сақтауға тиіс.
3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-
жайларға қарамастан адамның
құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға
жәрдемдесуге;
5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол
бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-
жігер жұмсауға;
6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге,
сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің
кәсіптік қызметіндегі
кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика
қызметкерлері:
1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен
биязылық танытуға;
2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және
әріптестерінен кеңес сұрауға;
3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне
көпшілік алдында күмән келтірмеуге;
4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы
олардың кәсіптік борышы болып табылады.
6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина
және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін
қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.
7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі
үгіт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.
9-1-бөлім. Ұлттық алдын алу тетігінің негізгі ережелері
Ескерту. Кодекс 9-1-бөліммен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
31-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі
184-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі
арқылы
жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі
түрінде қолданылады.
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде мәжбүрлеп
емдеуге арналған ұйымдарда (мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда,
мәжбүрлеп емдеуге арналған
наркологиялық ұйымдарда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу
шараларын қолдануға арналған психиатриялық стационарларда (мәжбүрлеп емдеу үшін
жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда, мамандандырылған үлгідегі
психиатриялық
стационарда, жіті бақылау жасалатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық
стационарда) және осы қатысушылардың болуы (бұдан әрі – алдын ала болу) үшін
Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарда болады.
3. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін,
азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер,
әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып
табылады.
4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының
қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен
кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
шаралар қолданады.
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын
өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
тәртіппен бюджет қаражатынан
жүзеге асырылады.
184-2-бап. Үйлестіру кеңесі
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету
мақсатында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы
азаматтарының қатарынан сайлайды.
2. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл:
Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;
алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар
құру тәртібін;
алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы
дайындау тәртібін бекітеді.
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің
Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке
жатпайтын немесе ар-намысты
қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен
өзара іс-қимыл жасайды.
184-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына
қойылатын талаптар
1. Мынадай:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
2) қылмыс жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған
адамдар;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер,
сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын
алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери
қызметтен, құқық қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған
немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған
лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу
тетігінің қатысушылары бола
алмайды.
184-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай
ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас
жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;