Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз бір мәселені таңдауымыз керек, бұл мәселе өз шағын тобыңызға айтып беруге болатын сіздің жеке басыңызды толғандырған мәселе болуы қажет.
Әрқайысысы кезекпен өзін толғандырған мәселені қысқаша баяндайды, ал қалған қатысушылар оған тосын сұрақтар қояды».
Бұл жаттығу топ мүшелеріне өз жеке басының мәселелерін қарастырудың жаңа күтпеген қырларын анықтауға, өмірге деген және осы өмірдегі өзінің орны туралы түсінігінің шекарасын кеңейтуге, ойлау икемділігін дамытуға септігін тигізеді.
37 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Біршама уақыт ойланыңыз да, әзірге сізде шешімі жоқ өз мәселеңіздің бірін таңдаңыз. Біз сіздің мәселеңіздің мазмұнын талқылауды ұсынбаймыз, сізге ол мәселе туралы топқа айту қажет емес, сондықтанда сіз қазір ой талқылағыңыз келген кез-келген мәселеңізді таңдаңыз».
Жаттықтырушы біршама үзілістен кейін, барлық қатысушылар жұмыс істеуге мәселелерін таңдағанына сенімді болғаннан соң, нұсқаулықты жалғастырады.
Жаттықтырушы: «Қазір мен әртүрлі бейнелерді ұсынамын. Ұсынылған бейнелерге бар назарыңызды аудара отырып, өз мәселеңіз туралы ойлауыңыз қажет, өз мәселеңіз бен ұсынылған бейне арасында мүмкіндігінше көбірек байланыс орнатуға ұмтылу қажет. Әр сәтте сіздің жұмыс істей алуыңыз үшін бес минут уақытыңыз болады. Қандай да бір кедергілерден, мәселеден ауытқудан алшақ болыңыз. Әр бейнемен жұмыс істеу барысында, жазып отыру, ең маңызды деген ойлар мен әсерлерді жазып отырған жөн болар».
Бұл жаттығудың негізінде мәселені шешуге қажетті ақпарат көп жағдайда периферияларда немесе сананың терең қабатында болатындығы ойы жатыр. Мәселе мен көру, есту, және басқа бейнелер мен түсініктер арасында байланыс орнатумен байланысты ілеспелі әрекеттер мәселені шешуді іздестіруде тәжірибенің перифериялық қатарын және мәселені қарастыру мен оған қатысты жағдайлардың шамалы қырларын тартуға мүмкіндік береді.
М. Пруст жаңаны ашудың құпиясы жаңа ландшафтарды анықтауда емес, жаңа көздерді иеленуде жатыр деп жазады.
Бұл жаттығу барысында жұмысты ұйымдастыруда мәселені шешу процесіне мидың екі жарты шарыда қатысады, бұл алынатын нәтиженің тиімділігін арттырады.
Аталмыш жаттығу барысында, бір әр алуан әсерлерді байқадық және тіркедік:
топ мүшелері мәселені шешудің бұған дейін белгісіз, жаңа түрлерін анықтағанын, және оларды шеше және жүзеге асыра алатындықтарын хабарлайды;
шешімнің бұрынғы анықталған түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін бағалауға қатысты ойлар туындайды;
қатысушылар мәселенің ойдан туғанын және оның маңыздылығы тым асыра айтылғанын анықтайды;
мәселеге немесе оның қырларына қатынас өзгереді;
мәселенің көптеген қырларын толықтыру жүзеге асады, бұрындары назарға ілінбеген жаңа қырлар мен мағыналар пайда болады;
қатысушылар не болғанын анықтау қиындығын, бірақ та олар мәселені көрудің бұрынғы қатынасы дұрыс емес екендігін сезетіндігін хабарлайды;
Жаттықтырушы осы жұмыс барысында топ мүшелерінің бойында көрінуі мүмкін күшті эмоциялық мазасыздануларға дайын болуы қажет. Мұндай жағдайларға ол - өзінің бірге уайымдауы мен жаңашырлығын вербальды емес көріністері арқылы байқатуы қажет. Егер топта эмоционалды тұрақсыз, лабильді қатысушылар бар болса, креативтілік тренингі аясында бұл жаттығуды өткізбеуге болады.
Бұл жаттығуда біз әртүрлі стимулды материалдарды пайдаланамыз. Топ мүшелеріне жануарлар, заттар бейнеленген картиналар көрсетеміз, есту бейнелерін (мысалы, аязды күндегі аяқтың астындағы қардың шықырлауы), көру (сары түс), сөздік (үнсіз бүкіл аспанған нұр шашып тұр) бейнелерді және т.б. ұсынамыз. Әдетте жұмыс барысында топ мүшелеріне 6-7 бейнелер ұсынылады.
38 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер бойымен немесе 4-5 адамнан құралған шағын топта отырады.
Нұсқаулық: «Әрқайысымыз кезекпен вербальды емес әрекеттерді пайдаланып, таңдап алынған кез-келген әдеби қаһарманды немесе шынымен өмір сүрген не сүруші адамды бейнелеуіміз қажет. Ол көпшілікке танымал адам болуы қажет. Ал қалғандарымыз мұқият зер салып, тапсырманны орындаушы қатысушы кімді бейнелегендігін түсінуге тырысуымыз керек. Егер топқа кімнің бейнеленгенін бірден анықтау қиын болса, басқа жеткізу жолдарын табу қажет болады».
Бұл жаттығу барлығын бір жағынан болып жатқанға мұқият зер салуын талап ететін әрекетке, екінші жағынан алынған ақпаратты жылдам өңдеуге және жеткізудің әр алуан тәсілдерін іздестіруге, ойлау икемділігіне тарта отырып, топ мүшелерінің белсенділігін арттырады.
Топтың әр мүшесі бірнеше бейнені бейнелеуіне болады.
39 жаттығу
Жаттығу әрқайысысы 4-5 адамнан құралған шағын топта өткізіледі.
Нұсқаулық: «Қазір біз біраз уақыт телефонмен сөйлесеміз. Оны былай жүзеге асырамыз. Әрқайысымыз кезекпен қиялдағы телефонмен әлде біреулермен сөйлеседі. Кіммен нақты сіз «сөйлесетіндігіңізді» және не туралы жайында екендігін- сіз өзіңіз шешесіз. Әңгімелесу барысында дауыс шығарып сөйлесуге болмайды, үнсіз артикуляцияны және барлық басқа вербальды емес көріністерді сақтау қажет. Әрі сөйлесу кезінде, отыруға немес тұруға, ары-бері жүруге немесе бір орында тұруға болады. Қалған барлығымыздың міндетіміз – сіздің әріптесіңіз кіммен және не жайлы сөйлесіп жатқандығын анықтау болмақ».
Талқылау барысында әңгіме тақырыбы және әңгімелесуші серігіне қатысты жасалған қорытындыларға сүйене отырып белгілерді анықтауға болады. Егер топта бір-бірін біршама жақсы білетін адамдар бар болса, онда олардың нәтижесі біршама нақты болады, олар тіпті қиялдағы әңгімелескен адамдарды нақты атап бере алады.
Жаттығу психологиялық байқампаздықты дамытуға бағытталған, дайындық кезеңіндегі мәселе бейнесін жекешелеуге қажетті ақпараттарды жинау дағдысын дамытады. Сондай-ақ, мінез-құлықтың көркемділігін және икемділігін дамытады.
40 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз, үнсіз ешкімге ештеңе айтпай қандай да бір кез-келген жануарды таңдайды. Барлығымыз таңдап болғаннан кейін, кезекпен, вербальды емес түрде, ештеңе айтпай, еш үн шығармай, таңдаған жануарын бейнелейді. Біреуіміз көрсетеміз, ал қалғандары бұл қандай жануар екендігі туралы өздерінің болжамдарын айтады. Әрі бұл жағдайда қайталауға ұрынбау қажет: егер сіз таңдаған жануарды басқа біреу бейнелеп қойса, онда басқасын таңдаңыз».
Жаттығу өте көңілді өтеді, эмоционалды күш қажет жағдайда өткізген дұрыс болады. Сонымен бірге, мінез-құлықтың айқындылығын, экспрессивтілігін дамытуға септігін тигізеді.
41 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында: көру, байқау, бөлісу, алу, демеу беру, ойнау, көтеру, қарсыласу, талқылау, іздеу және т.с.с. сөздер жазылған текшелер бар.
Нұсқаулық: «Қазір мен әрқайсыңа текше беремін. Текшелерде әртүрлі әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған. Біздің қандайда бір дене қимылы, бет-жүзінің қимылы арқылы сіздің текшеңізде қандай сөз жазылғанынын басқаларға жеткізуге бір минут уақытыңыз болады. Бұдан кейін әрқайысыңыз өз ойындағысын жеткізеді».
Жаттығу әрқайысымызға мағынаны жеткізу тәсілдері мен амалдары туралы түсінігімізді кеңейтуге, мінез-құлық эспрессивтілігін, айқындылығын дамытуға мүмкіндік береді.
42 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге доп лақтыра отырып, кез-келген заттарды атаймыз. Допты тосып алған адам оның иелігіне тиген затпен кез-келген әрекет жасайды, ал біз барлығымыз қандай әрекет жүзеге асып жатқандығын түсінуге тырысамыз. Мұқият болайық және доп әрқайысымыздың қолымызға тиюіне мүмкіндік жасайық».
Жаттығу мінез-құлықтың айқындылығын дамытуға бағытталған, қатысушылардың тапқыр болуын талап етеді, қиялды дамытады.
Бұл жаттығуды затпен қалыптан тыс әрекеттер жасау тапсырмасын беру арқылы күрделендіруге болады. Әрекетті бақылаушылар оның сипаттамасын түсінуі қажет. Жұмыстың бұл түрі топ мүшелерінің мінез-құлық стеротиптерін жеңуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер жаттығудың бірінші түрінде «үтік» сөзіне ие болған қатысушы, әдетте үтіктеуді білдіретін қимылдар жасай бастайды; ал екінші жағдайда өте әртүрлі әрекеттер жасайды: біреулер үтікті айна ретінде пайдаланады, енді бірі үтікпен жаңғақ шаға бастайды, ал енді біреуі жылы үтікке жаураған қолын жылытады.
Креативтік тренинг бағдарламасында ассоциативтік механизмді пайдаланумен байланысты бірқатар психологиялық жаттығулар пайдаланылады. Оларды өткізудің жалпылама мақсаты біз жеке тарихының барлық мазмұныны – адам білетін, көргені мен сезгені ретінде түсінетін тренинг мүшелерінде бар тәжірибені пайдалану мүмкіндігін арттыру болып табылады. Ассоциациялармен жұмыс мәселені шешуді іздеу процесіне тартатын дағдыларын немесе тәжірибенің сезінбейтін қырларының мінез-құлқы тәсілдерін иеленуге мүмкіндік береді. Бұл жаттығулар қарастыру каталогындағы қатарын бейнелейтін нақты бір ілеспелікте жүргізіледі.
43 жаттығу
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге кез-келген зат есімді атап доп лақтырамыз. Мысалы, мен Назарға доп лақтырамында: «алтыбақан» сөзін айтамын. Назар «алтыбақанға» қатысты ойына келген кез-келген сөзді айтады да, допты ары қарай жібереді. Келесі адам өзіне қатысты айтылған сөзге орай өзінің ассоциациясын айтады. Мүмкіндігінше тапсырманы жылдам орындауға, өзінің әрекетіңді көп ойланбауға тырысайық».
Бір қарағанда, қарапайым көрінетін жаттығу тренингке қатысушыларды қиындықтарға тірейді. Бұны олардың ойыма ештеңе келіп тұрған жоқ деп хабарлауынан, ұзақ үзілістен, кейде тіпті ашулануынан байқауға болады. әрі осындай жағдайда пайда болған қолайсыздықты қатысушылар алдын-ала дайындалған сөздермен әрекет етіп жеңуге тырысады. Жаттықтырушы жаттығуды орындау барысында бұған басым назар аудармайды. Ең бастысы, жүргізуші неге ұмтылады – бірден пайда болатын ассоциациялардың пайда болуына әсер ететін қалып орнату.
Жаттығу аяқталғаннан кейін, топ мүшелерінен тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болғанын, жұмыс барысында олар неге назар аударғанын сұрауға болады.
Көп жағдайда, талқылаудың тақырыбы бірқатар топ мүшелерінің қатысуынан құрылған ассоциативтік тақырыптар тізбегінің ұзақтығы болмақ: «тостаған – қасық – кастрюль – асхана...» немесе «кеш – орындық – бұлбұл – самал жел...» және т.с.с. қажет болған және қолайлы сәтте жаттықтырушы талқылауға лекциялық үзінділерді қосуына болады, бұл жерде ассоциацияға К. Юнгтың акссоциативтік тәжірибесінің формальдық қисыны мен теориялық жағдайына негізделе бекітілген байланыстарды қарама-қарсы қойылуына негізделген Дж. Локк ұсынған «ойлардың ассоциациясы» терминіне түсініктеме жасауға болады.
44 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге доп лақтыра отырып кез-келген зат есімді атаймыз. Допты тосып алған адам айтылған сөзге қатысты оның ойында туындаған кез-келген ассоциацияны (зат есім, етістік немесе сын есім) айтады. Одан кейін өз кезегінде допты келесі адамға лақтырады да, басқа зат есімді айтады. Қанекей көрейік».
Біраз уақыттан кейін жаттықтырушы жұмысты тоқтатады да, топ мүшелеріне тоқтатар алдында не болғаныны талқылауды ұсынады.
«Біздің жұмысымыздың барысында сіз неге назар аудардыңыз?» - деген сұрақты қоюға болады.
Көп жағдайда, бұл жағдайда негізінде не болатындығын бейнелейтін ой пайда болады: әдетте адамдар ассоциация ретінде бір сөз табын айта бастайды. Мысалы, қар – ақ, аспан – көгілдір, көзілдірік- әйнектен және т.б. Сонымен бірге, топ мүшелері келесі адамға доп лақтырар кезде, айтылған ассоциациядан айтуы қажет келесі сөзге ауысу күрделілігіне назар аударады. Бұл қиындық тапсырманы орындау үлкен жарты ми жұмысының реципротанттығын жеңумен байланысты, бұл оңай емес.
Топ мүшелері бұл қиындықтарды сезінгеннен кейін, тапсырманы күрделендіріп, топ мүшелеріне оларға ұсынылған сөздерге назар аудара отырып айтылатын ассоциациялар сын есім, етістік және зат есім болып кезектесуін ұсынуға болады. Нақтылап алайық: егер топтың алдыңғы мүшесі өз ассоциациясын айтарда, зат есімді атаса, келесісі ассоциация ретінде етістікті немесе сын есімді атуына болады. Бұл жағдайда, қатысушыларға ассоциация тауып (бұл оң жақ жарты мидың жұмысы) және ассоциация ретінде ұсынылған сөз табының кезектігін (ал бұл сол жақ жарты ми шарының жұмысы) бақылауы қажет. Қатысушылар көп жағдайда шатасып жатады, қателеседі, алайда біртіндеп жылдамдықты үдете отырып, жұмысты жалғастыру қажет.
45 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Алдымызда тұрған тапсырманы орындау үшін бізге алфавитті білу қажет. Барлығымыздың есімізде ме?(Қажет болған жағдайда, нұсқаулықты жалғастырар алдында, жаттықтырушы топта алфавитті қайталауды ұсынады).
Мен біреуімізге доп лақтыру арқылы «а» әріпінен басталатын зат есімді айтады. Допты тосып алған адам, айтылған сөзге қатысты оның ойында туған, бірақ «ә» әріпінен басталатын ассоциация- сөзді айтуы қажет. Бұл да зат есім болсын. Оны аталғаннан кейін ол допты келесі адамға лақтырады, тосып алушы өз кезегінде «в» әріпінен басталатын ассоциация сөзді айтады және т.б. Осы жолмен, бізде бастапқы әріптері алфавитті құрайтын зат есімдер қатары құралады. Мысалы, мен Торғынға доп лақтырамын да «алма» сөзін айтамын. Торғын сенің ассоциацияң». (Мәселен, Торғын «әткеншек» дейді де, допты Қарлығашқа лақтырады, ол өз кезегінде Думанға доп лақтырады да, «қияр» немесе «бауырсақ» сөзін айтады және т.с.с.)
Бұл жаттығу, бір жағынан, шығармашылық процесс субьектісі ойлауының ассоциативтік механизмін жетілдіруге өз тәжірибесінен қажетті ақпаратты қолдана алу қабілеттілігін дамытуға бағытталған, екінші жағынан, тапсырманың сипаттамасы бір мезгілде сол жақ (алфавиттегі әріптердің ілеспелілігін бақылап отыру қажет) және оң жақ (ассоциациялар пайда болады, көбінде ол бейнелік сипатта) жарты ми шарларының жұмыс істеуін талап етеді. Осы жолмен олардың жұмысының реципроктығын жеңуге болады.
Сонымен қатар, ойлаудың үстіртігін жаттықтыру жүзеге асады.
46 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық: «Қазір біз ассоциациялармен жұмысты жалғастырамыз. Оны былай жүзеге асырамыз. Кез-келген сөзді атап, мейлі ол зат есім болсын, біреуіміз келесі адамға допты лақтырып жұмысты бастайды. Ал допты тосып алған адам, ішінен 4-5 қатардан тұратын ассоциативтік тізбек құрады, ол бастапқы түсініктен алшақтауы тиіс. Мысалы, көлеңке- түн – космос – атом – медицина. Әрі бұл жерде ассоциативтік тізбекті аяқтайтын соңғы сөзді дауыстап айту қажет және одан кейін, басқа сөзді атап, допты келесі қатысушыға лақтырады. Барлығымыз мұқият болайық және соңғы сөз қалай пайда болғанын түсінуге тырысайық».
Жаттығу барысында жаттықтырушы жұмысты тоқтатып, топқа: «Сіздердің ойларыңызша Серік «қалқан» сөзіне «глобус» сөзіне қалай жетті?» - деген сұрақ қоюға болады, одан соң ерік білдірушілер өздерінің гипотездерін айтады. Содан кейін, Серік, өзінің ассоциация тізбегін айтады, және жұмыс ары қарай жалғасады. Жаттықтырушы топты әрбір келесі ассоциативтік қадамда басқа мазмұндық салаға көшуге жетелейді. Ассоциативтік тізбек құрар кезде біз оның тоғысу деп атайтын: өзіндік түрде ассоциативтік ілмек пайда болатындығын, мысалы, гүл – күн – аспан – жаңбыр – шық, түсінеміз. Бұл жағдайда, соңғы айтылған «шық» сөзі бірінші айтылған сөзге жақын болып отыр: ол гүл сөзіне тікелей айтылған ассоциация ретінде қабылдануы мүмкін.
Егер топ мүшелері бұл әсерді байқап, сезінетін болса, онда олар жылдам алғашқы сөзден алшақ болуды жылдам меңгереді, осы жолмен болашақ мәселелерді шешу үшін өте қолайлы амалдар мен жаңа байланыстар тудыра бастайды.
47 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады, әрқайсысының қолында бірнеше ақ парақ, қарандаштар, фламастерлер. Жаттықтырушы бейтарап күйде әрқайысысына үш сөз жазылған үш текшеден таратады.
Жаттығу үш кезеңде өтеді.
1-ші кезең. Сіздердің текшелеріңізде жазылған сөздерді оқыңыздар. Үш минуттың ішінде әр текшеде жазылған сөздердің барлығына ортақ түсініктердің мазмұны мен нысаналардың қасиетін біріктіретін кез-келген нысана немесе түсінікті білдіретін сөзді табуға тырысыңыз».
Қатысушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, жаттықтырушы алынған нәтижелер туралы және олар қалай алынғандығы жөнінде пікірлерімен бөліседі.
Мысал келтірейік. Қатысушылардың біріне «кубик», «тал шыбық», «өзен» сөздерінде бейнеленетін мағыналар мен қасиеттерді біріктіретін сөзді табу қажет болды. «Фараон» сөзі ұсынылды. Таңдау келесі түрде түсіндірілді: кубик ( пирамиданың бөлшегі), тал шыбық (фараон билігінің символы), өзен (Ніл) – фараон.
2 кезең. «Әр текшемен кезекпен жұмыс істеңіз. Текшеде жазылған әр үш сөзбен байланысты пайда болған бейнелердің суретін салыңыз. Одан кейін тағы да үш сөздің мағынасын біріктіретін кез-келген нысана немесе түсінікті білдіретін сөзді табыңыз».
Текшелерде тек ғана материалдық ғана емес сезімді, мінездің түрін, абстрактылы түсініктерді білдіретін сөздер жазылғандықтан соң, топта мысалы, «қулықты» немесе «жоғалтуды» қалай суретке салуға болатындығы туралы сұрақ туындайды. Мұндай жағдайда, түсінік беруден бас тартады, тек аталмыш сөзге қатысты пайда болған кез-келген бейнені салуға болатындығын ғана айтады. Жаттықтырушы жеке қатысушылардың сурет сала алмаймыз деген назалануына еш назар аудармайды, алдағы уақытта мәліметке алады.
Барлық қатысушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін жаттықтырушы жұмыстан алған өз әсерлері мен және алған нәтижелерімен бөлісуді ұсынады. Мысал келтірейік. Текшелерінде «кубик, «тал шыбық», «өзен» сөздері жазылған топ мүшесі бейнелердің суретін сала отырып, осы сөздерге қатысты жалпылама сөз ретінде «ой толғам» деген сөзді ұсынды: кубик (талқылама қалыптасатын ой қорытындысы), тал шыбық (демеу, көмек, тіреу), өзен (қимыл) - ой толғам.
3 кезең. Үшінші кезеңде жұмыс Эде Боно тәсілінің көмегімен жалғасады (1967, 1973). Мүндай жұмыстың түрін нақты мысалда қарастырайық.
1. Функциональды сараптама (ФС).
Кубик – ойыншық; жүк; салмақ , ауқым өлшемі; тіреуіш; әшекей; сүйеу; дабыл; бидайды, тұзды, жаңғақты ұнтақтауға арналған құрал.
Тал шыбық – сүйенуге арналған құрал; отын; кедергіш; спорт снаряды; өлшеуіш құралы.
өзен – экологиялық зерттеуге арналған тәжірибелік аудан; көліктік артерия; электр қуатын құрайтын күш.
2. Құрылымдық сараптама (ҚС).
Кубик – қырлар, жалпақтық; металл, ағаш немесе пластмасса.
Тал шыбық – таяқтың тұтқасы, таяқ, лактық жабынды, қисайған бет қабаты, ұштық.
өзен - жағалау, тұңғиық, су, судың химиялық құрамы (су қышқылы, )
3. Барлық факторларды бағалау (БФБ)
Кубик - таяқтың тұтқасы бола алады: өзендегі судың көлемі куб метрмен өлшенуі мүмкін, кубиктерден өзеннен өтетін көпір құрауға болады.
Тал шыбық – тал шыбықпен бильярдтың жаңа түрін ойнауға болады, онда шарлардың орнына кубиктер пайдаланылады, дәл мұны өзенде жасауға болады; тал шыбыққа кубтық сыйымдылықты бекітуге және оны өзен суы арқылы өткізуге болады.
өзен - өзенде таяқ жасауға болатын тал шыбықтарды өсіруге болады: қатып қалған өзен суынан кубиктер жасауға болады: таяқша өзенде бұзылуы мүмкін.
4. Жағымды, жағымсыз, қызықты (ОТҚ)
Кубик – О- өте көп қырлы; дамытушы құрал, құрылыс материалы бола алады; жинақтауға ыңғайлы. Т- мықты заттан жасалғандықтан жарақаттың себебі болуы мүмкін.
Тал шыбық – О – көрнекіліктің белгісі, қорғаныш жабдығы; қол саусақтарын дамыту құралы, белгілеулерді ұзақ мерзімде сақтауға арналған жазба кітапшасы. Т- артық ауыртпалық; еркіндікті шектейді. Қ- бір мезетте оның иеленушісінде одан ашарлық тудыратын құпия орын, қару және құрал бола алады.
өзен – О- өзенде суға шомылумен байланысты, қайықпен жүзу және балық аулаумен байланысты мерекелер ұйымдастыруға болады; суландыру құралы. Т- өзенге адамдар батып кетеді, өзен арқылы жау жүзіп келеді; су- инфекцияны жұқтыру жолы.
Бұл нақты мысалда де бононың төмендегі кейбір тәсілдерін пайдалану қиындық тудырады:
мақсат, міндет, пиғыл (ММП);
бұл жағдайға әртүрлі адамдардың көзқарасы (КҚ);
негізгі басымдылық (НБ);
салдары мен нәтижелері (СН);
альтернативалар, аталмыш оқиғадан алынатын қорытындылар, мүмкіндіктер (АҚМ).
Пайдаланылатын материалға байланысты жаттықтырушы қатысушылар жұмыс істейтін тәсілдердің тізбегін анықтай алады. Тәсілдерді толықтай қолдану адамдардың өзара әрекеті жағдайын сарапттау кезінде, нақты басқару тәсілдерін пайдалануға болады және өте тиімді. Бұндай жағдайлардағы сараптама нәтижесі оларды жүзеге асырудың бөлшекті жоспарын талқылау мен шешім қабылдаудың негізіне айналады.
Жаттығуды топ тренингтің мақсатын сезіну жолында алға жылжыған кезде, жұмыстың үшінші-төртінші күндерінде өткізу дұрыс болады.
48 жаттығу
Бұл жаттығуды негізгі идеясы ішкі сананы еркін ассоциациялар тәсілімен зерттеу тәжірибесіне алынған. Жасырын аффективті кешендерді еркін ассоциациялар тәсілімен зерттеудің алғашқы тәсілдерінің бірі К. Юнгтың тәжірибесі болды. Еркін ассоциация беру арқылы адам өзінің ішкі санасында тереңде тамырланған түсініктермен, оқиғалар мен сезімдер арасында бар байланыстарды жаңғыртады.
Ойлаудың шығармашылық компоненттерін зертеушілердің бірі Ротенберг (30) янусиандық ойлау түсінігін ұсынды, оның басымдылығы тәжірибелік мәліметтер бойынша дамыған шығармашылық потенциалды дәлелдейді.
Янусиандық ойлау түсінігін Ротенберг құрметіне қаңтар айы аталған Рим құдайы Янусқа сәйкес ендірілген. Қаңтар «артқа» , өткен жылға қарайды және бір мезетте алға жаңа жылға қарайды. Қарама-қайшылықтарды біріктіру ойы, оларды жалпы көріністерді, оқиғаларды және нысаналарды құрылымында анықтау қабілеттілігі креативтілікті өлшеуге арналған Ротенберг ұсынған сынақтың негізіне енген. Сыналушыларға тахистоскоп арқылы стимулдық сөздер ұсынылады және олардың мүмкіндігінше көбірек ассоциациялар айтуы өтініледі. Қарама-қайшылықты ендіретін ассоциативтік жұптардың саны креативтіліктің көрсеткіші болады.
Жаттығуды орындау үшін қатысушылар жұпқа бөлінеді.
Нұсқаулық: «Қазір жұптың бір адамы алдын ала дайындалмаған кез-келген сөзді айтады. Оның серігі естіген сөзге жылдам әрекет танытып, міндетті түрде стимул-сөзге қарама-қарсы ассоциация айтады. Одан кейін серіктер ролдерін ауыстырады әр жағдайда ассоциациялардың 25 жұбын құрау қажет».
49 жаттығу
Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.
Нұсқаулық «Біреуге доп лақтыра отырып, әдеби қаһарманды, фильм кейіпкерін немесе нақты өмір сүрген немесе өмір сүруші көпшілікке танымал адамды атаймыз. Допты тосып алған адам, осы адамға немесе кейіпкерге айналуға тырысады. Бұл үшін сіздің 5-7 секунд уақытыңыз болады, одан кейін доп лақтыра отырып, «сол бейнеде» кез-келген бір сөзді атап, оған ассоциация беру қажет. Мысалы, мен допты Талшынға лақтырамын да, «Маугли» деп айтамын. Талшын сол бейнеге енуге тырысып, өмірге сол кейіпкердің көзімен қарауға тырысады... Енді мен кез-келген бір сөзді айтамын, мысалы, «гүл». Ал Талшын өзін Мауглидің бейнесінде сезіне отырып, осы сөзге ассоциация айтады».
Талшын жауап бергеннен кейін, жаттықтырушы жұмысты жалғастырады.
Бұл жаттығу бір құбылыстың, заттың және оқиғаның әртүрлі жақтарын, қырларын көруге М. Прустың сөзімен айтар болсақ, «жаңа көз иеленуге» көмектеседі.
Алған әсерлерін талқылау барысында жаттықтырушы: «Ұсынылған кейіпкердің; адамның бейнесіне ену қалай жүзеге астты?», «бұл жағдайда ассоциация сипаттамасында не өзгерді?» - деген сұрақтар қоюына болады.
Топ мүшелері әр алуан, кейде тіпті сыртқы кейпінде анық байқалатын бейнеге ену тәсілдерін көрсетіп жатады:
«Ғалияға сен Томирис ханшайымсың – деп айтқан кезде: ол бірден бет жүзінің қимылын өзгертті, арқасын тіктеп түзеп, иықтарын көтерді, жан-жағына тәкәпарлана қарай бастады».
Жаттығу сондай-ақ қиялдың дамуына септігін тигізеді, өйткені көптеген адамдар қандай да бір бейнеге ену үшін алдымен қаһарман немесе адамға тән жағдайларда өздерін елестетеді, ойында сол уақытқа, кеңістікке ауысады.
Бұл жаттығуды құру – жаңа бір нәрсе қалай пайда болатындығына, құрылатындығына көрнекті мысал болмақ. Осы каталогтың авторларының бірі бір кездері И. Шоудың «Екі апта басқа қалада» романынын ерекше ынтамен оқыған екен. Бұл романда бас кейіпкер ойнағанды жақсы көретін ойын туралы баяндалады.
« Мен римдікпін – деп, өзінің сүйікті ойынын ойнаған кезде Джек қиялдайтын, кешқұрым, өз төсегінде көздерін жұма жатып ол өзіне: «Мен эскимоспын, менің инелерімде жылы, ал итбалықтар болса, мұздың үстінде үріп жатыр» немесе «Мен Натан Хейлмін, олар таңертең мені дарға асуға алып кету үшін келеді», немесе « Мен Джубал Эрлимін, өз Одағымның шекарасымен жайдақ атқа мініп келе жатырмын» - деп айтатын. «-Мен римдікпін, - деп Джек қиялдады, - және Христос жаңа ғана туды, және жаңа ғана керіп шегеленді, алайда мен тірі кезімде бұл оқиғаларды әлі естімеген едім. Мен кешкі асымды іштім және афиндік суық желдің астында ішімдікті кішкене көбірек ішіп қойдым, және мен бір афиндіктің сыбызғыда ойнағанын естідім, ал ер бала оған лирде ойнап сүйемелдеді. Сондықтанда сенатқа кірер алдындағы мына қараңғылық пен тыныштық екі есе жайлы...».
Бір немесе екі жыл өтті, және біз креативтілік тренингінің кезекті тобын жұмыс жүргізудеміз. Кезекті жаттығу орындалу барысында, ұсынылған сөзге ассоциация айту қажет болған кезде жаңа ой туындады. Олай былай болған еді: жаттықтырушыға доп берілді және «айна» сөзі айтылды, жауап – «бөлме», және бір сәтте жаңа ой пайда болды: ал егер де мен жауапты Томирис ханшайымның бейнесіне ене отырып берсем... Және осы жерде сарай –деген жауап туады, өйткені бұл сәтте ішкі жанардың алдында Томирис ханшайымның сарайы, ішінде орналасқан әдемі айналардың бейнесі пайда болады.
Әр түрлі жағдайларда алынған білім біріккен кезде, бір-бірімен байланыста болмағандар біріккен сәтте жаңа ой пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |