бөлінеді.
Жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау ауруларды ерте сатыларында
анықтау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер
факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында
халықтың нысаналы топтарына жаппай әдіспен жүргізіледі.
Іріктеп медициналық тексеріп-қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе
қатер тобына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олардың ауруларын емдеу және
денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында
жүргізіледі.
7. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын адамдардың нысаналы
топтарын, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін
уәкілетті орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тұрғыдан
орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негізінде белгілейді.
8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай тексеріп-
қарауға жататын адамдардың профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуі үшін
жағдай жасайды.
9. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп-
қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп
танылған адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.
10. Жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алу мен жүргізудің тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
11. Міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың уақтылы
өткізілуі мен оны уақтылы өтуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласында, медициналық қызметтер көрсету саласында қызметін жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік
еңбек инспекторлары бақылайды.
Ескерту. 155-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде инфекциялық және паразиттік ауруларға
қарсы профилактикалық егілуге міндетті.
2. Профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, тәртібін, оларды
жүргізу мерзімдерін және жоспарлы түрде егілуге жататын халықтың топтарын Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы)
препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары сатып алатын профилактикалық
(иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтау
уәкілетті органның қоймаларында жүзеге асырылады.
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
157-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік
аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы
1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың
профилактикасы:
1) мынадай:
салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;
бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту
бағдарламалары арқылы халықты хабардар ету;
созылмалы инфекциялық емес аурулардан зардап шегетін адамдарды өзіне-өзі
көмек көрсетудің қажетті әдістеріне үйрету жөніндегі денсаулық мектептерін
ұйымдастыру жолымен аурулар қатерінің мінез-құлық факторларының профилактикасын
және халықтың медициналық сауаттылығын арттыруды;
2) алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының бекітілген
тұрғындардың аурулар қатері факторларына, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының
- жұмыс істейтіндердің кәсіптік ауруларына жүргізетін мониторингін;
3) мемлекеттік органдардың өз өкілеттігі шегінде, өзге де органдар мен
ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар қатерінің өндірістік факторлары
әсерін барынша азайтуды;
4) созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды
халыққа медициналық тексеріп-қарау жүргізу, оларды дәрігерге ертерек қаралуға
уәждеу арқылы анықтауды;
5) азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді,
қалпына келтіріп емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса алғанда, созылмалы,
оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы
сауықтыруды;
6) уәкілетті орган бекітетін тәртіпке сәйкес, медициналық қорытындыда
көрсетілген мерзімге денсаулық жағдайына байланысты неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша
ауыстыруды қамтиды.
2. Жарақаттанудың профилактикасын сектораралық деңгейде мемлекеттік органдар
- өз өкілеттіктері шегінде, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға
тәуелділіктің профилактикасы
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы:
1) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің зияны, сондай-ақ
оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді
насихаттауды;
2) психикаға белсенді әсер ететін заттар айналысы саласындағы жарнамаға тыйым
салуды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды әзірлеу, дайындау және пайдалану
тәсілдері, әдістері, оларды сатып алу орындары туралы насихаттауға тыйым салуды,
сондай-ақ мамандандырылған медициналық басылымдарда құрамында есірткі, психотроптық
заттар мен прекусорлар бар дәрілік препараттар үлгілерінің жарнамасын шектеуді;
3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының
және мінез-құлқының бұзылушылығы (ауруы) бар қатер тобындағы адамдарды
профилактикалық байқауды және есепке алуды;
4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктен зардап шегуші
адамдарды ерікті түрде, жасырын емдеуді;
5) нашақорлықпен ауыратындарды ерікті түрде медициналық-санитариялық оңалтуды
қамтиды.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын
барлық жеке және заңды тұлғалар өздерінің құқықтары шегінде жүзеге асырады.
159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы
және оны шектеу
1. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу халықтың
денсаулығын сақтауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқылы адамдар үшін
жас мөлшерін шектеуді енгізу, темекі шегушілікке, алкогольді тұтынуға халықтың өмір
Достарыңызбен бөлісу: |