Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет44/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58

 
      31) объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;
 
      32) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;
 
      33) тағамға биологиялық активті қоспаларды қолдануға және пайдалануға 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
 
      
Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03 
N 505-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      146-бап. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды
 
                әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген
 
                түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және
 
                мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып
 
                алу
 
      1. Тамақ өнімі және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен 
заттардың жекелеген түрлері, оған қоса:
 
      1) алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының 
аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) балалар тамағы өнімдері, тағамға 
тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, 
бояғыштар, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары, сумен және 
тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдар;
 
      2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын), 
өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың 
негізінде дайындалған, халық үшін ықтимал қауіп төндіретін материалдар мен 
препараттар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы 
мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.
 
      2. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      3. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген 
түрлерін мемлекеттік тіркеу:
 
      1) заттар мен жекелеген өнім түрлерінің халық пен мекендеу ортасы үшін 
қауіптілігін сараптамалық бағалау;
 
      2) заттар құрамының, өнімдердің жекелеген компоненттерінің халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін белгілеу;
 
      3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттар мен жекелеген өнім түрлерін кәдеге 
жарату мен жою жағдайларын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерінің 
алдын алу жөніндегі арнаулы шараларды әзірлеу негізінде жүргізіледі.
 
      4. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті 
қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, 
дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен 
жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды 
әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта 
тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін уәкілетті 
орган белгілейді.
 
      5. Тамақ өнімдерін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен 
заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде оларға 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты 
шығыстарды өтінім берушілер көтереді.
 
      6. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген заттар 
мен өнімдердің тізілімі мерзімді баспа басылымдарында жариялануға жатады.
 
      147-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
 
      1. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг халықтың денсаулығы мен мекендеу 
ортасының жай-күйіне, оларды талдауға, бағалау мен болжауға, сондай-ақ халықтың 


 
денсаулығының жай-күйі мен мекендеу ортасы факторларының әсері арасындағы себеп-
салдарлық байланыстарды айқындауға байқау жүргізудің мемлекеттік жүйесі болып 
табылады.
 
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті уәкілетті орган айқындайтын 
тәртіппен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары 
жүзеге асырады.
 
      148-бап. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда
 
                болуы мен таралуының, халықтың улануының алдын
 
                алу
 
      1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, 
халықтың улануының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың 
мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы 
(профилактикалық), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық 
қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу, 
өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен 
ауыратын науқастарға қатысты, халықты медициналық тексеріп-қарауды, профилактикалық 
егуді, гигиеналық тәрбие беру мен оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
 
      2. Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шаралар Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгiзiлуге жатады.
 
      3. Инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, инфекциялық 
және паразиттік аурулармен ауырады деп күдік туғызатын адамдар, бактерия 
таратушылар оқшаулануға және емделуге, ал олармен қарым-қатынаста болған адамдар - 
медициналық байқауға алынуға және қажет болған кезде оқшаулануға және емделуге 
жатады.
 
      4. Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және 
паразиттік аурулармен ауыратын науқастар, созылмалы бактерия таратушылар Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетілуге жатады.
 
      
Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 124-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      149-бап. Қазақстан Республикасының аумақтарын санитариялық
 
                қорғау
 
      1. Автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, кеден одағының кедендік 
шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара арқылы 
өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаждарға, поезд бригадаларына, көлік 
құралдарына, халық денсаулығына қауіп төндіретін жүктерге санитариялық-
эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін санитариялық-карантиндік пункттер 
ұйымдастырылады.
 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде 
(санитариялық-карантиндік пункттерде) санитариялық-карантиндік қадағалауды халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның 
аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу 
пункттерінде санитариялық-карантиндік қадағалауды Қазақстан Республикасының кеден 
органдары жүргізеді.
 
      3. Әкелінуіне тыйым салынған қауіпті жүктер мен тауарларды, сондай-ақ оларға 
қатысты санитариялық-карантиндік қадағалау жүргізген кезде олардың Қазақстан 
Республикасының аумағына әкелінуі инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық 
емес аурулар мен уланулардың пайда болуы мен таралу қаупін төндіреді деп 
белгіленген жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол 
берілмейді.
 
      
Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 
N 297-IV
 (2010.07.01 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау