Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет31/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68

65 
 
Ортақ  бірлескен  меншік  негізінде  жүзеге  асырылатын  және  заңнамада 
шаруа  және  фермер  қожалығы  деп  аталатын  отбасылық  кәсіпкерліктің  де 
өзінің  ерекшеліктері  бар.  Бәрінен  бұрын,  бұл  бірлескен  дара  кәсіпкерліктің 
осы  нысаны  ауылшаруашылық  өнімінің  өндірісі,  сондай-ақ  осы  өнімді 
қайта  өңдеу  мен  өткізу  саласына  тән  екенінде.  Бұл  ретте  осы  қызмет 
ауылшаруашылық  мақсаттағы  жерлерді  пайдаланумен  ажырамас 
байланыста болуға тиіс. 
Ауылшаруашылық  мақсаттағы  жерлерді  нысаналы  пайдалану  бірлескен 
кәсіпкерліктің  осы  нысаны  үшін  айқындаушы  және  құқық  қолдану 
практикасында одан әрі күрделі болып табылады. Осы екі арада Шаруа немесе 
фермер  қожалығы  туралы  заңда  шаруа  немесе  фермер  қожалығына  берілген 
анықтаманы  сөзбе-сөз  түсіну  ауылшаруашылық  мақсаттағы  жерлердің 
пайдаланылуын  ауылшаруашылық  өнімнің  өндірісімен  ғана  емес,  сондай-ақ 
ауылшаруашылық  өнімнің  өндірісіне  арналмаған  жерлерде  жүзеге  асырылуы 
мүмкін  осы  өнімнің  қайта  өңделуімен  және  өткізуімен  ғана  байланыстыруға 
мүмкіндік береді. 
Осыған  байланысты  И.В.  Амирханованың  пікірімен  келісу  қажет,  ол: 
«Яғни 
осы 
кәсіпкерліктің 
ауылшаруашылық 
мақсаттағы 
жерлерді 
пайдаланумен  байланысын  айқындау  негізгі  бөлікті  құрауға,  ал  осы  өнімді 
қайта өңдеу мен өткізу – қосымша сипатқа ие болуға тиіс, ол болуы не болмауы 
мүмкін, себебі ауылшаруашылық өнімнің қайта өңделуімен немесе өткізілуімен 
(ауылшаруашылық  мақсаттағы  жерлерді  пайдаланумен  ауылшаруашылық 
өнімін өндірусіз) байланысты қызметті шаруа (фермер) қожалығының мүліктік 
кешеніне негізделген аграрлық кәсіпкерліктің түрі деп түсінуге болмайды» деп 
жазған [44, 320-321 б.]. 
Осыны  заң  шығарушы  да  түсінеді  деген  ой  туады,  сондықтан  қаралып 
жатқан  Заңның  10-бабында  жерді  пайдалану  бойынша  шаруа  немесе  фермер 
қожалығының  құқықтарын  айқындаушы  ретінде:  «Шаруа  немесе  фермер 
қожалығының:  
1)  жердi  ауыл  шаруашылық  өнiмдерiн  өндiру  мақсатында  пайдалана 
отырып,  онда  дербес  шаруашылық  жүргiзуге...  құқығы  бар»  деп  белгілегені 
кездейсоқ болмас. 
Жер  және  оның  компоненттері  (жер  қойнауы,  табиғи  байлығы),  жер 
учаскелері адамзат үшін ең құнды әрі шектелген қор болып табылады. Екінші 
жағынан,  жеке  тұлғалардың  азаматтық  құқықтарына  негізсіз  қысымшылық 
жасауға жол беруге болмайды. 
Сондықтан Қазақстанда қоғам мен мемлекеттің азаматтық құқықтары мен 
мүдделерін  қорғау  мақсатында  осы  мәселеге  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Бәрінен 
бұрын,  бұл  2003  жылғы  20  маусымда  Қазақстан  Республикасының  Жер 
кодексін  (бұдан  әрі  –  Жер  кодексі),  Шаруа  және  фермер  қожалығы  туралы 
заңды қабылдау еді, оларда осы көрсетілген объектілерді пайдалану мен оларға 
билік ету бойынша шектеулер нақты белгіленген. 
Белгіленген  құндылықтар  мен  шектеулер  шеңберінде  Шаруа  немесе 
фермер  қожалығы  туралы  заңда  шаруа  немесе  фермер  қожалығының  жерге 


66 
 
иелену және оны пайдалану бойынша міндеттері қатаң айқындалған. Мысалы, 
шаруа немесе фермер қожалығы: 
1) өзiне берiлген жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға
2) топырақ құнарлылығының төмендеуiне жол бермеуге;  
3)  ауылшаруашылық  өнiмiн  өндiрудiң  табиғат  қорғау  технологияларын 
қолдануға және жер қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруға;  
4)  өз  қызметiнiң  нәтижесiнде  экологиялық  ахуалдың  нашарлауына  жол 
бермеуге;  
5)  жер  учаскесiнде  құрылыс  салуды  жүзеге  асыру  кезiнде  сәулеттiк-
жоспарлау,  құрылыс,  экологиялық,  санитарлық-гигиеналық  және  өзге  де 
арнайы  талаптарды  (нормаларды,  ережелердi,  нормативтердi)  басшылыққа 
алуға;  
6)  басқа  жер  пайдаланушылар  мен  жер  учаскелерi  меншiк  иелерiнiң 
құқығын бұзбауға;  
7)  сервитуттарды  Қазақстан  Республикасының  жер  заңнамасында 
белгiленген тәртiппен берудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
Шаруа  немесе  фермер  қожалығының  субъективтік  құрамының 
ерекшелігі  бір-бірімен  туысқандық  байланыстағы,  сондай-ақ  ондай 
байланыста емес жеке тұлғалар оның қатысушылары болып табылатынында. 
Шаруа  немесе  фермер  қожалығы  туралы  заңнаманы  талдау  мынадай 
қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Егер  ауылшаруашылық  өнімін  өндіру, 
сондай-ақ  осы  өнімді  қайта  өңдеу  мен  өткізу  жөніндегі  шаруашылықты  ортақ 
бірлескен меншік негізінде ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-ана, балалар, 
асырап  алушылар,  асырап  алынғандар,  толық  туған  және  толық  туған  емес 
ағайындар  мен  әпкелер,  аталар,  әжелер,  немерелер)  жасаса,  онда  олар  құрып 
жатқан  дара  кәсіпкерліктің  нысаны  отбасылық  кәсіпкерлік  болады.  Бұл  ретте 
дара  кәсіпкерліктің  қаралып  жатқан  саласында  бірлескен  кәсіпкерліктің  ерлі-
зайыптылар  кәсіпкерлігі  деген  нысанына  Заңда  жол  берілмейтінін  айта  кету 
керек. Осындай кәсіпкерлікті отбасылық кәсіпкерліктің шеңбері қамтиды. 
Егер фермер қожалығы бір-бірімен (немесе олардың біреуінің) туысқандық 
байланысы  жоқ  азаматтардың  арасындағы  бірлескен  қызмет  туралы  шарттың 
негізінде ортақ үлестік меншік негізінде құрылса, онда қожалық жай серіктестік 
нысанында құрылуы мүмкін. 
Заңға  сәйкес  18  жасқа  толған,  Қазақстан  Республикасының  iс-әрекетке 
қабiлеттi азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады (1-
баптың  4-тармағы).  Дара  кәсіпкерліктің  басқа  түрлері  мен  нысандарына 
қарағанда, көріп отырғанымыздай, Заңда эмансипация тәртібімен немесе некеге 
тұруына  байланысты  толығымен  әрекетке  қабілетті  деп  танылған,  бірақ 
кәмелетке толмаған адамға осы қожалықтың басшысы болуына жол берілмейді. 
Шаруашылықтың барлық қалған қатысушыларының жасына қатысты, қаралып 
жатқан  Заңда  қандай  да  ерекше  талаптар  қойылмаған,  тиісінше  қолданыстағы 
нормативтік талаптарға сәйкес 16 жасқа толған жеке тұлға осындай басшы бола 
алады. 
Жай  серіктестік  нысанындағы  бірлескен  дара  кәсіпкерлік  дара 
кәсіпкерге  жалғыз  қол  жеткізу  мүмкін  болмаған  немесе  қиын  болған 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау