Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 217 қаулысымен
бекiтiлген
«Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк
сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек
тағайындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.
3. Мемлекеттiк қызметтi аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.
Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;
2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚО);
3) тұрғылықты жерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi болмаған жағдайда кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi (бұдан әрi – ауылдық округ әкiмi) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күнi iшiнде;
тұрғылықты жерi бойынша ауылдық округтiң әкiмiне – 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде;
2) көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген күнi сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты кезектегi адамдардың санына байланысты, көрсетiлетiн қызметтi берушiде немесе ауылдық округтiң әкiмiнде – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;
3) көрсетiлетiн қызметтi берушiде немесе ауылдық округтiң әкiмiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi нысаны: қағаз түрiнде.
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – әлеуметтiк көмек тағайындау туралы хабарлама.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде.
7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесi:
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған;
2) ауылдық округтiң әкiмi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады;
3) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электрондық кезек» тәртiбiнде жүзеге асырылады. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезектi «броньдауға» болады.
9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiне не ХҚО-ға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:
1) еркiн нысанда өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкiмдерiнiң анықтамасы);
4) жұмыс орнынан анықтама;
5) екiншi деңгейдегi банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенiн растайтын құжат.
Көрсетiлген құжаттардағы ақпарат мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсыну талап етiлмейдi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушi, ХҚО мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.
10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша
көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның
лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының
және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-ның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң (бұдан әрi – әкiм) атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкiмдiктерiнiң (бұдан әрi – әкiмдiк) кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысына немесе әкiмге жiберiледi.
ХҚО қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым ХҚО басшысына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша және телефондар арқылы берiледi.
ХҚО кеңсесiне қолма-қол да, пошта арқылы да келiп түскен шағымды тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн ХҚО басшысына жiберiледi.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi, оның iшiнде
электрондық нысанда көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзi баруға мүмкiндiгi жоқ көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттарын қабылдауды ХҚО қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.
14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрлiктiң – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;
2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң мәртебесi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкiндiгi бар.
16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
Достарыңызбен бөлісу: |