаратылыстану  ғылымдарының  арасындағы    алатын  орнын, 
заттардың  күрделену  сатысын,  олардан  түзілетін  табиғи  және  жасанды 
денелермен  таныстырады.  Қазіргі    таңдағы  жасанды    синтетикалық    заттарды  
тұтынушылықтың  басым  заманында  болашақ қоғам  мүшелерінің оны толық 
және ғылыми тұрғыдан терең  меңгеруін керек етеді. Әсіресе, 7-9 сыныптарда 
химиялық  құбылыстардың бір-бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде 
ғылыми  көзқарас      қалыптастыру    міндеті  орындалады.  Химияның  қазіргі 
қоғамда  алып  отырған  күрделі  орны  оны  бүкіл  жаратылыстану  пәндерімен  
байланыстыра оқытуды керек етеді. 
Шын мәнінде де, Қазақстандағы жалпы өндірістің дамуы әсіресе химиялық 
қосылыстардан  туындайтын  материалдарды  күнбе-күн  кеңінен    керек  етіп 
отырғаны    даусыз.  Ал,  біздің  Республиканың  келешегі  болып  есептелетін  
жастарымыздың бұл саланың ерекшелігін, теориялық және практикалық негізін 
мектептен бастап ақ меңгеруге тиісті. 
Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше себеп бар. Әрине, мектеп қабырғасында 
оқушылардың химия пәнінің теориялық тұстарын толық меңгеруіне ең бірінші 



 
себеп, педагог қауымының дайындығы, білім беруді жоғары деңгейде жүргізуге  
қалыптасқан  кәсіптік  құзыреттіліктерінің    болуы.  Соның  негізінде  білімді 
тұлғаға бағыттау  талабының орындалуы.  Екінші    себеп, оқушылардың іздену-
шілігі    мен  зерттеушілік,  бақылаушылық,  эксперименттік  бағыттағы  өзіндік 
жұмыстарын ұйымдастырудың қамтамасыз етілуі. Үшінші себеп, оқушылардың 
білім  алуы  тек  оқулықтағы  материалдарды  игерумен  шектелмей,  олардың оқу 
іс-әрекеттерін  ұйымдастыруға  негіз  болатын  және  оқулықтың  мазмұнын 
тереңдете түсетін  қосымша оқу құралдарының пайдаланылуы. 
Химия көп салалы пән болғандықтан, ол бүкіл жаратылыстану пәндерімен 
мазмұндық және практикалық жағынан тікелей байланысты. Бұл жағдайлардың 
бәрін  оқулыққа  енгізу  мүмкін  емес.  Сондықтан,  оқушылардың  білімін 
толықтырып  қана  қоймай,  олардың  ізденушілігін,  зерттеушілігін  дамытатын 
бұл  пән  бойынша  дайындалған  оқу  құралдарының  оқулық  мазмұнымен 
сабақтастықта пайдалануын қамтамасыз етуді қарастыру болып табылады. 
Дүние  жүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде 
Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үдеріс  педагогика  теориясы 
мен оқу-тәрбие жұмысында өзгерістер енгізумен бірге, елімізде болып жатқан 
түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,  білім  алушылардың 
шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап 
етеді. Еліміздің білім жүйесі бойынша мектеп қабырғасында білім беру  тұлғаға 
бағыттала  отырып,  оларды  шығармашылыққа,  ізденуге,  оқушылардың  білімді 
өздігінен    меңгеруге    жетектеу,  білім  беру  әдістемелерінің  осы  мақсатқа  тез 
бейімдеуді керек етеді.  
Педагогика 
саласындағы 
зерттеулер 
білім 
беру 
мазмұнын 
гуманизациялауды,  оқытудың  тәрбиелік  ролін  көтеруді,  оқушылардың  оқуға 
қызығушылығын  арттыруды  талап  етеді.  Сондықтан  да,  мектеп  қабырғасында  
химияны оқытуда ең алдымен химия ғылымының даму жолын талдай отырып, 
оның  мазмұнын  ғылыми  тұрғыдан  толық  ашу  үшін    оқулық  пен  оқу 
құралындағы  материалдарды  байланыстыра    отырып,  білім  берудің  жаңа 
технологияларын қолдану негізінде мақсатқа жетуге болады.  
Сондықтан  да,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  мазмұндық, 
құрылымдық,  әдістемелік  сабақтастықтарын  ғылыми  тұрғыдан  жетілдіре  түсу 
заман талабының бірі деп қараймыз. 
Оқулықтардың  теориялық  негізін,  білім  берудің  дидактикалық  
принциптеріне қарай оның  мазмұндық, құрылымдық ерекшеліктерін зерттеген   
Ресей  ғалымдарының  қатарында:  В.Г.  Бейлинсон,  Д.Д.Зуев,  П.Г.Буга, 
В.В.Краевский,  Н.Ф.Талызина,  Л.В.Занков,  С.Г.  Шаповаленко,  В.П.Беспалько, 
И.К.  Журавлев  [5-15]  айналысқандығын  білеміз.  Сонымен  қатар  педагог  Г.М. 
Донской оқулық мазмұнының дамуы мен атқаратын қызметін [16], А.М. Сохор 
оқулықтардағы  ғылыми  материалдарды  дидактикалық  өңдеу  туралы  [17],  
И.П.Товпинец,  Ю.К.Бабанский,  В.В.Сорокин,  Л.С.Гузей,  Р.П.Суровцева, 
В.П.Максаковский,  А.З.Рахимов,  Н.И.  Кондаков,  М.Н.  Скаткин  және  т.б. 
еңбектерінде оқулық құрылымы мен оны құру жолдарын талдаған [18-24]. Ал, 
ғалым Дайнеко  оқулық  тиімділігін  арттыру  жолдарын,  К.Швинге,  Л.Я.Зорина, 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау