Алиаскарова Раушан Галиевна
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Мартбек Мамыраев с/о Ақжол ауылы
Әлібек Бүркітбаев атындағы ЖББ №12орта мектеп КММ
Біліктілігі: бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
Туған күні, айы,жылы: 31 қазан 1979 жыл
Ұлты: қазақ
Педагогикалық стажы:19 жыл
Шағын жоба
Тақырыбы: Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Өзектілігі:
Әрбір оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытып ғана қоймайды, сонымен бірге шығармашылықтарын арттырады және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі бақылауға,өзіне деген сенімділігі және айналасына деген көзқарасы қалыптасады.Өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыланады.
Зерттеу нысаны:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық бейімділігі
Пән: Қазақ тілі
Мақсат:
Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
Болжам:
Деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мүмкіндігі бар.
Міндеттері:
-Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық- практикалық амалдарын анықтау;
-Оқушылардың белсенді өзіндік жұмыс істеуін және танымдылықтарын арттыру;
-шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын құралдардын және жолдарын көрсету;
Ғылыми жаңашылдығы:
Деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстары арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.
Практикалық маңыздылығы
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында деңгейлік шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыны оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеру мүмкіндігіне қол жеткізуге боладындығы дәлелденді.
Жобаның тұжырымдамалық негізі:
Соңғы он жылда білім беру сапасын демократияландыру, ізгілендіру, технологиялау ісі мен инновациялық қозғалыстар қарқынды дамуда.Қазіргі таңда үздіксіз білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізді білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажетттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді, білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады.Сондықтан өмірге жан-жақты дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып- тәрбиелеу қажеттілігін дамыту мәселесі тұр..
Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.П.Беспалько)
Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі- Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі». Бұл технология оқушылардың ізденушілік,өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.Сабақта осы жобаны енгізбей тұрып-ақ келесі дайындықтар жүргізілді.
І. Дайындық кезеңі:
А. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұнымен және өзіндік ерекшеліктерімен теория жүзінде таныстым
«Кейін бұл деңгейлік тапсырмаларды шығармашылық негізде құрса қалай болады ?-деп ойлап, оны басқаша құру жолын іздестірдім.
Шығармашылық негізде құрылған деңгейлік тапсырмалар өз нәтижесін бере ала ма және оқушы үшін тиімді ме деп оны өз тәжірибеме енгізе бастадым.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де
шығармашылық туралы толық мағұлматы болуы керек. Сол себепті
психологиялық және педагогикалық деректер де негізгі алынды.
Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады.Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді.,сапасы биологиялық және әлеуметтік факторлармен байланысты, байқалып өріс алу дәрежесі әлеуметтік жағдайлар мен тұлғаның өзіндік белсенділігіне тәуелді. Ғылымда шығармашылық туралы ұғым ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеле бастаған.Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі».Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар.Психолог А.Лернер «Шығармашылық әрекет –білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі»-деп баға береді.
ІІ.Сыныпты бақылау кезеңі :
Алға қойылған мақсат пен міндетті жүзеге асыруда 4- сынып оқушыларының шығармашылық бейімділіктері психологиялық тесттер арқылы анықталды. Ол тест қорытындысы диаграммада көрсетілген.
4- сынып оқушыларының шығармашылық деңгейі
№
|
Шығармашылық сабақ
|
Күнделікті дәстүрлі сабақ
|
1
|
Оқушы өзі ізденеді,өзі оқып, өзі үйренеді.
|
Мұғалім оқушыға дұрыс, дайын ақпаратты береді.
|
2
|
Оқушы ақпаратты іздеуші, жазып алушы
|
Оқушы ақпаратты қабылдаушы, тыңдаушы
|
3
|
Проблемалық оқыту іске асырылады
|
Репродуктивті әдістер қолданады.
|
4
|
Оқушы белсенді қызмет атқарады
|
Мұғалім басыңқы қызмет атқарады
|
5
|
Жаңа нысанды зерттейді
|
Жаңа материалды тыңдайды, есте сақтайды
|
6
|
Шығармашылық «өнім» ойлап табады
|
Жаңа білімді меңгереді.
|
ІІІ.Қалыптастыру кезеңі:
Ж.Қараевтың оқушыны дамытудағы деңгейі негізінде біз оқушыны қалай шығармашылық деңгейге жеткіземіз?
Ол үшін өлең жазатын балалар саны және жекелей оқушылардың қызығушылықтары анықталады.
Шығарма жазалатындар саны және суретке қарап әңгіме құратындар саны жоғары. Себебі оқушылар мұндай жұмыспен бастауыш сыныптан бастап айналысып келе жатыр. Сол себепті оларға бұл жұмыс түрі оңай болды. Бірақ кейбір оқушыларда шығарма жазу барысында көптеген сөздік қорлардың жетіспеушілігі байқалды.Ал өлең жазуда 3 оқушы өздерінің өлең шығарушылық қабілетін байқатты. Шығарма жазатын оқушылардың арасында өлең шығаруға бейімділіктері бар оқушылар да анықталды. Бірақ олармен жұмыс істеу ғана жетіспейтіндігі көрінді.Сондықтан ол оқушылармен шығармашылық жұмыс істеу белгіленді. Оның ішінде шығармашылық деңгейлік тапсырмалар беру жоспарланды.
Шығармашылық қабілеттері
бойынша
|
Өлең жазатын оқушылар саны
|
Суретке қарап әңгіме жазатындар саны
|
Шығарма жаза алатындар саны
|
3 оқушы
|
8 оқушы
|
5 оқушы
|
Осындай психологиялық сауалнамалар мен тесттер алынғаннан кейін оқушыларды шығармашыллыққа бейімдеудің деңгейлері анықталды.
Шығармашылықтың І деңгейі -ұстаз бен оқушылардың қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым-қатынас жасау арқылы шығармашылыққа бейімдеу.Оқушы бұл деңгейде күрделі емес, сөз тіркесін, сөйлем құру сияқты тапсырмаларды орындайды.
ІІ деңгейі- сабақ барысында жоспарлаудан бастап іс- әрекетті тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады.
ІІІ деңгей- айқындалу- ұстаз бен оқушы шығармашылық жұмыстың жетекші түрін анықтап, күрделі жұмыстармен айналысады.: шығармашылық кеш ұйымдастыру, өлең шығару, көрме ұйымдастыру, шағын ғылыми жоба жазу...
Менің тәжірибемде шығармашылықтың І және ІІ деңгейлері іске асырылды.
Бұл деңгейлер тәжірибеде қалай іске асырылды? Ол үшін не жасалды?
1. Әр пәннің тақырыбына лайықтап деңгейлік тапсырмалар дайындалды.
Қазақ тілінен «Одағай» тақырыбын өткен кезде оқушыларға үш деңгейлік тапсырма беріледі.Үш тапсырма да шығармашылыққа негізделген.
І деңгейлік тапсырма
Одағай сөздерді пайдалана отырып сөйлем құраңдар.
ІІ деңгейлік тапсырма
Суретке қарап, әңгіме құру. Ол әңгімеде одағай сөздер болуы керек.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Одағай сөздерді қолдана отырып, өлең жазу.
4- сынып оқушысының құраған өлеңі
Аһ деп шаршап анам келді жұмыстан,
Уһ деп шаршап әкем келді құрылыстан.
Екеуінің алдына тамақ қойдым бұрыштап,
Пай-пай тамағың қалай жақсы деп
Тағы мені мақтап қойды дұрыстап.
Әдебиеттік оқу сабағында дәл осындай деңгейлік тапсырмалар берілді.
І деңгей
«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің мазмұнын қара сөзбен айту
ІІ деңгей
«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі бойынша өзінің ән туралы мәтініңді құр
ІІІ деңгей
«Құлақтан кріп бойды алар» өлеңі бойынша ән туралы өз өлеңіңді жаз.
4- сынып оқушысы өз әнін шығарып айтып берді.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Сызылта салған саз әуен,
Құмарта оны жұрт тыңдар,
Әуеніне беріле.
Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар негізінде 4- сыныптың «ашық журналы» жасалды.
Деңгейлік тапсырмалар 12 балдық жүйемен бағаланады.
Ү- үйде орындалатын тапсырма.
Оқушылардың шығармашылығын пәнаралық байланыс арқылы іске асыру. Қазақ тілі сабағында «Сан есім» тақырыбын өткен кезде берілген деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Өлең жолынан сан есімдерді тауып, сол сан есімнен тіркес құра.
ІІ деңгей
Ішінде сан есімдері бар әнді табыңдар
М. Мақатаевтың « Солайда солай қарағым, отыздан асып барамын» өлеңі.
А. Қоразбаевтың «Сағындырған жиырма бес» өлеңі
Халық әні «Бес жерде бесім жиырма бес»
Бұқар жыраудың «Жас кезеңдері» өлеңі
ІІІ деңгей Сан есімдері бар тақпақ не санамақ құра
Бір дегенім- бесік,
Дүниеге кең ашылған есік,
Екі дегенім- еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Үш деген –үкі,
Әділ болуға бекі.
Төрт деген-төстік,
Ата-ана ақылымен өстік....
Шығарма жазуды деңгейлеп іске асыру 4- сынып
І деңгей
«Алтын күз» атты тақырыпта әңгіме жазу
ІІ деңгей.
«Алтын күз» туралы эссе жазу
ІІІ деңгей.
«Алтын күз» атты тақырыпта шығарма жазу
Оқушы әңгіме, эссе жазу деңгейін игергеннен кейін шығармаға төселеді.
Шығармашылықтың І деңгейі бойынша жүргізілген жұмыстар:
Ұстаз бен оқушы арасындағы диалог немесе сұхбат
Оқушыға бағыт- бағдар беру арқылы шығарма жаздырту
Оқушыға көмектесе отырып өлең жаздырту
Оқушымен бірге сөзтізбе, сөз жұмбақ, бейнесөз, сөзжұмбақ құру
Метаграммалар
Елде бар, Әнде бар, Түсте бар, Жаста бар
Орақта жоқ, Күйде жоқ. Қаламда бар. Кәріде жоқ.
Суда бар, Сәнде бар, Сүтте бар, Жастықта бар,
Құрақта жоқ. Биде жоқ. Даламда бар Қарттықта жоқ.
Жұмбақтар
Пеш қасында ақ құман Бір орында тұрмайды
Екі көзін тарс жұмған. Жел қуалап ойнайды.
(ақ мысық) (қаңбақ)
Келе жатсаң шөлде, Тастан- тасқа секіреді,
Алыстан бұлдырайды көзге, Тауды мекендеп жүреді
Бұл не? (арқар)
(сағым)
Шығармашылықтың ІІ деңгейі бойынша жүргізілген жұмыстар:
Жұмыстың әдісі таңдап алынды.
Ізденушілік-зерттеушілік, проблемалық, талдау, қорғау,түсіндіру әдістер қолданылды.
Жұмыстың түрі мен мазмұны таңдап алынды:
Сабақта және сабақтан тыс жұмыстар түрі(тәрбие сағаттары,әдеби кештер, пәндік үйірмелер,конференциялар,дәстүрлі емес сабақтар, дөңгелек үстелдер).
Қол жеткізген нәтиже:
І,ІІ,ІІІ деңгейлік тапсырмаларды орындауда 4 -сынып оқушыларының шығармашылық тапсырмаларды орындау деңгейінің өскені байқалды
Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар арқылы қол жеткізілді:
1.Оқушылардың бойында шығармашылық бейімділіктері жоғарлай бастады.
2.Шығармашылық деңгейдің І және ІІ деңгейлері іске асырылды.
3.Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынды.
4.Шығармашылық жұмыстардың түрлерін қолдану жиілігі артты.
5.Оқушының ізденушілік, танымдылық, өзіндік жұмыс істеу белсенділігі артты.
6.Осы жоба бойынша шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жинағын шығару жоспарланды.
Қолданылған әдебиеттер
1.Ж.А.Қараев.Оқыту процесін технологияландыру. Алматы, 2001.
2.А.Г.Селевко. Современные образовательные технологии. Москва,1998.
3.Оқыту, тәрбиелеу технологиясы. Ғылыми-әдістемелік журнал.Алматы.
4.Білімдегі жаңалықтар.Ғылыми-әдістемелік журнал.Астана.2009.
Достарыңызбен бөлісу: |