Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген



жүктеу 221 Kb.
Дата11.01.2020
өлшемі221 Kb.
#26301
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген

        1. 2017 жылғы ____ ________ №_____



2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы

нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттама


  1. Жалпы ереже




  1. Осы конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына сәйкес жарияланған 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша байқауға қатысу талаптарын бекіту мақсатында әзірледі.

  2. Осы конкурстық құжаттамада 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша мынадай қысқартулар пайдаланылады:

салалық уәкілтті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ);

ҚР БжҒМ ҒК– Қазақстан Республикасы білім министрлігінің ғылым комитеті;

конкурс - 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша конкурс (бұдан әрі - конкурс);

КҚ - 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша конкурсnың құжаттары;

өтінім - 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге өтінім (бұдан әрі - өтінім);

ЖҒТК - Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия;

ҒТБ - ғылыми-техникалық бағдарлама;

ҚР - Қазақстан Республикасы;

орындаушы - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары және олардың Өтінім берген ұйымдары;

Орталық - «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамы.




  1. Конкурстың нысанасы болып табылатын ғылыми зерттеулер тақырыптарының атауы




Ғылымды дамытуды басым бағыттары

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық- нысаналы қаржыландырудың мамандандырылған ғылыми бағыттары

Өмір және денсаулық туралы ғылым

(ҚР Үкіметі жанындағы ЖҒТК мәжілісінің 2016 жылғы 20 шілдедегі №1 хаттамасымен бекітілген)

инфекциялық аурулардың профилактикасын, диагностикасы мен емдеу әдістерін әзірлеу және жетілдіру;

онкологиялық және басқа да созылмалы инфекциялық емес аурулар профилактикасының, диагностикасы мен терапиясының инновациялық технологиялары;



халық денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйіне жағымсыз әсер етудің алдын алу үшін экологиялық техногенді, эпидемиологиялық және кәсіби қауіптерді төмендету технологияларын дамыту.




  1. Өтінім ұсынылатын тіл




  1. Конкурсқа қатысу үшін бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға өтінім 3 (үш) тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.


4. Конкурсқа арналған өтінімнің нысанасына қойылатын талаптар


  1. Өтінім осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

  2. Өтінім мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ұсынылады:

  1. осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ілеспе хат;

  2. осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын материалдардың дәйектілігін, бірегейлігін, ғылыми этика нормалары мен принциптерінің қадағалануын растайтын өтініш;

  3. осы КҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҒТБ-ның қысқаша сипаттамасы;




  1. ҒТБ жобасына биомедициналық этика мәселелері бойынша локальды комиссияның қорытындысы;

  2. куәлік көшірмесі не ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде өтінім берушіні аккредиттеу туралы уәкілетті орган бұйрығының көшірмесі;

  3. осы КҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іске асырылған ҒТБ, орындаушы туралы ғылыми жобалардың тізбесі;

  4. осы КҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми жетекші және ҒТБ-ны іске асырушы топ туралы мәлімет;

  5. осы КҚ-ға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық-техникалық база туралы мәлімет.

  1. Өтінім қағаз пломбамен бекітіліп, тігіледі, оған тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба жазылады және орындаушы басшысының қолымен және дөңгелек мөрмен расталады.

  2. Өтінім 2 (данада) беріледі, бұл ретте әрбір данасы қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынылады (диск). Электрондық жеткізгіштер ішкі жағынан бекітілетін конвертке салынады.

  3. Өтінім мәтінінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мазмұны бірдей болуы тиіс.

  4. Өтінімнің электрондық нұсқасының, ілеспе хаттың және ҒТБ-ның қысқаша сипаттамасының мазмұны олардың қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс, бұл ретте Өтінімнің электрондық нұсқасының атауында ҒТБ тақырыбының алғашқы бес сөзі қолданылады.

  5. Өтінімнің электрондық нұсқасының, ілеспе хаттың және ҒТБ-ның қысқаша сипаттамасының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауы тиіс.

  6. Өтінімнің мәтіні мынада параметрлерді ескере отырып, бірдей шрифтпен ресімделеді:

  1. «Word for Windows» мәтіндік редакторнының 97 және одан да жоғары нұсқасын қолдану;

  2. сол жақ жолы - 2,5 см, оң жақ жолы - 1, 5 см, колонтитулдар - 2,5 см;

  3. «TimesNewRoman» қарпі, көлемі №12 (қосымшаларда бұдан да кішірек қаріп қолданылуы мүмкін, бірақ 10-нан төмен емес);

  4. жол аралық интервал, тақырыптар жәнне мәтіндер арасындағы интервал - бір;

  5. азат жолдан кері шегіну (бірінші жол азат жолы) - 1,25 см;

  6. Өтінім беттері және оның қосымшалары нөмріленуі тиіс;

  7. Өтінім көлемі А4 форматты 25 (жиырма бес) беттен аспауы тиіс.


5. Үлгілік күнтізбелік жоспар


  1. Жұмыстың күнтізбелік жоспары осы КҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілік күнтізбелік жоспарға сәйкес, сондай-ақ ҒТБ кезеңдері, қойылған міндеттер, орындалатын уақыты (айлар бойынша) Project-жоспарлау (Microsoft Project және т.б.) бағдарламалық өнімдерінің бірінде құрастырылған желілік (Ганта диаграммасы) нысанында ұсынылады.


6. Орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары


  1. Орындаушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

  1. ҒТБ-ны іске асыру үшін қажетті ғылыми қызметкерлердің толық жиналуы;

  2. Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы;

  1. ҒТБ бағдарламалық нысаналы қаржыландыруға арналған мынадай іріктеу өлшемшарттарына сәйкес болуы тиіс:

  1. ұсынылатын зерттеудің ұлттық денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен және өзге де стратегиялық құжаттармен байланысы);

  2. ұсынылатын зерттеудің денсаулық сақтау және еңбекті қорғау саласындағы заманауи ғылымды дамытуға ықпал ету деңгейі және ғылыми жаңалығы;

  3. зерттеу нәтижелерін енгізуден күтілетін нәтиже деңгейі: емдеу-профилактикалық (жаңа медициналық технологиялар, емдеу хаттамаларын және диагностикаларды енгізу), әлеуметтік (медициналық-демографиялық көрсеткіштерге ықпалы), экономикалық (қолданыстағы шығындарды төмендету, зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау);

  4. ұсынылатын ҒТБ-ның ғылыми сапасы (зерттеу мақсаттары мен міндеттерінің зерттеу дизайнына және әдістеріне сәйкестігі);

  5. сапалы зерттеу жүргізуге қажетті ғылыми әлеуеттің жеткілікті деңгейінің болуы (кадрлық әлеует, материалдық-техникалық база);

  6. жоспарланған зерттеу барысында жетекші шетелдік және отандық ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнату, тапсырыс беруші және (немесе) осы жұмысқа тартылған қосымша атқарушылар тарапынан қосымша қаржыландыру көздерінің болуы;

  7. орындаушылардың ғылыми бағдарламаларды, оның ішінде, зерттеудің таңдалып алынған бағыты бойынша тәжірибесінің болуы (бұрынғы жүргізген ғылыми зерттеулерінің сапасы және нәтижелілігі, шетелдік публикациялардың, патенттердің болуы);

  8. қаржылық негіздеме (сұралған бюджеттің ұтымдылығы және негізділігі). Жобаны іске асыру шеңберінде күтілетін нәтижелер сұралған қаржыландыру көлеміне сәйкес негізделуі тиіс;

  9. ҒТБ жобасына этика мәселелері бойынша локалды комиссияның оңтайлы қорытындысымен расталған зерттеу жүргізудің құқықтық және этикалық үйлесімділігі;

  1. Конкурс нәтижесі бойынша ҚР ДСМ ҒТБ бойынша бас ұйымды анықтауға құқылы, бұл ұйым бағдарлама шеңберінде ұйымдастыру орындаушылық қызметті қолдауды және үйлестіруді жүзеге асыра отырып, ҒТБ іске асыруға жуапты болады.

  2. Қаржыландыруға мақұлданған бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы тиіс.

  3. Бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде бөлінген қаржы, өтінімде көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге бағытталуы тиіс. Бөлінген қаржы көлемі егер де ол мөлшерден артық болып табылмаса, онда сұралған қаржы көлемі қатаң қадағаланады. Жабдық және/немесе бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға арналған шығыстар бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзіміне қажетті сұралған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру сомасының жиырма пайызынан аспауы қажет.

  4. Бағдарламаны орындаушы ұйым басшыларына орындалатын ғылыми зерттеулерді үйлестіру және/немесе әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық нысаналы қаржыландыру есебінен қаржы ұстауына жол берілмейді.

  5. Егер ұйым базалық қаржыландыру субъектісіне кіретін басты ұйым болып табылатын болса, онда бағдарламалық нысаналы қаржыландыру есебінен қаржат ұстау бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемінің 1%-нан аспауы тиіс.

  6. Зерттеу нәтижелері стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған жаңа білім мен шешімдер түрінде ұсынылуы және кез келген электрондық жеткізгіште бекітілуі (жаңа технологиялар, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-өнеркәсіптік әзірлемелер, жаңа материалдар, препараттар, құралдар және т.б.) тиіс.

  7. Ғылыми зерттеулерді іске асыру шеңберінде:

1) зерттеудің бүкіл кезеңінде импакт факторы нөлдік емес шетелдік басылымдарда кемінде 5 ғылыми мақала жариялануы тиіс. Егер бағдарлама шеңберінде халықыралық патент алынса, ол шетелдік басылымда жарияланған бір мақалаға тең болады;

2) ұлттық патенттік ведомствадан кемінде 3 қорғау құжаттары алынуы тиіс (өнертапқыш патенті, пайдалы модель, зияткерлік меншік нысанына авторлық куәлік);

Бағдарлама барысында және/немесе аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері. монографиялар және басқа да ғылыми жұмыстар жарияланса, авторлар қаржыландыру көзіне сілтеме жасауға міндетті.


  1. Бағдарламаның аннотациясын және бағдарлама бойынша ғылыми есепті (жазбаша және/немесе электрондық жеткізгіште) жариялау құқығы орындаушының және/немесе автордың келісімін талап етпей-ақ Орталыққа ұсынылады.

  2. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеу нәтижелерлері Орталықта заңнамада бекітілген тәртіппен міндетті мемлекеттік есепке алуға жатады.

  3. Өтінім ашылуы Орындаушының авторлық және/немесе өзге де құқықтарына зиян келтіруі мүмкін коммерциялық құпя болып табылатын ақпаратты қамтымауы тиіс.




  1. Өтінімдерді қарау тәртібі




  1. Өтінім хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тапсырыстық почталық жөнелту түрінде мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс, 1011-кабинет, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «КОНКУРСҚА» деген жазбамен ұсынылуы тиіс.

  2. Уақтылы келіп түскен өтінімдер, өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі.

  3. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

  4. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң, келесі жұмыс күні ҚР ДСМ анықтаған өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия өтінімдері бар конверттерді ашып, құжаттардың болуына тізімдеме жүзеге асырады және конверттерді ашу хаттамасын толтырады.

  5. Өтінімдерді қарау жөніндегі комиссиясының шешімі бойынша:

  1. мазмұны мен ресімделуі осы Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

  2. біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер;

  3. бұрын мемлекеттік бюджет есебінен және/немесе басқа да қаржы көздерінен қаржыландырылған және қаржыландырылатын ҒТБ-ны іске асыруға арналған өтінімдер кері қайтаруға жатады.

  1. Өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия барлық қабылданған және кері қайтарылмаған өтінімдерді мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге жіберу туралы шешім қабылдайды.




  1. Қорытынды ережелер




  1. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруға арналған шарт ҚР ДСМ-мен заңнамадан белгіленген тәртіппен Ұлттық ғылыми кеңестің шешіміне сәйкес жасалады.

  2. Бағдарламалық нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жариялануы және ҚР ДСМ интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс.  

____________________________________________________________

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдар-ламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға



1-қосымша
Нысан
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде

ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арналған

ӨТІНІМ


  1. Жалпы ақпарат




  1. Ғылыми-техникалық бағдарламаның (бұдан әрі – ҒТБ) атауы.

  2. Іске асыруға өтінім берілетін нысаналы бағдарламаның (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама) атауы.

  3. ҒТБ басталуы мен аяқталуының болжамды күн.

  4. Ғылыми зерттеу саласының атауы (медицина, қоғамдық денсаулық сақтау және т.б.).

  5. ҒТБ рубрикаторының мемлекет аралық коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).

  6. Зерттеу түрі (эксперименталды емес іргелі, іргелі эксперименталды, қолданбалы зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).

  7. Бағдарламаны іске асыру орыны.

  8. Іске асыруға өтінім берілген, нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыру көзделген бағдарламалық нысаналы қаржыландыру көлемі (жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгеде.)

  9. Бағдарламаның іске асырылуының бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша мың теңгеде сұралған сома (бірақ іс-шараға бөлінген қаржыландыру сомасынан асып кетпеуі тиіс).




  1. Бағдарламаның сипаттамасы




  1. Кіріспе бөлім [100-ден аспайтын өтінім беруші] 

  2. Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ғылыми жетекшінің және ұйым біліктілігі туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі.

  3. Бағдарлама мақсаты: Іске асырылатын ________________ нысаналы бағдарламаның іс-шаралары.

  4. Бағдарламаның міндеті [500 сөзден аспайтын] 

  5. Бұл бөлімде бағдарламаның мақсатына қолжеткізу, олардың іске асырылуын, күтілетін нәтижелері және олардың бекітілген нысаналы бағдарлама іс-шараларын іске асырудан күтілетін нәтижелермен сәйкестігін қысқаша пайымдай отырып қойылған міндеттері сипатталады.  

  6. Ғылыми жаңалық және бағдарламаның маңыздылығы [2000 сөзден аспайтын]

  7. Бөлім мынадай ақпараттарды қамтиды:

  8. бағдарламаны әзірлеудің ғылыми өзегі, зерттелетін тақырыпқа жататын әлемде бұдан бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулердің және олардың осы бағдарламамен байланысына міндетті шолу жаса отырып ғылыми жаңалықтың негіздеу (контекстте әдебиетке шолуда пайдаланылған сілтеме көрсетілуі тиіс, 8 «Библиография» бөлімінде ұсынылуы тиіс толық ашып жазу). Болған кезде алдын ала нәтижелер көрсетіледі;

  1. нысаналы бағдарлама іс-шараларының зерттеуге сәйкестігі, оның тиісті білім саласының трендтерін қамтитын (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделік) ғылыми және технологиялық қажеттіліктерге шолу жасай отырып, ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңыздылығы;

  2. зерттеу қандай технологиялық міндетті/проблеманы шешуге бағытталған, алынған нәтижелердің ғылымның және техниканың дамуына ықпалы және күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері.

Осы бөлімді сипаттау барысында мынадай позицияларға назар аудару ұсынылады:

  1. бағдарлама идеясының қолданыстағы ұқсас бағдарламалардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;

  2. егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі Қазақстанда емес, әлемде болса, онда бағдарламаны қаржыландырудың тиімділігін негіздеу қажет;

  3. егер бағдарламаның соңғы нәтижесі өнім болып табылатын болса, онда отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы мәліметтер келтірілген бағдарламаның пәндік саласының қазіргі таңдағы қалыптасқан деңгейін сипаттау қажет;

  4. ғылыми-техникалық жобалар үшін бағдарламаның негізіне өзек болған бәсекелес және/немесе баламалы технологиялар, технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы көшбасшы топтарды көрсету қажет.

  1. Зерттеу әдісі және этикалық сұрақтар
    [1500 сөзден аспайтын]

Бөлім мынадай ақпараттарды қамтиды:

  1. бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу, таңдалған тәсілдерді негіздеу ретінде пайдаланылатын ғылыми әдістердің сипаттамасы;

  2. бағдарламаны іске асырудың қиын белдеулері, баламалы жолдары;

  3. бағдарлама шеңберінде пайдаланылған әдістер ғылыми этика мен биоэтика принциптерін сақтауы қамтамасыз етілуі тиіс, яғни, басқарудың этикалық рәсімдері, оның ішінде зияткерлік адалдықтың жоғарғы стандарттарын қолдау және деректердің, плагиаттың, жалған қос авторлықтың фальсификациясы мен фабрикацияларына, жекелеген қатысушылардың ұжымдық зерттеулерді, деректерді және зерттеулерден алынған тұжырымдамаларды басқа қатысушылардың келісімінсіз пайдалануына жол бермеу,

  4. адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді жүргізудің егжей-тегжей тәртібі мен тетігі жоспарланатын зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сипаттамасы;

  5. зияткерлік меншік құқығын зерттеу нәтижелеріне ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).

  1. Бағдарламаны жоспарлау және басқару
    [1500 сөзден аспайтын]

Бөлім мынадай ақпараттарды қамтиды:

  1. зерттеу тобы құрамының, олардың ұстанымының, біліктіліктің және жұмыс бағытының сипаттамасы;

  2. бағдарлама кезеңдерін, қойылған міндеттерін, олардың мәнінің негіздемесін және бағдарлама мақсаттарының сәйкестігін, бекітілген нысаналы индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысын, Гант диаграммасын (қойылған міндеттер* уақыт (айларда) қамтитын жұмыс жоспары;


Үлгілік күнтізбелік жоспардың нысаны


р/с№

Міндеттердің, бағдарлама міндеттерін іске асыру бойынша іс-шаралардың атауы

Ұзақтығы (айларда)

Жұмысты орындаудың басталуы (кк/аа/жж.)

Бағдарламаны іске асыру жылдары

Күтілетін нәтижелер

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл




















































 

 

 

 

 

 

 






Бағдарламының желілік графикасының нысаны:



  1. бағдарламаны іске асырудың әрбір жылына міндетті ашып жаза отырып (мың теңгеде) бағдарламаның жалпы құнын және шығыстар сметасын негіздеу. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде, шығыстардың мақалалары теңгеге қатысты доллар бағамын көрсете отырып (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері бойынша өтінім берген күні) АҚШ долларында көрсетілуі тиіс. Бюджеттік бағдарлама аталған бағдарламамен байланысты емес шығыстардың өзге де мақалалары жіберіле алмайды. Барлық мақалалар шығыстарының жалп сомасы қаржыландыру үшін сұратылған соманы ұсынады және «Жалпы ақпарат» бөлімінің 10-тармағында өтінілген сомада эквивалентті болуы тиіс.

  2. Бюджеттің мақаласында мынадай шығыстар қамтылуы мүмкін:

  1. жалақы – барлық салықтар мен ұсталымдарды ескере отырып, ғылыми зерттеу жүргізуге қатысатын ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу;

  2. ғылыми іссапарлар – өтелуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітлген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережемен, сондай-ақ «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиіс зерттеулер жүргізумен байланысты іссапарлар;

  3. жақтас ұйымдардың қызметтері – ұжымдық пайдаланудың ұлттық зертхана қызметтері, өзге ұйымдардың зерттеу жүргізу үшін қажетті қызметтері, оның ішінде конференцияларға қатысуға арналған ұйымдық жарналар.

  4. материалдарды сатып алу – зерттеу жүргізуге арналған шығыс материалдары.

  5. жабдықтарды және/немесе бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға арналған шығыстар, бағдарламаны іске асырудың барлық мерзіміне бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың өтінілген сомасынан 20% (жиырма) аспауы тиіс.

  6. ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – жарияланымдарды дайындауға және іске асырылатын бағдарлама бойынша зерттеу нәтижелерін жариялауға; жоспар бойынша талдамалық зерттеулерге; іске асырылатын бағдарлама бойынша алынған нәтижелерді патенттеуге арналған шығыстар;

  7. егер, орындаушы жеке тұлға болып табылған жағдайда үй-жайды жалға алу;

  8. жабдықты жалға алу;

  9. зерттеуді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықты және техниканы ұстауға арналған пайдалануға беру шығыстары.

Шығыстар сметасының нысаны



Шығыстар бабының атаулары

20__ жылға арналған мың теңгедегі шығыстар

20__ жылға арналған мың теңгедегі шығыстар

20__ жылға арналған мың теңгедегі шығыстар

Бағдарламаны іске асырудың барлық мерзіміне арналған мың теңгедегі шығыстар

Жалақы













Ғылыми іссапарлар













Жақтас ұйымдардың қызметтері













Материалдарды сатып алу













Жабдықтарды және бағдарламалық жасақтаманы сатып алу













Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу бойынша шығыстар













Үй-жайларды жалға алу













Жабдықтарды жалға алу













Жабдықтар мен техникаларды пайдалануға беру шығыстары













Жиыны













Бюджет бойынша бөлуді өзгерту Ұлттық ғылыми кеңестің шешімнің негізінде енгізілуі мүмкін.

5. Зерттеу тобы
[1000 сөзден аспайтын]


Бөлім ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары туралы мынадай ақпаратты қамтиды:

  1. түйіндеме және ғылыми жаңашылдығы (мұнда зерттеушінің қысқаша түйіндемесі келтіріледі және өтінілген зерттеудің бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен қалайша байланысқаны сипатталады);

  2. бағдарлама тақырыптарына қатысты бес негізгі жарияланым туралы мәліметтер;

  3. патенттер туралы мәліметтер;

  4. негізгі жарияланымдар (10-ға дейін), патенттер және авторлық куәліктер;

  5. бағдарламадағы жұмыстың және атқару мерзімдерін сипаттау;

  6. бағдарламаның ғылыми қызметкерлері зерттеу тобының жоспарланған штатынан 70 % кем емес дербес деректерді (негізгі персонал) көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы бағдарламаға қаржыландыру басталғаннан кейін тартылады (қосымша персонал).






Ғылыми қызметкердің ТАӘ

Ғылыми/академиялыық дәрежесі

Лауазымы, жұмыс орыны

Қай салада сарапшы болып табылады

Қызметкердің жобадағы позициясы

ҒТБ-дағы жұмыстың сипаттамасы (қай бағытқа сәйкес келеді)

1



















2


















6. Зерттеу ортасы
[500 сөзден аспайтын]


Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:

  1. орындаушыда бар зерттеу жүргізуге арналған материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;

  2. түсіндірмесі бар отандық және шетелдік зерттеу құрылымдарын (зертханаларын) пайдалану;

  3. отандық және халықаралық басты байланыстар, шетелдік ғалымдардың бағдарламасына қатысу;

  4. жас ғалымдардың, PhD-докторанттардң бағдарламасына қатысу;

  5. мобильділікті негізде: бағдарламаны іске асыру үшін басқа орындарда келу мен жұмыс кезеңдеріне ықпал ету.



7. Күтілетін нәтижелер 
[250
сөзден аспайтын]


      Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:

  1. бағдарлама нәтижелерінің нысаналы бағдарлама іс-шараларын іске асыруға, нысаналы индикаторлар мен нысаналы бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететін болады;

  2. күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;

  3. алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнімді/технологияны нарыққа толыққанды шығару үшін қандай іс-шаралар қажет;

  4. алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары;

  5. қауіптерді қамтитын қарқынды нәтижелер үшін мүмкіндіктер; ғылым мен технологияны дамытуға ықпалы;

  6. шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (бағдарлама шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеудің нәтижелері жарияланады ма және шамамен қайда), әлеуеттік тұтынушылардың, ғалымдар қоғамдастығы мен жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;

  7. патент алу.



8. Библиография


Бөлімде сілтемелері «Бағдарламаның сипаттамасы» бөлімінің «Бағдарламаның ғылыми жаңалығы және маңыздылығы» 4-тармақта көрсетілген жарияланымдар көрсетіледі. Әрбір жарияланым журналдың толық атауын, шығарылған нөмірін, шығарылған жылын, бетінің нөмірлерін, мақаланың толық атауын, мақаланың барлық авторларының есімдерін қамтуы тиіс.
ҒТП ғылыми жетекшісі қолы / тегі /
2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдар-ламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға

2-қосымша



ІЛЕСПЕ ХАТ

1. Конкурстың атауы.

2. Ғылымды дамытудың басым бағытының атауы.

3. Ғылымды дамытудың мамандандырылған бағытының атауы

4. ҒТБ атауы.

5. Зерттеу түрі (қолданбалы ғылыми зерттеулер).

6. Қаржыландырудың сұратылатын сомасы (ҒТБ-ны іске асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша мың теңгеде).

7. 2018-2020 жылдарға арналған ҒТБ-ны іске асыруды бастаудың және аяқтаудың болжамды күні.

8. ҒТБ-ны іске асыру орыны.

9. Орындаушының дербес деректері: заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы, БСН, байланыс деректері.

10. ҒТБ іске асырылатын ұйым басшысының дербес деректері: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері.

11. ҒТБ-ның ғылыми жетекшісі туралы мәлімет:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері, ғылыми дәрежесі/атағы, жұмыс орны және атқарып отырған лауазымы;

2) бағдарламаның ғылыми жетекші соңғы үш жылда ғылыми жетекші ретінде сөз сөйлеген бағдарламалары/жобалары туралы деректер (ғылыми зерттеулердің тақырыбы, зерттеулерді жүргізу уақыты мен орны, қаржыландыру көзі, бағдарламалардың/жоблардың аяқталу дәрежесі);

3) ғылыми жетекші аталған бағдарламаны іске асыру сәтінде қатысатын барлық бағдарламалар/жобалар (болған кезде) туралы деректер (ғылыми зерттеудің тақырыбы, қаржыландыру нысаны, басым және мамандандырылған ғылыми бағыттары, өтініш берушінің атауы, бағдарламадағы/жобадағы рөлі, уақыт жүктемесінің пайызы);

12. Өтінімде клиникаға дейінгі зерттеулердің, медициналық-биологиялқ эксперименттердің және адамдар мен жануарлардың қатысуын

қосатын клиникалық сынамалардың болуы (болмауы) туралы мәліметтер.

Өтінім берушінің атынан құжатқа

қол қою үшін құзыреті бар

адамның лауазымы



қолы / тегі /

(мөрі)
ҒТБ-ның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

________________________

* 12-тармақ медицина мен ветеринария үшін медициналық-биологиялық және басқа препараттар мен заттарды жасау саласындағы зерттеулермен байланысты ғылыми бағыттар үшін ресімделеді.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға

3-қосымша
ӨТІНІШ





Ұйымның – Орындаушының атауы





Бағдарламаның ғылыми жетекшісінің Т.А.Ә.


  1. Бағдарлама бойынша ұсынылатын ақпараттың дәйектілігі мен бірегейлігіне, сондай-ақ ғылыми этиканың қағидаттарының сақталуына, атап айтқанда ғылыми деректердің фабрикациясына, зерттеу деректерінің, плагиаттың және жалған қоса авторлықтың бұрмалануына әкелетін фальсификацияға жол бермеуге кепілдік береміз.

  2. Бағдарламаны сараптау үшін талап етілетін құжаттардың толық кешенінің болмауы бағдарламаның конкурсқа қатысудан бас тартуға негізделген себеп болуына қарсылық білдірмейміз.

  3. Бізді ұйымдастырылған сипаттағы мәселелер бойынша шұғыл хабарлау және ғылым саласындағы уәкілетті органмен (ҚР БҒМ Ғылым комитеті) өзара іс-қимыл жасау үшін бізге өкілетті:







атқарушы өкілінің Т.А.Ә., ЖСН, телефоны және e-mail
Бағдарламаны қарау туралы барлық мәліметтерді уәкілетті адамға хабарлауды сұраймыз.
Орындаушының атынан құжаттарға

қол қою үшін өкілеттігі бар

адамның лауазымы

(мөр) қолы / тегі /
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі қолы / тегі /

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

ҒТБ-ның қысқаша сипаттамасы


      1. Реферат

Бөлімде бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, пайдаланылатын әдіснаманы, күтілетін нәтижелерді сипаттай отырып, ҒТБ (250 сөзден аспайтын) қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.

      1. Түйінді сөздер

Бөлімде бағдарламамен байланысты 10 (он) түйінді сөзге дейін көрсетіледі.

Мысалы, 1. Генетика, 2. Геном, 3. Клонирлеу, 4. Цитогенез, 5. ХХХ.



      1. Зерттеу саласы

Бөлімде зерттеудің негізгі саласы және осы саладағы үш бағытқа дейін айқындалады.

Мысалы, Зерттеудің негізгі саласы: Бағыты: медицина, нейроғылым.


2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға

5-қосымша


Орындаушның соңғы 5 жылда іске асырған ҒТБ-ның, ғылыми жобаларының тізбесі
______________________________________________________

 әлеуетті орындаушының атауы


 



Ғылыми жұмыстың атауы

Тапсырыс берушінің атауы және оның контактілері

Қызметтерді көрсету орны мен жылы

Шарттың құны, мың теңге

1

2

3

4

5

 
Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.

Әлеуетті орындаушы басшсының қолы /ТАӘ/


МО

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық - нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға

6-қосымша
Ғылыми жетекші және ҒТБ-ны іске асыру тобы туралы мәлімет


  1. Ғылымды дамыту басымдылығының және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттарының атауы:

  2. Ғылыми-техникалық бағдарлама (ҒТБ) тақырыбының атауы:

  3. ҒТБ-нң ғылыми жетекшісі туралы мәлімет:

  1. Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

  2. Ғылыми жетекшінің туған жылы (санмен көрсетіледі – жылы, күні, айы):

  3. Ғылыми жетекшінің азаматтығы:

  4. Ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі/атағы:

  5. Ғылыми жетекшінің ғылыми қызығушылықтарының саласы (15-тен аспайтын түйінді сөз келтіріледі):

  6. Ғылыми жетекшінің жалпы еңбек өтілі:

  7. Ғылыми жетекшінің соңғы 5 (бес) жылда жарияланған негізгі ғылыми жұмыстарының тізімі:

  8. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі соңғы 5 (бес) жылда ғылыми жетекші ретінде сөз сөйлеген ғылыми жобалардың (ғылыми-техникалық бағдарламалардың) тізбесі:

  9. Ғылыми жетекшінің почталық мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық мекенжайы (е-mail):

  1. ҒТБ іске асыру тобы туралы (кесте түріндегі) мәлімет:

Әрбір ғылыми қызметкер бойынша мынадай деректер көрсетіледі:


р/с



ТАӘ

Білімі

Қосымша білімі

Ғылыми дәрежесі/атағы

Ғылыми еңбек өтілі

Орындалған ғылыми бағдарламалардың (жобалардың) саны

Жария-ланым

дардың саны






























  1. Ғылыми қызметкерлердің соңғы 5 (бес) жылдағы негізгі жарияланымдарының тізімі

  2. Ғылыми қызметкерлер соңғы 5 (бес) жылда қатысқан ғылыми жобалардың (ғылыми-техникалық бағдарламалардың) тізбесі

Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.


ҒТБ-ның ғылыми жетекшісі қолы / ТАӘ /
Әлеуетті орындаушы басшсының қолы /ТАӘ/

МО

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру бойынша конкурстық құжаттамаға



7-қосымша
Әлеуеттік орындаушының материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер

 


  1. Әлеуетті орындаушының атауы:

  2. Қызметтер көрсету үшін әлеуеттік қызметті берушіде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мынадай жабдықтар (тетіктердің, машиналардың) бірлігінің болуы айтарлықтай маңызды.

 


р/с



Жабдықтың түрі

Моделі және шығарылған жылы

Қолда бар бірліктердің саны




Күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Өзінікі,

(біреуден)

жалға алынған






















 

 

Жоғарыда көрсетілген барлық мәліметтердің дәйектілігін растаймын.


ҒТБ-ның ғылыми жетекшісі қолы / ТАӘ /
Әлеуетті орындаушы басшсының қолы /ТАӘ

МО



жүктеу 221 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау