44
шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі. Дара кәсіпкер
ретінде тіркеу есебінен шығару дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы
куәлікті тіркеуші органға тапсырғаннан кейін және кәсіпкерлік қызметпен
байланысты салық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүргізіледі.
Алайда іс жүзінде салық органдары жеке кәсіпкерлерді тіркеу есебінен
шығаруды уақытында жасамайды және оларға қатысты салық есептілігін
ұсынбағаны үшін айыппұл нысанында санкцияларын қолданады.
Мысалы, 2013 жылы К. Құмарбаеваның шаруа қожалығы салық есептілігін
ұсынбағаны туралы хабарламаны алған болатын, бірақ ол 2011 жылы жабуға
өтініш беріп, салық органы 2012 жылдың басында құжаттамалық тексерісті
жүргізді. Салық басқармасына жүгінген кезде, кәсіпкердің тіркеу есебінен
шығарылмағаны және қажетті құжаттарды қайтадан ұсыну қажет екендігі
туралы жауап берілген [34].
Дәл осылай дара кәсіпкер Б.Б. Дүкеновтың 2009 жылдан бастап
таратылуына байланысты кәсіпкерлік қызметті жаппағаны туралы өтініші түсті.
2013 жылы кәсіпкердің қайтадан берген өтінішіне салық органы салық
міндеттемелерінің атқарылуына байланысты қызметті тоқтату туралы өтінішті
қайта беруді ұсынды.
Көрсетілген жағдайларда шаруа қожалықтары ҚР Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының Қарағанды филиалына жүгінуге мәжбүр болды, нәтижесінде
салық органы К. Құмарбаеваның шаруа қожалығын жабу және тіркеуден
шығару рәсімдерін аяқтады, ал дара кәсіпкер Б.Б. Дүкенов құжаттарды
қайтадан ұсынбай және салық міндеттемелерді атқармай, алдында ұсынылған
құжаттардың негізінде тоқтатылды [34].
Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату негіздемелерінің бірі оны банкрот
ретінде тану болып табылады. Қазақстанда алғаш рет жеке кәсіпкерлердің
банкроттығы туралы нормалар Қазақстан Республикасының АК 21-бабымен
бекітілген еді (Жалпы бөлім). Кейіннен «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңында (2006 жылғы 31
қаңтардағы Заңымен күші жойылды) жеке кәсіпкердің дәрменсіздігі кезінде
туындайтын қатынастарды реттейтін жеке 7-ші тарау (38-46 баптар) көзделді.
ҚР АК «Жеке кәсіпкердің банкроттығы» деп аталатын 21-бабы мынадай
жалпы ережені қамтиды: «Дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-
бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады. Дара кәсіпкердің
банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы
заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде
танылады. Дара кәсiпкер банкрот деп танылған кезден бастап оны дара кәсiпкер
ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.
Дара кәсiпкерге банкроттық рәсiмдерiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк
қызметпен байланысты емес мiндеттемелер бойынша кредиторлары, егер
осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi басталған болса, өз
талаптарын қоюға да құқылы. Көрсетілген кредиторлардың осындай тәртiппен
мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде
қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық
рәсiмдері аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерге өндiрiп алынуға
45
қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы
процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады».
Осыған ұқсас нормалар «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында да бекітілген
(28-бап). Дегенмен, жеке кәсіпкердің банкроттығы рәсімі мен салдарын
реттейтін заңнамалық нормалардың арнаулы кешені Қазақстан заңнама
жүйесінде әлі күнге дейін жоқ.
Жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілер сілтеме жасап жатқан «Оңалту
және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Дүниежүзілік
Банк өкілдерінің белсенді қатысуымен әзірленді және жуырда ғана – 2014
жылдың 7 наурызында қабылданды [22]. Аталған заңның 3-бабында «Осы Заң
қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы
қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа,
заңды тұлғаларды жеделдетiлген оңалту рәсімі және оңалту, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады» делінген.
Заңның 63-бабына сәйкес оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға
қатысты және сот тәртібінде ғана қолданылады, сондықтан әрі қарай біз дара
кәсіпкерлерге қатысты оңалту емес, ал тек банкроттылығы туралы мәселелерді
ғана талқылаймыз. Яғни, заң бойынша дара кәсіпкерлерге оңалту рәсімдері
қолдануға жатпайды, бірақ біз мұндай нормалармен толығымен келісе
алмаймыз, себебі дара кәсіпкерлерге де оңалту рәсімдері нысанында қолдау
көрсету қажет деп санаймыз.
Банкроттық туралы iс азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер
бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiштерi негiзiнде қозғалуы мүмкiн
(«Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 44-бабының 1-тармағы).
Кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiнде өтiнiш берiлiп отырған соттың
атауы; борышкер дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде),
тұрғылықты жерi немесе борышкер заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi;
кредитор (кредиторлар) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде),
тұрғылықты жерi немесе кредитор (кредиторлар) заңды тұлғаның атауы,
орналасқан жерi; борышкердiң кредитор (кредиторлар) алдындағы оның талабы
туындаған мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi; осы
кредитордың (кредиторлардың) борышкерге қойған талаптарының мәнi мен
сомасы; мiндеттеме бойынша берешектің және осы сомаға есептелген
сыйақының (мүдденің), борышкерден өндiрiп алуға жататын тұрақсыздық
айыбының (айыппұлдың, өсiмпұлдың) және залалдың сомасы; кредитор
(кредиторлар) талаптарының белгiленген құқықтық негiздерi (сот шешiмi, бұл
талаптарды борышкердiң тануы, ал олар болмаған кезде – кредитор
(кредиторлар) талаптарының негiздiлiгiн және олардың сомаларын растайтын
дәлелдемелер); борышкердегі мүлiк туралы кредиторға (кредиторларға) белгiлi
мәлiметтер; жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген кезде
борышкердің жоқ екендігі туралы ақпарат; қоса берілетiн құжаттар тiзбесi;
борышкерге талаптар қойып жүгінуінің дәлелі; егер банкроттық туралы iстi
қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
Борышкердің төлем қабілетсіздігі кредитордың борышкерді банкрот деп
тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуiне негiз болып табылады (аталған Заңның
Достарыңызбен бөлісу: |