І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


жаттығу Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп. Нұсқаулық



жүктеу 1,21 Mb.
бет15/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

50 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге әртүрлі нысаналарды атай отырып доп лақтырамыз. Доп қолына тиген адам, сол нысанамен ассоциаланатын елді атайды».

Бұл жаттығуды орындау барысында ассоциативтік механизмдерді жетілдіру міндетімен қатар, ойлаудың нақтылығы мен үстіртігін (бұл үшін жаттықтырушы қатысушылардың жұмыс екпініні үдетуіне жетелейді) шынықтыру міндеті де шешіледі.


51 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Шеңберде отырғандардың біріне доп лақтырамыз да, екі затты атаймыз. Мысалы мен допты Талшынға лақтырамында: «велосипед, резеңке» - деймін. әртүрлі жауап болуы мүмкін. Талшын өзінің жауабыңды ата».

Жаттықтырушы доп лақтырған топ мүшесі, өзінің жауабын бергеннен кейін, басқа қатысушыларға назар аударып, олардың жауаптарын айтуын өтінуге болады. Одан ары қарай қолында доп бар қатысушы допты келесі адамға екі затты атай отырып лақтырады және т.с.с.

Тренингтік топтарда ұсынылған біріктірілген мысалдарды келтірейік: велосипед, резеңке – кір жуғыш машина, қалақай, алма, - кірпі.

Топ мүшелері тек ғана заттарды ғана емес, сонымен бірге құбылыстарды, оқиғаларды, әрекеттерді атайтын болса, тапсырма күрделене түседі. Мысалы «жаңбыр» және «жеңіл көлікпен жүру». Мүмкін боларлық жауаптар: парашютпен секіру.

Бұл жаттығудың негізінде әртүрлі жақтарды, қасиеттерді, бір немесе одан да көп заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың белгілерін біріктіру есебінен қандай да бір жаңаны алу принципі жатыр. Атқарылған жұмысқа өзінің пікірін білдіру кезінде жаттықтырушы топқа И.Канттың байланыс—бұл нысанада ұсынылмаған жалғыз бірлік және ол онда қабылданбайды – деген ойын ұсынуға болады.
52 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Бұл жаттығуды бастағысы келген адам, допты қолына алады да, кез-келген екі сын есімді айтып, допты біздің біреуімізге лақтырады. Допты тосып алған адам өзінің көзқарасы бойынша аталған сипаттамаға ие екі затты, құбылысты атайды».

Жаттығуды орындау барысында, жаттықтырушы топтың назарын ерекше, қалыптан тыс айтылған сөздерге аудара отырып, стеротиптік ойлауды жеңудегі қатысушылардың ықыласын жігерлендіріп отырады.

Өзіндік ерекшелікпен айтылған сөздерге мысал келтірейік: дымқыл, өрескел- нәресте, тайғанақ, шұдар ала-өмірлік жол, жайлы, жаушыл – клиент (бұл сөздер сақтандыру саласындағы мамандармен өткізілген дәріс барысында айтылған).
53 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір назарыңызды өзіңіздік жеке басыңыздың тарихына аударыңыз. Ішкі жанарыңызбен өзіңіздің өмірлік жолыңыздың барысында тәжірибеңізді, барлық көргеніңізбен естігеніңізді, сезгеніңізді «байқауға» тырысыңыз. өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізден сіздің сол жақтағы көршіңіз үшін өте қызықты, таңқалдырарлық болатын үзіндіні таңдаңыз. Дайындық үшін біздің үш минут уақытымыз бар».

Үш минуттан кейін жаттықтырушы топ мүшелерінің біріне жұмысты бастап, өзінің сол жақтағы көршісіне тәжірибесінен таңдаған үзіндіні айтып беруді ұсынады. Көршісі әңгімені тыңдағаннан кейін, өзі тыңдаған ақпараттың жаңашылдығы және ерекшелігі деңгейін көрсететін 10-баллдық шкала бойынша, әңгімелеушіге берген баллын хабарлайды.:

0- белгілі, күткен ақпарат;

10- белгісіз, күтпеген ақпарат.

Жұмыс барлығы өзінің үзіндісін айтып болып, баллдық көрсеткіштке көрсетілген жауапты алғанға дейін жалғасады.

Жаттығу топ мүшелерінің тәжірибесін кеңейтуге, олардың болжамдық қабілеттерін және мінез-құлықтың күтпеген түрлерін таба біле алуын дамытуға бағытталған. Шығармашылық, әсіресе, қарым-қатынаста, жоғары деңгейде болуы мүмкін жағдайларға қатысты емес, шамалы болуы мүмкін саласымен байланысты екендігін атап өткен жөн болар.

Бұл жаттығу аясындағы жұмыс жеке және әлеуметтік стеротиптерді сезінуге қосымша мағлұмат береді, бұл олардың топ мүшелерінің мінез-құлқы мен ойлауына әсер етуді бәсеңдетеді.
54 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Мен қазір сіздерге заттар мен оқиғалардың суретемесін ұсынамын. Сіздер суреттемелерді тыңдап болғаннан кейін, сіздер көздеріңізді жұмып ол затты немесе оқиғаны сурет немесе өзгермелі бейне ретінде елестетулеріңіз қажет. Егер бейне бірден пайда болмаса, күте тұрыңыз. Ұсынылған заттың немесе оқиғаның нақты, анық көрінісін байқауға тырысыңыз. Әр бейнемен жұмыс істеуге бір шамамен екі минуттан уақыт бөлеміз».

Одан кейін жаттықтырушы заттар мен оқиғалардың суретемесін ұсынады: «Ақ кубик», «Ақ кубик қызыл кілемнің үстінде жатыр», «балалар өзен жағасында доппен ойнауда», «Балалар қатты күле бастады», «Балалар қаққан қазықтай тұрып қалды» және т.с.с.

Жаттығу қиялды және оларды басқару дағдысын дамытуға бағытталған.

Аталмыш жаттығуды орындау барысында топ мүшелері тап болатын қиындықтар, әр түрлі сипатта және әртүрлі себептермен анықталады: өзін-өзі жүйелеу саласындағы тапшылық, атап кетсек, бар тәжірибенің өзіндік ерекшелігі: тұрақсыз назармен. Өйткені, ақ кубиктің орнына көк кубиктің бейнесі пайда болуы мүмкін, себебі ол адамның үйіндегі балалар бөлмесінде көк кубик жатыр. Балалар бірден қаққан қазықтай тыныш тұра қалмайды, немесе тұрған жағдайда да, барлығы бұны жасамайды. Мұндай жағдайда жаттықтырушы жұмыстың әр түрін пайдалана алады: қатысушылардың өздері ақ кубик жасап жатқанын немесе қайта-қайта пайда болып отырған көк кубикті аққа бояуды елестетуді ұсынады және т.с.с.


55 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында,еденде доп жатыр.



Нұсқаулық: «Арамыздан біреуіміз өз ықыласымен жұмысты бастайды. Ол қолына допты алып кез-келген сөзді айтады (ол сөз мейлі зат есім болсын). Бұдан кейін, біз барлығымыз 15 секундке көзімізді жұмамыз да, аталған сөзге қатысты ойымызда пайда болатын бейнені анық елестетуге тырысайық. Мен уақытты қадағалап отырамын да, 15 секундтан кейін, барлығыңыздың көздеріңізді ашуларыңызды өтінемін, бұдан кейін, сізді айтқан адам, допты кез-келгенімізге лақтырып береді. Ал допты тосып алған адам мүмкіндігінше толықтай бөлшектеп өзінің қиялында пайда болған суретті баяндап береді. Одан соң ол өз сөзін айтады да, және біз ойымызда пайда болған бейнеге назарымызды аударған 15 секундтың ішінде әңгімесін тыңдағысы келген адамына допты лақтырып береді. Біз әрқайысысымыз өз сөзімізді атап шығып, ойында пайда болып «көрген» суретін» баяндап шыққанға дейін жұмыс жалғасатын болады».

Бұл жаттығу қиялды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар ол әлемді көрудің көп қырлығы дәлелін тағы бір сезініп, бастан кешіруге мүмкіндік береді. Шыныменде, машықтыққа қатысушыларды әр кезде бір сөзге жауап ретінде әр түрлі адамдарда әр алуан бейнелер пайда болатындығын шынымен де таң қалдырып жатады. Атқарылған жұмыс топ мүшелерін жақындастырады, топтық кеңістікті әр түрлі әсіресе, жағымды эмоцияларға толтырады.


56 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Шеңбердің ортасында түрлі-түсті қарындаштар, борлар, фломастерлер мен ақ парақтар жатыр.



Нұсқаулық: «Мен «бастадық» деген кезде әрқайысымыз ақ парақ және сол парақта сурет салуға қажетті кез-келген затты алады. Сурет салу үшін біздің 15 секунд уақытымыз болады. Уақытты мен қадағалап отырамын және 15 секундтан кейін әрқайысыңыздың өз парағыңызды сол жақтағы көршіңізге беруіңізді өтінемін. Сіз сурет салған парақты алғаннан кейін, сюжетті кез-келген бағытта дамыта отырып, тағы да бір нәрсе салуға болады. Біз осы қалыпта жұмысты әрқайысымыздың парағымыз өзімізге қайтып оралғанға дейін жалғастыра береміз».

Орындалған жұмысты талқылау барысында жаттықтырушы топтың назарын қатысушылардың күтпеген, қалыптан тыс, таңқаларлық ретінде қабылдаған сюжеттердің жетілу сәттеріне жинақтайды. Талқылау барысында әртүрлі ойлар туады. Қатысушылар стеротиптердің сюжеттің дамуына ықпал етуін («күннің суретін салғым келді», «Асхат теңіздің суреті салды, сондықтан мен кемені салдым»), қалыптан тыс критерилерді анықтағандығы туралы (сәйкес еместердің, оқиғалардың бір қарағанда сәйкес болуы, сюжетті қарастырудың масштабы мен ракурсының өзгеруі және т.с.с.) айтады.

Жаттығу креативтілікті дамыту бөлімінде келтірілгенімен, ол сондай-ақ оның көрінуінің кедергілерін сезінуге де бағытталуы да мүмкін.
Тренингке қатысушыларға жеке қолдау көрсетуге бағытталған

психологиялық жаттығулар

Бұл тараудағы жаттығуларды өткізудің нәтижесі қатысушылардың өздерінің ерекшеліктерін толық байқау алуы, жеке тұлғаның барлық қырларымен байланысты сананы жағымды, эмоционалды безендірілген бейнелермен толықтыра алуы болады. Бұның барлығы біріге отырып жеке тұлғаның «тұрақтылығын», оның өзіне тірегінің «ауданын» арттырады, бұған басқа адамдармен және әлеммен өзара әрекет жасаудың жасампаздық мүмкіндіктері тамырласады.


57 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық. «Өз назарыңызды оң жағыңыздағы (сол жағыңыздағы) көршіңізге аударыңыз. Біздің біріккен жұмысымыз барысындағы оның барлық көріністерін, не айтқаныны, не істегенін есіңізге түсіріңіз. Сіздің бойыңызда осы адамға қатысты пайда болған сезімдер мен қарым-қатынастарды есіңізге түсіріңіз. Бұл үшін біздің екі минут уақытымыз болады».

Екі минут өткеннен кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Енді сіз көркем әдебиетте немесе өзіңіз ойлап тапқан әңгімеде кездестірген табиғаттың, ауа-райының, жыл мезгілінің қандай суретемесі сіздің сол адам туралы әсеріңізбен сәйкес келетіндігін шешіңіз. Барлығымыз дайын болғаннан кейін, әрқайысымыз кезекпен, өзінің көршісіне ойында пайда болған сипаттамасын айтып береді».

Бұл жаттығу әрбір қатысушыға жекелік көзделген кері байланысты алуға мүмкіндік береді, сонымен бірге тапсырманың сипаты креативтілік тренингінің тапсырмаларымен тікелей байланысты, атап кетер болсақ, ассоциативтілік механизмдерін дамытуға бағытталған.

Пайда болатын суреттемелер әралуан: кейбіреулер әдеби шығармалардан үзінділер келтіреді («мамырдың басындағы найзағайды сүйемін»), кейбіреулер көп жағдайда өте көлемді және бөлшектей баяндалған авторлық мәтіндер құрастырады.


58 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Өз назарыңызды оң жағыңыздағы (сол жағыңыздағы) көршіңізге аударыңыз. Біздің біріккен жұмысымыз барысындағы оның барлық көріністерін, не айтқаныны, не істегенін есіңізге түсіріңіз. Сіздің бойыңызда осы адамға қатысты пайда болған сезімдер мен қарым-қатынастарды есіңізге түсіріңіз. Бұл үшін біздің үш минут уақытымыз болады».

Үш минут өткеннен кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «біздің айналамызда, әрі біздің өзімізде барлығы тұрақты түрде қозғалыста. Ағаштарда жапырақтар тербеледі, құстар ұшады, қар жауады, балалар жүгіруде. Қозғалыстың сипаттамасы әр алуан болады. Сіздің сол жағыңыздағы (оң жағыңыздағы) көршіңіз туралы әсеріңізді бейнелейтін қозғалыс бейнесін табыңыз.



Барлығы дайын болғаннан кейін, әрқайысысыңыз кезекпен, өз көршісіне өзінде пайда болған бейнені хабарлайсыздар».

Бұл жаттығу өз сипаттамасымен алдыңғы жаттығуға ұқсас. Сонымен қатар, ол толығымен креативтік орта өлшемдерінің біріне сәйкес болады: шығармашылыққа қолайлы жағдай тудыратын белгісіздік.


59 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Назарыңызды өзіңіздің оң жағыңыздағы (сол жағыңыздағы) көршіңізге аударыңыз. Біздің жұмысымыздың барысында ол не айтты, не істеді соны есіңізге түсіріңіз. Сол адамға қатысты сізде пайда болған барлық сезімдер мен қарым-қатынастарды есіңізге түсіріңіз және осы адаммен байланысты ең жарқын әсерлердің барлығын есіңізге түсіріңіз. Ой талқылауға біздің үш минут уақытымыз болады».

Үш минут өткеннен кейін жаттықтырушы әрқайысысына кезекпен өзінің сол жағындағы (оң жағындағы) көршісі туралы ең жарқын әсерлерін айтып беруді ұсынады.


Әдебиеттер


  1. Емельянов Ю.Н. Активное социально-психологическое обучение. Л., 1985. С 41.

  2. Cenin M. Podstawy teoretyche stosownych metod treningu psychologicznego // Acta Bratisl. Pr. Psychol. 1990. № 22. P. 35-64.

  3. Landy F. G. Psychology of behavior. Dorsey Press, 1985.

  4. Петровская Л.А. Теоретические и методические вопросы социально-психологического тренинга. М., 1982. С. 9, 208.

  5. Ковалев Г.А. Основные направления использования активного социального обучения в странах Запада //Психологический журнал. 1989. № 1. Т. 10. 127-136.

  6. Практикум по социально-психологическому тренингу. СПб., 1997.

  7. Макшанов С.И. Психология тренинга. СПб., 1997.

  8. Пэнто Р., Гравитиц М. Методы социальных наук. М., 1972.

  9. Захаров В.П., Н.Ю.Хрящева Социально-психологический тренинг. Л., 1990.

  10. Smith H. C. Sensitivity Traning The Scientific Understanding of Individuals – New York, 1973.

  11. Allport G. W. Personality: A Psychologial Interpretation. – N. Y., Henry Holt & Co, 1937, p. 513-516.

  12. Лабунская В. А. О структуре личности // Вопросы психология межличностного познания и общения. Краснодар, 1983. С. 63-71.

  13. Гримак Л.П. Резервы человеческой психики. – М., 1989. с 113.

  14. Сикорский И.А. Всеобщая психология с физиогномикой. – Киев., 1912.

  15. Woodworth R.S. Experimental psychоlоgy. New York, Holt, 1983.

  16. Scholosberg H. S. Journal of Experimental Psychology 1941, 29, 497-510. New York, Holt, 1938.

  17. Изард К. Эмоции человека . – М., 1980.

  18. Шмелев А.Г., и др. Практикум по экспериментальной психосемантике. – М., 1988.

  19. Шибутани Т. Социальная психология. М., 1969. с 79.

  20. Пономарев Я.А. Психология творчества. М., 1976.

  21. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М., 1940.

  22. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении и обучении. М., 1972.,

  23. Urban K.K., Jellen H.G. Assessing creative potentia (via drawing production) the test for creative thinking. – Drawing production (TCT-DP) N. Y., 1989.

  24. Ярошевский М.Г. Психология творчества и творчество в психологии. – Вопросы психологии, 1985,6.

  25. Бехтерев В.М. Общие основы рефлексологии человека. Л., 1926.

  26. Роджерс К.. Взгляд на психотерапию, становление человека. М., 1994.

  27. Ackoff L., Vergara E. Creativity in problem solving and planning a

review .- Europian Journal of operational Research. 1981, 7(1), p. 1-13.

  1. Guilford J.P. The nature of human intelligence. N.Y., 1967.

  2. Роджерс К.. Творчество как усилие себя. 1990, 3, 165 бет.

  3. Cropley A.J. Europian journal for High ability. 1992 vol. 3 (2), p. 130.

  4. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. М., 1979.

  5. Дж. Морено. Театр спонтанности. Красноярск, 1993.

  6. Wallas G. The art of thpught. N. Y., 1926

  7. Kneller G.F. The art of science fnd creativity. N.Y., 1965.

  8. Boles S. A model jf routine and creative problem solving. – Journal of Creative Behavior, 24 (3), 1990.

  9. Sapp D. David. «The point of creative frustration and creative progress: a new look at jld model». – Journal of creative behavior. 1992, 26 (1) p. 21-28.

  10. May R. The courage to create. N.Y., 1975.

  11. Rogers C.R. Towards at theory of creativity. – in Anderson H. Y. Ed. Creativity and its Cultivation. Harder. 1961

  12. Amabile T.M. The social psyhology of creativity. 1983.

  13. Evans R., Russel P. The creative manager. 1989.

  14. Уотермен Р. Фактор обновления. М., 1988.

.





жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау