48
бірақ оның есебінен банкроттық рәсімі жүзеге асырылуы мүмкін мүлкі
(активтері) жоқ екені;
4) борышкердің өтініш берушіден басқа өзге кредиторларының жоқ екені;
5) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына рұқсат
бермегені, бұл қорытынды жасауға кедергі болатыны туралы тұжырымдарды
қамтитын талдамалық сипаттағы қорытынды жасайды.
Банкроттық туралы Заңның 50-бабы дара кәсіпкердің банкроттығы туралы
іс бойынша істі қозғаудың салдарын көздейді. Нақтырақ айтқанда, оңалту
немесе банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап:
1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне (ол уәкiлеттiк берген органға),
құрылтайшыларға (қатысушыларға), заңды тұлғаның барлық органдарына
мүлiктi кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс оларды уақытша
басқарушымен келіспей пайдалануға және өткiзуге тыйым салынады;
2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды есептемегенде, өмiрiне
немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер олардың алдында
жауаптылықта болатын азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық
соттардың,
салық
органдарының,
сондай-ақ
меншiк
иелерiнiң
(құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе борышкер органдарының оның
мүлкiне қатысты бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
3) үшінші тұлғалардың кепілдіктер мен кепілгерліктерді орындау бойынша
талаптарын қоспағанда, кредиторлардың борышкерге қоятын кез келген
талаптары осы Заңда көзделген оңалту немесе банкроттық рәсiмдерi шегiнде
ғана қойылуы, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болған жағдайларда,
кепіл тұрғысында өндiрiп алуға қойылуы мүмкiн;
4) кредиторлардың, салық органы мен бюджетке төленетiн басқа да
мiндеттi төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын өзге де
уәкiлеттi мемлекеттiк органның талаптары, оның iшiнде даусыз (акцептісiз)
тәртiппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша борышкердiң
банктік шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне
өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi;
5) борышкердiң акцияларын, жарғылық капиталындағы үлестерiн иелiктен
шығаруға тыйым салынады.
Сот жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы iстi сот отырысында қарап,
мынадай сот актiлерiнiң бiрiн шығарады:
1) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып,
оны тарату туралы шешiм;
2) борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғамастан,
оны тарату туралы шешiм;
3) борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм;
4) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарым қабылдауы мүмкін (55-
бап).
Сот жалған банкроттық белгiлерiн анықтаған жағдайда, кiнәлi лауазымды
адамдардан барлық сот шығыстарын өндiрiп ала отырып, борышкердi банкрот
деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады және кредиторлардың жалған
49
банкроттықтан келтiрiлген залалдың орнын толтыруды борышкерден талап ету
құқығын белгілейді.
Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:
1) борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған соттың атауы;
2) банкрот – дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе банкрот – заңды тұлғаның
атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және орналасқан жерi;
3)
банкротты
сәйкестендіретін
мәліметтер
(салық
төлеушінің
сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы) қамтылуға тиіс.
Мүліктік массаның болуын және оның бағасын анықтау ЖК банкроттығын
тану процесінде негізгі рәсімдердің бірі болып табылады. Банкроттық туралы
Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес мүліктік масса – оңалту рәсімінде
немесе банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданынуы мүмкін борышкердiң
немесе банкроттың мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де
тұлғалардың мүлкi. Заңның 96-бабының негізінде мүліктік массаның құрамына
мыналар енгізіледі:
1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген,
бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің
меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасында көзделген
жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану
құқықтары кіреді.
Сондай-ақ мүліктік массаға банкрот жеке кәсіпкердің өзінің жеке мүлкі
енгізіледі және ескеріледі. Дәл сол уақытта 96-баптың 4-тармағына сәйкес
мүліктік массаға «Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 104-бабында
көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда
кепіл мүлкі және уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер
пайдалану (жалдау) құқығы енгiзiлмейдi.
Алайда осыдан шығатындай, заңға сәйкес жеке кәсіпкердің банкроттығы
кезінде конкурстық массаға борышкердің бүкіл меншігі кіреді, оның ішінде
кәсіпкерлік қызметті қолданылмайтын мүлік. Сол екі арада, шетелдік
тәжірибені зерттеу көрсеткендей, банкроттық туралы заңнаманың ең басты
міндеттердің бірі борышкердің мүлкін кредиторлардың арасында әділ тарату
болып табылады. Біздің ойымызша, жеке кәсіпкердің банкроттығы тек оған
ғана емес, ал сонымен бірге, оның зайыбына тиесілі бүкіл мүліктің жоғалуына
әкеп соқпауы тиіс. Конкурстық массаға жеке кәсіпкердің бүкіл мүлкін енгізу
көптеген келеңсіз әлеуметтік және экономикалық салдарға әкеп соғуы мүмкін,
оның ішінде отбасы мүшелері үшін де.
Басқа жағынан, банкроттық рәсімдерінде басқа зайыбының мүлкі де
белгілі бір жағдайларда өндіріп алынуы мүмкін деп ойлауға негіз бар. Осылай,
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының
26.11.2011 жылғы Кодексінің 44-бабының 2-тармағына сәйкес егер сот ерлi-
зайыптылардың бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша алынғандардың бәрi
отбасының мұқтажына пайдаланылғанын анықтаса, өндiрiп алу ерлi-
Достарыңызбен бөлісу: |