Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет16/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48

33 
 
технологиялық  үдерістерге  дайындауға,  іс  жүзінде  олармен  жұмыс  жасай 
алатындай деңгейге көтереді.   
Бекітетін  және  өзін-өзі  бақылайтын  –  мұнда  басты  мақсат  мұғалімнің 
мақсатты  басқаруымен  оқушылардың  химиялық  білімді  меңгерудегі  іс-
әрекеттерінің  түрлерін  қалыптастыру.  Өзіндік  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру 
арқылы олардың міндетті оқу материалын жетік меңгеруіне көмектесуді жүзеге 
асыру. Практикалық іс-әрекеттер кезінде оқушылардың өзіндік жұмысына баса 
көңіл  бөлінеді.  Оқулықтағы  материалдар  оқушылардың  ой-өрісінің  дамуына 
жағдай жасайтындай мәселелерді көтеруге тиісті.  
Бекіту  және  өзін-өзі  бақылау  функциясы.  Өздігінен  білім  алу  функциясы. 
Оқулыққа нақтыланған, айқындалған, қоғам талабына сай зерттеу талқысынан 
өтіп,  ғылымға  айналған  шындықтар  ғана  енетіні  белгілі.  Енді  сол  шындыққа 
өздері  көз  жеткізу  үшін  оқушылар  өз  деңгейінде  оларды  зерттеп,  тәжірибе 
жасап,  экспериментке  қойып,  анықтау  жұмыстарын  жүргізеді.  Бұл  олардың 
білімінің  бекітушілік  және  өзін-өзі  бақылаушылық  деңгейін  көтереді. 
Оқушының  оқу  материалды  меңгеруін  және  бекітуін    жеңілдетуге  және  білім 
алудағы  олқылықтарды  өздігінен  толықтыруына  көмектеседі  яғни,  меңгерген 
білімді  бекіту  және  оқушының  өзін-өзі  бақылауы.  Бұл  мәселені  шешуде  
оқытудың  әртүрлі  құралдарын  (дыбыстық,  бейнелі,  техникалық  және  т.б.) 
енгізу көмектеседі. 
Оқулық – мұғалімнің қолындағы маңызды құрал, ол оқушыға пәннің нақты 
мазмұнын, белгілі бір ақпарат көлемін меңгеру қажеттілігін қалыптастыру үшін 
арналып  қана  қоймай,  үйренгенді  қорытуға,  алынған  білімнің  дұрыстығын 
тексеруге,  оларды  қандай  да  бір  нақты  жағдайларда  қолдануға  мүмкіндік 
береді.  
Біріктіру  функциясы  -  оқулық  білімді    біріктіру  және  үйлестіру  сияқты 
ерекше функцияларды  қамтиды. Қазіргі кезде, кино, радио, теледидар, мерзімді 
басылымдар, танымал ғылыми және анықтамалық әдебиеттер күннен-күнге сан 
алуан және жедел ақпараттарды беретіні соншалық, ешқандай оқулық онымен 
бәсекеге  түсе  алмайды.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары,  оқытудың  техникалық 
құралдары  тәрізді  бай  және  өте  құнды  ақпараттарды  береді.  Сондықтан, 
оқушылардың  күнделікті  ақпараттан  алған  білімдері  мен  физика,  химия, 
биология  сияқты  пәндердің  сабақтастығын  жүзеге  асыра  отырып,  ғылымдар 
негізін біріктіреді.  
Өз  білімін  жетілдіретін  –  оқушылардың  өз  бетінше  білімді  меңгерудегі 
мақсаты мен іскерлігін қалыптастыру. Химиялық жетістіктерді іздестіру, білім 
алудағы  кемшіліктерін    өздігінен  анықтау  және  толықтыруға  талпыну.  Осы 
арқылы  оқушылардың  оқу-танымдық  ынтасын  және  танымдық  қабілетін 
жетілдіру.  Сонымен  қатар  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  қолданылатын, 
оқушылардың  қабілеттіліктері  мен  бейімділіктері  ескерілетін  тапсырмалардың 
жүйесі жасалынады [105,106]. 
Біріктіретін  –  оқушылардың  әртүрлі  білім  көздерінен,  әртүрлі  іс-
әрекеттердің    нәтижесінде  оқу  үдерісі  кезінде  алған  бірыңғай  толық  білім 
негізін таңдауға және меңгеруге жаттықтыру. 


34 
 
Үйлестіретін  –  барлық  оқыту  құралдарын  әлдеқайда  тиімді  әрі 
функционалды  пайдалануды  қамтамасыз  ету.  Сонымен  қатар,  оқушылардың 
оқыту  пәніне  жататын    оқулықтан  тыс  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
көмегімен алған қосымша мәліметтерді меңгеруі. 
Дамыта-тәрбиелейтін  –  еліміздегі  химиялық  жетістіктерді  зерттеп 
меңгеру  негізінде  тұлғаның  жан-жақты  дамуы.  Оқушылардың  тұлғалық 
қасиеттерін  қалыптастыруға  ықпал  ету.  Отан  сүйгіштікке,  адамгершілікке, 
азаматтық және әскери борышқа тәрбиелеу. Дамыта тәрбиелеу функциясында, 
қазіргі  мектептердегі химия  оқулықтарының ерекшелігі анағұрлым анық және 
толық  байқалады.  Бұл  жағдайда  көрсетілген  функциялардың  әрқайсысының 
белгілі бір дамытушылық-тәрбиелік жүктемесі бар екендігі айқын.  
Біз  бұл  функцияны  жәй  ғана  тәрбиелік  деп  атамай,  дамыта-тәрбиелейтін 
деген  себебіміз  жастарды  дамытуда  оқулық  дамыта-тәрбиелеу  шарттарының 
негізігі  міндетін  орындайды.  Оқулықтың  және  оның  өзіне  тән  құралдарының 
көмегімен  мұғалім  оқушы  тәрбиесіне  пәрменді  ықпал  етуге  мүмкіндік  алады. 
Жақсы  жасалынған  және  қатаң  эстетикалық  талаптарға  жауап  беретін 
суреттеме  (иллюстрация)  оқушыға  әсер  еткен  уақытта,  ол  өзінің  эстетикалық 
талғамын,  қабылдау  мен  түсінігін  қалыптастыруды  дамыту  арқылы  жанама 
(қосымша)    тәрбие  алады.  Дәл  осылай  бүкіл  дидактикалық  функцияларды 
ескеріп құрылған  оқулықтың тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін пайдалану 
оқушының жан-жақты тәрбиеленуіне ықпал етеді. Оларды ізденушілік негізінде 
шешу  -  өнімді  жүйелі  және  шығармашылық  ойды  дамытады.  Осылайша, 
барлық  жағдайлардағы  мұғалімнің  оқулық  құралдары  көмегімен  оқушыларды 
тәрбиелеуге  ықпал  етуі,  оқыту  үрдісінде,  оқулықтың  оқу  материалының 
(жанама тәрбие) әсерін дамыту негізінде жүзеге асады. 
Оқулықтың  дидактикалық  функциялары  өзара  байланыста  және  органи- 
калық  бірлікте,  кешенді  түрде  көрсетілуі  керек.  Оқулықтың  дидактикалық 
функциялары арқылы оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамыту мәселелері 
әлдеқайда толық және дәйекті түрде жүзеге асады [107]. 
Атап  өтілген  дидактикалық  функциялардың  жиынтығы  сөзсіз  ашық  жүйе 
болып  табылады.  Ол  толық  аяқталған емес,  керісінше  ары  қарайғы  зерттеудің 
бастапқы нүктесі болып табылады [55]. Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген 
дидактикалық  функциялардың  артықшылығы  біріншіден,  жүйелі  тәсілге 
сүйенеді,  білім  беру  мазмұнын  іске  асырудың  бүкіл  жүйесінің  нақты 
талаптарын  көрсетеді.  Екіншіден,  тұтас  оқу  үдерісінің  дидактикалық 
функцияларын  қайталамай,  оны  оқытудың  жетекші  құралы  ретінде 
айқындайды. 
 Жоғарыда атап өтілген оқулықтың дидактикалық функцияларының бірден 
бірі  жалпы  білім  беретін  мектептегі  оқытудың  жалпы  қағидалары  мен 
функцияларына  қарама-қайшы  келмейді.  Олардың  әрқайсысы  және  барлығы 
кешенді  түрде, 
оқу  үдерісіндегі  білім  беруді,  дамытуды,  тәрбиелеуді  бірлікте 
және толыққанды іске асыруда мақсатты түрде жұмыс істейді. 


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау