Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68

40 
 
2)  егер  салықтық  өтініште  көрсетілген  жеке  басты  куәландыратын 
құжаттың  деректері  сәйкестендіру  нөмірлерінің  ұлттық  тізілімдерінде 
қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген болса; 
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» 
ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда. 
«Жеке  кәсіпкерлік  туралы»  Заңның  27-бабында  қарастырылған 
мемлекеттік  тіркеуге  қабылданбау  негізі  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері 
санатына кіретін дара кәсіпкерлерге қолданылмайды  
Жеке  кәсiпкерлiк  субъектiлерiн  мемлекеттiк  тiркегенi  (қайта  тiркегенi) 
үшiн  алым  2  айлық  есептік  көрсеткішті  құрайды  (ҚР  Салық  кодексінің  456-
бабы). 
Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу 
тәртібімен  тіркеуші  органға  қағаз  жеткізгіште  не  «электрондық  үкіметтің» 
веб-порталы  арқылы  электрондық  түрде  ұсынуға  құқылы  («Жеке  кәсіпкерлік 
туралы» Заңның 27-бабының 6-1 тармағы). 
Кәмелет  жасына  толмаған  жеке  тұлға  дара  кәсіпкер  ретінде  тіркелген 
жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады. 
Бiрлескен  дара  кәсiпкерлiктi  тiркеу  үшін  өтiнiштi  сенімхат  негізінде 
әрекет  ететін,  үшiншi  тұлғалармен  және  мемлекеттiк  органдармен 
қатынастарда  бірлескен  кәсіпкерлік  мүшелерінің  мүдделерiн  бiлдiретiн 
уәкiлеттi  тұлға  бередi.  Бiрлескен  дара  кәсiпкерлiкті  тікеу  барысында  куәлiкке 
тiркеу органының басшысы куәландырған бiрлескен дара кәсiпкер мүшелерiнiң 
тiзiмi қоса берiледi. 
Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы 
куәлік  мерзімсіз  болып  табылады  және  тіркеуші  органның  лауазымды 
тұлғасының 
электрондық 
цифрлық 
қолтаңбасымен 
куәландырылған 
электрондық құжат нысанында ұсынылады (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы 27-
бабының 3-ші тармағы.). Ал 2013 жылға дейін дара кәсiпкердi (бiрлескен дара 
кәсiпкерлiктi)  мемлекеттiк  тiркеу  туралы  куәлiктiң  нысаны  Қазақстан 
Республикасының Үкiметiмен тек жазбаша нысанда бекiтiлген болатын. 
Дара  кәсіпкерлерді  мемлекеттік  тіркегені  үшін  алым  сомасын  бюджетке 
төлеу  «электрондық  үкіметтің»  төлем  шлюзі  арқылы  жүргізіледі.  Егер  алым 
сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін 
жүзеге  асыратын  ұйымдар  арқылы  төленген  болса,  электрондық  түрде 
ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін 
көрсеткен 
кезде 
«электрондық 
үкіметтің» 
веб-порталында 
қалыптастырылатын  «электрондық  үкіметтің»  төлем  шлюзінің  хабарламасы 
қоса беріледі.  
Мемлекеттiк  тiркеу  туралы  куәлiк  беруге  арналған  өтiнiште,  сондай-ақ 
бiрлескен  қызмет  туралы  шартта  (жай  серiктестiк  туралы  шартта)  көрсетiлген 
деректер  өзгерген  жағдайда,  дара  кәсiпкер  (бiрлескен  дара  кәсiпкерлiктiң 
уәкiлеттi  адамы)  өзгерiстер  туралы  тiркеушi  органға  осы  орган  белгiлеген 
нысан  бойынша  хабарлауға  мiндеттi.  Мемлекеттiк  тiркеу  туралы  куәлiкте 
көрсетiлген  деректер  өзгерген  жағдайда  дара  кәсiпкер  (бiрлескен  дара 


41 
 
кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк 
алуға мiндеттi.  
Дара  кәсiпкердi  (бiрлескен  дара  кәсiпкерлiктi)  мемлекеттiк  тiркеу  туралы 
куәлiктi  жоғалтқан  жағдайда,  оның  өтiнiшi  бойынша  мемлекеттiк  тiркеудi 
куәландыратын құжаттың түпнұсқасы берiледi.  
Дара  кәсіпкерді  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәліктің  күші  жалған 
кәсіпкерліктің  жасалу  фактісін  анықтаған,  заңды  күшіне  енген  сот  үкімінің 
немесе  қаулысының,  не  қылмыстық  қудалау  органының  күші  жойылмаған 
қаулысының негізінде жойылуға жатады. 
Қорытындылай  келе,  қазіргі  уақытта  дара  кәсіпкер  ретінде  мемлекеттік 
тіркеу  рәсімдері  өте  тиімді,  қысқа  мерзімді  екендігін  мойындау  қажет.  Бұл 
жағдай  Қазақстан  Республикасы  деңгейінде  жеке  кәсіпкерліктің,  оның  ішінде 
дара кәсіпкерліктің дамуына сөзсіз қолдау екендігін айқындауға болады. 
Бүгінгі күнде азаматтарды дара кәсіпкер ретінде тіркеу рәсімі нақты ретке 
келтірілген және жедел жүзеге асырылады, бұл азаматтың дара кәсіпкерлікпен 
айналысуына әрекет жасауы ынтасына оң әсерін тигізеді. 
Сонымен,  мемлекеттік  тіркеу  дара  кәсіпкерліктің  азаматтық  құқықтық 
мәртебесінің туындауына негіз болып табылады, ал тиісті тіркеусіз таза пайда 
табуға  бағытталған  ынталы  кәсіпкерлік  қызмет  заңсыз  қызмет  болып,  тиесілі 
жауапкершілікке тартылады. 
 
1.4    Дара  кәсіпкерлердің  қызметін  тоқтата  туру,  қайта  құру,  тоқтату 
және оларды банкрот деп тану 
Дара  кәсіпкердің  қызметін  заңдастыру  оны  мемлекеттік  тіркеуден 
тұрғандықтан, оның қызметін тоқтата тұру да салық органында тіркеу арқылы 
іске асырылады және салық есептілігін тоқтата тұруға сәйкес келеді. Осылай, 
Салық  кодексінің  «Патент  негізінде  шағын  бизнес  субъектілері  үшін  арнаулы 
салық  режимін  қолданатын  дара  кәсіпкердің  салық  есептілігін  табыс  етуін 
тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі» 74-бабына сәйкес, патент негізінде 
жұмыс  істейтін  жеке  салықтық  өтініш  негізінде  салық  есептілігін  табыс  етуді 
тоқтата  тұруға  және  салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  мерзімін 
ұзартуға құқығы бар. 
Салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  туралы  салық  органының 
шешімі  салық  төлеушіге  немесе  оның  өкіліне  жеке  өзіне  қолын  қойдыра 
отырып  немесе  жөнелту  және  алу  фактісін  растайтын  өзге  тәсілмен 
тапсырылады. 
Салық  есептiлiгiн  табыс  етудi  тоқтата  тұрудан  бас  тарту  туралы  шешiм 
өтініш  берілген  күні  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  салық  берешегі, 
міндетті  зейнетақы  жарналары,  міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналары, 
әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық 
агенті)  көрсетілген  салық  есептілігін  табыс  етпеген  жағдайда  салық  органы 
салық есептілігін тоқтата тұрудан бас тартады. 
Салық  есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  туралы  шешім  салық 
есептілігін  табыс  етуді  тоқтата  тұру  туралы  салықтық  өтініште  көрсетілген 
күннен  бастап  қызметін  қайта  бастау  күніне  дейінгі  кезеңде  патент  алу  үшін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау