Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет47/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58

 
мен денсаулық үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі 
шегушіліктің, алкоголизмнің таралуының профилактикасы жөнінде келісілген іс-шаралар 
жүргізуге бағытталған.
 
      2. Темекі бұйымдарын:
 
      1) он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына;
 
      2) темекі бұйымының ашық қорабынан немесе бір-бірлеп сатуға;
 
      3) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық 
немесе механикалық қондырғылар арқылы;
 
      4) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, 
спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, стадиондардың ғимараттарында және 
аумақтарында;
 
      5) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;
 
      6) акциздік таңбалармен немесе есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз;
 
      7) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;
 
      8) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы заттардың, 
никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және кемінде үш зиянды қосынды - жүйелік 
улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер енгізілмесе, сатуға 
тыйым салынады. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына шайырлы 
заттардың, никотиннің құрамы туралы, деңгейі туралы және жүйелік улар, 
канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтерді орналастыру тәртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
 
      9) темекі бұйымының қорабына темекі шегушіліктің зияны туралы ескерту 
енгізілмесе;
 
      10) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына он сегіз жасқа 
толмаған адамдарға сатуға тыйым салынғаны туралы жазба енгізілмесе;
 
      11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында "құрамында 
шайыр аз", "жеңіл", "өте жеңіл" немесе "жұмсақ" деген сөздер не басқаларымен 
салыстырғанда темекі бұйымының зияны аз екені туралы жалған әсер қалдыратын өзге 
де, оның ішінде шетел тілдерінде сөз тіркестері болса;
 
      12) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;
 
      13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;
 
      14) балалар ассортименті тауарларының саудасы жүзеге асырылатын сауда 
ұйымдарының үй-жайларында сатуға тыйым салынады.
 
      3. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде 
мынадай: "Темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың 
сатуына тыйым салынады." деген мазмұндағы жазба, сондай-ақ темекі шегушіліктің 
зияны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ескерту орналастырылуға 
тиіс.
 
      4. Темекі бұйымдарының саудасын жүзеге асыратын адамдар жас шамасы сырт 
келбетіне қарағанда он сегізден жасырақ көрінетін азаматтарға темекі бұйымдарын 
сату кезінде:
 
      1) сатып алушының шын мәніндегі жасын анықтау мақсатында жеке басын 
куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;
 
      2) егер жеке басын куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын 
сатудан бас тартуға міндетті.
 
      5. Темекі шегуге:
 
      1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың демалуына 
арналған ұйымдарда;
 
      2) денсаулық сақтау ұйымдарында;
 
      3) қоғамдық тамақтану орындарында;
 
      4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме 


 
залдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық 
ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;
 
      5) мұражайларда, кітапханаларда және лекторийлерде;
 
      6) поездар мен теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген жерлерде;
 
      6-1) әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде 
автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік 
салондарында;
 
      7) әуежайлардың, темір жол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;
 
      8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;
 
      9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;
 
      10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.
 
      6. Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындар бөлінген болса, осы баптың 5-
тармағының 3), 6), 7) тармақшаларында көзделген нормалар қолданылмайды.
 
      7. Темекі шегу үшін арнайы бөлінген орындар Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілеген талаптарға сәйкес жабдықталуға тиіс.
 
      8. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының 
барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы 
бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан 
Республикасының аумағында өздері шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе 
өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді 
келесі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен 
жыл сайын табыс етуге міндетті.
 
      9. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекі бұйымдарындағы никотиннің, 
шайырлы заттардың және басқа да зиянды қосындылар - жүйелік улардың, канцерогендік 
және мутагендік заттардың болуын зерттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес аккредиттелген зертханаларда өз есебінен жүргізеді.
 
      10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар Қазақстан Республикасының 
Үкіметі айқындайтын рұқсат етілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын 
әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.
 
      11. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіруге, сатуға және 
таратуға тыйым салынады.
 
      12. Темекі шегуге тыйым салынған орындарда темекі шегуге тыйым салынғаны 
туралы белгі орнатылуға тиіс.
 
      13. Темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекіткен темекі шегудің зияны туралы ескерту болуға және ол 
мынадай талаптарға сәйкес келуге:
 
      1) темекі бұйымының қорабының, темекі бұйымының қаптамасының көлемі бойынша 
әрбір үлкен жағының кемінде қырық процентін алып жатуға;
 
      2) жылтыр орауыш пленкаға немесе қандай да бір сыртқы орауыш материалға 
басылмауға;
 
      3) сурет (пиктограмма, графика) және жазулар түрiнде орындалуға тиіс.
 
      14. Алкоголь өнімін:
 
      1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;
 
      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында 
белгіленген белгілі бір күндер мен сағаттарда;
 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда 
өткізуге тыйым салынады.
 
      Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-б.
 қараңыз); 04.07.2013 
№ 132-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы
 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау