50
зайыптылардың ортақ міндеттемелері бойынша, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың
бiреуiнiң мiндеттемелерi бойынша ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi өндіріп
алынады. Бұл мүлiк жеткiлiксiз болған кезде ерлi-зайыптылар көрсетілген
мiндеттемелер
бойынша
өздерiнiң
әрқайсысының
мүлкiмен
ортақ
жауапкершілікте болады. Ал егер соттың үкiмiмен ерлi-зайыптылардың ортақ
мүлкi ерлi-зайыптылардың бiреуi қылмыстық жолмен алған қаражат есебiнен
сатып алынғаны немесе көбейтiлгенi анықталса, тиiсiнше ерлi-зайыптылардың
ортақ мүлкi немесе оның бiр бөлiгi өндіріп алынады [21].
Оған қоса, банкроттық туралы Заңның 96-бабының нормаларын дәлме-дәл
талқылау және қолдану нәтижесінде конкурстық массаға іс жүзінде
атқару
құжаттары бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiкте енгізілуі
мүмкін [35]
.
Одан басқа, дара кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істердің аумақтық
соттылығын анықтау керек яғни өзіндік кәсіпкерлерді тұрғылықты жері
бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру орны бойынша, не жеке
кәсіпкерді тіркеу орны бойынша, ал шаруа не фермерлік қожалық мүшелері
үшін –жер учаскесінің орналасқан жері бойынша істер қаралуы мүмкін.
Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлердің банкроттығын Қазақстанда
құқықтық реттеу әлі де жетілдіруді талап етеді. Сондықтан біз «Оңалту және
банкроттық туралы» ҚР Заңының 96-бабына тиісті түзетулерді енгізуді
ұсынамыз.
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот атқаруға
қойылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезiнде ескерiлген
мiндеттемелер мен өзге де талаптарды орындаудан босатылады (109-бабының
1-тармағы).
Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін банкрот деп танылған
дара кәсіпкер банкрот деп жарияланған тұлға өміріне немесе денсаулығына
зиян келтіргені үшін олардың алдында жауаптылықта болатын азаматтардың
талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеке
сипаттағы өзге де талаптарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметке байланысты
қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады. Одан басқа, егер банкрот
оңалту және банкроттық туралы іс қозғалғанға дейінгі үш жыл ішінде өз
мүлкінің бір бөлігін жасырса немесе жасыру мақсатында басқа адамға берсе,
бухгалтерлік кітаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажетті есептік
ақпаратты бүгіп қалса немесе бұрмаласа, ол борыштардан босатылмайды.
Банкроттық саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында
оларға қатысты банкрот деп тану туралы сот шешімдері күшіне енген
банкроттардың (дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың) тізімін жариялайды
(111-бап).
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне жазба
енгiзiлгеннен кейін банкротты тарату аяқталды, ал банкрот жұмыс iстеуiн
тоқтатты деп саналады.
Қорытындылай келе, дара кәсіпкердің азаматтық құқықтық мәртебесі ерекше
құқықтық категория екендігін, оның негізі ретінде азаматтық құқық қабілеттілік
және азаматтық әрекет қабілеттілік жататындығы, сонымен қатар міндетті тіркелу
туралы талап қойылатындығын ескеру қажет. Дара кәсіпкердің құқықтық
51
мәртебесінің құрамына оның қызметін тоқтата туру, қайта құру, тоқтату да
жатады. Алайда дара кәсіпкердің қызметін қайта құру ерекше көріністер табады,
ол өзіндік кәсіпкерлік нысанынан бірлескен кәсіпкерлікпен шұғылдануға ауысу,
жай серіктестік құру жолымен қайта тіркелу, шаруа қожалығын құру арқылы,
патен алу немесе жеңілдетілген салық төлеу тәртібімен тіркелу.
Ал дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтата туру бойынша қорытынды ретінде
оның қызметі жеңілдетілген тәртіппен тоқтатылуға да болатынын айта кету қажет.
Сонымен қатар дәрменсіз дара кәсіпкерге оңалту рәсімдері қоладуға жатпайды, ол
тек банкрот болып танылады. Бірақ дара кәсіпкердің банкрот болып жарияналуы
бойынша заңнамаларда бірталай олқылықтар орын алған, оның ішінде дара
кәсіпкердің жеке мүлкінің есебінен қарыздарды өндіріп алу туралы нормалар
оның конституциялық құқықтарын толығымен қорғамайды деп санаймыз.
52
2
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ НЫСАНДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ, ДАРА
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КӘСІПКЕРЛІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
2.1
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша дара
кәсіпкерліктің түрлері: ерекшеліктері мен мәселелері\
2.1.1 Өзіндік кәсіпкерлік
Дара кәсіпкерлік бір азаматтың не азаматтар бірлестігінің осы қызметті
жүзеге асыруын көздейді. Жеке кәсіпкерлік туралы заңда дара кәсіпкерлік
өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік деп бөлінген. Дара кәсіпкер жүзеге
асыратын түрлер мен нысандардың алуан түрлілігінде осы қызметтің жалпы
негіздері мен шарттары, сондай-ақ оның ресурстық және өзге құрамдас
бөліктеріне қатысты түрлі қағидатты ерекшеліктері байқалады.
Өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік үшін ортақ мыналар болып табылады:
1)
дара кәсіпкерлікті дара кәсіпкер ретінде тіркелген азамат
(азаматтар) және заңды тұлғаны құрусыз жүзеге асырады;
2)
дара кәсіпкерліктің ресурстық негізі мыналар: дара кәсіпкердің
(кәсіпкерлердің) еңбекке өздерінің қатысуы; оған (оларға) меншік құқығында
немесе өзге негіздер бойынша тиесілі мүлікті пайдалануы; дара кәсіпкер
(кәсіпкерлер)
еңбек
келісімшарты
негізінде
тартқан
жалдамалы
жұмыскерлердің еңбегі болып табылады;
3)
дара кәсіпкерлерге қатысты коммерциялық заңды тұлғалардың
қызметін реттейтін қағидаларды қолдану;
Жеке кәсіпкерлікті бір жеке тұлға дербес, меншік құқығында, сондай-ақ
мүлікті пайдалануға және (немесе) оған иеленуге жол беретін өзге құқыққа
байланысты оған тиесілі мүліктің негізінде жүзеге асырады. Бұл:
- біріншіден, оған рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтің сол не өзге түрімен
айналысуға ешкімнің, оның ішінде жұбайының (зайыбының) тыйым салуға
құқығы жоқ екенін білдіреді. Бұл жерде Заң, біздің көзқарасымызша, әрбір
азаматтың құқығы мен әрекет қабілеттілігінің басымдығынан туындайтын әрбір
ерлі-зайыптының толық дербестігіне және тәуелсіздігіне негізделген. Ерлі-
зайыптылардың ортақ мүлкін азаматтың пайдалану мүмкіндігі өзіндік дара
кәсіпкерлікпен айналысу үшін жалғыз шектеу болып табылады. Жеке
кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдалана
отырып, кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған ерлі-зайыптылардың бірі осы
мүлікті пайдалануға келісім алуы ғана тиіс. Осындай келісім жеке құжатта,
сондай-ақ неке шартында немесе өзге келісімде болуы мүмкін, нысаны
бойынша жазбаша да, ауызша да.
Одан басқа, Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 7-бабы 2-тармағының
үшінші бөлігінде «жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-
зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келiсiмi қажет» деп белгіленгені
түсініксіз. Бұл ереже азаматтың меншікке деген конституциялық құқығын
тікелей бұзу болып табылады, сондықтан тиісінше жойылуы қажет сияқты,
себебі ортақ меншік құқығында меншік иелерінің мүлікті иеліктен шығаруға
Достарыңызбен бөлісу: |