І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


КРЕАТИВТІЛІК ТРЕНИНГКЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА



жүктеу 1,21 Mb.
бет11/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

КРЕАТИВТІЛІК ТРЕНИНГКЕ ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
Психологиялық жаттығуларға арналған шығарылымның аталмыш жинағындағы креативтілік тренингінде біз жинақтаған тәжірибемізді ескере отырып Ресейлік тәжірибеге сүйендік. Бұған қоса, бағдарламаны талқылау барысында біз шығармашылық ойлауды дамыту тренингіне тән бағыттылықты жеңуді мақсат еттік. Бағдарламаның мазмұны мен құрылымын бөлшектеу және біздің креативтілік туралы, оның адам өміріндегі ролі туралы, қалыптасу жолдары мен дамуына қатысты түсінігімізді баяндау- бұл болашақтың ісі. Ал қазір біз бағдарламаның ерекшелігін және белгілі деңгейде мазмұнын сипатайтын ұстанымды, жағдайларды анықтаумен шектелеміз.

Біз бағдарламаның негізгі мақсаты деп өзінде креативтілікті және оның дамуын сезіну деп санаймыз. Бағыныштық қатынаста негізгі мақсатқа креативтілікті көрінуіндегі кедергілерді сезіну және жеңу, креативтілік ортаның сипатамсын сезіну, креативтілік процестерді басқара алу икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру міндеті жатады.

Тренинг барысында, жұмысты бастаған сәттен-ақ келесі өлшемдердегі орта қалыптасады және сақталады:

1. Мәселелік.

2. Екі ұштылық.

3. Қабылдау.

4. Бағасыздық.

Жұмыс барысында тренингке қатысушылар креативтілік не екенін, оның көріністері қандай, сондай-ақ өздерінің шығармашылық ресурстарын белсендіру, тосқауыл жасайтын кедергілері қандай екендігін сезінуге мүмкіндік алады. Ұйым жетекшілерімен, кәсіпкерлермен, психологтармен және білім беру саласындағы кәсіби мамандармен жұмыс істеу барысында олардың бойындағы қызметкерлерінің, іскер әріптестерінің және оқушыларының шығармашылығына кедергі жасайтын мінез-құлқы мен мақсатының көрініс алуына ерекше назар бөлінеді.

Тренинг бағдарламасында басымды орынды «Креативтік процесс» модулі иеленеді.

Шығармашылық процестің кезеңдері мен сатыларын көптеген зерттеушілер әртүрлі қарастырды. Бізге белгілі шығармашылық процестерді біріктіретін негіз - бұл олардың басым көбіне тән сезінетін және сезілмейтін кезеңдердің болуы, әрі процестің басталуы сезінетін ортада басталып, оның сезілмейтін құрылымдарында жалғасады және қайтадан сезіну саласына түседі.

Бұдан жүз жылға жуық бұрын, 1891 жылы немістің ұлы физигі Гемгольц өзінің жетпіс жылдығына арналған мерекелік шара барысында оның көптеген ғұлама ойлары құрастырылған процесті суретеді. Ол қандай да бір мәселенің төңірегінде ұзақ жұмыс кезеңінен кейін және міндетті шешудегі үзіліс кезеңінен кейін, шығармашылық жаңалық «кенеттен, еш әрекетсіз, шабыт сияқты келді» деп айтты.

Француз математигі Пуанкаре шығармашылық процеске жоғарыда айтылғанға ұқсас сипатама береді. Ол өзінің ғұлама жаңалықтары көпшілігінің шешімі саналы түрде мәселемен шұғылданбаған сәтте, кенеттен келгенін айтқан.



Г. Уэллэс (33) шығармашылық процестің келесі кезеңдерін атауды ұсынды: дайындық, инкубация, жарқырау және тексеру. Дайындық кезеңінде мәселені саналы түрде зерттеу жүзеге асады; инкубация кезеңінде саналы жұмыста үзіліс орнайды да, ішкі сананың энергиясы пайдаланылады. Шешім инкубация кезеңінен кейін кенеттен пайда болады және соңғы кезеңде тексеріледі.

Kneller (34) бұл процеске «Бірінші инсайт» деп атаған бесінші кезеңді қосты. Ол дайындық кезеңін жалғастырады және дәл осында әрі шала бірақ ерекше ой пайда болады.

Креативтілік процесс туралы түсінікті дамытудағы тағы бір қадамды «Креативтік фрустрация нүктесі» түсінігін енгізген Boles (35) жасады. Ол индивид дәл осы сәтте соңғы нәтижеге тікелей әсер ететін саналы шешімді қабылдайды деп санады.



Sapp D (36) Knellerдің креативтік процестегі алғашқы инсайт басымдылығы идеясын қолдай отырып, екі айқындау енгізеді. Біріншіден, ол индивид дәл осы сәтте-ақ креативтік процестің ортасындағы инсайт кезіндегіге ұқсас шабыт кешетіндігіне назар аударады. Екіншіден, Sapp D бірінші инсайт – бұл кезеңнен бұрын нүкте, сәт деп санайды. Ол дайындық және тексеру кезеңімен салыстырғанда өте аз уақытты алады.

May R (37) ойдың тууының бұл бастапқы нүктесін кездейсоқ кездесу немесе жолығу ретінде сипаттады. Ол бұл сәтте адамдардың бойында психофизиологиялық өзгерістер орын алады: қан қысымы жоғарылайды, тәбеті төмендейді, көру ауқымы тарылады – деп айтты.

Креативтік процеске «ену» мүмкіндігін анықтайтын маңызды қасиет К. Роджерстің (38) пікірінше, бұл тәжірибеге ашықтық болып табылмақ. Роджерстің пікірінше, бұл қаттылықтың болмауын және түсініктерге, нанымдарға, көріністер мен гипотездерге ене алу, сондай-ақ белгісіздікке толерантықты білдіреді.

Біздің пікірімізше, креативтік процестің әртүрлі кезеңінде адамның бойында не болатындығы және соңғы нәтижелерге ол қалай көрінетіндігін терең түсінудің ең маңыздысы Sapp D (36) ұсынған келесі ой болып табылады. Ол дайындық кезеңінде бастапқы ойға жақын себеп қалыптасады және креативтік фрустрация нүктесінде пайда болатын раекцияның сипаты осы жақындық деңгейіне тәуелді болады деп айтады. Бұл сәт ең маңызды сәт болуы мүмкін, себебі дәл осы жерде істің шығымына әсер ететін таңдау жүзеге асады: мәселе шешімін табады ма және нәтиже шынымен де шығармашылық болмақ па?

Sapp D (36) фрустрацияға жауап ретінде келесі төрт реакцияның бірі туындайды деп санайды:

1. Терістік (бас тарту): бұл жағдайда индивид жұмысын тастайды және ойлауға бағытталған және игерген жолының құндылығын, бір нәрсеге татитындығын теріске шығарады;

2. Рационализация. Бұл жағдайда адам фрустрациядан қашқақтайды. Ол нәтижені шыныменде құнды және шығармашылық деп қате бағалайды. Ұстаздардың тәжірибесінде оқушыларының өздерін және кейде мұғалімдерін сендіре отырып жарамсыз жұмысты көрсететіндігі және оны ақтау себептерін табуы жиі кездеседі;

3. Стагнацияны қабылдау. Индивид жүзеге асырған жұмысын жоққа шығару немесе ақтап алуға әрекет жасамай-ақ мойындайды. Себептердің деңгейінің төмендігі соншалық, мәселені талқылау аяқталмай қалады. Индивид фрустрацияға қарсы тұрып, ары қарай жылжуға қабілетті емес. Бұл реакция ең деструктивті болып табылады, ол енжарлық жағдайымен немесе индивидтің жалығуымен байланысты.

4. Жаңа өсім: бұл фрустрацияға ең қалаулы жауап. Ол өте қарапайым жолмен жүзеге асады. Индивид жаңа жолдарды іздестіре бастайды, өз мүмкіншіліктерін белсендіреді, мәселені шешудің жақсы таныс, әдетке айналған тәсілдерінен саналы түрде бас тартады. Бұл жағдайда индивид саналы түрде ілгері жылшу шешімін қабылдайды. Бұған тәжірибесінде креативтік фрустрация нүктесінде инсайтты басынан кешіргендер үлкен дайындықпен барады.

Біздің креативтік тренингі бағдарламамызда қатысушыларға креативтік процестің келесі кезеңдері ұсынылады: дайындық, фрустрация, инкубация, инсайт және талқылау.


1. Дайындық
Бұл кезең ең алдымен шығармашылық субъектісін қанағаттандырмайтын, қандайда бір жағдайды өзгерту талаптануының пайда болуымен байланысты. Бұл талаптанудың шамасы міндеттерді, өткеннің тәжірибе қорының мәселелерін шешу қажеттілігін өзіне тартатын басымдылықтың пайда болуын анықтайтын өзгеріс мақсаттарын сезінуге мүмкіндік тудырады. Т. Эмэбайлдың (39) пікірінше, мәселені шешу және қойылу сипатының субъектісінен туатын негізінен ішкі дүние ұстанымды маңыздылыққа ие болмақ. Бұл талаптанудың пайда болуы бірінші инсайт деп аталуы мүмкін, әсіресе, мәселе субъектіге сырттан берілмей, өзінің құрастыруымен туындаған кезде.

Дайындық кезеңі мәселелік жағдайдан шығу жолдарын іздеудің саналы талпыныстарымен сипатталады. Субъект қисынды түрде міндетті мәселені толықтай және оның жеке элементтерін анықтайды, талқылайды, қосымша ақпарат жинайды.

Бұл кезеңде шешімнің бірнеше түрлері пайда болады және тексеріледі, субъект мәселені шешуде өзіне таныс жүйелерді және алгоритмдерді пайдалануға біршама әрекеттер жасайды. Адамдардың мінез-құлықтың немесе шешімнің түрлерін таңдай отыра көп жағдайда ұстанатын критерилер- ұқсастық деңгейі, бұрындары кездескен жағдайлар мен өзекті мәселелердің бірдейлігі

Негізінен дайындық процесінде мәселенің бейнесін анықтау, бөлшектеу және тереңдеу, анық болмаса да, соңғы емес, бірақ қандай да бір құрылымы пайда болады.

Егерде міндет немесе проблема шынымен де шығармашылыққа жататын жағдай болса, мінез-құлықтың түрлері мен шешімдердің бұрындары талқыланған белгілі тәсілдерінің жарамсыздығы айқындалады.

Біз дайындық кезеңінің Родже Эванс және Питер Рассел (40) атаған перманенттік идеясына ерекше назар аударамыз. Өмірде жаңа ойлармен, дәлелдермен, жаңа тәжірибемен байланыс жасау жиі жүзеге асады және бұның барлығы болашақ мәселеге тікелей әсер етуі мүмкін. Осы себептен болар, креативті адамдар жаңа дәлелдерді, ойларды әрдайым іздестіру үрдісін анықтап жатады, бұл олардың әртүрлі адамдармен өзара әрекет жасау ұмтылысы кезінде, кез- келген сәтте өзекті мәселелерге қатысты бола бермейтін ақпаратты үнемі қабылдап отыратындығында көрініс табады.


Фрустрация
Бұл кезеңге өту индивидтің өзінің құзырындағы барлық ақпаратты сараптап, шешімнің пайда болған түрлерін тексеріп, бірақ-та жауап таппаған кезде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда, ол тұйыққа келіп тіреледі.

Креативтілікті сипаттайтын дәстүрлі тәсілдер бұл эффектті кемітеді, әрі оны шығармашылық ойлауға ешқандай қатысы жоқ, өзгеше феномен ретінде қарастырады. Бұл кезде туындайтын «тұйықтық» сезімі шынайы жағдайды түсіну негізіндегі міндетті шешудің мүмкіндіктері таусылғандығын жеткізетін заңды кезең ретінде емес, креативтіліктің көрінуіндегі тосқауыл, кедергі ретінде қарастырылады. Мұндай пікір қарма-қайшы, өйткені ол жасырын түрінде тану мен дамудың шегінің, шекарасы идеясын білдіреді.

Фрустрацияны теріске шығару қатынасы, оны айналып өту ұмтылысы, оның бар екендігіне «көз жұму», оны бастан кешірудің тым қолайсыз екендігін түсіндіреді. Индивид ыңғайсыздық, тітіркенгіштік, есін шығарғандық, өзінің сапасыздығын, зерігу, шаршағандық, енжарлық күй кешеді. Бұл уайымдар субъектінің санасы стеротиптермен, нанымдармен, қатаң теңестірулерге толы болған сайын күшейе түседі. Жағдай кері эмоцияның өз-өзін бақылауды төмендетуге жетелеуімен және болып жатқан оқиғаның рефлекциясының деңгейін төмендеуімен өрши түседі.

Фрустрацияға құралмалы қатынас оның креативтік процестің қызметті қайта құру белгісі болатын заңды кезеңі ретіндегі ролін мойындауына жетелейді. Бұл кезде креативтіліктің көрінуіне қандай тосқауылдар кедергі жасайтындығын немесе қандай кедергі екенін, қандай стеротиптің аясындамыз, қай салада бізге ақпарат жетпейтіндігін және оны қайдан алуға болатындығын және т.б. түсіну жөн болады. Бұл жағдайда, Sapp D (36) «жаңа өсім» деп атаған жағдай жүзеге асады.


3. Инкубация
Креативтік процестің бұл кезеңінің ерекшелігі бас миының үлкен жарты шарының функциональдық асимметриясының жағдайына байланысты.

Бұл жарты шарлардың жұмысының ұйымдастыру өзгешеліктері, негізінен латерализация және реципроктік түсінігінің көмегімен бейнеленеді. Латерализация (үлкен жарты шарлардың қызметі ретінде) адамның дамуы деңгейіне қарай күшейеді және бас миының жарты шары барлық психикалық процестерге әртүрлі деңгейде араласа бастайды. Сондай-ақ, жарты шарлар «кезекпен» әрекет етеді: оң жақтағы жарты шар белсенді болған кезде, сол жақтағының қызметі бәсеңдейді және керісінше. Бұл ерекшелік реципроктік атауын иеленді.

Жарты шарлар арасындағы қызметің жүйеленуі белсенді түрде зерттелуде, бүгінгі таңда, сол жақтағы жарты шар бір-бірімен себеп-салдардың байланысы арқылы байланысқан белгілер мен түсініктермен кодталған әлемнің дискретті, жүйелі моделінің қалыптасуына, ал оң жақтағысы – бір-бірімен эмоционалдық қатынастармен тығыз байланысқан шынайы нысандардың күрделі бейнелері жетекші рол атқаратын үздіксіз моделдердің құрылуына жауап береді.

Инкубация кезеңі индивид сол жақ жарты шардың қисынды операцияларымен байланысты мәселемен саналы жұмысты тоқтатқан және мәселе оң жақ шарты шарға «берілген» кезде басталады. Дегенменде, мәселемен ішкі сана деңгейіндегі жұмыс дайындық кезеңінде-ақ басталатынын, бірақ оның бұл кезеңнің ерекшелігі болып табылмайтындығын байқау керек.

Мәселені шешуге бағытталған себептер сақталған жағдайда, үздіксіз оң жақ жарты шар моделінен міндетке қатысты жетіспейтін және кез-келген ақпарат тартылады. Егер өткен тәжірибеде қажетті «негізгі» бейнелер бар болса, онда олар соңына қарай шешімнің «бос» құрылымында өзіне лайық орынды иеленеді. Инкубация кезеңінің нәтижелі болуын анықтайтын басқа ұстанымды тәсіл ретінде дайындық кезеңінің сапалы өтуі маңызды болатындығын атап кеткен дұрыс болар. Бұл кезеңде орын алған қателіктер мен жетіспеушіліктер оң жақатғы жарты ми моделіндн негізгі ақпараттың бар болғанның өзінде де, қажетті ойлардың көрінуіне тосқауыл тудырады.
4. Инсайт

Инсайт - бұл креативтік процестің қысқа мерзімді бірақ өте анық кезеңі, санаға мәселенің шешімі келген сәт. Ол күшті оң эмоциялармен, қызулықпен, тіпті эйфориямен сипатталады.

Бұл ұзартылған дайындықтың нәтижесі көрінетін, фрустрация күйінен ойдың туындауына уақытылы ауысуы көрінетін креативтік процестің шарықтау нүктесі.

Көп жағдайда авторлар инсайтты бірінші секундтардан-ақ тікелей жауап ретінде сезінбейді және айтылмайды. Ол жаныңда тұрған жетіспейтінді иеленетін шынайы мүмкіншілік сияқты сезіледі. Дегенменде, бұл көрінуі санада тіркелмеген болса, айырылып қалуға болатын мүмкіншілік болар.

1821 жылы Людвиг Ван Бетховен өзінің досына жазған хатында, бірде күймеде отырып, көзі ілініп кеткенде, әдемі канон түсіне кіргенін айтқан. Ол: «Бірақ, мен оянған сәтте- ақ, канон ойымнан шығып кетті»- деп жазды. Бақыттына орай, келесі күні сол күймеде канон композитордың есіне қайтадан түсті, және ол оны жазып үлгерген екен.

Санаға жауаптың келуі жылдам тіркеуді қажет етеді, бұл креативтік процестің жемісті аяқталуы мүмкіндігін арттырады.


5. Талқылау
Талқылау немесе верификация шығармашылық процестің соңғы кезеңі болып табылады, оның барысында алынған шешімнің ақиқаттылығы қисын құралдары арқылы тексерілуі орын алады. Бұл кезеңнің шиленісі қате талқылау орын алу мүмкіндіктерімен оғаштығы болмақ.

Бұл екі ішкі кезеңдермен байқалуы мүмкін:


5.1. Инсайттың ақиқаттылығын өзіндік тексеру (верификация)
Креативтік процестің субъектісі: «Бұл жүзеге асады ма екен?», «Ол бастапқы шарттармен сәйкес болады ма?», «Бұл шынымен де қойылған сұрақтың нақты жауабы ма?»- деген сұрақтарға жауап іздейді. Кейде жақсы ой жылт етіп көрінеді де, жалғанға айналып жатады. Бұндай жағдайда субъект, инкубация және фрустрация кезеңіне қайтып оралып жатады, одан кейін дайындықты қайтадан бастайды.

Бұл жағдай креативтік процесс оқиғаның жүйелі ілеспелі жалғасы емес, кезеңдердің өзара алмасуы және өзара детерминациясы болуы мүмкін процеске айналатын шиыршық бойымен қозғалу екендігін көрсетеді.


5.2. Жүзеге асу
Егер инсайттың ақиқаттылығы анықталған болса, онда процесс ұзақтылығы бірнеше секундтан (мысалы, қатынастағы мінез-құлықтың жүзеге асу түрі) ондаған жылға дейін созылатын екінші кезеңде жалғасады. Бұл жердегі соңғы кезең үлкен жүйедегі ойларды жүзеге асыруға тән сипат, өйткені онда ойлар ондаған мың айнымалымен жанасуға енеді. Бұл жанасулардың нәтижесі адамдар қатынасын, байланысына, әдетке айналған мақсаттарына әсер етеді.

Жүзеге асыру кезеңінде дағдылар, икемдер, техникалар мен қорлар жетекші рөл атқарады.

«Креативті процесс» модулімен жұмыс барысында жаттықтырушы қатысушылар ілеспелілігінің заңды сипаты кезеңдерін сезіну үшін жағдай тудырады, бұл алынған ақпаратқа және өзіндік тәжірибеге сүйене отырып, шығармашылық процестің ағымына әсер етуге мүмкіндік береді.

Әр кезеңнің сапалы өтуі соңғы нәтижеге белгілі дәрежеде әсер етеді. Дәріске қатысушылар бұны жұмыс барысында байқайды, және бұл жаңалықтар олардың тәжірибелерінде жалпы креативтілік процесс ағымына қолайлы жағдай тудыратын дағдылар мен уайымдаулар түрінде орнығады.

Әрі бұл жағдайда жаттықтырушы қадамдардың келесі тізбегіне назар аударады:


  • мәселе бейнесінің бөлшектенуі және оның жинақталған тәжірибенің мазмұнымен беткейлі жанасуы;

  • креативтік процесті басқарудың эвристикалық тәсілдері мен түрлерін пайдалануы;

  • мінез-құлықтың табылған шешімі мен түрлерін шынайылықта жүзеге асыру.

Мінез-құлықтың табылған шешімі мен түрлерін бағалау үшін машықтыққа қатысушыларға Т.Эмэбайл (39) ұсынған қызмет өнімдерін бағалау критериін ұсынуға болады. Оның пікірінше, кейбір қызметтердің өнімдері егерде бір мезгілде жағдайға бара-бар қатынаста және жаңа болса, ал жағдай немесе міндет қандай да бір бұрынан белгілі алгоритммен шешілмейтін болса, креативті ретінде бағалануына болады.

Тұжырымдамалық түрде тренингтің бұл үзіндісі шығармашылық көріністер мен субъект жинақтаған тәжірибелер сипаттамасы арасындағы өзара әрекетке қатысты тәжірибелі бекітілген дағдылар тобына негізделеді. Негізінде, өнімді, шығармашылық қызмет кезеңі ынта салған еңбек, оқу кезеңімен жалғасатындығы анықталған. Кейбір деректер бойынша, кәсіби маман тривиальды емес құралмалы шешім таба алуға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болар алдында, оның кәсіби шынайылығының элементтерінің өзара әрекетін бейнелейтін бірнеше он мыңдаған патерндерді игеруді қажет етеді.

Білім құмарлық, кез-келген тәжірибеге ашықтық, оны көбейтуге ұмтылыс қызметтің әртүрлі саласында креативтілік танытатын адамдарға тән сипат. Тәжірибенің кең ауқымдылығы мен алуан түрлігі жаңа ойлардың пайда болуын мүмкіндігін арттырауға әкелетін құбылыстар, оқиғалар мен дәлелдер арасындағы өзара әрекеттердің ауқымды қатарын орнатуға арналған жағдай қалыптастырады. АҚШ-ның Массачусетс штатындағы «Кембридж мінез-құлықты зерттеу институтының» құрметті директоры, философия докторы Р. Эпштейн: «Өз шығармашылық потенциалыңды көтеру үшін, жаңа бірнәрсені игеріңіз. Егер сіз банкир болсаңыз, чечетка билеуді үйреніңіз. Егер сіз бала тәрбиешісі болсаңыз, мифология курсымен айналысыңыз. Сізге аз таныс тақырыптағы кітап оқыңыз. Күнделікті оқитын газетіңізді ауыстырыңыз. Жаңаны ескімен белгісіздік үстемінде және мүмкін болса, таңқалдырарлық формаларда байланыстырыңыз»- деп жазады.

Бізге таныс әлем, таныс емес әлеммен өте нәзік, жіңішке, кейде тіпті шартты шекарамен алшақтатылған. Ю. Кузнецовтың жазуынша: «жердің түбі әр бұрышта». Сондықтанда, бұл шекараны жеңу және оны бірнеше қайтара жасау, оларды әрдайым ашып отыратын және олардың мызғымайтындығын мойындамайтын адамдардың қолынан келетіндігі таң қалатын жәйт емес.

Тренинг бағдарламасы үнемі даму үстінде, сондықтанда біздің жоғарыда айтқанымыз, жақын болашақта айтарлықтай өзгеріске ұшырауы да мүмкін. Дегенмен де, біз ұсынылған ақпаратпен танысу бұл жинақты оқып-танысып, жұмыста пайдаланатындарға креативтілікті дамыту үшін пайдалануға болатын психогимнастикалық жаттығуларда сенімді бағыт ұстануға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1. Жұмысқа қабілеттілік жағдай тудыруға бағытталған психологиялық жаттығулар (танысу кезеңі)

Бұл тарауда креативтік тренинг тобының қатысушыларын таныстырудың кейбір түрлері ұсынылған. Олардың өзгешелігі бағдарламалардың ерекшеліктерімен байланысты, оларды жүзеге асыру үшін алғашқы қадамдардан бастап-ақ топта креативтік орта- шығармашылық ойлау мен мінез-құлықты көрінуіне жетелейтін орта қажет.

Таныстық жүргізушінің тренинг мақсаты және дәріс барысында қолданылатын негізгі түсінік туралы айтқан, машықтық топтың ұстанымдары мен тәртібін талқылаған кіріспе сөзінен кейін жүзеге асады.
1 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Жұмысымызды таныстықтан бастаймыз:Әәрқайсымыз кезекпен өзінің есімін және есімі басталатын әріптен басталатын өз бойындағы үш қасиетті атайды».

Қатысушылардың бұл жолмен өзін таныстыруы жеке тұлғаның ерекшеліктерін, өз қасиеттерін қарастыруға ерекше жол ұсыныла отырып, тапқырлықты, ой икемділігін талап етеді. Тапсырманы орындайтын топ мүшелерін жетелейтін әрекет креативтік ортаның сипатамасымен сәйкестеленеді.

Тапсырма оны бейтарап күйде орындау үшін қомақты әрекетті талап етеді, өйткені кейде қажетті әріпке қатысты ойға бірден келген қасиетті атау қызығушылығы нақты, өзіне қатысты сипаттама туралы өзіндік пікір іздеу дайындығынан басымдырақ болады.

Кей жағдайларда, қарама-қайшы сипаттамалар аталады: мысалы, тұрақты, жинақы, сасқалақ. Мұндай жағдайда, жаттықтырушы бұл қасиеттерді атаған адамға, бір қарағанда бір-біріне қарама-қайшы қасиеттерді неліктен тізбектегеніні сұрауына болады. Бұндай сұрақты топқа да қоюға болады.

Кейде, қатысушылардың бірі біржоспарлы қасиеттерді де атап жатады: мысалы, жақсылық тілеушілік, мейірімді, досшыл. Жаттықтырушы мұндай жауап берген топ мүшесінен әртүрлі сипаттама беруге не кедергі жасағанын сұрауына болады.

Аталған екі, сондай-ақ басқа жағдайларда (мысалы, кейбіреулер үш қасиетті атауға қиналады) топ мүшелері тапсырманы орындау барысында туындаған қиындықтарға назар аударуына болады, және бұл нәтижелер топпен жұмысты жалғастыру барысында қолданылуға болады.


2 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір біз танысамыз және оны былай жүзеге асырамыз. Әрқайысыңыз кезекпен өзінің есімімен қандай-да бір байланысы бар үш сөз айтады. Біз, айтқан адамның есімі туралы ақпарат беретін үш сөз аталғаннан кейін ол адамның есімі кім екенін табуға тырысамыз және оның есімін атаймыз».

Бұл тапсырма қатысушылардың белсенділігін, жұмысқа араласу деңгейін арттырады. Сонымен қатар, жаттығу тренингтің мазмұнына қатысты көптеген феномендерді талқылау үшін мағлұмат береді: ассоциативтік ойлау, креативтіліктің көрінуінің кедергілері «көп жағдайда ойлау стереотиптігі), адамдардың өзара әрекеттеріне екіталай шарттардың әсері және т.б. тапсырманы орындау қатысушыларға себепті әсер етеді, өйткені әр қатысушының санасында қалыптылықпен- қалыпты еместіктің, барабарлықтың – барабарлық еместер субъективті критерилеріне көрініс түрлерін салыстыру өздігінене жүзеге асады.


3 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір біз танысамыз және оны былай жүзеге асырамыз: есіңізге бұрындары немесе қазіргі сәтте жеке таныстығыңыз бар, сіз үшін шығармашыл, ерекше, ешкімге ұқсамайтын адамның үлгісі болып табылатын танысыңызды есіңізге түсіріңіз. Барлық қатысушылар естеріне түсіріп болғаннан кейін, әрқайысысы кезекпен өз есімін атайды және өз танысыңыздың қандай қасиеттері оны креативті, шығармашыл адам деп санауға негіз болатындығы айтады».

Мұндай таныстық креативтік тренингі мәселесіне бірден енуге мүмкіндік береді және базалық нысаналы негізге жататын біраз қатар ойларды тудырады. Сондай-ақ, топта оң көңіл-күй орнатады, себебі қатысушыларға өзінің өмірлік тәжірибесінде ендігі әрі топтың санасында олардың есімімен байланысты болатын ерекше тұлғалармен қарым- қатынаста болғандығын хабарлау ұнайды.

Барлық қатысушылар өздерінің әңігімелерін аяқтағанан кейін, жаттықтырушы аталған барлық ерекшеліктерді, сипаттамаларды, қасиеттерді тізбектей отырып қорытынды жасайды және ол шығармашылықтың, креативтіліктің көрінісі ретінде қарастырылады.
4 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: « Қазір біз танысамыз. Алдымен, сіз өзіңізді қалыптан тыс, шығармашылық күйде ұстаған қандайда бір өмірлік эпизодты, жағдайды, оқиғаны еске түсіруге біраз уақытыңыз болады. Барлығы дайын болғаннан кейін, біреулеріңіз бастайсыздар, яғни өз есіміңізді атайсыз да, өмірлік оқиғаны немесе жағдайды айтады. Одан кейін әрқайсымыз әңгімемізді осы ретпен жалғастырамыз».

Көріністің бұл түрі қатысушыларға танысуға, өз тәжірибесін сезіну жолында қадам жасауға, креативтілік тренингінің мазмұнымен сәйкес мәселеге мұқият зер салуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, мұндай таныстық барысында топта аз уақыт ішінде кең, эмоционалды әрленген, әралуан ақпарат пайда болады. Біз пайдаланған тренинг ортасының жаңа ақпараттың шартты бірлігінде тренингтік ортаны ақпараттық әрленуін өлшеу әдістемесі бұл жаттығу барысында жалпы құрамы 15 адамнан тұратын топтың әр мүшесі 400 шартты бірлік алатындығын көрсетеді, бұл күндік көрсеткішті 200 есе арттырады (жаңа ақпараттың шартты бірлігі деп біз бұл уақытқа дейін адамға белгісіз болған жағдайды немесе дәлелді білеміз. Сондай-ақ таныс дәлелге қатысты белгісіз қатынастар, ғажайып интерпретация, жанарының қиыры, қарастырғаны). Бұл нәтиже тренингке қатысу себептерін белгілі дәрежеде күшейтеді, себебі «бұл жерде көп жаңа, қызықты болып жатыр» деген белгі ретінде қабылданады.



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау