17
теория мен тәжірибенің байланыстылығы бірізділігі, жүйелілігі, жергілікті
материалдармен байланыстылығы сияқты принциптер орныққан болса, қазіргі
таңда бұған қоса, білімді ізгілендіру, кіріктіру, тұлғаға бағдарлау,
шығармашылықты дамыту т.б.принциптер қосылғаны белгілі.
Жалпы алғанда дидактикалық принциптердің қызметі, оқушылардың
берілетін білім мазмұнын саналылықпен белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз
ету. Міне, осы қағидаға К.Д.Ушинскийдің пікірі де қабысып жатады
[65]
. Ол
«парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» мектеп адамды
біліммен қаруландырып, оны өмірде қалай қолдануды үйретеді - дейді. Бұл
қағидалар жалпы білім берудің мақсатын, оның мазмұнының қандай болуын
көрсетсе, қазіргі таңда тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру
мазмұны мен оның алға қойған мақсаты екенін көрсете отырып, білім тұлға
бойына қажетті қасиеттерді дамытуға бағытталуды көздеп отыр. Сондықтан
да, адамның қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын
динамикалық жүйе екенін ескере отырып, оқулық пен оқу құралдарында
беріліетін материалдар мазмұнының жан-жақты жетілген, ақыл ойы дамыған,
білімді өздігінен ізденіс арқылы меңгеретін тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз
етуге бағытталуы керектігі белгілі. Мұндай материалдар білім алушының оқу
іс-әрекетін түрлендіруге, олардың ізденуіне, қоршаған ортадан, жалпы өмір
тәжірибесінен меңгерген білімдерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызуға
тиісті. Психологиялық тұрғыдан алғанда білім алушының іс-әрекеті: ойын,
еңбек, оқу екені белгілі. Бірақ, мектепке келісімен осы әрекеттердің ішінде оқу
іс-әрекеті басым орын алады. Сонымен қатар, жоғары сыныптарда оқу іс-
әрекетінің мазмұны да тереңдей түспек. Мұнда оқушылардың өзіндік іс-
әрекеттері: ізденуі, зерттеуі, тәжірибе жасауы, эксперименттеуі, талдауы,
салыстыруы, қортынды шығаруы басым болмақ. Сондықтан.да, оқулық пен оқу
құралындағы материалдардың мазмұндық байланысы және құрылымының
сәйкестігі оқушының жеке бас мүмкіндігін ашуға негіз салады.
Пән бойынша білім мазмұнын іріктегенде сол пәннің пәндік ғылыми
негізі беріле отырып, оқушының іс-әрекеттін ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызатын материалды ендіру қарастырылады.
В.С. Ледневтың пікірі бойынша оқулық мазмұнын оқушылардың іс-
әрекетіне қарап анықтауға болады дейді [66]. Ал, В.В. Краевскийдің -
педагогикалық теориясында білім беру мазмұны қоғамның, ғылымымның,
мәдениеттің дамуымен сәйкес келуі керек деп көрсетеді
[67]
. Сонымен қатар,
ол оқулықты тек білім мазмұнын беруші құралы ғана емес, сонымен бірге ол
оқытушының әдістемелік кітабы деп көрсетеді. Бұл екі пікірмен де келісуге
болады. Себебі, оқушылардың ізденісі, өзіндік іс-әрекеті негізінен оқулықтағы
берілген материал мазмұнынан туындайтыны белгілі.В.В.Краевскийдің
пікіріндегі әр заманның, қоғамның даму деңгейімен оқулық мазмұнының
сәйкес келуі қазіргі талаптармен қабысып жатқан пікір десек артық емес.
Пән бойынша білім мазмұнын іріктегенде сол пәннің пәндік ғылыми
негізі беріле отырып, оқушының іс-әрекеттін ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызатын және оның жан-жақты дамуына жағдай жасай отырып, тұлғаның
18
дамуын қамтамасыз ету жағы бірлікте қарастырылады. Сондықтан да, қазіргі
дамыған қоғамда берілетін білім мазмұнында , тұлғаның өзін-өзі анықтауы,
еңбек және экономикалық мәдениеті, интеллектуалдық, адамгершілік,
экологиялық, отбасымен қарым-қатынасы сияқты көптеген жағдайлар
ескеріледі. Бұған қоса, пәнаралық сабақтастық, жаратылыстану білімдерін
кіріктіру тұстары да назарда болуға тиіс. Сол арқылы ғана білім
алушылардың, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оларды жаңа біліммен
қаруландыру, өздігінен жұмыс атқару дағдыларын меңгерту мақсаттары
жүзеге асады.
Педагогика ғылымында маңызды дидактикалық теориялар мен
тұжырымдамалар баршылық. Әрбір дидактикалық теорияны зерттеп, оны
негіздеуші ғалымдар бар. Мәселен, танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы
(Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), оқулық
түзудің
дидактикалық
негіздерін
И.Я.Лернер,
проблемалық
оқыту
тұжырымдамасы (М.И.Махмутов, А.М. Матюшкин т.б.), ақыл-ой әрекетін
кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны
теориясы (В.В.Краевский, Л.Я. Лернер, В.С.Леднев, т.б.), мазмұнды жинақтау
теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін оңтайландыру теориясы
(Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы
(Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук,
т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (Л.Я.Зорина, Н.К.Журавлев,
т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б. ұжымдық
оқыту теориясы (В.Дьяченко, т.б.)
[68-75]
. Ал, осы теорияларды жүзеге
асырудың негізінде оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны жатыр.
Қазақстанда білім берудің дидактикалық негізіне көп көңіл бөлген ғалым-
профессор Т.Сабыров болды. Ол негізінен бастауыш сыныптарда берілетін
білім мазмұнына көп көңіл бөлді. Бірақ, ғалымның «Оқушылардың бойында
нақты ғылым қоры болмаса, оның өздігінен жұмыс атқаруы мүмкін емес»-деген
пікірі білім берудің қай саласына болса да негіз болатын қағида. Шын мәнінде
оқушыға білім беру құралы оқулық болатын болса, оның мазмұны мен
құрылымы оқушыға қойылатын талаптарды орындатудың негізі болып
табылады.
Кейінгі кездерде оқулық жазудың теориялық және практикалық
мәселелерін сөз етіп жүрген авторлар баршылық. Соның бірі А.М. Таганова өз
пікірінде жалпы оқулықтың мына төмендегідей
қызметін атап өтеді:
- білімді хабарлау, баяндау;
- оқушыларды әртүрлі дағдыларға жаттықтыру;
- алған білімді өмір кәдесіне жарата білуге үйрету;
- белгілі пәнді білмекке ынталандыру, қызықтыру;
- білімді оқушылардың өздігінен пайдалануына жағдай жасау.
Әрине, бұл жалпы оқулықтың маңызын ашуға тырысқан пікір деп
қараймыз. Бірақ, оқулықтың атқаратын қызметі бұдан да күрделі. Әсіресе,
химия оқулығынан берілетін білімнің ғылыми теориялық негізін оқушыға
баяндап қана қоймайды, оны проблемалық жағдаяттар тұрғысынан
Достарыңызбен бөлісу: |