ПОӘК 042-14-3-04.104-2009
|
№ 1 баспасы
30.09.2009ж
|
бет -тен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | 3 деңгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК | ПОӘК 042-14-3-04.104 -2009ж | ПОӘК «Мемлекет және бизнес» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар | № 1 баспасы 30.09.2009ж |
050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2009
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Магистранттардың өздік жұмысы
1. Глоссарий.
Акциз- салық төлеудің бір түрі, ҚР-на кіретін бөлек тауарларға арналған және таможня органдардан алынған салық.
Шетелдік валюта: ақшалай белгілер банкноттық түрде, монеталар, шетел мемлекет территориялардағы заңға сәйкес қолданылатын қолма-қол есеп айырысу сонымен қатар валюта айырбастауға мүмкіндігі бар;
Сыртқы сауда: ішкі тауарлар арасындағы, келісімшарттар, ұсыныстар, информация береді.
Тауарды импорттау – ҚР-ның таможняя территориясына тауарларын кіргзу, қайта шығаруды қамтамасыз естпеу.
Квоталық импорттау – импорттық тауарлар саны мен бағасы арасындағы қарым-қатынас.
Иформация, коммерциялық құпия – техникалық, технологиялық, саудалық, қаржы-экономикалық және басқа да ұйымдардың құпиялары, информацияны білетіндер және бұл құпияға заңға сәйкес білетін болса, ел коммерциялық құпияны сақтау керек.
Коммерциялық құпия- құпия информация, информацияны білетін өзінің кірісін жоғарлатады, шығысын азайтады, тауарлар нарығында сақтау, жұмыс, ұсыныстарды және коммерциялық пайда табу керек.
Лицензия - рұқсат қағаз, экспортқа мен импорқа мемлекеттік органдардан алынатын рұқсат қағаз.
Тауарға жағымды баға - тауарларды жағымды бағаға сату.
Шығыстар - штелдік тауарларға қайтадан переработка жасауға келмейтін тауар.
Саясат - әлеуметтік топтармен, ұлттармен, кластармен, ядро мемлекеттік проблема.
Келісім - заңды немесе жеке тұлға арасындағы келісім, өзгерістер мен тоқтатуды құқылы.
Электрондық құжат- құжат, информация электрондық - саңдық түрде көрсетіледі.
Отандық тауар- бұл тауар ҚР ішінде шығарылған таза өнім.
Электрондық сандық қол - электрондық құжаттың бір түрі, жасанды электрондық құжаттардан сақтау. Көптеген қиын жағдайлар болса сандық электрон қорғап қалады.
Приватизация-мемлекеттік меншігінлігі заттарды граждандарға беру.
Резидент - жеке тұлға ҚР азаматтығы бар, бірақ шетелдік мемлекетінде сәйкес өмір сүруші.
Сертификат-бұл құжат техникалық құрылымы мен стандартты келісім-шартта көрсетілген.
Кедендік ақша - ақша ҚР шығарылған тауарға немесе кірген тауарға төленетін төлем құралы.
Экономикалық саясат- бұл саясаттың белгілі бір бөлігі, мемлекеттің ең маңыздысы экономикалық саясатта халықтың әлеуметтік жағдайын бақылаймыз.
Экспорт - кедендік режим тауар-экспорт сонымен қатар шығарылатын тауар болып табылады немесе сол мемлекеттің кеденінен шыққан нәрсе.
Юрисдикация- құжат, ақпараттық жйүе бойынша қарастырылады.
2. Дәрістер
8.1. Мемлекет және бизнес пәні бойынша дәрістер жинағы:
Тақырып 1. Мемлекеттің әрекет етуінің экономикалық аспектілері
Экономика мен саясат арасындағы қарым-қатынас. Саяси императивтер. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы көзқарастар эволюциясы. Нарықтық экономика концепциясы және қоғамдық жағдайдың алғашқы негіздері. Мемлекеттің экономикалық ролінің артуы. Мемлекеттің функциялары. Кейнс теориясы және мемлекеттік-монополиялық саясат. Мемлекеттің экономикаға әсер ету формалары мен әдістері. Директивті және көмекші реттеу. Үкімет пен жергілікті билік орындарының функцияларын шектеу. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарындағы реформалар.
Қазіргі жағдайда «экономика» анықтамасы келесі аспектілерді қарастырады:
1. қоғамның экономикалық базисы, құқықтық қарым-қатынас жиынтығы;
2. мемлекеттің халық шаруашылығын;
3. экономика саласындағы қарым-қатынас ерекшелігін.
Экономика – бұл өз өмірлерінің материалдық шарттарын қамтамасыз етумен байланысты адамдардың барлық қызметі. Экономика дегеніміз қоғам санасындағы формаларын анықтайтын саяси қондырмасы бар нақты базис.
Саясат – бұл мемлекеттік істерді жүргізу, әлеуметтік топтар, ұлттар арасындағы қарым-қатынас, ол мемлекеттік билікті атқаратын орталық бөлім.
Экономика мен саясат келесі қарым-қатынасты білдіреді:
саясат дегеніміз бұл экономиканың байытталған көрінісі;
саясат экономикадан озық болуы мүмкін емес;
Экономикалық саясат – бұл жалпы саясаттың негізгі бөлігі, мемлекет шешетін экономикалық шаралардың жиынтығы.
Экономикалық саясат қоғамдағы экономикалық стратегия мен экономикалық тактикадан тұрады. Экономикалық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік экономикалық қызметіне ерекше маңыз береді.
2. Мемлекет – бұл қоғамды басқару қызметін атқаратын саяси институт.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттік рөлі келесі функциялар арқылы белгіленеді:
1)Құқықтық негіз құру. Мемлекет меншік құқығын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын анықтайтын және т.б. белгілейтін заңдар дайындайды және қабылдайды.
2)Ұлттық қауіпсіздік және мемлекет ішінде тәртіп сақтау. Мемлекет қоғамның, нарықтық экономика субъектілерінің, жеке адамдардың қорғау және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
3)Экономиканың тұрақтануы. Тұрақтылық – бұл экономиканың тұрақты дамуының кепілдігі. Тұрақтылыққа жету үшін фискалдық саясат, қаржы-несиелік, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттарын жүргізу жолдарын жақсарту.
4)Әлеуметтік қорғау және кепілдік беруді қамтамасыз ету. Мемлекет әлеуметтік саясат жүргізу арқылы өз тұрғындарына қартайғандарға зейнетақы, жұмыссыздар пенсия, жұмысшыларға еңбек ақы минимумы, мүгедектерге зейнетақы. Мемлекет мұндай саясат жүргізе тұра, өз мемлекеті ішінде барлық азаматтарына өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етеді.
5)Бәсекелестікті қорғау. Бәсекелестік – нарықтық шаруашылықтың негізгі реттеушілерінің бірі. Ол экономиканың барлық сферасында дамудың негізі болып табылады, себебі ол тауар өндірушілерді және қызмет көрсетуде өнімнің сапасын жоғарылатуға, жаңашылдықтар енгіздіреді. Мемлекет барлық күшімен бәсекелестікті қолдауға тиіс.
6)Шаруашылық заңдылықты дайындау, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру, яғни кәсіпкерлік, салық салу, банктік жүйенің құқықтық негізі. Осы қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет өзінде бар барлық ресурстар мен рычагтарды қолданады.
Қазіргі кезде дамыған нарықтық экономика мемлекеттің әсерінсіз өмір сүре алмайтынын қоғам түсінген.
3. Экономикалық реттеу – мемлекеттің экономикалық ролінің бір жағы ғана. Мемлекет өзінің өмір сүруімен (әскерімен, полиция, түрме, басшылығымен) мықты экономикалық фактор бола алады. Мемлекеттің экономикаға белсенді әсер етуі – жаңа экономика дамуының экономикалық факторы.
Мемлекет экономикалық дамудың барлық моделінің қызметі сәтті болу үшін жағдай жасауы тиіс. Әр мемлекеттің ең басты міндеті нарықтық механизм қызметін жеңілдету және қолдау көрсету, кемшіліктерінің орнын толтыру, нарықтың апаттарына табиғи реттеу жасау болып табылады. Мемлекеттік реттеу осы міндеттерді атқарады.
Экономиканың мемлекеттік секторы ХХ ғасырда өзіне базалық салалардың біраз бөлігін қоғамдық мазмұны бар кәсіпорындар ғылыми кәсіпорындарды қосады. Мемлекеттің қаржылық жүйесі өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеудің келесідей мақсаттарын анықтайды:
өндірістің экономикалық дамуын қамтамасыз ету
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
экономикалық және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Тақырып 2. Мемлекет және бюрократиялық нарық
Бюрократизмнің тарихи тамыры мен мәні. Қазақстандағы бюрократизм элементтері. Бюрократия және демократия. Бюрократизмді жеңудің маңызды құралдары. Бюрократиялық нарық концепциясы. Коммерциялық емес ұйымдардағы бюрократизмді анықтаушы факторлар. Әкімшілік рента. Ұжымдық әрекеттердің логикасы. Қоғамдық таңдау теориясы. Институционалды емес қатынастар. Лоббирование мәні. Қазақстандағы және АҚШ-дағы лоббирование.
1. «Бюрократия» термині француз тілінен аударғанда «кеңселік үстем» деген мағынаны білдіреді. Жалпы «үстемдік» құпиясын ашу оңай емес. Сонымен қатар, жалпы тарихта оның өлмейтіні жайлы айтады. Бірақ та бюрократияның өмір сүруі оның тамыры мен өмірлік күшін табуға көмектеседі.
Алайда басқа жағынан алғанда бюрократия – мемлекеттік аппараттың шынайы функциясын қоғамдық өмірден ұйымдастырушылығынан бөлініп алынған бөлігі. Бірақта бюрократияның еркіне бюрократиялық әдіс біртіндеп мекеменің барлық органдарының қайраткерлеріне енетіндіктен мемлекеттік аппараттың функционалдануы тәуелді болады.
Жалпы бюрократтар – бұлар ерекше үстемдігі жоқ жұмысшылар болып табылады.
Бюрократия – бұл тек қана адамдардың үстінен объективті заң арқылы үстемдік етудің көптен бір бөлігі болып табылады.
Алайда үлкен көлемдегі қоғамдық басқару қажеттілігі бар және де ең маңызды рөл дамыған индустриалды технология болатынын ауыспалы экономикада басқарудан кеткен қоғамда бюрократизм болады. Сонымен қатар, көзқарастардың бірі: бюрократизм негізгі экономикалық және саяси-идеологиялық себепке ие болған жоқ. Басқарудың кемшілігі, жоспарлау, жабдықтау жұмысшылардың нақты бөлігінің саяси және өнегелі сананың кемшілігінен жеке бюрократтарға қатысты қатаң әкімшілік шаралардың жоқтығымсен.
Жалпы екі көзқарастың негізгі айырмашылықтары келесідей болып көрсетіледі: бірінші ұстанымда бюрократизмі барлық кемшіліктерін түзей отырып тамырлауға мүм кін болады; екінші көзқарастың ұстанымынджа бюрократизмі толығымен жою мүмкін емес және бюрократиялық беталыстары іске қосатын негізгі таралу шегіне қарсы күрес қойылу керек.
Бюрократизмінң тамыры – бұл әлеуметтік қоғамның құрылымынан саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың үстемділінен туындайтын себептері.
Бюрократизм өзінің тұрмыстық түрлерінде, ғасырлар бойы үстемдік жағдайда қаралған: формализм әлеуметтік сатыда төмен тұрғандарды кемсіту және ондағы жоғарғы дәрежедегілерді көрсету болып табылады. Сонымен қатар, жалпы әлеуметтік бюрократияның жеке элементтері:
Саяси аппараттардың шыңы;
Шаруашылық басқару;
әскери-басқармалардың кешендерін басқару.
Басқару аппаратындағы бюрократизмінің себептері:
Себептер
|
Себептердің нақтылануы
|
ұйымдастырушылық
|
Шаруашылық органдардың ауысуы көптеген құжаттар көмегімен іске асыру процесс. Шаруашылық басқару әдістері мен тәжірибелік тұлғалық түрдің қолдануы
|
әлеуметтік
|
Жұмыс істеу аппаратындағы демократиялық әдістер мен түрлердің дамығандығы, жұмысшылардың бағалау жүйесін жария ету, басшыларды мамандану деңгейінде төмендету
|
құқықтық
|
Шаруашылық органдар мен басшылары арасындағы анықталған құқықтық негіздің жоқтығы
|
ақпараттық
|
Ақпаратты енгізу және шығаруға, сақтауға, өңдеуге жинау үшін қазіргі заманға техникалық негіздер жоқтығы
|
Жалпы бюрократизмнің формаларын қоғамдық түрде жүзеге асыру барысында, жалпы неғұрлым ұйғарымды болуы тиіс. Сонымен қатар басқару аппараттар жүйесі бюрократиялық екі түрден тұрады: технологиялық және әлеуметтік. Негізгі бюрократияның технологиялық және де әлеуметтік негізгі бюрократияның технологиялық басқару процессін құрайды, және де бұнда тікелей түрде бағытталған:
Біріншіден, өзін-өзі басқару бюрократияның технологиялық және органикалық мүмкіншіліктерін қолдану барысында талап етілген.
Екіншіден, жалпы басқару шаралары барлық жерде негізгі ұйғарымды түрде жүзеге асырылады, сонымен қатар басқарушылардың өкілетті - өкілі субъектілердің және де негізгі басқару субъектілерін жоғарғы және төмен ретінде қарастырылған.
Үшіншіден, басқару мүмкіншіліктері, басқару аппараттарын барлық сатып алушыларға әрқашанда қанағаттанады.
Төртіншіден, алайда өзін-өзі басқару мүмкіншіліктері бюрократиялық формаларын жасау, яғни бұл әлеуметтік жағынан қызметтерін өзгерту болып табылады.
Сонымен қатар, бюрократияның технологиялық басқару жүйелері технологияны жетілдірумен қатар ұйымдастырушы аппараттарымен қатар, материалдық базаларды жоғарғы сапалы түрде дайындау мен қатар кадрларды да енгізу және тағы басқа сияқты тұжырымдамалар енгізілген.
Сондай-ақ тарихи технологиялық мінездемелер ретінде, басқару технологиялық мүшелері ретінде әртүрлі қоғамдық даму кезеңдерінде басқарудың мәдени айырмашылықтары болып табылады.
2. Қазіргі кездегі бюрократияның басқару әлеуметтік жүйедегі шарттарын мемлекеттің әлеуметтік үлгілерін көрсетуге болады.
1. Әлеуметтік ерекшеліктері, яғни бұл мемлекеттердің әлеуметке сәйкес келуі, сонымен қатар леуметтің кәсіпкерлік және де мемлекеттік аппараттарды жалпы қоғамдық түрде қарастырылады.
2. Алайда ұлттық өнімді үстемдік ретінде қарастыруға болады, сондай-ақ өзін-өзі басқару және демократиялық даму барысында мемлекеттік меншік әлеуметтік жағынан белгілі бір ортаға тән.
3. Мемлекеттің негізгі үстемдік формалары бұл негізгі меншіктік аппараттардың формалары бюрократияның негізгі процесс ретінде байланысты болып табылады.
4. Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтердің саяси басқару аппараттарын қолдануға тиіс.
5. Сонымен қатар мемлекеттік құқықтық – бұл жалпы мемлекеттің әлеуметтік яғни көптеген бюрократиялық процестер болып саналады.
6. Сондай-ақ бюрократия монархиялық салт-дәстүрлерін кеңінен қатаң түрде қолданылған.
Жалпы бюрократиялық себептері:
сондай-ақ келісу мөлшерде (яғни бұнда мемлекеттік аппараттарды қолдану);
қорлар балансты қажет ету үшін пікірлер қолданылады;
техникалық және технологиялық басқарулар.
Алайда бюрократиялық ұйымдастыру бұл арнайы басқару шараларында жүзеге асырылады. Жалпы бюрократиялық элементтер барысында насихаттау және жарнамалау шетелдік тәжірибеде мемлекеттің бюрократиялық жүйедегі тиімділік маңызы болып табылады. Мемлекеттік және бюрократиялық нарықтарда көптеген әлеуметтік ерекшеліктер мен мемлекеттік аппараттардың негізгі функционалды болып табылады. Жалпы әлеуметтік қоғамдарда саяси құрылымдар жүзеге асырылады.
Тақырып 3. Мемлекет және нарыққа трансформациялану кезіндегі спонтанды либерализация
Экономикалық жүйелердегі бұйрықты және спонтанды тәртіптер қатынасы. Аралас қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет. Өтпелі экономика модельдері. Өтпелі экономикадағы мемлекет фунцияларының модификациясы. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі сүрінулер.Трансформация шығындары. Ресей мен Қазақстанның мемлекетшілік тәжірибесі. Мемлекетшіліктің болашағы.
Тақырып 4. Экономиканың мемлекеттік секторының мәні
Қоғамдық игіліктер және қызмет көрсетулер. Фрирайдерство мәселелері. Мемлекеттік-монополиялық экономиканың мәні, оның нәтижелері. Демонополизация. Меншік және нарықтық қатынастар жүйесіндегі экономикалық көзқарастар. Нарыққа көшу жағдайындағы мемлекеттік меншік. Мемлекеттік кәсіпкерліктің экономикалық мәні. Экономиканың мемлекеттік секторларын либерализациялаудағы Еуропалық бірлестіктің тәжірибесі.
Тақырып 5. Кәсіпкерліктің мәні және қалыптасуы, оның қазіргі қоғамда алатын орны.
Кәсіпкерліктің мәні және негізі
Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері
1. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммерциялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлік субъектілер жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар жеке және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері:
шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауға еркін.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет:
Экономикалық. Экономикалық жағдай тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.
Құқықтық жағдай кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы.
Әлеуметтік жағдай жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.
2. Кәсіпкерліктің түрлері:
1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадлай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық қаржылық және кеңестік.
2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек.
4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық-құқықтық; 2) ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер.
Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) жауапкершілігі шектелмеген серіктестік, 2) командитті (сенімге негізделген) жауапкершілігі шектелген серіктестік. Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және халықтық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алды.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы-өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақсатнда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекелін өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам. Қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады.
Тақырып 6. Жекешелендіру жеке меншік секторын құрудың факторы ретінде.
Жекешелендіру дегеніміз меншікті мемлекет иелігінен алу және оны жеке меншікке өткізу.
Жекешелендірудің субъектісі – жеке азаматтар, заңдық мағынада – кәсіпорындар мен ұйымдар. Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін.
Жекешелендіру объектісі – мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы активтері, тұрғын үй қоры т.б.
Жекешелендірудің мақсаты:
өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру;
мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
Халықаралық практика көрсеткендей жекешелендірудің ек варианты бар:
«қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу.
«жұмсақ» вариантты жекешелендірудің ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру – мемлекеттің меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ-та кеңінен қолданылады.
Қазақстандағы жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмай басқару жүйесі кезінде мемлекеттік меншік түрі өте қатты дамыды. Практика көрсеткендей, меншікті мемлекеттендірудің басты екі олқылығы болды:
а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі (иегері) жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді.
ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп экономиканың артықшылығы топталады.
Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен иалу жекешелендіру арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер азаматтарға берілді.
Ұлттық бағдарламаға сай ҚР мемлекеттен меншікті алу мен жекешелендіру төрт кезеңде жүргізілді:
бірінші кезең – 1991-1992 жылдар;
екінші кезең 1993-1995 жылдар;
үшінші кезең – 1996-1998 жылдар;
төртінші кезең – 1998-2000 жылдар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
шағын және орта бизнесті дамыту;
шет мемлекет өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретіндже инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.
Қазақстан Республикасының ерекше меншік объектілерін жекешелендіруге жатпайды. Олар – жер, оның байлығы, су, әуе кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары.
Мемлекеттен меншікті алу – жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысуын қарастырып, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекеттен меншікті аллудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелсетік пен кәсіпкерліктің және әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың дамуына бірдей жағдай жасау.
ҚР мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлгін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін коцепсияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
ғ) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.
Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:
а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады;
ә) конкурстық-таңдау сатушының ойынша дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;
б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;
в) купондық тәсіл.
Қазақстандық модельдің негізгі ерекшеліктері:
1.Жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз үлестіру;
2.Жекешелендірілген инвестициялық купонды тек қана инвестициялық –жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі болды.
Тақырып 7. Жеке кәсіпкерліктің экономикалық механизмін жетілдіру жолдары.
Кәсіпкерлікті экономикалық ынталандыру факторлары. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |