8) жұмыссыздарды өздерінің келісімімен
қоғамдық жұмыстарға жіберуді;
9) жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының
қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға
жіберуді;
10) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі
балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш берген жағдайда, оларды еңбек нарығының
қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға
жіберуді;
11) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгендігі жөнінде қолданылу мерзімі тіркелген
күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайтын анықтама беруді;
12) Қазақстан Республикасы азаматының жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпаратты
тіркелген орны бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға электронды
форматта тіркелген күннен кейін бір жұмыс күні ішінде беруді;
13) еңбек нарығы бойынша деректер банкін қалыптастыруды және жаңартып отыруды;
14) еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тарау 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.06.27
N 444-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа
редакцияда - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТАН МЕМЛЕКЕТТIК ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ
13-бап.
Ескерту. 13-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N
Заңымен.
253
14-бап. Жұмыссыздықтан мемлекеттiк әлеуметтiк қорғау
Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:
1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;
3) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың
еңбегіне ақы төлеу;
3-1)
күші жойылды - ҚР 2009.05.05
N 159-IV
(2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
РҚАО-ның ескертпесі!
4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015
№ 369-V
Заңымен (01.01.2018 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
4) табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға
сәйкес мемлекеттiк атаулы
заң актілеріне
әлеуметтiк көмек көрсету;
5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну.
6) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылған жағдайда
әлеуметтік төлемді жүзеге асыру.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.01.16
N 121
; 2011.06.27
N 444-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015
№
421-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдар тұрғылықты жерi бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына,
Мемлекеттік корпорацияға не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмысқа орналасуға
жәрдемдесу үшін өтiнiш береді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды – жеке басын куәландыратын
құжаттың негізінде, ал «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш берген кезде
электрондық құжат нысанындағы өтініш негізінде жұмыссыз ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен
кешіктірмей, өтiнiш берген адамдарды мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың
ақпараттық жүйелері арқылы өтініш беруші туралы деректерді тексергеннен кейін нысанын орталық
атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар
ретiнде тіркейді.
4. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – күнтiзбелiк он күн iшiнде
бiр реттен сиретпей халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын
жұмыссыздар айына бiр реттен сиретпей кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс
.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-баптан
қараңыз).
16-бап. Жұмыссызды есептен шығару
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:
1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде
дәлелсiз себептермен ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;
3) шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшiн бес жұмыс күнi ішінде дәлелсiз
себептермен халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;
4) жұмыссыз халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша қоғамдық жұмысқа
қатысуды немесе оқуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;
5) жұмыссыздар осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген халықты жұмыспен қамту
орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;
6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;
8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша
мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;