42
есеп-қисап табыс етпеуге негіз болып табылады (Салық кодексінің 74-бабының
4-тармағы).
Салық төлеуші қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін қызметін
қайта бастады деп танылады. Сонымен бірге, салық төлеуші қызметін қайта
бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есеп-қисабын салық
органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін
қызметін қайта бастауға құқылы.
Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) өз қызметін тоқтата
тұру кезеңінде қызметін қайта бастағаны фактілерін анықтаған жағдайда, салық
органдары мұндай салық төлеушіні (салық агентін) жазбаша хабардар ете
отырып, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі қызметті қайта
бастаған күннен бастап тоқтатылды деп таниды (74-б. 9-1-т.).
Қызметін тоқтата тұрған салық төлеушінің (салық агентінің) салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі
міндеттемелердің туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыра бастауы
қызметті қайта бастау болып танылады.
Жеке кәсіпкерлер өз қызметін «Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік» немесе «Анықтама» деп аталатын құжаттың негізінде заңдастырады.
Жеке кәсіпкерлік қызметті қайта ұйымдастыруға қатысты ҚР АК 19-
бабының 3-тармағына назар аудару керек, соған сәйкес азаматтардың заңды
тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсiпкерлiк қызметiне, егер заңдардан
немесе құқықтық қатынастар мәнiнен өзгеше нәрсе туындамайтын болса,
тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң коммерциялық ұйымдар болып табылатын
заңды тұлғалардың қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады. Алайда жеке
кәсіпкерлердің
қатысуымен
құқықтық
қатынастардың
мәні,
жеке
кәсіпкерлердің, әрине, құқық және құқықтық қатынастардың тең құқылы
субъектілері болып танылғанымен, оларға қатысты құқық субъектіні қайта
ұйымдастыру сияқты құқықтық институтты толық шамада қолдануға мүмкіндік
бермейді.
Осылай, ҚР Азаматтық кодексінің 45-бабы заңды тұлғаны қайта
ұйымдастырудың мынадай түрлерін: бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта
құруды көздейді. Қайта ұйымдастырудың осы түрлері заңды тұлға мүлкiнің
меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның,
құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай
құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот
органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының
заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлғаның бiр түрiн екiншi түрдегi заңды тұлғаға өзгерткен кезде
(ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның
құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды
тұлғаға ауысады (АК 46-бабы).
Жеке кәсіпкерлердің және коммерциялық заңды тұлғалардың қызметін
реттеу кезінде заң шығарушының бекіткен заң ұқсастығына қарамастан, қайта
43
ұйымдастырудың заңмен көзделген әдістерін жеке кәсіпкерлердің қызметіне
қарай үлкен ерекшеліктермен қолдануға болатынын белгілейік.
Мысалы, дара кәсіпкерлік нысанында жеке кәсіпкерлікті іске асыратын
жеке тұлға ерлі-зайыптылардың орталық бірлескен меншігі негізінде бірлескен
кәсіпкерлікті жүзеге асыратын субъект ретінде қайта тіркелуге (яғни, қайта
құрылуға) не шаруа не фермерлік қожалықты жасауға құқылы. Және,
керісінше, шаруа қожалығынан не ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігінен
олардың бірі бөлініп, дара кәсіпкер ретінде тіркелуі мүмкін.
Жеке кәсіпкердің жеке ісінен оның бір бөлігі шығарылуы не бөлінуі
мүмкін және тағы бір жеке кәсіпкерлік тіркелуі мүмкін; бірнеше жеке кәсіпкер
өз күштерін біріктіріп, олардың бірін ЖК ретінде тіркеуі мүмкін. Алайда қайта
ұйымдастырудың мұндай түрлерін патент негізіндегі қызметке қатысты
қолдануға болмайды.
Жеке кәсіпкерлікті тоқтату туралы айтқанда, жеке кәсіпкерлікпен
айналысатын азаматтың мүдделері өзгеруі мүмкін, сондай-ақ жағдай мен мән-
жайлардың өздері де өзгертуі мүмкін екенін белгілеу керек. Сондықтан кез
келген кәсіпкер ерте ме, кеш пе өз ісін, мысалы, кәсіпкерлік қызметтің табыс
әкелмеуіне не мұндай қызметті әрі қарай жалғастыру ниетінің болмауына
байланысты тарату (тоқтату) қажеттілігіне тап болады.
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңға сәйкес, жеке кәсіпкердің қызметі дара
кәсiпкердiң қызметi ерiктi немесе мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Заңда
көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн. Дара кәсіпкер
үшін оның кәсіпкерлік қызметті тоқтату ниетімен байланысты не белгілі бір
мән-жайлардың түсуіне байланысты кәсіпкерлік қызметін тоқтатудың
оңайлатылған рәсімі көзделген.
Жеке кәсіпкерлік туралы заңға сәйкес, дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк
кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде -
барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта
ерiктi түрде тоқтатылады.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркейтін органға
кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді. Бiрлескен кәсiпкерлiктi
тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың жартысы дауыс
берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп
саналады.
Жеке кәсiпкерлікті тоқтатудың негіздемелері болып табылатын белгілі бір
мән-жайлар ретінде мынадай жағдайларды келтіруге болады:
1) жеке кәсіпкерлік кезінде - дара кәсiпкер әрекетке қабілетсіз деп
танылған, қайтыс болды деп жарияланған не ол қайтыс болған жағдайлар;
2) отбасылық кәсіпкерлік және қарапайым серіктестік кезінде - егер
жоғарыда көрсетілген тармақта тізбектелген мән-жайлардың түсу нәтижесінде
бірлескен кәсіпкерліктің бір қатысушы қалған немесе бірде-бір қатысушы
қалмаған жағдай, сондай-ақ некенің бұзылуына байланысты мүлікті бөлу
кезінде.
Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген
шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен
Достарыңызбен бөлісу: |