І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



жүктеу 1,21 Mb.
бет13/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

16 жаттығу. Бұл жаттығуды орындау үшін топ мүшелеріне алдын-ала: «Сізде басым және оларды орындамау сіздің бойыңызда шиеленіс тудыратын әдеттер, ұстанымдар мен ойлардың тізбегін құрыңыз» деген үй тапсырмасын беру қажет.

Жұмыс үш кезеңде жүзеге асады.

Бірінші кезеңде топ әрқайысысында 4-5 адамнан болатын шағын топтарға бөлінеді.

Нұсқаулық: «Қазір шағын топтарда талқылау барысында сіздің топ үшін ортақ орындамау сіздердің бойларыңызда шиеленіс тудыратын сіз ұстанатын әдеттер, ұстанымдар мен ойлардың тізбегін құрыңыздар. Жалпыламалауға ұмтылмаңыз: сіздің тізімізге кіретін әдеттер, ұстанымдар нақты болсын».

Бұл тапсырманы орындауға шамамен 30—40 минут уақыт кетеді. Екінші кезеңде қатысушылар жартылай шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы тақтаға немесе үлкен ватман қағазға (қалауы бойынша, себебі ақпарат тренингтің соңына дейін сақталады) әр шағын топтың дайындағанын жазады. Бұл жұмыстың барысында, талқылау туындайды, топ мүшелері олардың қандайда бір ұстанымды ұстанулары өмірге, мінез-құлқына, көңіл-күйіне қалай әсер ететіндігін айтады.

Креативтік тренинг тобының мүшелері жиі тізбекке енгізетін ойлардан, ұстанымдар мен әдеттерден мысал келтірейік:


  • әр уақытта сөз бергеніңді орындау керек:

  • жоспарлағанның жүзеге асуы тиіс;

  • хаттарға бірден жауап беру керек;

  • тазалық пен тәртіпті жақсы көру;

  • тәрбиесіздік көрсетпеу керек;

  • жағдайға сәйкес киіну қажет;

  • қарызға ақша алуға болмайды;

  • өз сезімің туралы баршаның көзінше айтпау керек;

  • мен туыстарымның барлық өтінішіне қолдау көрсетуім керек;

  • бір уақытта екі істі жақсы істеуге болмайды;

  • маңызды істерді соңына дейін және өте жақсы жүзеге асыру керек және т.с.с.

Ортақ тізбек құрылғаннан кейін топ жұмыстың үшінші кезеңіне өтеді.



Нұсқаулық: «Біз жасаған тізбекті мұқият оқып шығыңыз, және одан ең алдымен сіздің бойынызда шыныменде бар бірақ, әлі күнге дейін мойындамаған екі ойды, ұстанымды, әдетті белгілеңіз, және, екіншіден, - сіздің бойыңызда бар, бірақ қазір бұрынғыдай күшті әсер етпейтін екеуін белгілеңіз».

Барлығы бұл тапсырманы орындап болғаннан кейін, жаттықтырушы әрбір қатысушыға жалпы тізбек бойынша жұмыс барысында анықталған, бірақ адамға ендігәрі күшті әсер етпейтін екі ойды, ұстанымды, әдетті атауын ұсынады. Әрі бұрын қалыптасқан қатаң идентификацияны жеңу үшін не көмектескендігі туралы айтуды ұсынуға болады.

Әрине, бұл жердегі мақсат әдеттерден, стеротиптерден, ойлау мен мінез-құлық үлгілерінен толықтай бас тартуда емес, олардың ішінде жаңа шешімдерді табуға, дамуға кедергі жасайтындарын сезіну қабілеттілігінде болмақ. Аталмыш жаттығуда осыған бағытталған.

Р. Уотермен (41): «Жаңарту дилеммасы әдеттер пайдалы екендігінде құралады. Олар бізге қайталанатын оқиғаларға жылдам қимыл көрсетуге жағдай тудыра отырып күнделікті өмір қиыншылықтарына жол ашуға мүмкіндік береді... Алайда, өте пайдалы емес әдеттер, бір жағынан, құбылмалы әлемге сәйкес күнделікті күреске негізгі кедергілер болады» - деп жазды.

Негізінен креативтіліктің көрінуіне адам әдетте қатты сүйенетін, оларға сүйенбеу шиіленістік, қолайсыздық тудыратын ойлар, әдеттер, ұстанымдар кедергі жасайды. Бұған ұқсас жағдайлар осы ұстанымдар мен стеротиптерге басқа адамдар сәйкес келмеген, ұстанбаған сәтте туындайды. Мұндай әдеттер мен стеротиптердің адам бойында басым болуы, статистіктің, және әдетте оның тәжірибесін толық сезінбеудің айғағы болмақ. Сананың стереопиттелінген үзінділерінің қатаңдық деңгейі адамның жаңа тәжірибеге ашықтығын, сондай-ақ, айналасындағы өзгерістердің оған қаншалықты қайғылы болатындығын анықтайды.


17 жаттығу Топ мүшелері жұппен отырады. Жаттықтырушы егер топтың қатар саны тақ болған сәтте ғана жұмысқа қатысады.

Нұсқаулық: «Сіздер бір-біріңіз туралы не білетіндеріңізді, сіздің серігіңіз не айтты, ол өзін қалай ұстады, біздің ортақ жұмысымыз барысындағы оқиғаларда қандай әрекеттер жасағанын есіңізге түсіріңіз және одан кейін кезекпен бір-біріңізге қандай стеротиптің, әдеттің, ойдың көрінісі Сіздің серігіңіздің бойында басым екендігі туралы, оның мінез-құлқынан нені байқағаныңызды айтып беріңіз».

Жұппен жұмыс аяқталғаннан кейін, топ шеңберге оралады, және жаттықтырушы: «Жұппен жұмыстан алған әсерлеріңіз туралы айтып беріңіздер», «Жұппен жұмыс істегенде жаңа нені біле алдыңыздар?» деген ашық сұрақ қоя алады. Басқа түрдегі сұрақтарда қоюға болады.

Жаттығу өз әдеттерін, стеротиптерін, ұстанымдарын сезінуге бағытталған, бұл ары қарай қатысушылардың олардың өзінің және қоршаған адамдардың мінез-құлқына әсерін байқауға септігін тигізеді. Бұл мінез-құлықтық және когнитивтік икемділікті арттырады, креатитвіліктің көрінісіндегі кедергілерді жеңуге әсер етеді.
18 жаттығу топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы қабырғаға бекітілген тақтаның немесе ватман қағаздың қасында тұрады.

Нұсқаулық: «қазір мен сіздерге кейбір тапсырмаларды ұсынамын. Шарттарын тыңдағаннан кейін, шешімді табуға тырысыңдар. Жауапты анықтағаннан кейін, оны білдіріңіздер, мысалы, дауыстап ештеңе айтпай қолыңызды көтеріңіз».

Осындай жұмыс барысында қолданылуы мүмкін, бірнеше тапсырмаларды келтірейік.




  1. Бір тиынның орналасуын өзгертіп, әр осьте төрт тиыннан жатуына қол жеткізу қажет.

Жауап: горизонтальды осьте орналасқан бір тиынды, осьтердің қиылысында орналасқан тиынның үстіне қою керек.


2. Бір санның орналасуын өзгерту арқылы, қосынды дұрыс болуына қол жеткізу қажет:
102= 100

Жауап: 102= 100.


3. кез-келген жерден кесінді жүргізу арқылы теңдіктің дұрыс болғанына қол жеткізу керек:
V1 = 1
Жауап: √1 =1.
Топқа кезекпен ұсынылатын тапсырмаларды орындау барысында, жаттықтырушы шешімін таппаған қатысушыларға өздерінде туындаған ойларын дауыстап айтуын ұсынады. Көп жағдайда осындай жеткізу кезінде, шешім таппаған тыңдаушылардың бірінде, шешім пайда болады. Оларға: «жауап қалай туындады?» деген сұрақ қоя отырып, біз шығармашылық тапсырмаларды шешу жағдайындағы салыстырмалы механизмдер маңызы ойына шығу мүмкіндігін иеленеміз.

Бұл жұмыс сонымен бірге креативтік тренингіне қатысушыларға, оның көрінуіне әртүрлі кедергілер қалай әсер ететіндігін және олар қандай болуы мүмкіндігін сезінуге септігін тигізеді.

Тапсыраны шешу барысында мүмкіндіктерін шектейтін шектеулерді адамның өзі құрып алатындығы көрнекті дәлел болмақ. Мысалы, бірінші тапсырмамен жұмыс процесінде пайда болған әсерлерді талқылау барысында, бір топтың мүшесі: «Мен тиындарды қағаз бетінен алмай қозғау керек деп ойладым» -деп айтса, енді бірі: «Мен барлық тиындар көрініп тұруы тиіс деп ойладым» - деп айтады. Әрине, мұндай шектеулер тапсырманың шартында болған жоқ, оларды адамдар өздері шығарған.

Осындай тапсырмалармен жұмыс барысында көп жағдайда байқалатын креативтілік көрінісінің тағы бір кедергілері, бұл – бара-бар емес, әсіресе төмендете өз-өзіне баға беру. Жаттықтырушының екінші тапсырманы түсіндіру барысында айтылған креативтік тренинг тобының бір мүшесінің айтқаны: «Бұл, математика екен ғой, мен оны мүлде білмеймін» дегенменде, бұл тапсырманы шешу үшін қажет математикалық білім деңгейі барлығында жеткілікті екені айдай анық емес пе.

Креативтік тренингі аясында бұл тапсырмалармен жұмыс істеу топ мүшелеріне креативтік процестің кезеңдері сезінуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың бұған назар аударуын ояту үшін, жаттықтырушы тапсырманың шартымен таныстырар алдында: «Шешу барысында сіздердің бойларыңызда көрінген барлық жағдайға мән беруді өтінемін» - деп айтуы қажет, ал әсерлерді талқылау барысында, бұл жағдайлар туралы, олардың ерекшеліктері мен динамикалық сипаттамлары туралы айтып беру ұсынылады.
19 жаттығу Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.

Нұсқаулық: «Жұмыстың алдыңғы кезеңдерінде біз біздің тәжірибеміздің креативтіліктің көрінісіне әсері туралы айттық. Бір жағдайларда тәжірибе мәселелік жағдайда шешім табуға көмектесті, ал екіншісінде – жауап іздеу жолын шектеді,аясын тарылтты.

Қазір біз біршама уақыт әрқайысысында 4-5 адамнан болатын шағын топта жұмыс істейміз. Бұл жұмыс барысында, креативтік көрінуіне әсер ететін тәжірибеге, жақсы тәжірибеге ие сипаттама қалыптастыру қажет. Шағын топтарда талқылау және сипаттамаларды құрастыру үшін біздің 20 минут уақытымыз болады».

Жұмыс барысында жаттықтырушы әрбір шағын топқа жақындап, тәжірибе сипаттамасын құрастыруға көмектеседі.

Шағын топтардағы жұмыс аяқталғаннан кейін, барлығы шеңберге оралады және әр топ кезекпен өздерінің қол жеткізген нәтижелерімен таныстырады, қажет болған сәтте оларға түсініктеме және коментарий береді.

Біз өткізген креативтік тренингі топтарының мүшелері «жақсы» тәжірибенің негізгі сипаттамлары ретінде: алуан бейнелі, сезінгендік, құрылымды, статистік емес- деп атады.


20 жаттығу топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында куб бейнеленген қағаз.

Нұсқаулық: «Мына қағазға қараңыз және онда не көріп тұрғаныңызды айтыңыз».

Қатысушылар өздерінің болжамдарын айтады. Жаттықтырушы айтылғандарды қайталай отырып, қорытынды жасайды. Әдетте бұл- сурет, куб, геометриялық фигура, бірнеше квадраттар, қорап, бөлме және т.б. пікірлер айтылдаы. Бұдан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғстырады:



«Бұл қағазда не бейнеленгеніне қатысты біздің әртүрлі пікірлеріміз айтылды. Әрі бұл кезде онда тек он екі кесінді түсуден басқа ештеңе жоқ. Бұны қалай түсіндіруге болады?»

Талқылау барысында, топ мүшелері алдыңғы тәжірибенің қабылдау әсеріне қатысты, санада бұған дейін қалыптасқан құрылымды «танылатын» ойларын айтады.

Топтың деңгейіне немесе оның мәселені түсіну деңгейі жұмысы сәтіндегі қол жеткізгендеріне байланысты бұл ой әртүрлі тұжырыммен үйлеседі: «біз өзіміз ат берген заттарды танимыз, әрі бұл кезде басқалардың ол нысанның сіз үшін қандай маңызда екендігі туралы еш күдігі болмайды», « бізге бұл форма куб деп айтты, сондықтанда біз соны көріп тұрмыз» және т.с.с.
3. Креативтілікті дамытуға бағытталған психологиялық жаттығулар
Бұл тарауға енген жаттығулар креативтіліктің жеке тұлғаның қасиеттері: икемділік, ерекшелік, нақтылық, ойлаудың үстірттігі, қиялдау және т.б. сияқты жеке қырларын дамытуға арналған. Сонымен бірге, бұл таруға тренинг мүшелерінің бойында пайда болған креативтік процестерді басқару қабілеттілігін жинақтауға мүмкіндік беретін жаттығулар да енген.
21 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қане, мынау (жаттықтырушы допты көрсетеді) – апельсин деп елестетейік. Қазір біз бұны бір-бірімізге, лақтырамыз, әрі лақтырар кезде сіз қандай апельсин лақтырғаныңызды айтасыз. Мұқият болайық: апельсиннің жеке қасиеттері мен сапасын атар кезде қайталауларға тап болып жүрмейік және жұмысқа барлығымыз қатысуға тырысайық».

Жаттықтырушы қиялдағы апелсиннің кез-келген сипаттамасын атап, мысалы «тәтті», жұмысты бастайды. Жаттығуды орындау барысында жаттықтырушы қатысушыларды өзінің пікірін позитивті көзқараста құрастырыра отырып, қарқынды жұмысқа араласуға тартады, мысалы, «Қанекей, жылдам жұмыс істеуге тырысайық».

Сондай-ақ жаттықтырушы топтың назарын басқа мазмұнды көзқарасқа көшкен кездегі сәттерге аударады. Мысалы, «сары», «қызғылт-сары» деген сипаттамалар айтылады, ал келесі бір қатысушы «Кубалық» деп айтады. Мұндай жағдайда жаттықтырушы: «жаңа сала пайда болды - өндіруші-ел» - деп айтуына болады.

Жаттығу ойлаудың үстіртігін, жадынан ақпаратты ала алу жылдамдығын, сондай-ақ жаңа мазмұнды салаға саналы түрде ауысу қабілеттілігін дамытуға бағытталған.


22 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қазір бір-бірімізге доп лақтырамыз, әрі доп лақтырған кезде- қандай да бір түсті атаймыз, ал допты тосып алған кезде – осы түстес нысананы атаймыз. Мұқият болайық және аталған түстер мен нысаналарды қайталамаймыз және әрқайысымыздың жұмысқа қатысуына мүмкіндік берейік».

Нұсқаулықта зат деген сөздің орнына «нысана» деген сөзін пайдалану ассоциациялар тудыру үшін көбірек мүмкіндік беруіне байланысты. Кейде топта нысана түсінігінде нені түсінуге болады деген сұрақ туындайды. Мұндай жағдайда, жаттықтырушы әрқайысысына сәйкес келетін кез-келген түсінікті сақтауға болатындығы мүмкіндігін хабарлайды.


23 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «қазір біз бір-бірімізге мына допты лақтырамыз. Допты лақтыратын адам: «ауа», «жер» немесе «су» деген үш сөздің бірін айтады, допты тосып алған адам , егер «ауа» сөзі айтылса – құстың атын, екінші жағдайда («жер») – аңның атын, ал егерде «су» сөзі айтылған болса- балықтың атын атайды. Мүмкіндігінше, жылдамырақ қимылдау қажет».

Жұмыстың барысында, жаттықтырушы топ мүшелерін қарқындылықты арттыруға жетелейді.

Жаттығу ойлау үстіртігін дамытуға бағытталған.

23 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қазір біз барлығымыз ауыр күш салатын жұмыспен шұғылданамыз- жүк кемесінен жүк түсіреміз. Оны біз келесі жолмен жүзеге асырамыз: мен жүк кемесіне тиеуге болатын қандай да бір затты белгілейтін қазақ алфавитінің бір әріпін және бір сөз атаймын және кез-келгеніңізге допты лақтырамын. Ал ол өз кезегінде, сол әріптен бсталатын қандай да бір затты атайды да, допты келесі адамға лақтырады. Жүк тиеу үздіксіз болу үшін және қатысушылардың барлығының араласа алуы үшін жылдамырақ қимылдауымыз қажет. Кей-кезде біз әріпті ауыстыратын боламыз. Сонымен қатар, біздің біршама шектеулеріміз болады: жүк кемесіне онда тасуға болатын астероидтар, айсбергтер және гуманисті болу үшін оған мысалы, аборигендерді, еліктерді тиемеуіміз қажет. талас тудыратын жағдайдың сарапшысы мен боламын».

Аталмыш жаттығу креативтіліктің екі сипаттамасын – ойлау үстіртігін (жадынан ақпаратты алу жылдамдығы арқылы) және бірмезгілдегі әрекет уақыт тапшылығы және айналадағылардың бағалауы жағдайында өз-өзін ұстауын дамытуға бағытталған. Жаттығу барысында мерзімді түрде қатысушылардың бірі «тиеуге» арналған кезекті затты тауып үлгере алмауына байланысты үзілістер орын алады. Топ мүшелері бұған әр түрлі себептер айтады: «менің ойыма ештеңе келмей тұр», «мен, айтайын деген сөзді айтып қойды», «мен былай жылдам ойлап үлгере алмаймын» деген сияқты. Үзіліс кезінде жаттықтырушы жүк кемесіне тиейтін заттары бар қатысушылардың қолдарын көтеруін немесе тиеуге арналған үш затты атауын өтінуіне болады. Жаттықтырушы міндетті түрде жаттығуға қатысады. Жұмыс аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: «Сіз «тиеудің» қандай тәсілдерін қолдандыңыз?», «Тапсырманы орындауда не қиындық тудырды, кедергі жасады?» - деген сұрақтарды қояды. Талқылау барысында, әдетте, топ кедергілер ойына, міндетті түрде өз-өзін ұстай білуді дамыту қажеттігіне назар аударып, бірқатар заттарды дайындап алуымен және оларды алмастыратын заттар қатарымен (конфет, карамель, кекс, өрік, казинактар) байланысты бейнелі ұйымдастырылған түрлерінің (әріпке қатысты сөздер келтірілген сөздік немесе энциклопедияның парақтарын ұсыну немесе әр алуан әріптерден басталатын заттарды кездестіруге болатын канцеляриялық дүкеннің сөрелерін елестету) нақты амалдарын ұсынады.


24 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады. Олардың қолдарында парақ және қалам.



Нұсқаулық: «Мен сіздерге қазір ұсынатын тапсырманы жазбаша орындау қажет. парақтың жоғарғы жағына Н Ө Ә С төрт әріпін жазыңыздар. Менің белгім бойынша жұмысты бастаймыз; мүмкіндігінше көбірек сөйлем құрауымыз қажет, әрі сіз жазған әрбір сөйлемнің бірінші сөзі Н әріпінен, екіншісі - Ө , үшіншісі – Ә, төртіншісі – С әріпіненен басталуы қажет. Мысалы:Назым Өте Әдемі Сөйлейді. Тапсырманы орындау үшін сіздердің үш минут уақыттарыңыз бар. Бастадық».

Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрбір қатысушыға кезекпен қанша сөйлем жазғанын айтуын өтінеді, одан соң әрқайысына жазған сөйлемдерінің кез-келген бірін өз қалауы бойынша оқып беруін ұсынады. Ол сөйлем қатысушының ойынша ең сәтті құрылған сөйлемі болуы мүмкін. Жұмыстың нәтижесімен таныстыру барысында қатысушылар сөйлем құрау барысында қолданылмаған стилдік, мазмұндық және басқа мүмкіндіктерді анықтайды, бұл олардың себебін күшейтеді және келесі жұмыстардың нәтижесіне оң әсер тигізеді.

Жаттықтырушы сөйлем құрауды тағы үш минутқа созуды ұсынады. Берілген уақыт аяқталғаннан кейін, әр қатысушы тағы да өзі қанша сөйлем құрай алғандығын жеткізеді және өз таңдауы бойынша біреуін оқып береді.

Одан кейін жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Енді әрқайысымыз біздің тобымыз туралы әңгіме құрастырады. Бұл әңіме құралатын сөйлемдердің қатары кез-келген болуы мүмкін бірақ сөздер НӨӘСНӨӘСНӨӘС әріптерінене басталуы қажет және т.с.с. Әрі тыныс белгілерін кез-келген жерден қоюға болады. Бұл тапсырманы орындау үшін біздің бес минут уақытымыз болады». (Әңгіменің тақырыбын бермей-ақ қоюға да болады).

Жұмыс аяқталғаннан кейін, әр қатысушы өзінің әңгімесін оқиды. әңгіменің мазмұны талқыланбайды, бағаланбайды, коментарий берілмейді.

Жаттығу ойлаудың нақтылығын және үстірттілігін, икемділігін дамытуға бағытталған.



25 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайсымыз кезекпен өзі отырған орындығын алып, ортаға шығады да, кезекпен шеңбердің бойында отырғандарға қарама-қарсы отырып, оларға күтпеген сұрақтар қояды. Сұрақ қойғаннан кейін оның жауабын күтеді».

Өзгерту мүмкіндігі бар: шеңбер бойында қалған әрбір қатысушыға қарма-қарсы отырушы, оған қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жаттығу ойлау ерекшелігін, икемділігін, нақтылығын дамытуға бағытталған Әдетте, көңілді өтеді, топтың көңіл-күйін белгілі дәрежеде көтереді.
26 жаттығу

Топ мүшелері өз қалаулары бойынша біріккен жұпта жұмыс істейді. Әр қатысушының қолында қалам мен парақ бар.



Нұсқаулық: «жаттығу бірнеше қадамнан тұрады. Алдымен әрқайысымыз өз бетімізбен темекі тартудың пайдасына қатысты дәйектерді көбірек жазуға тырысады. Бұған сіздердің үш минут уақыттарыңыз болады».

Үш минуттан кейін жаттықтырушы әрқайсысына қанша дәйек жаза алғаны туралы айтуды өтінеді. Бұл ақпарт талқыланбайды және жаттықтырушы коментарий жасамайды. Егер топта көп немесе аз дәйектер жазылғандығы туралы сұрақтар туындаса, бағалаулар немесе өзіндік баға беру (ой, ал менде мүлде аз» деген сияқты) айтылатын болады, ал жаттықтырушы еш әрекет білдірмейді, талқылауға қолдау көрсетпейді.



Нұсқаулықтың жалғасы: «Енді сіздердің бір-біріңізбен құрастырылған дәйектермен бөлісуге уақыттарыңыз болады, әрі бұл кезде сіздің серігіңізде бар, бірақ сізде жоқ және сіз үшін ерекше және өзгерек болып көрінген 1-2 дәйекті есіңізде сақтаңыз».

Барлығы жұмысты аяқтаған соң, 5-7 минуттан кейін, жаттықтырушы нұсқаулықты жалғастырады: «Қазір сіздің темекі тартуға қарсы көбірек дәйектерді өз еркімен жазу үшін үш минуттық уақыттарыңыз болады».

Одан кейін қатысушылар өз жұмыстарының нәтижесімен, алдыңғы кезеңдегі жолмен бөліседі.

Талқылаудың жалғасы ортақ шеңберде жүзеге асады.

Жаттықтырушы: «қазір әрқайсымыз сіздің әріптесіңіз ұсынған темекі тартуды «қолдайтын» және «қарсы» дәйектерінің қайысысы сізге ерекше ұнады және сіздің ойыңызша ерекше, өзгеше болып келетіндігін атаңыз».

Жұмыс барысында әрқайысының жеке нақты мәселеге (аталмыш жағдайда, темекі тарту туралы) қатысты көрінісі белгілі деңгейде кеңейе түседі. Жұмыстың заңды нәтижесібұған дейін қалыптасқан көріністердегі шектеуді жеңу болып табылады, бұл оң эмоциялардың пайда болуымен қабаттасады. Мәселені көрудің біртіндеп кеңейе түсуі (өзіндік дәйектерді құрастыру және сезіну, әріптесінің дәйектерінде жаңаны аңғару, басқа жұптардың дәйектерінде жаңаны байқау) мәселенің болжамдық көрінісінің шексіздік ойын сезінуге көмектеседі, қатысушыларды әр алуан тәжірибе жинақтауға септігін тигізеді.


32 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «қазір біз болжамдық ойлаумен жұмыс істеуге назар аударамыз. Келесі жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз. Сіз үйіңізге қайтып келесіз (немесе өз жұмыстарыңыз бойынша бір жаққа кетіп барасыз), алдыңыздан ағашқа пышақ қадап уақыт өткізіп тұрған бір топ жасөспірім кездесті. Сіз жасөпірімдердің пышақ қадаумен айналысуын тастап, басқа пайдалы іспен шұғылдануына жетелейтін өз әрекетіңіздің бірнеше түрін ойлап табуыңыз қажет. Ойыңызда пайда болған әрекет түрлерін жазып отыру қажет».
33 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құүрап отырады. Жаттықтырушының қолында доп.



Нұсқаулық: «Қазір арамыздан ойынды бастайтын адам, кез-келген біреуімізге допты лақтырады да, ол адамның қай жерде болуы қажеттігін айтады. Әрі бұл кезде бізге ешқандай шектеу қойылмайды: өз серігіңізді қиялыңыздағы кез-келген жерге жібере аласыз – мұздатқыштың ішіне, көне Грецияға, пальмаға және т.б. допты тосып алғаннан кейін сізді жіберген жерге өзіңізбен бірге ала баратын үш затты атауыңыз қажет. Сондай-ақ басқалар «болып» қайтқан жерлерді және басқалар «атаған» заттарды атамау үшін мұқият болу қажет».

Жаттығу екпінді және көңілді өтеді. Ол қиялды, ойлау ерекшелігі мен икемділігін дамытуға септігін тигізеді.


34 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Айналаңызға мұқият қараңызда, осы бөлмедегі қандай-да бір затты атаңыз, сол заттың атынан қысқа монолог айтасыз. Барлығы дайын болғаннан кейін, біреуіңіз бастайсыз да, қалғандарыңыз кезекпен өз монологтарын айта бастайды. Бір заттың атынан екі немесе үш монолог айтылып кетті деп уайымдау қажет емес».

Жаттығу қияды дамытуға, қоршаған ортаны қабылдаудың әдетке айналған ауқымын жеңуге, «жаңа көзқарастар иемденуге» бағытталған. Бұл жаттығуды өткізу тәжірибесі топ мүшелерінің алдынан кезігетін негізгі қиындықтарды атауға мүмкіндік береді. Қабылданған ұстанымды монологты баяндау барысында сақтап қалу шамалы қиындық тудырады. Дегенмен де, аталмыш жаттығуда дұрыс немесе дұрыс емес монологтар болмайды, топта айтылған ойлардың қаншалықты нақты екендігіне қатысты пікірталастар тууы мүмкін. Мысалы, есік тұтқасының атынан монолог айтқан қатысушы: «Мен адам алақанының жылылығынана жақсы әсер аламын» немесе « Түнде «әсіресе» ешқимылсыз тұрғанда суық пен зерігу сезіледі» - деп айтады. Бұл жерде қабылданған ұстанымнан ауытқу байқалады. Қатысушылардың бірі есік тұтқасы адам алақанының жылулығын «білмейді» және бұл жерде ол жылу мен суықты сезінуді есік тұтқасы жасалған темір атомдарының жылдам ауытқуы ретінде суреттесе деген ойды айтады.

Бұл тапсырманың негізі қатысушылар адаммен қалыпты теңесуден алшақтаудың қосымша тәжірибесін иеленеді және бұл ұстанымды алуан түрлі ығысуының заңдылығын анықтайды.
35 жаттығу

Қатысушылар әрқайысысы 4-5 адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді.



Нұсқаулық: «Әрқайысымыз кезекпен ойға сыймайтын қандай да бір кез-келген оқиғаны ұсынамыз, оны мысалға былай құрастыруға болады: Жер бетіндегі барлық адамдар күндіз ұйықтап, ал түнде барлығы бірнәрсемен шұғылданады. Оқиға ұсынылғаннан кейін, барлығы (сондай-ақ оқиғаны ұсынған топ мүшелері де) бұл оқиғадан қандай пайдалы және пайдасыз жақтарды көретіндіктерін және қандай қызықты жағы бар екенін баяндайды. Мысалы, жер бетіндегі барлық көліктер сары түсті деп елестетейік. Пайдасы - көлікке арналған бояуды шығару жеңілдігі; пайдасыздығы- көлік тұрағынан өз көлігіңді табу қиындығы: қызықты жағы – айналасында сары түстің басым болуы адам психикасына қалай әсер ететіндігі».

Бұл жаттығу бір жағынан қиялды дамытуға бағытталған. Топ мүшелері таңқалдыратын оқиғаларды ойлап таба бастайды: мысалы, Жер бетінде тек күн болады, адамдардың бәрінің бет - жүзі бірдей, жер бетінде қанша адам болса, соншама тіл және т.б.

Екінші жағынан, жаттығу бір мәселенің, құбылыстың әртүрлі қырын көру қабілеттілігін дамытуға, ойлау икемділігін дамытуға мүмкіндік береді.
36 жаттығу

Топ әрқайысысы 4-5 адамнан тұратын шағын топқа бөлінеді.



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау