Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,47 Mb.
Pdf просмотр
бет26/48
Дата26.11.2018
өлшемі3,47 Mb.
#24589
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48

55 
 
Физикалық,  химиялық  құбылыстарды    және    олардың    айырмашылығын 
түсіндіретін  мәтінді  оқушыларға  меңгертуде  оларға  оқу  құралдарындағы 
найзағайды  қолдан  жасау  арқылы  физикалық  құбылысты  түсіндіретін 
материалды  пайдалануға  болады.  Осы  тұста  оқу  құралындағы      «химиялық 
элемент»  ұғымына  байланысты  берілген  материалдарды    қолдану  арқылы 
олардың химиялық элемент   символын  жазбаша  белгілеу  туралы  біліктерін 
және оны алғашқы ұсынған швед химигінің аты жөнін есте сақтауға мүмкіндік 
туады.  Оқушылар  химиялық  элементтердің  атаулары  мен  таңбаларының 
жазылуын  кестені  пайдалана  отырып,  жазып,  жаттығуға  тиісті.  Себебі, 
химиялық  формулаларды  жазуда    да,  есептер  шығаруда  да  бұл  оқушылардың 
қолданатын  таңбалары  болып  табылады.  Оқу  құралында  осы  мәселеге 
байланысты химиялық формуланың мына маңызын  ашып көрсетеді: 
- заттың  сапалық  құрамын,  яғни  берілген  заттың  құрамына  қандай 
элементтер кіретінін; 
- сандық құрамын, яғни зат молекуласының құрамына әр элементтің қанша 
атомы кіретінін; 
- заттың  формуласы  бойынша  оның  жай  заттарға  немесе  күрделі  заттарға 
жататынын  білеміз»-дейді.  Бұл  оқушылардың  үнемі  басшылыққа  алатын 
ережесі  деп  қарасақ  та  болады.  Сондықтан  да,  оқу  құралындағы  берілген 
материалды  міндетті  түрде  оқулықтағы  негізгі  мәтіннің  мазмұнымен 
байланыстырудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіруге тура келеді. 
Жоғарыдағы мәселелерге тоқтаған кезде біз химиялық тілді қолдануға мән 
беріп отырмыз. Себебі, әрбір ғылымның өз ерекшелігін, түрлі белгілерін   ашып  
көрсететін  оқушыларға    қолайлы  түсіндіретін  өзінің  тілі  бар.  Химия 
ғылымының  тілі:  химиялық  терминология,  номенклатура  және  символикадан 
тұрады.  Химия  тілі  химиялық  білімнің  берілу  формасы  және  көзі  [123].  Бұл 
келтірілген  химиялық  формулалар  туралы  мәліметтер  оқулықтағы    «Атомдар 
мен молекулалар, жай және күрделі заттар» бөлімінде тереңдеп, білім тексеру 
тапсырмаларын  орындаумен  тұжырымдалады.  Әр  пәннің  тілі  сол  пәннің 
мазмұнын ашудың және оны тиімді оқытудың құралы ретінде қаралады. Белгілі 
педагог  А.А.Сохордың  пікірі  бойынша  оқушылардың  оқу-танымдық  әрекеті 
жас  буынға  әлеуметтік  тәжірибені  жеткізетін  тілдік  әрекетпен  тығыз 
байланысты деп көрсетеді 
[17]

Бәрімізге белгілі  жағдай  оқулықтағы мәтіндердің әртүрлі деңгейде беріліп 
отырғандығы.  Дегенмен,  мәтін  мазмұнының  оқушылардың  қайталап  айтып 
беруіне  ыңғайланып,  репродуктивті  деңгейде  берілуі  олардың  дамуына  жол 
ашпайды.  Бұл  түсінгендерін  оқушының    өз  сөзімен  қайталап  айтып  беруі 
арқылы  бағаланатын  төменгі  деңгей  деп  есептейміз.  Ал,  қосымша  оқу 
құралындағы материалды пайдалану кезінде мұғалім оны оқушыларға ауызша 
талдату,  жазбаша  жаздыру,  әрбір  топқа  жекеше  тапсырма  ретінде  ұсыну 
арқылы    жаңадан  меңгерген  жаңалықтарды  қолдана  білуге  мүмкіндігі  бар 
алгоритмдік  деңгейге  көтереді.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  бұған  дейінгі 
білім  алу  барысында    қалыптасқан  дағдыларын  (талдау,  салыстыру,  өмірмен 
байланыстыру, ақпараттарды қолдану т.б.) пайдаланып, берілген тапсырманың  


56 
 
олардың  өз  бетінше  орындап,  жаңаша  шешімін  табатын  тапқырлық 
(эвристикалық)  деңгейге  көтеруге  болады.  Осыдан  біртіндеп  отырып,    білімі, 
білігі, дағдысы, қабілеті дамыған оқушы   жаңа проблеманы шешуге мүмкіндігі 
молайып,  ең  жоғарғы  шығармашылық  деңгейге  көтеріліп,  өзіндік  ұсыныстар 
жасауға  жетеді.  Мұндай  деңгейлерге  жету  үшін  оқу  құралында  берілген 
материалдардың  мол  мүмкіндіктері  бар.  Мәселен,  осы  құралдың  36-бетінде 
заттардың  химиялық  формулаларын  ненің  негізінде  жазатындығын  талдай 
келіп,    бірнеше  заттың  формуласы  көрсетіліп  талданады.  Осы  тұрғыдан 
оқушыларға  өздігінен  кейбір  заттардың  формуласын  үйден  жазып  келуге 
тапсырған  жағдайда  олардың  ойлау  үрдісін  дамытып,  ізденушілігіне  жол 
ашылады. 
Химиялық білім мазмұнына байланысты білім деңгейін көтеру бүгінгі күн 
талабына  сай  қарастырсақ,  дамыта  оқыту  ұстанымының    қамтамасыз  ету  
талабы  тұрады.  Бұл  бүгінгі  дидактиканың  талабы  дамыта  оқыту  екені  белгілі. 
Қазіргі  таңдағы  білім  берудің    басты  нысана  да  осы.  Сондықтан,  мұғалім  әр 
сабақта  дамыта  оқыту  мақсаттарын  көздеуді  ұмытпауға  тиіс.  Ол  үшін 
оқушының    ізденісін  тудыратын    жағдаяттарды  таңдайды.  Ал,  ізденістің 
туындауы  оқушының  меңгерген  білім  қорының  саналылығы,  молдығы  және 
тиянақтылығынан  шығады.  Мәселен,  оқу  құралының  «химия  және  физика» 
деген бөлімінде зттардың құрамы туралы ұғымның екі пәнге де қатысы барын 
айта келіп, оны түрлі мысалдар арқылы дәлелдейді. 
Осы  бөлімде  заттың  диффузиялық  құбылысын  анықтауға  арналған 
бірнеше  зертханалық  тәжірибелер  де  ұсынылады.  Міне,  бұл  оқушылардың 
үйден  жасап,  сол  іс-әрекеттерінің  нәтижесін  дәптерлеріне  жазуы  арқылы 
орындауына  болады.  Мұндағы  мақсат  біріншіден,  оқушылардың  пәнаралық 
білімді  ұғынуы,  яғни  білімді  кіріктіре  отырып  беру  талабы  орындалса, 
екіншіден,  оқушылардың  өзіндік    іс-әрекеттік  дағдылары  қалыптасады. 
Сонымен қатар, оқушылардың  осы материалға байланысты берілген сұрақтар 
мен тапсырмаларды да орындауына болады. 
Бұл  жоғарыда  келтірілген  мәселелер  туралы  сөз  қозғағанда  Д.Д.Зуeвтің 
«Бүгінгі оқулық сабақта қарастырылған матeриалды бeкітугe және үй жұмысын 
орындау  үшін  ғана  қолданылмайды  Ол  міндeтті  түрдe  оқушының  өзіндік 
жұмысына, жаңа білім іздeуінe, оларды қорытындылап жүйeлeугe сабақ үстіндe 
ғана eмeс, сабақтан тыс кeздe дe пайдалана алатын матeриал бeруі тиіс» - дeгeн 
пікірін негіз етіп аламыз 
[55]

Оқушылардың  есте  сақтай  білу  қабілеті  білімнің  саналылығына  негіз 
болатынын  білеміз.  Оқулықта  берілген  негізгі  тақырыптардың  бірі  «Заттың 
агрегаттық  күйі»  материалдың  мазмұны  бұл  мәселелерді  жан-жақты  ашқан. 
Осы тұста бастауыш сыныпта да оқушылар судың басты қасиетін оқып білген. 
Судың  тұрақты  пішінінің  болмайтындығын,  суда  еритін  және  ерімейтін 
заттардың  болатынын  оқушылар  бұрыннан  оқып  танысқан  болатын. 
Сондықтан, олардың бастауыш сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп, оны 
жаңа  ұғыммен  байланыстыра  кетудің  қажеттігі  туындайды.  Бұл  арқылы  


жүктеу 3,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау