Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68

53 
 
байланысты  мәмілелер  жасалғанда  басқа  меншік  иелерінің  келісімі  міндетті 
болып табылады, және де Конституцияда кез келген меншік иесінің құқықтары 
әрқашанда  қорғалады,  меншіктен  еріксіз  айыру  тек  сот  шешішімен  жүзеге 
асырылады деп бекітілген. 
Екіншіден, дара кәсіпкер өзінің қызметін өз еңбегімен жүзеге асыратынын 
білдіреді,  оны  өзінің  мұқтаждықтарын  қанағаттандыру  үшін  өмір  сүру 
ортасына  бейімделуге;  материалдық  және  зияткерлік  ресурстарды  өзіндік 
немесе  қоғамдық  тұтыну  үшін  қажетті  өнімге  айналдыруға,  тауарлар  мен 
қызметтердің  өндірісіне  бағытталған  мақсатқа  лайықты  қызметі  деп  түсіну 
қажет.  Дара  кәсіпкерлік  еңбегінің  өнімі  оны  іске  асыру  нәтижесінде  алынған 
кіріс  немесе  табыс  ретінде  құндық,  ақшалай  түрде  болуы  мүмкін  (тиіс)  анық. 
Дара  кәсіпкер  өзінің  еңбегі  барысында  еңбек  заттарымен  және  еңбек 
құралдарымен, сонымен қатар қоршаған ортамен өзара әрекеттеседі. Бұл ретте 
оның 
еңбек 
заттарымен 
және 
құралдарымен 
өзара 
әрекеттесуі 
технологиялардың  дамуымен,  өндірісті  автоматтандыру  деңгейімен  алдын  ала 
анықталады [36].  
Сонымен  бірге,  дара  кәсіпкердің  өз  еңбегі  ұғымына  өзінің  қолымен 
материалдық  өнімді  жасау  (қызметтер  көрсету,  жұмыстарды  орындау),  өзінің 
шығармашылық еңбегімен зияткерлік өнімді жасау ғана емес, сондай-ақ басты 
түрде,  өзінің  өндірістік  (коммерциялық)  кәсіпорнын  басқаратыны:  кәсіпкерлік 
қызметтің негізгі бағыттарын, түрлерін, өндірілетін тауарлардың (орындалатын 
жұмыстар  мен  көрсетілетін  қызметтердің)  атауы  мен  тізбесін  айқындайтыны, 
өзінің  қызметін  нарықтың  басқа  қатысушыларымен  үйлестіретіні,  шарттар 
жасайтыны  және  шарттық  және  өзге  міндеттемелерді  орындау  бойынша 
жұмысты үйлестіретіні және т.б. кіретінін назарға алу қажет. Басқаша айтқанда, 
кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  аясында  дара  кәсіпкер  сансыз  көп  нақты 
заңды,  ұйымдастырушылық-техникалық  және  жай  физикалық  іс-әрекеттер 
жасайды.  М.Ю.  Тихомиров  атап  өткендей,  осындай  болып  дара  кәсіпкер  бір 
уақытта топ-менеджер және орындаушы болады [37, 33 б.].  
Үшіншіден,  дара  кәсіпкер  өзінің  еңбегін  ғана  емес,  сондай-ақ  еңбек 
заңнамасына  сәйкес  азаматтармен  (жеке  тұлғалармен)  еңбек  келісімшартын 
жасай отырып, жалдамалы еңбекті пайдалануға, азаматтық-құқықтық шарттың 
негізінде  жеке  және  заңды  тұлғалардың  еңбегін  пайдалануға  құқылы  екенін 
білдіреді.  Бұл  ретте  Жеке  кәсіпкерлік  туралы  заңда  еңбекті  жалдау  бойынша 
дара  кәсіпкерде  жұмыс  істейтін  адамдардың  шекті  саны  белгіленбеген. 
Жалдамалы  жұмыскерлердің  (50-ден  артық  емес)  саны  дара  кәсіпкерді  шағын 
кәсіпкерліктің субъектісі ретінде тануына ғана ықпал етеді. 
Төртіншіден,  дара  кәсіпкер  кәсіпкерлікті  жүзеге  асыру  үшін  оған  меншік 
құқығында  немесе  пайдалануына  және  (немесе)  иеленуіне  жол  беретін  өзге 
негіздер  бойынша  тиесілі  экономикалық  ресурстарды  (мүлікті)  тартатынын, 
өзінің зияткерлік әлеуеті мен инновациялық технологияларды пайдаланатынын 
және т.б. білдіреді. Азаматтың меншігі мен оны өз қалауы бойынша пайдалану 
құқығы  Конституциямен  қорғалады.  Сонда  да  меншік  құқығының  белгілі 
шектеулері  бар,  олардың  бірі  ортақ  бірлескен  меншіктің  құқықтық  режимінен 
туындайтын  шектеулер  болып  табылады.  Сондықтан  дара  кәсіпкер 


54 
 
кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған 
жағдайларда, ол,  жоғарыда  баяндалып  өткендей,  алдын  ала  өзінің  жұбайының 
келісімін алуға тиіс [38, 175-208 б.].   
Заңға  сәйкес,  өзіндік  дара  кәсіпкерлікті  жүзеге  асырған  кезде  азамат 
меншік құқығында ғана емес, сондай-ақ өзге құқыққа байланысты оған тиесілі 
мүлікті пайдалануы мүмкін. Біздің көзқарасымыз бойынша, бөтен тұлғалардың 
заттарына заттық құқықтар (шектелген заттық құқықтар) осындай құқық болып 
табылады: 
а)  иелену  (оның  меншік  құқығымен  және  пайдалану  құқығымен 
байланысты емес дербес сипаты болған жағдайларда); 
б) сервитуттар; 
в)  міндеттемелердің  орындалуын  қамтамасыз  ететін  құқықтар  (кепіл 
құқығы, ұстап қалу құқығы); 
д)  табиғат  пайдалану  құқығы  (жер  пайдалану  құқығы,  жер  қойнауын 
пайдалану құқығы, су пайдалану құқығы және т.б.); 
е)  баспанаға  құқық  (баспананы  жалдаушының  құқығы,  баспана  иесінің 
отбасы  мүшелерінің  осы  баспананы  пайдалануға  құқықтары,  шарт  бойынша 
немесе  өсиеттік  бас  тартуға  байланысты  басқа  адамға  тиесілі  баспанада  өмір 
бойы  тұру  құқығы;  кооператив  мүшесінің  оны  сатып  алғанға  дейін 
кооперативтік баспанаға құқығы және т.б.); 
ж)  алдыңғы  тармақтарда  көрсетілмеген  шарттар  негізінде  берілген  затқа 
құқық (жалданған затқа құқық, сенімгерлікпен басқаруға алынған затқа құқық, 
сақтауға алынған затқа құқық, рента негізінде берілген затқа құқық, мердігерлік 
негізінде берілген затқа құқық және т.б.) [39, 34-35 б.]. 
Өзіндік  кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан  қолдау  жолдары  заң 
дәрежесінде толығымен бекітілгеніне қарамастан, бұл кәсіпкерлердің қызметіне 
әртүрлі  кедергілер  жасалуда.  Мысалы,  патент  алу  жолымен  өзіндік 
кәсіпкерлікпен  шұғылдану  қазіргі  таңда  кең  тараған.  Алайда,  іс  жүзінде 
төмендегідей келеңсіз жағдайлар орын алуда. 
Мысалы, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы бойынша Салық басқармасы 
бастығының  қаулысымен  (әрі  қарай  –  салық  органы)  дара  кәсіпкер  М.  2012 
жылғы  03  қазанында  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  2001  жылғы  30 
қаңтардағы  №  155-II  Қазақстан  Республикасының  кодексінің  (бұдан  әрі  – 
ӘҚБтК)  205-1  бабының  3  тармағы  бойынша  10  айлық  есептік  көрсеткіш 
мөлшерінде 16 180 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 
Қостанай  облысы  Сарыкөл  аудандық  сотының  ұйғарымымен  2012  жылғы  16 
қазандағы салық органының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. 
Қазақстан  Республикасының  Бас  прокуроры  орынбасарының  наразылық 
білдіруінде  әкімшілік  құқық  бұзушылық  құрамына  М.  ісі  бойынша  оның 
қатысуынсыз  өткендіктен  өндірісті  тоқтату  және  салық  органының  қаулысы 
мен соттың ұйғарымын өзгерту туралы мәселе қойылды. 
Жоғарғы  Соттың  қадағалайтын  сот  алқасы  дара  кәсіпкер  М-ға  қатысты 
Қостанай  облысы  Сарыкөл  аудандық  сотының  ұйғарымын  және  Сарыкөл 
аудандық Салық басқармасы бастығының қаулысын бұзды. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау