Хамзин ердос жанторенович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/68
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12645
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68

46 
 
5-бабының  3-тармағы).  Борышкер  мына  шарттар  түскен  кезде  төлемге 
қабілетсіз болып табылады: 
- өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу, 
еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік 
сақтандыру  қорына  әлеуметтік  аударымдар,  міндетті  зейнетақы  жарналары 
және  міндетті  кәсіптік  зейнетақы  жарналары  жөніндегі,  сондай-ақ  авторлық 
шарттар 
бойынша 
сыйақылар 
жөніндегі 
кредиторлар 
алдындағы 
міндеттемелері оларды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде 
орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына 
белгіленген бір жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрайды; 
-  өзге  кредиторлар  алдындағы  міндеттемелері  оларды  орындау  мерзімі 
басталған  кезден  бастап үш  ай ішінде орындалмаған және  жиынтығында  дара 
кәсіпкерлер үшін – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына 
белгіленген  үш  жүз  айлық  есептік  көрсеткіштен  кем  емес  соманы,  заңды 
тұлғалар  үшін  –  республикалық  бюджет  туралы  заңда  тиісті  қаржы  жылына 
белгіленген  бір  мың  айлық  есептік  көрсеткіштен  кем  емес  соманы  құрайды. 
Осы  тармақтың  талаптары  жоқ  борышкерді  банкрот  деп  тану  туралы  өтініш 
беру жағдайларына қолданылмайды. 
Ерікті  тәртіппен  банкроттықты  тану  борышкердің  сотқа  берген  өтініші 
негізінде  іске  асырылады.  Сонымен  бірге,  банкроттық  туралы  Заң 
борышкердің  оны  банкрот  деп  тану  туралы  өтінішпен  жүгіну  құқығы  бар 
және  борышкер  жүгінуге  міндетті  болатын  жағдайларды  жіктейді  (11-бап). 
Мысалы,  борышкер  өзінің  төлем  қабілетсіздігі  салдарынан  ақшалай 
міндеттемелерді  және  (немесе)  еңбек  және  соған  байланысты  қатынастардан 
туындайтын  міндеттемелерді  белгіленген  мерзімде  орындауға  жағдайының 
болмайтынын куәландыратын мән-жайлар болған кезде оңалту рәсімін қолдану 
туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.  
Борышкер – жеке кәсіпкердің сотқа міндетті жүгіну жағдайлары 11-баптың 
2-тармағында көрсетілген:  
1)  борышкер  өзін  тарату  туралы  шешім  қабылдаған,  ал  мүлкінің  құны 
кредиторлардың  талаптарын  толық  көлемде  қанағаттандыру  үшін  жеткіліксіз 
болған жағдайда өзін банкрот деп тану туралы сотқа жүгінуге; 
2)  егер  бір  кредитордың  немесе  бірнеше  кредитордың  талаптарын 
қанағаттандыру  оның  басқа  кредиторлар  алдындағы  ақшалай  міндеттемелерін 
толық  көлемде  орындаудың  мүмкін  болмауына  әкелсе,  өзін  банкрот  деп  тану 
туралы сотқа жүгінуге; 
3)  борышкер  төлем  қабілетсіздігінің  басталғаны  туралы  білген  немесе 
білуге тиіс болған кезден бастап алты ай ішінде өзін банкрот деп тану туралы 
сотқа жүгінуге құқылы.  
Борышкердiң  өтiнiшi  сотқа  жазбаша  нысанда  берiледi  және  оған  жеке 
кәсіпкер  қол  қояды.  Борышкердiң  өтiнiшi:  өтiнiш  берiлетiн  соттың  атауын; 
кредиторлар  талаптарын  қанағаттандырудың  мүмкiн  еместiгiнiң  негiздемесiн; 
онда бар мүлiк, оның iшiнде кепiл ауыртпалығы салынған, мүліктік жалдаудағы 
(жалға  алудағы)  және  (немесе)  лизингідегі  мүлiк,  банктік  шоттардағы  ақша, 
шоттардың  нөмiрлерi  және  банктердiң  орналасқан  жерi  туралы  мәлiметтердi, 


47 
 
орналасқан  жерлерi  мен  берешек  сомалары  көрсетiлген  дебиторлар  тiзбесiн; 
орындалу мерзiмi басталмаған мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi; қызметiнiң 
табиғи  монополия  саласына  қатысы  туралы  немесе  осы  борышкердiң  тауар 
нарығында  үстем  (монополиялық)  жағдайға  ие  нарық  субъектiсi  болып 
табылатыны  туралы  ақпаратты;  қоса  берiлетiн  құжаттар  тiзбесiн  қамтуға  тиiс 
(40-бап). 
Сот  дара кәсіпкерді банкрот деп тану туралы өтiнiш келiп түскеннен кейiн 
бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, іс қозғау туралы ұйғарым шығарады. Iс қозғау 
туралы ұйғарым мүлiкке құқықты тiркеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк және 
өзге  де  органдардың  банкроттық  Заңның  50-бабының  1-тармағында  көзделген 
шектеулердi  қолдану  туралы  мiндетiн  қамтуға  тиiс,  олар  әрі  қарай 
диссертацияның мәтінінде келтірілген. Соттың iс қозғау туралы ұйғарымының 
көшiрмелерiн  сот  борышкерге,  өтiнiш  берушiге,  уәкiлеттi  органға,  мүлiкке 
құқықтарды  тiркеудi  жүзеге  асыратын  мемлекеттiк  және  өзге  де  органдарға, 
жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасына және борышкердiң орналасқан 
жерi бойынша аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органына жiбередi. 
Кейіннен,  сот  iс  қозғау  туралы  ұйғарым  шығарылған  күннен  бастап  екі 
жұмыс  күні  ішінде  уәкілетті  органның  интернет-ресурсында  ұйғарымды 
шығару  күніне  олар  туралы  мәліметтер  орналастырылған,  уәкілетті  органда 
тіркелген  тұлғалар  қатарынан  уақытша  басқарушыны  тағайындау  туралы 
ұйғарым шығарады. 
Уақытша  басқарушыны  тағайындау  туралы  сот  ұйғарымында:  уақытша 
басқарушының тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті 
органға  банкроттық  туралы  іс  қозғау  туралы  хабарландыруды  жіберуі  және 
уәкілетті  органның  интернет-ресурсында  орналастыру  үшін  кредиторлардың 
талаптарды  қазақ  және  орыс  тілдерінде  мәлімдеу  тәртібі  туралы;  уақытша 
басқарушының  кредиторлар  талаптарының  тізілімін  қалыптастыруы  туралы 
нұсқау  қамтылуға  тиіс.  Егер  банкроттық  туралы  іс  кредитордың  немесе 
прокурордың  өтініші  бойынша  қозғалған  жағдайда,  уақытша  басқарушыны 
тағайындау  туралы  сот  ұйғарымында  уақытша  басқарушы  тағайындалған 
күннен  бастап  бір  айдан  аспайтын  мерзімде  оның  борышкердің  қаржылық 
жағдайы  туралы  мәліметтерді  жинауды  жүзеге  асыруы  және  сотқа  уәкілетті 
орган  белгілеген  нысан  бойынша  қорытынды  ұсынуы  туралы;  уақытша 
басқарушының  уәкілетті  орган  белгілеген  нысан  бойынша  борышкердің 
қаржылық  жағдайы  туралы  мәліметтерді  жинауды  жүзеге  асыру  нәтижелері 
бойынша  қорытындыны  сотқа  ұсыну  күні  туралы  нұсқауды  қамтуы  тиіс  (48-
бап). 
Уақытша  басқарушы  борышкердің  қаржылық  жағдайы  туралы 
мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша мынадай: 
1)  борышкер  төлемге  қабілетті,  борышкерді  банкрот  деп  тану  туралы 
кредитордың талаптары негізсіз болып табылатыны; 
2)  борышкер  төлемге  қабілетсіз  және  борышкерді  банкрот  деп  тану  үшін 
негіздердің бар екені; 
3)  борышкерді  банкрот  деп  тану  туралы  өтініште  көрсетілген  мекенжай 
бойынша борышкер жоқ және оны банкрот деп тану үшін негіздердің бар екені, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау