2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын
шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға бiрдей
мүмкiндiктердi, әдiл де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды
қамтамасыз етуге;
2) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын
ашуға;
3) бiлiм беру жүйесiн еңбек рыногының қажеттерiне және инвестициялық саясатты ескере
отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау iсiне бағдарлауға;
4) азаматтардың
сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсiпкерлiк бастамаларын
заңдарға
қолдауға, олардың өнiмдi және шығармашылық еңбекке қабiлетiн дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның iшiнде нысаналы топтарға
арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушiлердi ынталандыруға;
6)
және жеке жұмыспен қамту агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын
уәкiлеттi орган
ұйымдастыруға;
7)
алып тасталды - ҚР 2011.07.15
N 461-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай
өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу жолымен iшкi еңбек рыногын қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық iс-шараларды жергiлiктi
атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтi экономикалық және әлеуметтiк саясаттың
басқа да бағыттарымен үйлестiруге;
11) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттiк органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн шараларды әзiрлеу
мен iске асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiрiп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды
жүзеге асыруға;
13) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi және шетелдiктердiң Қазақстан
Республикасының аумағындағы еңбек қызметiне байланысты мәселелердi шешудi қоса алғанда, халықты
жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
14)
жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен
қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;
15) қосымша жұмыс орындарын және мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс
орындарын ашу бойынша жұмыс берушілерді ынталандыруды қолдайтын жұмыспен қамту саясатымен
үйлестірілген қаржылық, салық және инвестициялық саясатты жүргізуге;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты 16) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (
01.01.2018 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12. N
222
(ресми жарияланған күнінен
бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15
N 461-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015
№ 421-V
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
кепілдіктер
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
2) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда
жәрдемдесуге;
3) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
4) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа
дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға,
олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
5) уәкілетті орган және жекеше жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдалдығын
ұйымдастыруға;
6) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы
ақпарат беруге;
7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес
өңіраралық қайта бөлуге;
8) инвестициялық келісімшарттарда инвесторлардың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс орындарын
ашу және бұрыннан барларын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін белгілеуге;
9) уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауына кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды
қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар;
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған
жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi,
Қазақстан Республикасының заңдарында
көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл
қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;