35
Алайда, жекелеген функциялар механизмінің жұмысын зерттеу арқылы,
олардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде толық оқыту үдерісінің сол немесе
басқа функцияларына «ұмтылатынын» атап өтуге болады.
Оқулықты жасау үрдісінде оның дидактикалық функцияларының қалай
бағдарламаланып, бекітіліп, жүзеге асатынын қарастырайық.
Үйлестіру функциясы- оқулықтардың түбегейлі ерекшеліктерінің бірі – оқу
құралдары жүйесінің барлығына сүйене отырып, оны қолдануда бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалануды үйлестіреді.
Көптеген авторлар оқулықтың дидактикалық функцияларын өте күрде-
лендіріп, бірнеше түрлерге бөледі. Бірақ, химия оқулықтарының дидактикалық
функцияларына осы жоғарыда аталғандарын жеткілікті деп қараймыз.
Қазіргі таңда осы жоғарыда аталған оқулықтың дидактикалық функция-
ларын химиядан білім беру барысында пайдаланудың мүмкіндігі мол.
Орта мектептердегі химияны оқытудың іс-тәжірибесінде оқулықтың
ақпараттық функциясын алдыңғы қатарлы мұғалімдер өте тиімді деңгейде
пайдаланады. Біріншіден, оқулықтағы әрбір тақырып бойынша берілетін
мәтіннің мазмұны белгілі бір химиялық элеметті ғылыми тұрғыдан
сипаттайтыны белгілі. Сондықтан да нақты тақырып бойынша ғылыми ұғым
беруде бұл ақпаратты қолданбай өту мүкін емес. Бірақ, тақырыптың мазмұнына
қарай ол ақпаратты қолданудың кезеңі де, қолдану түрі де өзгеретіні белгілі.
Оқушылардың ізденушілігін дамытуға тырысқан және соны мақсат етіп қойған
ұстаз ең алдымен ақпаратты бірден оқытпай, оның мазмұнын саналы түсінуге
оқушыларды дайындауға тырысады. Ол үшін оқушылардың өмір тәжірибесін,
бұрын меңгерген білімдерін естеріне түсіретіндей жағдай туғызады. Сонымен
қатар, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың
өздігінен ізденістерінің нәтижесін тұжырымдап алғаннан кейін барып дайын
ақпаратты талдауға көшеді. Сонда ғана оқулықтың ақпараттық функциясының
ғылыми негізі анықталады[108,109].
Оқулықтың тасымалдаушы функциясы химия пәнінің басқа пәндерме
н
сабақтастығын байланысын күшейтетін мақсатты қамтамасыз ететіні белгілі.
Қазіргі таңдағы білім беруге қойылып отырған талаптардың негізгілерінің
бірі берілетін білім негіздерінің ғылымилық мазмұнын күнделікті болып
жатқан жаңалықтармен байланыстыра отырып, оқушылардың жан-жақты
дамуын қамтамасыз ету. Олай болса, оқулықтың бұл функциясын жүзеге асыру
кезінде мұғалім оқушылардың өздігінен ізденуіне негіз болатын тапсырмалар
бере отырып, білімге керекті деректер мен ғылыми мәліметтерді табуына
жағдай жасайды. Сол арқылы оқушылардың дайын материалды меңгерумен
шектелмей, ізденушілік әрекеттерін тудырып, саналы меңгеруін қамтамасыз
етеді. Бұл функцияны аша түсу алдыңғы қатарлы тәжірибелі мұғалімдердің іс-
әрекеттері арқылы жүзеге асады. Бұл мәселе мұғалімнің көп ізденуін,
теориялық және әдістемелік дайындығының жоғары деңгейде болуын қажет
етеді.
Оқулықтың өз білімін жетілдіру функциясының да мектеп қабырғасында
алатын орыны жоғары. Себебі, оқушыларды ізденімпаздыққа, зерттеуге,
36
тәжірибе қою және экспериментке жаттықтырусыз химиядан берілетін білімнің
тиянақтылығына көз жеткізуге болмайды. Әсіресе, бұл функцияны жүзеге
асыруда мұғалімнің оқушыларға беретін білімді жеке басқа бағыттау
принципінің орындалуымен байланыстылығы ескеріледі. Қазіргі таңда білімді
тұлғаға бағыттау дегенді дұрыс түсінуге тиіспіз. Бұл негізінен берілетін
білімнің оқушыларға түсініктілігі оның оқулықтағы материал мазмұнын
қайталаудан тумайтындығын көрсетеді. Мұғалім әрбір мәтіннен кейін берілген
сұрақтар мен тапсырмаларды деңгейлеп пайдалану нәтижесінде бұл талапты
орындауға қол жеткізеді. Мәтінен кейін берілген әдістемелік бөлімді орынды
пайдалану арқылы ғана оқушылардың өздеріне, алған білімдеріне деген
сенімін арттырады. Себебі, мұндай жағдайда тапсырма жалпылама жағдайда
емес, оны әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай беру көзделеді.
Тапсырмалардың бірі мәтін мазмұны бойынша түсінігін қайталау болса,
екіншісі, өмірмен байланыстыруға, үшіншісі, тапсырманы бұрын меңгерген
біліммен байланыстыру арқылы шешуге, төртіншісі, тапсырманы шешуді
шығармашылық әрекеттер арқылы орындауды, бесіншісі, тапсырма
мазмұнының химиялық экспериментпен байланысын ашуға т.б. деңгейлерде
болатыны белгілі. Сондықтан да, әр оқушының мүмкіндігіне қарай оларды
шешу тапсырылған кезде мен білмей қаламын деген күдік тумайды да,
оқушының бойында өзіне деген сенімділік артады. Соның нәтижесінде
біртіндеп өз білімін жетілдіру деңгейіне көтеріледі. Бұл оқулық функциясын
пайдаланудың мүмкіндігі деп қарауымызға болады.
Үйлестіретін функцияның мәнін жоғарыда көрсеткендей, оқулықты
пайдалануда тек сонда берілген мәліметпен, ақпаратпен шектелмей,
тақырыптың ғылымилығын, дамытушылығын, тәрбиелелегін жүзеге асыратын
бүкіл қосымша материалдарды үйлестіріп пайдалануды көздейді. Соның ішінде
біздің ұсынып отырғанымыз теориялық материалды қосымша берілген оқу
құралындағы деректермен байланыстыру жағын қарастыру болып отыр. Бұл
құралдың мақсаты химия мазмұнын жаратылыстану ғылымдары саласымен
байланыстыруды көздеу. Осы тұрғыдан алғанда әрбір химиялық тақырып
мазмұнына сәйкес келетін материалдар арқылы оны кіріктіре оқытуды
қарастыру. Бұл біріншіден, оқулықтың үйлестірушілік функциясын жүзеге
асыруға көмектессе, екіншіден, жаратылыстану ғылымдарын кіріктіре оқыту
принципін жүзеге асырады.
Оқулықтың бекітетін және өзін-өзі бақылайтын функциясы - берілген
білімнің нәтижелілігіне қол жеткізуді көздейтін талаптардан тұрады. Қандайда
бір пәндік материалды оқытып үйреткеннен кейін оның нәтижесінің болуын
тексеріп байқау негізгі талаптардың бірі. Себебі, оқушылардың материалды
саналы меңгеруі оның дамуының басты шарты десек те болады. Қандай бір
дәрежеге қол жеткізетін болсақ та, оқушы бойында ғылыми қалыптасқан білім
болмайынша, оның жүзеге асуы мүмкін емес. Қазіргі таңда оқушылардың
білімді бекітетін және өзін-өзі бақылайтын функциясы тек мұғалімнің тексеруі
арқылы ғана емес, ол бірнеше жолмен және олардың тікелей қатысуымен
жүзеге асады. Оқушылардың білімін тексеру әдеттегідей бақылау жұмысын
Достарыңызбен бөлісу: |