кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бапты 20-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 28.10.2015
№ 369-V
Заңымен (01.01.2018
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
21)
– өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және
уәкiлеттi орган
жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық
бөлiмшесi;
22) ұзаққа созылған жұмыссыздық – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
22-1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік
корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір
терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін
қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ
электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
РҚАО-ның ескертпесі!
23) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015
№ 369-V
Заңымен (01.01.2018 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
23) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді
шараларын іске асыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;
РҚАО-ның ескертпесі!
1-бапты 23-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (01.01.2017
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында
еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің
рұқсат етілетін шекті саны;
25) экономикалық тұрғыдан белсендi халық (жұмыс күшi) – тауарлар, жұмыстар мен қызметтер
өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін, халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу
үшін белгіленген жастағы халықтың бөлігі (экономикада жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар);
26) экономикалық тұрғыдан енжар халық – жұмыспен қамтылғандар немесе жұмыссыздар болып
табылмайтын жеке тұлғалар.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27
N 444-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.06.2014
№ 209-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 27.10.2015
№ 365-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015
№ 421-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған халыққа:
1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық
емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы
бар;
2)
алып тасталды - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) өз бетінше жұмыспен айналысушылар, оның ішінде өзінің тұтынуына арналған өндірісті
қоса алғанда, кіріс алу үшін тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және қызметтер көрсетумен
(өткізумен) жеке-дара айналысатын жеке тұлғалар, өндірістік кооперативтер мүшелері, отбасылық
кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) еңбекақы төленбейтін жұмыскерлері мен жалдамалы
жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілер жатады.
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау әдістемесін орталық атқарушы органмен келісу
бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
4)
алып тасталды - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5)
алып тасталды - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда,
ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (
қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.10.22
N 84
Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР
24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі).
3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының
негiзделедi, осы заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық
Конституциясына
актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан
Республикасының азаматтарына, шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және
халықаралық шарттар, оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн реттердi қоспағанда, тiкелей
қолданылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N
121
Заңымен
.
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк
саясаттың негiзгi принциптерi және бағыттары
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелi әрi еркiн таңдау арқылы қамтылуына
жәрдемдесетін саясат жүргiзілуiн қамтамасыз етедi.