Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет18/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48

37 
 
алу,  сұрақ-жауап  және  тест  жұмыстарын  ұйымдастыру  арқылы  өтетіндігімен 
қоса,  жаңаша  бағыттағы  бақылаулар  жүргізіледі.  Бұл  бақылаулардың  мақсаты 
оқушылардың  өз  білімін  өзі  тексеріп,  бағалауы,  өз  қатесін  өзі  тауып,  оны 
жөндеуі  сиқты  білімді  белсенділікпен  меңгеруге  жол  ашады.  Мәселен, 
химиядан  берілетін  реакция  теңдеулері  кезінде  оқушы  өз  жұмысының 
нәтижесін өзі талдап, оның дұрыс бұрыстығын өзі анықтайды. Сол сияқты, үй 
тәжірибелерін  орындауда  да,  оқушы  өз  кемшілігін  өзі  табуға  тиісті.  Сонымен 
қатар, бұл кемшіліктерін ашық айтып, оны дұрыстаудың жолын да өзі көрсету 
деңгейіне көтеріледі. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде оқушылар ізденушілік 
деңгейге  көтеріліп,  нәтижеге  қол  жеткізудің  жолын  және  әдістерін  меңгереді. 
Бұл  әрине,  химия  пәнінің  ғылымилығын  меңгеріп  қана  қоймай,  оқушыны  өз 
ісіне  жауаптылықпен  қарауға,  адамгершілікке  тәрбиелей  отырып,  оларды 
шығармашылыққа  бағыттайды.  Орта  мектеп  жағдайында  мұндай  жұмыстар 
атқартудың  мүмкіншілігі  мол.  Бұл  жұмыстар  тек  оқулықтағы  материалдар 
бойынша  ғана  емес,  қосымша  құралдарды,  күнделікті  ақпарат  көздерін 
пайдалану арқылы да жүзеге асады. 
Сонымен,  жағарыда  оқулық  функциясының  түрлеріне  тоқталсақ,  оның 
орта мектеп жағдайында жүзеге ауына мол мүмкіндіктің бар екенін көрсеттік. 
Біз  келешекте  зерттеуміздің  эксперименттік  бөлімінде  осы  іс-әректтердің  іс 
жүзінде жүзеге асырылуына тоқталмақпыз. 
 
1.3 Химия оқулықтары мен оқу құралдарының құрылымы және білім 
берудегі орны. 
Әр  уақытта  да  оқулықтың  мазмұны  мен  құрылымы  қоғамның  дамуына  
және  білім  беру  ісіне  қойылып  талабына  сай  құрылады.  Оқулық  құрылымы  
оны құрайтын элементтер мен оның оқыту үдерісіндегі қызметіне байланысты 
өзгереді. И.Я.Лернер оқулық құрылымын элементтерге бөлуді оқыту үдерісінің 
мақсатын орындауға  қатысты  атқаратын  қызметтеріне  сәйкес  жүргізеді    деген 
болатын 
[110]
. 
Қазақстанда  оқулықтану  мәселесімен  жүйелі  түрде  айналысып  жүрген 
ғалым  А.Құсайынов  оқулықты  құрастыру  мәселесіне  тоқтала  отырып,    «Білім 
беруді 
қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық 
құрылымынан, 
мәдени 
құндылықтарынан,  ұлттық  дәстүр,  рухани  негізден  бөле  жара  қарауға 
болмайды. Сонымен қатар, онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы 
жаңалықтары  да  барынша  ескерілуге  тиіс  »  -  дейді 
[40]
.  Оқулық  мазмұны  ең 
бірінші  кезекте    берілетін  білім  мазмұнын  саралау,  екіншісі,  берілген 
материалдың  мазмұны    оқушылардың  атқаратын  іс-әрекеттерін  іске  асыруға 
бағытталуы.    Оқулықтың  үшінші  элементі  оқушылардың  шығармашылық 
мүмкіндіктерін  тәрбиелеуге  бағытталуы.  Оқушылардың  шығармашылық  іс-
әрекеттері  оқулық  бойындағы  қойылып  отырған  жаңа  проблеманы  көре  білу, 
оны  шешу  жолында  бұрын  меңгерген  білімін  өз  бетінше  жаңа  жағдайда 
қолдану және оны қазіргі таңдағы ғылым жетістіктерімен байланыстыра білу. 
Қазіргі  қоғамның  даму  қарқыны  мен  білім  беруге  қойылып  отырған 
талаптар,  оқулықтың  құрылымдық  мәселесін  өте  жауапты  деңгейге  көтеріп 


38 
 
отыр.  В.П.Беспалько  «ақпарат  тасқынының  үдей  түсіп,  бірін-бірі  тез 
алмастырып, ғылыми- технологиялық  процесс қарқындап дамып жатқан қазіргі 
заманда  оларды  мектепке  бейімдеу  оңайлықпен  орындалатын  іс  еместігі 
белгілі»  -  дейді  [111].    Сондықтан  да,  қазіргі  таңда  мектеп  оқулықтарының, 
оның  ішінде  химиядан  білім  берудің  бастамасы  болып  есептелетін 
бейорганикалық  химиядан    оқулық    мазмұныны  құрылымы  жылдан-жылға 
жаңарта қарастыруды керек ететіні белгілі.  
Мектеп оқулықтарының мазмұнына және оның құрылымдық жүйесіне қай 
заманда да алдыңғы қатарлы зиялы қауым көңіл аудармай өткен емес. Мәселен,   
оқулықтардың құрылымдық мәселелеріне орыс ғалымдары: 
М.  П.  Погодин  В.  Г.  Белинский,  Н.  А.  Добролюбовтер  де    баса  назар 
аударған.  
Оқулық  құрылымы  мәселелері  ертеден-ақ,  Н.  К.  Крупская  сияқты  озық 
ойлы  қайраткерлерді  толғандырған.  Н.  К.  Крупскаяның  пікірінше,  оқулықта 
сабақ  ұйымдастыруға  көмектесетін  мына  төменде  аталған  элементтер  болу 
керек:  
1. Пән тақырыптарының жекеше атаулары
2. Осы ғылымның негізін көрсететін қосымша, сілтемелердің болуы; 
3. Әрбір  тараудан кейін  оқушыларға арналған сауалнамалардың берілуі; 
4. Оқулық мазмұнын  жеке тақырыптарға бөлу;  
5. Оқытушылар мен оқушыларға арналған қосымша анықтамалардың   
болуы;  
6. Алдын ала мұғалімдерге арналған нұсқауының болуы;  
7. Суреттер, карталар мен диаграммалардың берілуі; 
8. Иллюстрациялардың жеткіліктігі; 
9. Шешуін табуға тиісті мәселелер тізімі
10. Мағынасын, мәнін ерекшелеп көрсететін типографиялық  әртүрлі  
тәсілдер. 
11. Тақырыпқа керекті  жаттығулардың берілуі. 
Н.  К.  Крупская  өзінің  көптеген  еңбегінде  оқулық  бойынша  оқушының 
танымдық  қызметін  ұйымдастыратын,  оқу  кітабын  пайдалануға  көмектесетін, 
арнайы сәттерді енгізу қажеттілігі туралы пікірлерін ашық айтады 
[112]
. Қазіргі  
таңда  оқулықтарды  дайындау  және  басып  шығару  практикасын  терең 
теориялық негіздеу міндеттері, болашаққа арналған оқулықтың тиімді моделін 
іздеу оқулықтардың құрылымын талдаудың жаңа тәсілін талап етеді. 
Оқулықты  құру  күрделі  әрі  көп  функционалды  жүйе    екендігін  жоғарыда 
көрсетіп  өткенбіз.  Сонымен  қатар,  біздің  тоқтағалы  отырғанымыз  орта 
мектепке  арналған  химия  оқулығы  туралы  болғандықтан,  бұл  пәннің  өзіндік 
ерекшеліктеріне  байланысты  жалпы  талаптармен  қатар,  осы  пәнге  ғана  тән 
талаптардың қойылатынын да айта кетпекпіз.  
Оқулықтың  құрылымдық  компоненті  дегеніміз  –  сол  оқулықтың  басқа 
компоненттерімен (олармен бірлесіп бүтін жүйе құрайды) тығыз өзара қарым-
қатынаста  болатын  қажетті  құрылымдық  блок  (элементтер  жүйесі), 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау