Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 297,49 Kb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата10.03.2018
өлшемі297,49 Kb.
#12096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;

      6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген 

бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;

      6-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ашу;

      7) Қазақстан Республикасының 

 

 сәйкес қызметкерлерді сақтандыру;



заңнамалық актілеріне

      8) жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ оқу орындарының түлектеріне жұмыс орнын ұсыну 

арқылы қатысады.

      1-1. Жұмыс берушінің:

      1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;

      2) уәкілетті органдардан еңбек нарығының жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері 

туралы ақпарат алуға құқығы бар.

      2. Жұмыс берушi:

      1) жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлға қызметінің 

тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық 

жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер 

көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын 

жұмыскерлердiң лауазымдары мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi 

көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн жұмыскерлердiң саны мен санаттары және олар босатылатын 

мерзiмдер туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыстан босату басталардан 

кемінде бір ай бұрын толық көлемде беруге;

      1-1) 

күші жойылды - ҚР 2009.05.05 

N 159-IV

 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 

Заңымен;

      2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде 

олар туралы халықты жұмыспен қамту орталығына мәлiмет жiберуге;

      2-2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтардан жұмысқа қабылдау 

кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге;

      3) халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа 

қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (

халықты жұмыспен қамту орталығы оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) 

хабарлауға;

      4) 

, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық 

мүгедектер

ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;

      5) халықты жұмыспен қамту орталығына алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, 

кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы 

мәлiметтер беруге;

      6) жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы ақпараттарда еңбек саласындағы 

кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;

      7) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылуы тоқтатылуға байланысты жұмысқа 

тартылған шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетуін қамтамасыз 

етуге міндетті.

      3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi Қазақстан 

Республикасының 

 сәйкес туындайды. 

заңдарына

      Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.01.27 N 

524

, 2005.10.22 



N 84

, 2007.05.07 

N 244

 (қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан

 қараңыз), 2007.05.15 N 

253

, 2007.07.27 



N 320

 (

қолданысқа енгізілу тәртібін 



2-баптан

 қараңыз), 2009.05.05 

N 159-IV

 (қолданысқа енгізілу 

тәртібін 

2-баптан


 қараңыз), 2010.04.29 

№ 272-IV


, 21.06.2013 

N 106-V


 (алғашқы ресми 

 

 



жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015

№ 415-V


(

01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 

№ 421-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен



кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi




      1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:

      1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан 

Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация 

беруге;


      2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың 

жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;

      3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер 

қалыптастыруға;

      4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, 

оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;

      5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн 

жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;

      6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан 

кейiн жұмысқа орналастыруға;

      7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын

ресiмдеуге құқығы бар.

      2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:

      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;

      2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану 

үшiн тартуға жол бермеуге;

      4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар 

жасасуға;

      5) өтініш берген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты 

жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын беруге мiндеттi.

      3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру мәселелерi 

бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.

      4. Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті жеке меншік

жұмыспен қамту агенттiктерi жүзеге асырады. 



жүктеу 297,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау