Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет31/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58

 
      1. Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингі медициналық және 
фармацевтикалық ұйымдарда уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
 
      2. Денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органға дәрілік заттың басқа да 
дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері және жанама 
әсерлері, оның ішінде дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген 
жанама әсерлері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
 
      86-бап. Жаңа дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
 
               бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат
 
      Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жаңа дәрілік 
заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы, мемлекеттік 
тіркеуден өтпеген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 
заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар туралы, мемлекеттік тіркеу 
туралы шешімді қайтарып алу туралы, сондай-ақ дәрігердің рецепті бойынша 
босатылатын дәрілік заттар туралы ақпарат медицина және фармацевтика 
қызметкерлеріне арналған мамандандырылған баспа басылымдарында беріледі.
 
   5-БӨЛІМ. АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ 
   16-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН 
МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ 
      87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз
 
               етудің кепілдіктері
 
      Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына:
 
      1) денсаулық сақтау құқығына;
 
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне;
 
      3) медициналық көмекке бірдей қол жеткізуіне;
 
      4) медициналық көмектің сапасына;
 
      5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен 
қауіпсіздігіне;
 
      6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды 
қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне;
 
      7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің 
сақталуына;
 
      8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және 
ұрпақты болу құқықтарының сақталуына;
 
      9) санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық салауаттылыққа және радиациялық 
қауіпсіздікке кепілдік береді.
 
      88-бап. Азаматтардың құқықтары
 
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
 
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін 
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
 
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік 
заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде 
белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті 
орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен 
берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз 
етілуге;
 
      3) медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
 
      4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты 
және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;
 
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен айғақтар болған 
кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
 


 
      6) медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы 
бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан 
денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
 
      7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық 
туралы анықтама бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;
 
      8) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың 
құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және 
медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған ортаның жай-күйін, 
еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнімдерінің 
қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың 
қорытындыларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы дәйекті 
ақпаратты өтеусіз алуға;
 
      9) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника 
айналысы саласындағы мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сарапшы ұйымдардан және 
субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;
 
      10) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот 
тәртібімен шағым жасауға;
 
      11) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, 
тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш беруге құқығы бар.
 
      2. Әйелдің ана болу туралы мәселені өзі шешуге және отбасын жоспарлау мен өз 
денсаулығын сақтау мақсатында, өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі 
заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.
 
      Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
 
      1) ұрпақты болу жасындағы әйелдерге тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлемінің шеңберінде медициналық тексеріп-қарау, оларды динамикалық байқау 
және сауықтыру;
 
      2) науқас баланы күтіп-бағу үшін стационарға түскен кезде әйелдердің ұрпақты 
болу денсаулығына және баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды 
медициналық айғақтар бойынша емдеу арқылы қамтамасыз етіледі.
 
      Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың жұмыс уақытының режимі, жүктілігі 
мен босануы бойынша демалысы және еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының 
еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
 
      3. Психикасының бұзылушылығы (ауруы) бар адамдардан басқа, жыныстық 
сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар.
 
      Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру 
және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілейді. 
 
      4. Бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас 
бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған 
азаматтарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын 
тәртіппен көрсетіледі. Аталған адамдар медициналық көмек алу кезінде Қазақстан 
Республикасы азаматтарының жоғарыда келтірілген барлық құқықтарын пайдаланады.
 
      5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше 
көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы 
жоқ адамдардың айналасындағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық 
көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.
 
      6. Азаматтар денсаулық сақтау саласындағы электрондық нысанда көрсетілетін 
мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау