І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары


АДАМДАР МЕН ТОПТАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН, ЖАҒДАЙЫН, ҚАСИЕТІН, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР



жүктеу 1,21 Mb.
бет8/15
Дата15.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#26803
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

АДАМДАР МЕН ТОПТАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН, ЖАҒДАЙЫН, ҚАСИЕТІН, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТҮСІНУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ПСИХОГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Бұл тарауға адам мен топтың жағдайын, қарым- қатынасын және қасиеттерін түсіну мен жорамалдау қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған жаттығулар енгізілген. Түсінудің ең маңызды талаптарының біріне адамның табиғаты және ерекшелендіретін белгілері туралы білімі және бұл психологиялық феномендерді анықтайтын семантикалық сөздерді жоғары деңгейде сезіну жатады. Сондықтан да, келтірілген жаттығулардың бір тобы бақыланатын жағдайлар мен қарым-қатынастардың көрінісінің нәтижелерін вербализациялау дағдыларын дамытуға бағытталған. Нақтырақ айтсақ, бақыланатын жағдайлар мен қарым-қатынастардың белгілерін нақты бейнелеу басқа адамның мінез- құлқына талдау беру мен болжау жасаудың тепе- теңдігін анықтайды.

Бұл тараудағы жаттығуларды теориялық сенситивтіліктің дамуын зерттеу мақсатында талдау барысында жаттықтырушы адам қасиетінің, ерекшеліктері мен жағдайының айырмашылықтары мен түсінуімен байланысты теориялық көріністерге сүйене алады. Психологиялық білімнің осы саласында жинақталған деректердің барлық ауқымын толығырақ сипаттау біздің міндетімізге жатпайды, сондықтан да, біз өз көзқарасымыз бойынша, сенситивтік тренинг бағдарламасын жүргізушіге бағдар беретін мәліметтерді баяндаумен ғана шектелеміз.

Л.П. Гримак: «Адам өмірі - әруақытта бір-бірін алмастырып тұратын жағдайлардың жалғасқан тізбектері» (13) - деп жазады. 1889 жылы Ч.Дарвиннің оның ұлы Френсистің жетекшілігімен жарық көрген «Выражение эмоции у животных и человека» атты еңбегінен бастап, бүгінгі күнге дейін адам жағдайының бейнеленуіне деген ғылыми қызығушылық төмендеген емес. Адамның эмоционалдық, регулятивтік және когнитивтік жағдайын түсіну мен көрінуі туралы әртүрлі бейнеленген және жүйеленген түсінік қалыптасқан.

Орыс психологы әрі дәрігер И.А. Сикорский психикалық жағдайлар бақылаушыға әңгіме айту кезіндегі бет- жүзінің қимылы және дене қимылы мен тұрысы, физиологиялық сүйенулерінің өзгерісі арқылы байқалады және көрініс алатындығы туралы айтқан. Ол: Егер сезімнің сыртқы келбеті бейнелеу деп қабылдасақ, онда сол бейнелеу мұқият бақылауға алатын сыртқы белгі болмақ» (14)- деп жазды. Болжам жасауда екінші орынға ол қол мен көздің қимылына назар аударды, үшінші орын – дененің қозғалысы мн тұрысына оның ішінде басым бейнелеуге ие мойын мен келісті дене бітіміне назар бөлген.И.С. Сикорский адам сезімдерінің ең жиі көрінетіндерінің төмендегідей тізбегін береді: таң қалу, қорқыныш, жүрексіну, қауіптену, жағымсыз - наразылық білдіру сезімі, мұң, сағыныш, жағымды рахаттану сезімі, қуаныш, ашу және одан туындайтын кекшілдік, зығырданы қайнау, жек көрушілік, көңіл ауу және жақтырмау, сұлулық пен парыздың жоғары сезімдері біздің И.А. Сикорскидің ойларына кеңірек тоқталғанымыздың себебі, басқа зерттеушілерге қарағанда, ол тек эмоционалдық жағдайлардың сыртқы көріністерін теңестіру процесіне ғана емес, сонымен бірге когнитивтік, ерік күштік жағдайларға және адамдар мен олардың қасиеттерінің арасындағы қатынастың көрініс алуына назар бөлген.

Бейнелеу мимикасының алғашқы жіктелуін шетелдік ғалымдар арасында Вудворс талқылаған (15). Ол 1938 жылы эмоциялардың келесі тізбектің шкаласын қалаған: 1. Махаббат, бақыт, шаттық. 2. Таң қалу. 3. Қорқыныш, қайғыру. 4. Ашу, шешімділік. 5. Жеркенушілік. 6. Жек көрушілік. 1941 жылы Х.Шлосберг және оның әріптестері Вудворстың біркелкі тізбектің шкаласынан координаттар бойынша белгіленетін шеңберлік шкалаға ауысты: «қанағаттану-қанағаттанбау», «көңіл бөлу- жаратпаушылық» және «белсендіру деңгейі» (16). бұл эмоционалдық жағдайларды дискреті белгілеуден үздіксіз және көпқырлы координаттарға жылжудағы ілгері қадам болды. Х.Шоолсбергтің идеясын тексеруге бағытталған әртүрлі зерттеулер ең берік әрі біліктілігі басымырақ белдік «қанағатану –қанағаттанбау» екендігін көрсетті. 1977 жылы К.Изард негізгі деп атаған 10 эмоцияны ерекшелеп сипаттайды: 1. Қызығушылық- тебіреніс. 2. Қанағаттану – қуаныш. 3.Таң қалу. 4.Қайғы- қиналу. 5. Ашу. 6. Жиіркену. 7. Жек көру. 8. Қорқыныш. 9. Ұят. 10. Кінә (17).

Сонымен қатар К.Изард жеке тұлғаның эмоционалдық қыры идеясының негізін қалап, ілгерлеушілік қадам жасады. Ол тұрақты және жиі түрде көрінетін негізгі эмоциялардың екі немесе бірнеше кешені субъектінің тұрақты эмоциялық сипаттамалары: үрейлілік, махаббат және өшпенділікті қалыптастыруы мүмкін деп санайды.

Шыныменде де, көп жағдайда қандай да бір күй кешу, әрі тек ғана эмоционалдық ғана емес, сондай-ақ когнитивтік және регулятивтіктер қалыпты тұрақтанған құбылыс сияқты болады.

Осындай жағдайда, қандайда бір күй жеке тұлғаның қасиеті мен сапасына айналуы мүмкін, мысалы, ерікті түрде назарды жиі белсендіре түсу мұқияттылықты қалыптастырады және т.с.с. қандай да бір эмоционалдық күйді жиі кешу тұрақтанып қалу және оның мимикалық компонентін үдетеді. Адам үшін қанағаттанбаушылық немесе кез-келген кезде жымия салуға дайын тұру мимикасы әдетке айналуы мүмкін. Сондай-ақ жиі қорқыныш сезімін кешу немесе қайғыны бастан өткеру адамның бет-жүзі мен жалпы кейпінде өз «ізін» қалдырады. Эмоционалдық күйдің тұрақты қалыпқа айналған мимикалық компонентіне сүйене отырып, біз өзімізге таныс немесе таныстығы шамалы адам туралы (кейде суретіне немесе бейне жазбаларға қарап) «қандай күш-жігерге толы жүз», «тәкәппар жан», «оптимист», «депресант» деп айтамыз, яғни адамдардың жеке ерекшеліктеріне қарап шешім жасайсыз. Егер осындай жағдайда бет –жүзінің, тұрысы мен дене қимылының жағдайға қатысты күйі емес, шынымен де қалыпты күйі айтылса онда біздің шешіміміз дұрыс. Жеке ерекшелігі туралы ақпаратты адамның келбетінің басқа элементтері: шаш қою, киімі, әшекей бұйымы т.с.с. жеткізуі мүмкін. Бұл жерде ескертетін жағдай, адамның қасиеті, жағдайы мен қатынасымен салыстырғанда қандай да бір эмоцияның экспрессивтік белгілеріндей тікелей берілмейді. Әрі адамдар арасындағы қарым- қатынас пен қасиеті адамдардың бір-бірін жете танудың негізгі нысанына жатады. Сондықтан да сыртқы келбетінің элементтеріне, мінез-құлқы мен қимыл-әрекетіне талдау беру арқылы адамның бойындағы жеке өзгерістердің бейнеленуі оны әртүрлі жағдайларда бақылау арқылы таныстықты жалғастыра түсуді қажет етеді. Сол себептен де, қасиеттер мен қарым- қатынасты анықтаумен байланысты жаттығулар топ мүшелері бір-бірімен қарым- қатынаста қажетті деңгейде тәжірибе жинақтаған кезде, яғни жұмыстың үшінші бесінші күндері өткізіледі.

Бұл жерде сенситивтік тренинг бағдарламасының аясында белгілі деңгейде шешілуі мүмкін жеке тұлға қасиеті мен қарым-қатынасын вербализациялау мәселесіне тоқтала кету қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, адамның қасиеттері мен қарым- қатынасының үйреншікті тілі мен ғылыми (түсініктер мен категориялардың бірқатар ондығын құрайтын) мүмкіндігін сезіну жөн болар. Үйреншікті тілде мыңға жуық түсініктер қолданылады, олар көп жағдайда өзінің көпқырлығының есебінен түсіндіру міндетін тиімді шешеді. А.Г. Шмелев пен оның бірлескен авторлары «тұрмыстық» үйреншікті тіл туралы: Көркем әдебиет және жаппай байланыс жүйесі тілімен өзара әрекеттесе отырып, тұрмыстық тіл суреттеуде өзінің идеографиялық деңгейі жағынан көптеген ғылыми теориялардан асып түсетін даралау және нақтылау құралдарын иелене түседі» - деп жазады (18). Жеке тұлғаны жағдайын, қасиеттері мен қарым- қатынастарын тануға және ары қарай вербализациялауға бағытталған жаттығулар бұрмалай талдау беру үрдісін түсіну және жоюға көмекке беретін белгілі деңгейде мазмұнды мағлұмат береді.

Олардың кейбірі жеке тұлғаның имплициттік теориясы аясында суреттелген тиімділіктермен байланысты. Олардың қатарына әр адамның бойында жеке адамның ерекшелігі арасындағы байланыс жүйесі туралы жасырын, сезілмейтін субъективті түсініктер болатындығы жатады, олар нақты өмірде төмендегідей жолмен көрінеді: серігінің бойында қандай да бір қасиеттің басым екендігін субъективті түрде байқаған адам, оның бойында белгілі қасиеттермен байланысты басқа ерекшеліктердің басым екендігі туралы қорытынды жасайды. Жеке тұлғаның субъективті теориялары барабар түсініктермен қатар көршілер алынған немесе кездейсоқ үзінділермен толы екендігі түсінікті, бұл оларды талдау жасау барысында пайдалануда әртүрлі бұрмалаулардың орын алуына жетелейді.


23 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап тұрады.



Нұсқаулық: «Қазір біз бөлме бойымен жүреміз және мен кімнің есімін атаймын сол адам, әрқайысымыз өзін елестете алатын қандай да бір оқиғаны ұсынады, біз сол оқиғаға еніп, сол кезде орын алатын сезімдер мен жағдайларды сезінуге тырысайық. Сонымен, мен бастаймын: біз қалың ну орманда келе жатырмыз....».

Әрі қарай жаттықтырушы әрбір жиырма- отыз секундтан кейін топтың келесі мүшесінің есімін атайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін: «Әр оқиғада сіздің бойыңызда қандай сезімдер пайда болды?», Ұсынылған оқиғалардың қайсысында өзіңізді елестету сіз үшін оңай болды, ал қайсысында – қиындық тудырды?» - деген сұрақтар қоюға болады.

Талқылау барысында келесі сәттерге назар аударған жөн:


  • бір оқиға әр адамның бойында өте әртүрлі тіпті кейде қарама- қайшы жағдай тудырады;

  • адамдар бір оқиғадан екінші оқиғаға ауысудың әр алуан жолдарын біледі, және бұл қабілетті дамыту қажет;

  • Көбіне өмірде жиі кездескен оқиғаларда өзін елестету оңай;

  • Қандай да бір оқиғаға тән жүріс- тұрысты, дене қимылын пайдалану сол оқиғаларда көрініс табатын ерекше жағдайлар мен қасиеттерді сезінуді, оқиғаға енуді жеңілдетеді.

Әртүрлі машықтық топтарда қатысушылар ұсынған оқиғаларды мысалға келтірейік: театрға асығудамыз; ағылшын ханшайымының қабылдауында болдық; маса көп ну орманда келе жатырмыз; сурет галлереясында жүрміз; дүкенде тобыр арасынан сөреге қарай жол ашып жүріп барамыз. Таудағы жіңішке жолмен, батпақпен, теңіз жағалауымен, ұсақталып сынған әйнектің үстінен жалаң аяқ жүріп барамыз және т.б.
24 жаттығу

Топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір араларыңыздан кейбіреулеріңізге қандайда бір эмоциялық сезім немесе жағдай жазылған текшелер беріледі. Олар текшеде жазылғанды ешкімге көрсетпей оқиды. Одан кейін текшені иеленген әр адам онда жазылған сезімді немесе жағдайды вербальды емес түрде бейнелейді. Тапсырманы кезекпен жартылай шеңбердің ортасына шығып, топқа арқасымен қарап тұрып жасайды. Қалғандарымыздың міндетіміз – адамның бет- жүзін көрмей арқасынан бақылай қанда» сезім немесе жағдайды бейнелегенін анықтау».

Бұл жаттығуға арналған сезімдер мен жағдайлардың тізбегінің үлгісі: қуаныш, қайғы, таң қалу, шыдамсыздық, қорқыныш, мазасыздану жән т.с.с.

Әрбір бейнелеуден кейін бақылаушылар бейнеленген сезім немесе жағдайға қатысты жорамалдарын айтады, ал жаттықтырушы оны атайды. Одан кейін: «Сіз жағдайды анықтау кезінде қандай белгілерге сүйендіңіз?» деген сұрақ қоюға қандайда бір жағдайға тән пантомимикалық және дене қимылдық көріністердің «банкін» жинауға мүмкіндік береді.

Бұл жаттығуды алдыңғы жаттығумен сәйкес өткізгенде қандай да бір жағдайды анықтайтын бет қимылының, пантомимикалық және дене қимылдары қозғалысының сәйкестігін анықтауға болады.


25 жаттығу

Жаттығу үштікте (төрттікте) өткізіледі. Үштіктің құрамын қатысушылар өздерінің серіктерін қаншалықты танитындығы негізіне сүйене анықтайды.



Нұсқаулық: «Біздің өмірлік тәжірибемізде қандай да бір терең эмоционалдық әсерленушілік күй кешкен жағдайлар бар. Солардың біреуін есіңізге түсіріңізде, топқа айтып беріңіз. Сол сәттегі өзіңіздің жағдайыңызды тыңдармандар толығымен сезіне алуы үшін нақтылай суреттеп беріңіз».

Жаттығу жағдайды вербализациялау дағдысын дамытуға бағытталған, олардың әсерленуінің субъективті ерекшеліктері туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік береді, қатысушылардың бірауыздылыққа келуіне және топтық қалыпты жақсартуға септігін тигізеді.


26 жаттығу

Топтың қатысушылары шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Мен бүгінгі күнді әрқайсымыз біраз уақыт ойланып алып, өзін қазір қандай түсте екендігін айтумен бастауды ұсынамын. әрі бұл жерде әңгіме сіздің киіміңіздің түсіне емес, сіздің жағдайыңыздың қандайда бір түспен бейнеленуіне байланысты.(тапсырманы ойда қорыту үшін біраз уақыт беріледі, одан кейін әрбір қатысушы барлығына өзін қазір қандай түсте екендігін айтады.)

Ал енді, сіздің көңіл-күйіңіз, жағдайыңыз таңғы уақыт бойында, сіз оянған сәттен бастап, осы жерге келгенге дейін қалай өзгергенін және ол өзгерістер немен байланысты болғанын айтып беріңіз.Өзіңіздің әңгімеңіздің соңында, сіз қазіргі сәтте қандай күйде екеніңізді сипаттаңыз және өз жағдайыңызды бейнелеу үшін неліктен сіз атаған түсті таңдағаныңызды түсіндіріп беріңіз».

Бұл жаттығу өз жағдайын түсіну мен вербализациялау қабілеттілігін дамытуға, оны бейнелеу үшін сөздер табуға бағытталған. Жапон балалары қара түстің реңінің бірнеше ондығын және қызыл түстің үш жүзге жуық реңкін айыра алады және олардың атауын біледі деп айтады. Әрине: сезімдермен жағдайларды атау үшін пайдаланатын сөздік қорымызды толықтыра отырып, бұл жағдайларға талдау жасау мүмкіндіктерімізді де кеңейтуге болады.

Сонымен бірге жағдайды тек сөзбен ғана емес, түс арқылы да бейнелеу әртүрлі сенсорлық жүйелерді қосу есебінен сенситивтік мүмкіндігімізді кеңейте түседі. 27 жаттығуда осыған бағытталған.
Өзгерту

Алдыңғы жаттығуға қарағанда, оның бұл өзгертілген түрін тәуліктің бірінші жартысында ғана емес кез- келген уақытта өткізуге болады. Топтың қатысушылары шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір әрқайысымыз, қазір қандай түсте екендігімізді ойлайық. Әрі тек ойланайық және ештеңе айтпаймыз. (Жаттықтырушы әркім тапсырманы орындай алуына мүмкіндік беретіндей кідіріс жасайды.) енді әрқайысымыз өзінің сол жағындағы көршісіне назар аударып, сіздің көзқарасыңыз бойынша ол қазір қандай түсте екендігін түсінуге тырысыңыз. Барлығымыз тапсырманы орындап үлгергенше тоса түрайық, одан кейін араларыңыздан біреуіңіз өзінің сол жағындағы көршісіне ол қандай түсте екендігін және не себептен олай шешкенін айтады. Одан соң, өзі туралы пікірді естіген адам, өзінің сол жақтағы көршісіне өз әсері туралы айтады және т.с.с шеңбер бойымен. Тапсырма орындалып болғаннан кейін, әркім жаттығу басында өзі таңдаған түсін атайды».
27 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап тұрады.



Нұсқаулық: «Әрқайысымыз кезекпен өзінің ішкі жағдайын бейнелейтін қимыл жасасын, ал біз ол қимылды адамның жағдайын сезінуге, түсінуге тырыса 3-4 рет қайталайық».

Жаттығу аяқталғанан кейін топқа: «Сіздің пікіріңізше, біздің әрқайысымыздың жағдайымыз қандай?» деген сұрақ қоюға болады. Қатысушылардың бірінің жағдайына қатысты бірнеше болжам айтылғаннан кейін, сол адамға жағдайының нақты күйі туралы түсіндіріп беруін өтіну керек.




28 жаттығу

Топ мүшелері жартылай шеңбер құрап отырады. Олардың алдында ортада орындық тұр.



Нұсқаулық: «Қазір мына орындыққа арамыздан кейбіреуіміз отырып, қиялындағы телефонмен сөйлесе бастайды. Әрі олар бірде- бір сөзді дауыстап айтпауы керек. (Жаттықтырушы алдын-ала топтың 3-4 мүшесімен келісіп алады. Жаттықтырушы олардың біреуіне телефон арқылы – баламен, басқасына- бастықпен, үшіншісіне- досымен немесе сүйікті адамымен және т.с.с сөйлесуді өтінеді.) Біздің міндетіміз- кіммен және не жайлы әңгіме өрбігенін түсіну».

Әрбір сөйлесу бір минут шамасына созылады. Одан кейін жаттықтырушы бақылаушылардан кіммен және не туралы сөйлескені жөнінде болжамдарын айтуды өтінеді. Талқылаудың келесі кезеңінде жаттықтырушы: «Сіз (мысалы) Торғынның кіммен әңгімелескеннін анықтау барысында неге сүйендіңіз?» деген сұрақ қоюға болады. Бұл сұрақтың бірінші кезеңінде дұрыс жауап берген қатысушыларға қойған дұрыс болады.

Талқылау барысында, негізінен, адам кіммен сөйлесіп жатқаннын анықтаудағы негізгі бағдар оның вербалды емес әрі ең алдымен бет қимылының көрінісіне бақылаудың көмегімен иденфицирланған жағдайы болғандығы анықталады.
Өзгерту

Жаттығу шағын топта өткізіледі (4-5 адам).



Нұсқаулық: «Қазір біз біраз телефонмен сөйлесеміз. Оны былай жасаймыз: әрқайысымыз кезекпен қиялындағы телефонмен «сөйлеседі». Кіммен және не жөнінде екенін өзіңіз шешіңіз. Сөйлесу барысында ешнәрсені дауыстап айтуға болмайды, тек үнсіз артикуляцияны және басқа вербальды емес көріністерді сақтаңыз. Сөйлесу барысында отыруға немесе тұрып тұруға, ары- бері жүруге немесе бір орында тұруға болады. Басқаларымыздың міндетіміз – сіздің серігіңіз кіммен және не жайлы әңгімелесіп жатқанын түсіну».

Талқылау барысында сөйлесуші және әңгіме тақырыбы туралы қорытынды жасалған белгілерді анықтау мүмкін болады. Егер топта бір-бірін жеткілікті деңгейде жақсы танитын адамдар бар болса, онда олардың қорытындысы тіпті сөйлесіп жатқан адамның есімін атауымен нақтырақ болып шығатыны белгілі.


29 жаттығу

Қатысушылар шеңбер құрап тұрады.



Нұсқаулық: «Қазір арамыздан біреуіміз «өз еркімен) есіктің сыртына шығып тұрады, ал біз қандай да бір түс таңдаймыз. Бөлмеге қайтып келген қатысушы біз қандай түс таңдағанымызды анықтауы керек. Бұл үшін ол кез- келгенімізге бұрыла қарап сұрауына болады, ал ол адам таңдаған түсті қимылымен көрсетеді. Егер түс дұрыс анықталмаса «шешуші» басқа адамға қарап сұрауына болады және т.с.с дұрыс түс аталғанға шейін.

Түсті көрсету арқылы осы түспен тікелей мағыналық байланысы бар қимылдарды немесе сол түс тектес боялған затты бейнелеуге болмайды. Мысалы, көгілдір түсті бейнелей отырып, аспанды немесе судың құйылуын көрсетуге болмайды».
30 жаттығу

Топтың барлық қатысушылары шеңбер бойымен отырады.



Нұсқаулық: «Мен сіздерге әртүрлі әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған текшелер таратып беремін (текшелерде: көру, бақылау, беру, бөлісу, алу, қолдау көрсету, ойнау, көтеру, қарсыласу, талқылау, іздеу және т.с.с. сөздерді жазуға болады). Сіздің бұл әрекеттерді көрсету үшін қажетті дене қимылдарын, бет- жүзіңіздің сипатын ойлап табу үшін минут уақытыңыз болады. Одан кейін әрқайсыңыз кезекпен өзіңіздің вариантыңызды көрсетесіз».

Жаттығуды талқылау барысында қатысушылар көргендерінен әрекеттерді сөзбен белгілейтін дене қимылы, бесжүз қимылы мен тұрысының ең барабар сәйкестігін бөле отырып алған әсерлерімен бөліседі.

Жаттығу топ мүшелерінің вербальды емес көріністерінің жеке ерекшеліктеріне ой жүгіртуге, мағынаны жеткізудің тәсілдері мен құралдары туралы түсінігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
31 жаттығу

Топ мүшелері екі шағын топқа бөлінеді.



Нұсқаулық: «Әрбір шағын топ 7 минут уақыт аралығында қандайда бір сезімді немесе эмоцияны «эмоциялық күйді) таңдап, оны қалай бейнелейтіндіктерін ойлап табуы керек. Бұл мүсіндік бейнелеу немесе вербальды емес әрекет болуы мүмкін. Бейнелеуге шағын топтың барлық мүшелері қатысуы қажет. Бірінші шағын топ өзінің дайындағаныны көрсеткен кезде, екінші шағын топ мұқият зер салып қарап, қандай сезім немесе күй бейнеленгенін түсінуге тырысады. Одан кейін шағын топтар орындарын ауыстырады».

Шағын топтар екі бөлек бөлмеде дайындалады. Дайындық аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы екі топтың біріне өздері таңдаған сезімді немесе күйді атын атамай бейнелеуін ұсынады. Екінші шағын топ мұқият қарайды. Одан кейін оларға талқылау үшін бір минут уақыт беріледі де, одан кейін біреуі топтың ойын білдіреді. Сонан соң, сезім немесе күйді бейнелеген топ дұрыс жауабын айтады.

Орын алған қателіктер бір жағынан, «түсінуші» топтың мұқият бақыламағандығының немесе сезім немесе күйді белгілеу үшін қажетті тура сөзді таба алмауының нәтижесінен, екінші жағынан, «бейнелеуші» топтың сезімді таңдау барысында немесе оны бейнелеу кезінде ортақ келісімге келе алмаудың салдарынан болуы мүмкін, мүмкін қатысушыларға бейнелеуші құралдар жетіспеді. Бұның барлығы жаттығу аяқталғаннан кейін талқылау нысаны болмақ.

Бейнеленген эмоционалдық сезімдердің немесе күйлердің дұрыс ұқсастырылған болса, жаттықтырушы топқа: «Сіздер қандай сезімдер мен күйлерді қандай белгілері бойынша анықтадыңыздар?» деген сұрақ қоя алады. Бұл сұрақтың жауабы басқа адамдардың жағдайын түсіну үшін белгілі маңызы бар бет қимылының, пантомимиканың, дене қимылының нақты көрінісін анықтап, атап шығуға мүмкіндік береді.


32 жаттығу

Топ екі шағын топқа бөлінеді.



Нұсқаулық: «Қазір екі шағын топтың әрқайысысына өзіндік жұмыс жүргізуге уақыт беріледі, сол уақыт мөлшерінде сіздер қандай да бір мақалды немесе жаңылтпашты таңдап, оны барлығыңыз бірге қалай бейнелейтіндеріңізді ойлап табуларыңыз керек. Оны үнсіз, вербальды әрекеттерсіз жасау қажет, қимыл-әрекеттерді пайдалануға болады. Бейнелеуге шағын топтың барлық мүшелері қатысуы тиіс. Он минуттық дайындықтан кейін, бір топ не ойлап тапқаныны көрсетеді, ал екінші топ мұқият қарап, не бейнеленгенін түсінуге тырысады, және керісінше».

33 жаттығу

Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Дәріс өтетін бөлмеге бір- бірінен бір жарым және екі метрлік арақашықтықта орындықтар қойылады.



Нұсқаулық: «Жұптың бір мүшесі соқыр адам секілді көзін жұмады, ал екіншісі оның жетектеушісі болады. Оның міндеті серігін бөлме ішінде қойылған орындықтар арасынан өткізу.(кей жағдайда, егер дәріс өткізілетін бөлмеде мүмкіндігі болса, топ мүшелеріне дәлізге шығуды, баспалдақтармен көтеріліп түсуді және т.б. ұсынуға болады.) сіздер қажетті қашықтықты жүріп өтіп, өз орындарыңызға оралғаннан кейін ролдеріңізді ауыстырасыздар».

Тапсырма орындалғаннан кейін жаттықтырушы топқа: «Жаттығуды орындау барысында қандай қиыншылықтар болды?», «Сіз соқыр адамның ролінде және жетектеуші адамның ролінде болғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз?» және т.с.с. сұрақтар қоюға болады.

Жоғарыда аталған сұрақтардың біріншісі жауап берушіге жаттығуды орындау кезінде пайда болуы мүмкін эмоционалдық шиеленушілікке жауап қайтаруына, сондай-ақ басқа адамдармен өзара әрекет жасауда қиындықтар тудыруы мүмкін өзінің мінез-құлқының ерекшеліктері мен қасиеттерін сезіну жолына қадам жасауына мүмкіндік береді.

Екінші және үшінші сұрақтардың жауабы жұптағы өзара әрекеттің сипаттамасын талқылауға көшуге, өзара әрекетке лайық құралдарды таңдауға септігін тигізетін факторларды анықтауға мүмкіндік береді: бұл ең алдымен серігін түсіну және сезіну. Кей кезде, «соқыр» адамның ролінде болған бір қатысушы оны жетелеуші адамның қолы мықты болып, өзіне еркіндік аз берілсе деп айтса, ал басқасы, керісінше, ол тым басым қысым көрсетілуден ол қолайсыздық сезінгенін айтады. Бұл екі әсердің де артында жетектегімен қатынас көрсетудегі жетектеушінің жағынан түсінбеушіліктің туындағаны тұр.

Сонымен қатар, екінші сұраққа жауап бере отырып, қатысушылар өздерінің рефлексивтік қабілеттерін, өз сезімдері мен күйлерін вербальды жеткізу қабілеттерін жетілдіре түседі.
34 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер құрап отырады.



Нұсқаулық: «Қазір біз бір-бірімізге қандайда бір сезімді немесе күйді атап доп лақтырамыз, ал допты тосып алғанда, антоним- қарама- қарсы сезім немесе күй атаймыз. Мысалы, мен допты Талшынға лақтырамында: «Мұңлы» - деп айтамын. Талшын допты тосып алып антонимі «көңілді» деп атайды да, допты басқа бір адамға лақтыра сезім немесе күй айтады.

Мұқият болуға тырысыңыздар, допты барлығында болып шыққанша, бір адамға қайта лақтыруға болмайды».

Бұл жаттығу әрбір қатысушының сезімдер мен күйлерді вербализациялау саласындағы мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізеді.


35 жаттығу

Топ мүшелері шеңбер бойымен отырады.



Нұсқаулық: «Бір-бірімізге доп лақтырған сайын, күлімсіреу қандай болатындығын айтамыз. Мен бастаймын: қамсыз (жаттықтырушы допты қатысушылардың біріне лақтырады)».

Бұл (немесе осыған ұқсас) жаттығуларды күрделендіру үшін, бақылампаздық сенситивтілігін дамытатын тапсырма қосуға болады. Ол үшін доп әркімнің қолында бір рет болып шыққаннан кейін, соңғы қатысушыны тоқтатып, топқа доп лақтыру тізбегін кері айналдыруды ұсынуға болады: доп бар адам оны өзіне берген адамға кері лақтырады және т.с.с. бұл вариантты қолданған жағдайда жаттықтырушы мұқият болып, доптың берілу ретін есінде сақтауы тиіс, өйткені талас тудыратын жағдайда ретеушінің ролінде болады.


36 жаттығу

Барлық қатысушылар шеңбер құрап отырады.



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау