2018 жылғы «___» ______ № __
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің «Деректерді on-line режимде жинау» АЖ компоненті үшін мобильдік қосымшаны әзірлеу бойынша өтеулі көрсетілетін қызметтердің шартына 1 қосымша
«е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
«Деректерді on-line режимде жинау» АЖ компоненті үшін
мобильдік қосымшаны әзірлеу бойынша қызметтерді ұсынуға
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА
Кіріспе
Осы Техникалық сипаттамада «е-Статистика» ИАЖ дамыту аясында «Деректерді on-line режимде жинау» АЖ үшін мобильдік қосымшаны әзірлеу бойынша қызметтерге негізгі талаптар келтірілген.
Терминдер мен шартты белгілер
Осы Техникалық сипаттамада келесі қысқартулар, терминдер мен анықтамалар:
Дерекқор (ДҚ) – деректердің (қайталанушылық) артықшылығы ықшамдалған дерекқор, сондай-ақ барлық деректер логикалық байланған түрде сақталады;
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Пайдаланушы – нақты функцияны және (немесе) міндетті орындау үшін ақпараттандыру объектілерін пайдаланатын ақпараттандыру субъектісі;
Сыртқы пайдаланушы –шығу статистикалық ақпаратының
пайдаланушылары;
Бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) – бағдарламалар, бағдарламалар
кодтарының жиынтығы, оларды пайдалануға қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнім;
Ақпараттық жүйелерді дамыту – функционалдың жұмыс істеуі және
(немесе) кеңеюін оңтайландыру мақсатында өнеркәсіптік пайдалануда енгізілген ақпараттық жүйені қосымша функционалдық талаптарды жүзеге асыру, жетілдіру бойынша іс шаралар кешені;
БСН – бизнес сәйкестендірме нөмірі;
ЖСН – Жеке сәйкестендірме нөмірі;
ОР АЖ - «Деректерді on-line режимде жинау» ақпараттық жүйесі;
«е-Статистика» ИАЖ - "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
МО АЖ - Мемлекеттік органның ақпаратттық жүйесі;
СБТ - «Статистикалық бизнес тіркелім» ақпараттық жүйесі;
Әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар
Қызмет берушінің Конкурстық өтінім техникалық сипаттамасының мазмұны Тапсырыс берушіге конкурс объектілері болып табылатын талап етілетін жұмыстарды орындауға Қызмет берушінің ыңғайы мен дайын болу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Конкурстық өтінімнің техникалық сипаттамасында Қызмет беруші алдын ала шешім бойынша ұсыныстарды сипаттап, ұсынуға міндетті, атап айтсақ:
жұмыстарды жүргізу үшін бағдарламалық және техникалық құралдардың құрамы;
әзірленетін модульдердің архитектурасы бойынша елестету;
ұйымдастыру құжаттамасының жобалары (қызметтерді көрсету регламенті, тараптардың өзара іс-қимыл регламенті);
көрсетілетін құжаттардың жіктелімінен, жүйе пайдаланушыларының сауалдарын орындаудың уақытша параметрлерден, жүйені Әзірлеушілермен өзара іс-қимыл, сауалдар басымдылығының деңгейін анықтаудан тұратын көрсетілетін қызметтерді көрсету деңгейі туралы келісім жобасы.
Қызмет беруші келесі қызметкерлердің тізімінен кем емес, саны мен құзыреті бойынша жеткілікті қызметкерлер штаты болу керек:
жоба басшысы – PMI мен/немесе IPMA стандарттарына сәйкес растайтын сертификаты бар маман, жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
веб-әзірлеуші – PYTHON/РНР 5 және одан да жоғары бағдарламалау тіліндегі веб-әзірлеуші саласындағы білікті маман, сондай-ақ жоғары жүктелген жобаларды әзірлеу саласында сертификатталған және нейронды желілерді құру бойынша жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
әзірлеуші – JAVA бағдарламашы тіліндегі әзірлеу саласындағы білікті маман, жоғары жүктелген жобаларды әзірлеу саласында сертификатталған және жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
дизайнер – Corel Draw және Adobe Photoshop графикалық пакеттерде жұмыс бойынша сертификатталған маман және жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
iOS үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу – iOS және Swift тілі бойынша сертификатталған мобильді әзірлеу саласында білікті маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес.
Android үшін мобильдік қосымшаны әзірлеуші – Android-қа мобильдік қосымшаны әзірлеу саласында сертификаты бар білікті маман және жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
деректер қорының әкімшісі – ДҚЖБ баптау және техникалық сүйемелдеуде тәжірибесі бар сертификатталған маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
Жүйенің серверлік бөлігінің әкімшісі – Linux пен Windows Server 2012 ОЖ-да серверлерді әкімшілендіру саласында сертификатталған маман, Internet Information Services веб-серверлер, жүктемесі жоғары жобаларды пайдалану саласында сертификатталған маман, сондай-ақ көрсеткіштерді әкімшілендіру және мониторингілеу саласында жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес (кіріп-шығулар, жүктеулер, істен шығулар, сервис-диспетчер қызметі өтінімдерінің саны);
ақпараттық қауіпсіздік бойынша маманы – Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарды білумен қоса ақпараттық қауіпсіздік бойынша сертификатталған маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
желілер бойынша маман – желілерді құру саласында сертификатқа ие сертификатталған маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
тестілеуші – бағдарламалық қамсыздандыруды тестілеу саласында сертификатталған маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес
веб-талдамашы – Google Analytics және Яндекс Метрика веб-талдамашының аспаптарымен жұмыс істеу бойынша сертификатталған маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
SEO-маман – сайттарды жүргізу саласындағы білікті маман, SEO сертификатына ие, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
интернет-маркетинг бойынша маман – сайттардың интернет-маркетингі және Google AdWords және Google AdWords Мобильді жарнама, Microsoft adCenter-ден Bing Ads, сондай-ақ Яндекс Директ сертификаттары бар мобильді қосымшалар саласындағы білікті маман, жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес;
Қызмет беруші жұмыстағы қателер мен істен шығуларды тіркеуге
мүмкіндік беретін мобильдік қосымшалардың трекерлерімен интеграцияланған сервис-диспетчерлік қызметі арқылы өтінімдер мен инциденттерді автоматты түрде басқарудың бар болуы туралы растауды ұсынуы керек.
Қызметтің мазмұны және жұмыс құрамына қойылатын талаптар
ОР жүйесін дамыту аясында сыртқы пайдаланушыларға келесілерге мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны іске асыру керек:
статистика органдарына ұсынылуы қажет статистикалық нысандардың кұнтізбесі мен тізбесін қарап шығу (жүгіртпе);
есептілік тапсыру тарихын қарап шығу;
статистикалық есептілікті тапсыру мерзімі туралы хабарлама алу.
Мобильді қосымшаны әзірлеуге қойылатын талаптар
«Күнтізбе» функцияларына қойылатын талаптар
Функция респондентке статистикалық нысандар тізбесі мен оларды ағымдағы жылы статистикалық органдарға ұсыну мерзімі қарап шығу мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек. Авторланбаған пайдаланушы келесі енгізілген параметрлер бойынша күнтізбені қарап шығу мүмкінідігіне ие болу керек:
есептілік жыл;
заңды тұлғаның/филиалдың/өкілеттіліктің БСН немесе жеке тұлғаның ЖСН (ЖК, ШҚ, ФҚ).
Қажетті деректерді енгізгеннен кейін нысанның екі тізімі көрсетіледі:
Респонденттердің белгіленген шеңберіне сәйкес тапсырылуы тиіс нысандар.
Қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша тапсыруға тиісті нысандар және «Ескертпе» өрісінде көрсетілген кезде ғана.
Нысан тізімінің шығу ақпараты келесілерден тұру керек:
заңды тұлғаның/филиалдың/өкілеттіліктің БСН немесе жеке тұлғаның ЖСН (ЖК, ШҚ, ФҚ);
Кәсіпорынның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.а.;
Заңды мекенжай;
Нысанның индексі/Кезеңділігі;
Атауы (статистикалық нысан);
Ұсыну мерзімі;
Респонденттер шеңбері;
Ескертпе;
Іріктеу нәтиже.
Келесі рет жүктеп алу және мобильді құрылғыда сақтау үшін PDF форматында қалыптастырылған нысандар тізімін сақтау мүмкіндігі іске асырылуы қажет. Нысандар тізімі каталогтарға тапсырыс беру кестесіндегі (КТК), СБТ-да берілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар тізбесі» қалыптастыру ережесіне сәйкес қалыптасуы қажет. Мобильдік қосымшада көрсетілетін нысандар тізімі ОР жүйесінің Респондент кабинетіндегі Күнтізбеде қалыптастырылатын нысандар тізіміне ұқсас болуы керек.
«Жүгіртпе» функциясына қойылатын талаптар
Портал пайдаланушысы статистика органдарына ұсынуға қажетті есептер тізбесін қарап шығу мүмкіндігіне ие болу керек (жүгіртпе).
Авторланбаған пайдаланушы келесі енгізілген параметрлер бойынша жүгіртпені қарап шығу мүмкінідігіне ие болу керек:
есептілік жыл;
заңды тұлғаның/филиалдың/өкілеттіліктің БСН немесе жеке тұлғаның ЖСН (ЖК, ШҚ, ФҚ).
Көрсетілген респондент бойынша статистика органдарына ұсынылуы тиіс қажетті деректерді енгізгеннен кейін нысандар тізбесі көрсетілуі керек.
"Жүгіртпе" мәзірі «Бүгінгі нысандар» бөлімінен тұрады, бұл бөлім ағымдағы датаға кіретін нысандарды тапсыру мерзімі туралы ақпараттан тұрады.
Жүгіртпенің шығу ақпараты келесілерден тұру керек:
заңды тұлғаның/филиалдың/өкілеттіліктің БСН немесе жеке тұлғаның ЖСН (ЖК, ШҚ, ФҚ);
Кәсіпорынның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.а.;
Заңды мекенжай;
Нысанның индексі/Кезеңділігі;
Есептілік кезең;
Ұсыну мерзімі;
Тапсырудың басталуы;
Тапсырудың аяқталуы;
Жүгіртпені қалыптастыру күні мен уақыты.
Келесі рет жүктеп алу және мобильді құрылғыда сақтау үшін PDF
форматында (жүгіртпе) қалыптастырылған нысандар тізімін сақтау мүмкіндігі іске асырылуы қажет.
Нысандар тізімі каталогтарға тапсырыс беру кестесіндегі (КТК), СБТ-да берілген талаптарға сәйкес, сондай-ақ «Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар тізбесі» қалыптастыру ережесіне сәйкес қалыптасуы қажет.
Мобильдік қосымшада көрсетілетін нысандар тізімі ОР жүйесінің Респондент кабинетіндегі Жүгіртпеде қалыптастырылатын нысандар тізіміне ұқсас болуы керек.
«Есептілікті тапсыру тарихы» функциясына қойылатын талаптар
Пайдаланушы статистикалық есептілікті тапсыру тарихын қарап шығу мүмкіндігіне ие болу керек. Кіру ақпараты болып көрсетілген параметрлерге сәйкес ОР арқылы респонденттің есепті тапсыру туралы ақпараты болып табылады: есептілік кезең және БСН/ЖСН.
Шығу ақпараты келесідей болады:
заңды тұлғаның/филиалдың/өкілеттіліктің БСН немесе жеке тұлғаның ЖСН (ЖК, ШҚ, ФҚ);
Кәсіпорынның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.а.;
Нысанның индексі/Кезеңділігі;
Есептілік кезең;
Есептің статусы (тапсырылды/тапсырылған жоқ);
Тапсырған күні (егер есеп статусы "Тапсырылды" болса, көрсетіледі);
Тапсырған түрі (электронды/қағаз. Егер есеп статусы "Тапсырылды" болса, көрсетіледі).
Фильтр қарастырылуы қажет – Тапсырылған есептер тарихы және Тапсырылмаған есептер тізбесі. Сондай-ақ PDF форматында есепті тапсыру туралы растауды қарау/жүктеу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Есептілікті тапсыру мерзімі туралы хабарлама алу функциясына қойылатынталаптар.
Есептілікті тапсыру мерзімі туралы хабарлама алу функциясы push-хабарлама түрінде іске асырылуы керек. push-хабарламаны қосу және ажыратуды баптау қарастырылуы қажет. Пайдаланушы есептілікті тапсыру күнтізбесімен хабарламаны синхрондау және ағымдағы жылдығ күнтізбесі немесе жүгіртпесіне сәйкес барлық нысандар бойынша хабарлама алу – көрсетілген БСН/ЖСН бойынша жеке хабарлама алу мүмкіндігіне ие болу керек.
Хабарлама келесі мазмұнда болу керек:
Нысанның индексі/Кезеңділігі;
Атауы (статистикалық нысан);
Ұсыну мерзімі.
Мобильдік қосымша Android (5.0 нұсқасынан төмен емес) және iOS (9.3.5 нұсқасынан төмен емес) операциялық жүйесін қолдайтын смортфон және планшетті компьютерде жұмыс істеуге қолжетімді болу керек.
Мобильдік қосымша интерфейсі ыңғайлы, түсінікті, графикалық элементтермен жүктелмеген және негізгі функцияларға және жүйенің операцияларына ыңғайлы қолжеткізумен қамтамасыз ету, экранды нысандардың тез көрсетілуі керек.
Интерфейс дизайнына қойылатын талаптар қолданыстағы эргономикалық стандарттарға сәйкес келіп, жүйе пайдаланушыларының жағымды эмоционалды реакциясын барынша тиімді құруы керек.
Мобильдік қосымша интерфейсі мемлекеттік және орыс тілдерін қолдауы қажет. Қызметтерді көрсету аясында келесі жұмыстар орындалуы керек:
1) Мобильдік қосымшаның фукционалдық және ақпараттық модельдерін әзірлеу;
2) Мобильдік қосымшаны жобалау (дерекқорлар, интерфейс);
3) Функцияларды әзірлеу;
4) Функцияларды әзірлеуден кейін БҚ тестілеу;
5) Техникалық құжаттаманы орыс тілінде әзірлеу:
Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптардың ерекшелігіне ҚР СТ 1090-2002 сәйкес Бағдарламалық қамсыздандыруға қойылатын талаптардың ерекшелігі (БҚТЕ);
Ақпараттық технологиялардың әдістемелік көрсетілімдері. Стандарттар және автоматтандырылған жүйелерге басшылық ету құжаттарының кешені. Автоматтандырылған жүйелер. Құжат мазмұнына қойылатын талаптар. БҚ 50.34.698-90 сәйкес Техно-жұмыс жобасына түсіндірме жазба (ТЖ);
Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдаланушы нұсқаулығы. Құрамы, мазмұны және ресімделуіне қойылатын талаптар. ҚР СТ 1087-2002 сәйкес Пайдаланушы нұсқаулығы (ПН);
Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдаланушы нұсқаулығы. Құрамы, мазмұны және ресімделуіне қойылатын талаптар. ҚР СТ 1087-2002 сәйкес Пайдаланушы әкімшісі (ПӘ);
Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Сынақтарды жүргізу бағдарламасы мен әдістемесі; Мазмұны, ресімдеу және сапаны бақылауға қойылатын талаптар МЕМСТ 19.301-2000 және Бағдарламалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Сынақтарды жүргізу бағдарламасы мен әдістемесі; Бағдарламалық қамсыздандыруға сынақ жүргізуді жоспарлау ҚР СТ 1089-2002 сәйкес сынақтарды жүргізу бағдарламасы мен әдістемесі.
Орындаған жұмыстар бойынша Тапсырыс берушіге көрсетуді жүргізу. Алдын ала сынақтарды жүргізу. Алдын ала сынақтарды жүргізу. Әр компоненттің алдын ала сынақтары бойынша жұмыстарды растау алдын ала сынақтарды жүргізу хаттамасы болып табылады.
Пайдаланушыларды оқыту.
7.Көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру туралы ережесі
Қызметтерді беруші Тапсырыс берушіге мобильді қосымшаның эталонды нұсқасын 3 (үш) данасын CD дискте ұсыну керек, оған тиісті түсініктемелер мен кітапханалардың мобильді қосымшаларының шығу кодын қосу міндетті.
Шарт шегінде Қызмет берушінің қызмет көрсетуі тиісті Көрсетілген қызметтер актісіне Тараптар қол қою арқылы расталады.
Көрсетілген қызметтер актісі 2 данадан тұрады және Тапсырыс беруші мен Қызмет беруші өкілетті лауазымдық тұлғалар қол қояды. Көрсетілген қызметтер актісі келесі қосымшалардан тұрады: орындалған жұмыс туралы есеп және орындалған жұмыстардың атауы мен оның құнын көрсетумен жиынтық кесте.
Жұмыстарды орындаудың мерзімі: 2018 жылдың 10 желтоқсаны.
Тапсырыс беруші Көрсетілген қызметтер актісін қабылдайды және қол қояды. Тапсырыс беруші Көрсетілген қызметтер актісімен келіспеген жағдайда ол Көрсетілген қызметтер актісін ұсынғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қызмет берушіге келіспеу себебін көрсетіп, дәлелді жазбаша жауап жолдайды.
8. Ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғауға қойылатын талаптар
Ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.
Тапсырыс беруші
|
Қызмет беруші
|
______________________
Э. Қазғанбаев
|
____________________ _.___________
|
Достарыңызбен бөлісу: |