13
Зерттеу жұмысы нәтижелері жоспарға сай, Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық
университетінің
жаратылыстану
және
география
институтындағы ғылыми әдістемелік семинарларында баяндалып, тыңдалды,
талдау жасалды.
Жарияланымдар: диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша
барлығы 26 ғылыми жұмыс жарық көрген. Оның ҚР білім және ғылым
саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда-10, Scopus базасына
кіретін ғылыми басылымда - 2, халықаралық ғылыми- практикалық
конференция материалдарында - 5, шетел ғылыми басылымдарында - 2,
ҚРБжҒМ ұсынысы бойынша ЖОО арналған ағылшын тіліндегі оқулық - 1, орта
мектептің 7-сыныбына арналған қазақ тіліндегі оқу құралы - 1.
Диссертацияның құрылымы мен мазмұны: диссертациялық жұмыс
кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделіп, мақсаты,
міндеті, болжамы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеудің теориялық
және практикалық маңыздылығы анықталып, жетекші ой ұсынылып, зерттеудің
негізгі кезеңдері сипатталады.
«Оқулықтар
мен оқу құралдарын құрастырудың ғылыми-
педагогикалық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда оқулықтар мен оқу
құралдарын құрастырудың психологиялық - педагогикалық негіздері
сараланды. Оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырудың теориялық
негіздерін аша отырып, орта мектептің химия пәнінен оқулықтар мен оқу
құралдарын даярлаудың мазмұндық, құрылымдық мәселелері қамтылды.
Оқулық пен оқу құралдарының дидактикалық функциялары және оларға
қойылатын талаптардың қазіргі таңда орындалуы мен мүмкіндіктеріне
тоқталады. Сонымен қатар оқулықтар мен оқу құралдары теориясының
дамуының негізгі бағыттары қарастырылады. Химия бойынша оқулықтар мен
оқу құралдарының құрылымы және білім берудегі орны анықталынады.
«Оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды химиядан білім беруде
байланыстыра қолдану әдістемесі және оны тәжірибелік-экспериментке
қоюдың нәтижесі» атты екінші тарауда: химияны орта мектептегі химия пәнін
оқытуда пайдаланылатын оқулықтар мен оқу құралдарын байланыстыра
қолдану әдістемесі қарастырылады және педагогикалық эксперименттің
қортындысы берілді.
Қорытындыда
теориялық
және
эксперименттік
жұмыстардың
нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
14
1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ХИМИЯ ОҚУЛЫҚТАРЫ МЕН ОҚУ
ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Орта мектептің химия оқулықтары мен оқу құралдарын
құрастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
Елбасы Н. Ә.Назарбаев өзінің 2014 жылғы «Қазақстан-2030» жолдауында
«Ел ертеңі-білімді жастар» деп жастарға тиянақты білім беру мәселесіне
айырықша тоқталды.
«
Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді,
білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың
өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге
сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда
болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата
білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан
қажыр қайрат пен ерік жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп, атап өтті
Елбасы.
Жас өспірімге білім мен тәрбие беру отбасынан басталып, мектепке
дейінгі мекемелерде, бастауыш мектеп, орта мектеп кезеңдерімен байланысты
дами түседі. Мұнан әрі жоғарғы оқу орынын тамамадағаннан кейін де, адам
баласының білім алуы тоқталмақ емес яғни, адам өмір бойы оқуда, үйренуде
бола отырып дамиды. Соның ішінде мектеп қабырғасында меңгерген білімдері
онан кейінгі өміріндегі алатын білімдері мен ғылыми ізденістерінің негізін
құрайтыны белгілі.
Білімді меңгеру тек кітапты оқумен жүзеге аспайды. Ол күнделікті
өмірден, өзін қоршаған ортадан, маңайындағылармен қарым-қатынастан білім
шеңберін кеңейте түсетіні белгілі. Бірақ, ғылыми білім мен ұғым адамзат
тарихында арнаулы сыннан өткен, ғылыми ізденістердің нәтижесінде қол
жеткізген материалдардың негізінде меңгерілетінін білеміз.
Әр ғылым саласы бойынша мұндай материалдар оқушылардың жас
ерекше- ліктерін ескере отырып, оқулықтарда жазылған ғылыми деректер
арқылы беріледі. Олай болса, мектеп жағдайында білім мен ғылымды
меңгерудің көзі –оқулық болып саналады.
Эциклопедияда оқулыққа мынандай
анықтама беріледі: Оқулық – оқу
бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу
пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап [55].
Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-мектеп,
жоғары оқу орындары) жасалады. Д.Д.
Зуeв оқулық құру талаптарына
мыналарды
жатқызады:
идeологиялық,
психологиялық,
логикалық,
лингвистикалық, әдістeмeлік, дидактикалық, эстeтикалық, полиграфиялық,
гигиeналық, экономикалық [56]. Алайда заман өзгeрістeрінe қарай оқулық
құруға қойылған кeйбір талаптар күшейіп, кeйбірeулeрі бәсeңдeй түсуі
мүмкін.
Қазіргі таңда оқулықтарға қойылатын талаптар оқушылардың жан-жақты
дамуына және дүниені біртұтастықта түсінуіне ықпал ететіндей болу жағынан
қарастырылуда. Сол жалпы қойылып отырған талаптардың ішінен біз химия
Достарыңызбен бөлісу: |