31
берудің негізгі мазмұнын ашады, оқушыларды бұл туралы хабардар етеді.
Сондықтан да оның мазмұны қазіргі заман жетістіктерімен, жаңалықтарын
қамтуы міндетті.
Оқу жоспарларының, бағдарламалар мен оқулықтардың белгілі бір бағытта
қажетті көлемдегі тиісті ғылымдардың негізінде берілген материал оқытылатын
пәннің логикалық ішкі сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, оның
политехникалық, еңбектік, тәрбиелік бағытын, оқытудың барлық кезеңінде
оқулыққа қойылатын талаптарды қамтамасыз етеді.
Оқулықтың ақпараттық функциясын толығымен жүзеге асырудың
негізінде, білім мазмұнына енгізілген, оқу пәнінің ғылыми тұрғыда берілетін
мазмұны әрі қарай жетілдіруді керек етеді. Бағдарлама талабы бойынша
берілген оқулықтағы ақпарат көлемінің нақты өлшемдерін анықтайды, осыған
орай, ол шын мәнінде оқушылардың жүктемелерінің шамадан тыс артық
болмауын қамтамасыз етеді.
Оқулықта бағдарламадағы негізгі білімдер мен дағдыларға қойылатын
талаптарды айқын тұжырымдап, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің мақсаттарын
егжей-тегжейлі сипаттап көрсетеді. Оқулық мазмұнының ғылымилығы мен
түсініктілігі, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі оларға білім берудің
тиімділігін арттыруда ең басты тірек. Себебі, қандай пәнді оқытсақ та,
оқытудың әдістері оның мазмұнына байланысты анықталады. Бұл оқулықта
берілетін, материалды мұқият ойластыруға, пәнаралық байланыстарды
қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оқулықтың ақпараттық функциясының
ойдағыдай іске асуының алғы шарты болып есептеледі.
Тасымалдаушы (трансформациялық) түрлендіру, ғылыми-техникалық,
дүниетанымдық, көркем құндылықты, жаратылыстану және басқа да ғылым-
дарды өңдеумен байланысты, дидактикалық қағидалар мен ережелер негізінде
мемлекеттік оқу бағдарламасын қалыптастыру және нақтылау. Бұл жерде ең
алдымен қолжетімділік қағидасы есепке алынады. Қолжетімділік мәтіндер,
тапсырмалар және иллюстарциялар арасындағы ұтымды байланыстың болуы.
Оқу материалын мазмұндау, құбылыстар, заттар, нысандарды сипаттаудың
нақтылығы мен түсініктілігі. Оқулыққа енген жаңа атауларға байланысты
түсініктемелердің берілуі. Сол арқылы оқушылардың материалды түсінуіне
жеңілдік туады.
Оқулық мазмұны берілетін білімнің неден басталып, қалай жалғасып,
немен аяқталатынын көрсетеді, яғни белгілі бір тақырып бойынша берілетін
білімнің бірізділікпен берілетін жүйесін көрсетеді.
Алайда, білім мазмұны ретінде оқулыққа енгізу үшін, белгілі бір білім
деңгейін педагогикалық өңдеу – бұл тасымалдаушы функцияның тек бір ғана
сыртқы маңызды бөлігі. Бұл функция химиядан берілетін білім негіздерін оқу
материалына айналдырумен байланысты (мысалы, тапсырмалар мен
жаттығулар жүйесіне). Онда қоғамның және педагогиканың талаптарын ескере
отырып, химиядан берілетін білімді өмірмен, күнделікті өздерін қоршаған орта
тәжірибесімен байланыстыруға, сондай-ақ, оқушылардың жасы және басқа да
ерекшеліктерін ескеріп, жүйені жандандыру қажеттілігінде оның эмоциялық-
32
құндылық қатынастары оқушылардың танымдық әрекеттері әсерінен
танымдық-түрлендіру әсеріне жетеді. Бұл ретте оқушылардың репродуктивті
әрекеттерінен бөлек, өнімді іздестіру әрекеттері, яғни эвристикалық (ішінара
іздеу, бақылау) және шығармашылық (зерттеу, құрастырушылық) әрекеттері
туындайды. Осылардың нәтижесінде оқушылардың білімін жандандыруда
айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізіледі. Мәселен, белгілі бір заттың
химиялық қасиетін зерттеу барысында ол заттың бір түрден екінші түрге
айналатындықтарына қөз жеткізу арқылы таңдану, қызығу, қуану сезімдері
күшейеді.
Тасымалдаушы (трансформациялық) функция - оқулық ғылыми тұрғыдан
өңделген, өмір талқысынан өткен, жаңартылған білім негізін қамтиды. Бұл
оқушылардың білім мазмұнын жақсы меңгеруі үшін, дидактикалық принциптер
мен ережелер негізінде жүзеге асады.
Мемлекеттік бағдарламаны анағұрлым толық, айқындай, нақтылай және
дамыта отырып, оқулық оның қолжетімділігін ескеріп, білім мазмұнын жүзеге
асырады. Оқушылардың оқу материалын анық және нақты түсінуі арқылы
олардың іздену, қайта жасау әрекеттеріне ұмтылысы пайда болады.
Бұл функцияны жүзеге асыруда, химия пәнінің мазмұнын жеңіл
меңгерілетін, қызықты, түсінікті және оқушыларға жақын таныс мысалдармен,
деректермен жеткізуді көздейді.
Тасымалдаушы (трансформациялық) функция мынадай мәселелерді
қарастырады:
Әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай мазмұнның
қолжетімділігін қамтамасыз ету – оқу материалының дидактикалық өңделуін;
Оқушыларға
ұсынылатын
материалдың
өмірмен,
тәжірибемен
Қазақстандық компоненттермен байланыстылығын;
Күрделі материалдарды тиімді баяндау арқылы, оқушылардың білімін
оңтайландыру, олардың сенімін, қызығушылығын, эмоционалдық көңіл күйін
тудыруы.
Жүйелілік – жүйелік оқу материалын баяндауды қатаң дәйектемелік
тұрғыдан қамтамасыз ету. Оқушыларды ғылыми жүйелеудің тәсілдерін
меңгеруге бағыттау. Бұл функцияны жүзеге асыру мұғалімнің оқыту үрдісін
басқаруды жандандыруына ықпал етеді. Химияның материалдарын беруде бұл
функция үнемі ескеріледі. Себебі, химиялық материалдарды жеңілден ауырға,
өздері күнделікті өмірден көретіндеріне негіздей отырып, қортындылауға
мүмкіндік беретін абстракциялық ұғымдарға қарай орналастыру арқылы
берілетін білімнің жүйелілігі сақталады. Бұл функция сыныптан сыныпқа қарай
материалдардың күрделене түсуіне де негіз болады.
Жүйелейтін функция - оқулықта пән бойынша берілетін білім мазмұнын
құрайтын ақпаратты жүйелілікпен беруді қамтамасыз етеді. Осы арқылы
оқушылар ғылыми жүйеліліктің әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Жүйелейтін
функция оқулықтың басқа функцияларымен тығыз байланысты болады. Бұл
функцияның рөлі күнделікті келіп жатқан ғылыми ақпараттар ағымын
оқушыларға жүйелеп, өңдеп беруге, оларды жаңа техникаларды меңгеруге,
Достарыңызбен бөлісу: |