«Мамандығым мақтанышым» Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – жүректің батырлығы



жүктеу 20,01 Kb.
Дата07.01.2022
өлшемі20,01 Kb.
#37000
«Мамандығым мақтанышым»


«Мамандығым мақтанышым»


Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – жүректің батырлығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы, – деп, жырлаған ақын Ғафу Қайырбеков атамыздың бұл өлең жолдарына қосылмайтын жан жоқ шығар, сірә. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, мұғалімнің де атқаратын рөлі зор екені рас.

Шынында, осы өлең жолдарының мән мағынасын мұғалім болғанымда түсіндім. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Себебі ұстаз — мақтан тұтарлық мамандық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп айтылғандай, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, жыршы ақындар да бәрі – бәрі ұстаздан білім алған. Мағжан Жұмабаев: «Алты Алаш баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп айтқандай, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен қарайды. Мектептің басты жүрегі —  мұғалім. Мұғалім- баланың екінші ата-анасы, ақылшысы, тәрбиешісі. Баланың мектеп қабырғасынан білім мен тәрбие алып шығуы мұғалімнің еңбегі. Тек өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, баланың қабілетін, талантын ашу, шығармашылық тұлғаға тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті.

     «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» дегендей, әр баланың жанына жақын сүйікті ұстаздары болады. Менің де сүйікті ұстазым болған: Абдурахманова Атира және Абдрахманова Вазира апайлар! Ең алғаш рет ұстаздарымды көргенде сабаққа деген зейінім артып, осы кісілердей мұғалім боламын деп ойлайтынмын. Тұла бойынан білімділікті, шеберлікті, мейірілімділікті сезіне білетінмін. «Ұстаздан шәкірт озар» дегендей, ұстаздарымның теккен тері мен адал еңбегінің жемісімін.

     Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осы мамандықты бала күнімнен армандайтынмын. Жастық шақтағы арманым алға қойған мақсаттарымның бастауы болды. Бүгінде сол арманым-қазіргі мамандығым-Тарих пәні мұғалімі. Біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті- заман талабына сай білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.

     Тарих пәнін үйрету-қиын да қызықты жұмыс. Оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді жиі қолданып, оқу процесін ақылдылықпен ұйымдастыра білуді талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,-дейді. Сол себепті әр оқушымның жүрегінен «Ұлы мұғалім» болып орын алу басты міндетім!

     Менің мамандығым қазіргі замандағы ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан етемін.

      Менің мұғалімдік тәжірибем осы №4 мектеп-гимназияда басталды. Мектебімізде үлгі тұтар, жас мамандарға «идеал» болатын ұстаздар жетерлік. Әр ұстаздың жеткен жетістіктерін көріп, айтқан ақыл — кеңестерін тыңдап, тәжірибемді арттырып келемін. «Болдым, бәрін білемін» деп те айтуға болмайды, өйткені мұғалім үйрете жүріп, өзі де ізденіс үстінде болуы керек деп ойлаймын.

  Жұмыс өтіліме екі жыл енді болса да, оқушыларым өз жетістіктеріне жетті. Түрлі республикалық, облыстық олимпиадалардан орындар иеленіп келеді. Оқушыларымыздың жетістігі — біз үшін мақтаныш. Себебі, мұғалім үшін шәкірттерінің жеңісі — еңбегінің жемісі.

     «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек, біреуі — жар таңдау, екіншісі — мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Менің дұрыс шешімім — дұрыс мамандық таңдағаным болды деп санаймын. Абай атамыз айтқандай «Неге арналсаң, соны істе» деп, адам өмірінен өз орнын таңдағаны жөн. Бұл таңдауым жүрегімнің үнін тыңдап, мамандығыма деген махаббатымның нәтижесі деп білемін. Өз мамандығымның арқасында жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін алып отырмын. «Ұстаздық-ұлы іс», бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп білемін.

 – XXI ғасырда түрлі технологиялардың дамуына байланысты ұстаздарға жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Мұғалімдердің компьютер тілін жетік білуі өз алдына, ағылшын тілін меңгеруі, ғылыми жобалармен айналысуы талап етіледі. Бұл дұрыс деп есептеймін. Біз шәкірттерімізге келешекте өздеріне пайдалы, қажетті болатын, заман талабына сай білім қорын беруге тиіспіз, – деді кейіпкеріміз телефон желісі арқылы өрбіген әңгіме барысында еліміздегі білім жүйесіне енгізілген өзгерістер жайлы айта отырып. «Жүрегің қалаған мамандықты қажеттілік бойынша емес, өзіңе ұнауы бойынша таңдауға не жетсін?»



«Мен мұғалім болғаныма мақтанамын!» деп бүкіл әлемге жар салғым келеді.
жүктеу 20,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау