Бақылау сұрақтары:
Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі экономикалық тепе-теңдік деп нені айтады?
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруінің себептері?
Кейнс кресі дегеніміз не?
Қолданылатын әдебиеттер:
Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997
№18-20 дәріс
Тақырып: Таурлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-тендік. IS-LM үлгісі.
Мақсаты: Бюджет –салық саясатының мақсаты, құралдары, бюджет тапшылығы және артықшылығы
Дәрістің мазмұны
Бюджет –салық саясатының мақсаты, құралдары
Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы
Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат
Бюджет тапшылығы және артықшылығы.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдері
Мемлекеттік қарызды өтеу теориялары: дәстүрлі және рикардиандық
1. Бюджет – салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспансия) – бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) – экономикадағы цикілдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (Т) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.
2. Кейнстің теориясы бойынша мультипликатор деп, инвестиция мөлшерінің өзгеруіне байланысты табыс мөлшерінің өсуін көрсететін коэффициентті айтады. Мультипликатор дәл сөзбен аударғанда «көбейтуші» деген мағынаны білдіреді. Мультипликатор теориясының мағынасы мынада: инвестицияны ұлғайту ұлттық табысты да ұлғайтады және ұлттық табыстың өсуі инвестицияның өсуімен байланысты болатын оның алғашқы өсіміне қарағанда көп болады. Яғни экономикаға енгізілген инвестиция ұлттық табыстың бірнеше есе өсуін әкелетін тізбекті реакцияны әкеледі. Мыс. инвестицияның 1000 долл өсуі осыған сәйкес ұлттық табыс мөлшерінің 1000долл өсімін әкелмейді, Ұ.Т 2000 долл,3000 долл және одан да көп, яғни еселенген түрде өседі.
Ұ.Т-тың өсуі
Мультипликатор (мр) =
Инв. өсуі
∆ Y/∆G қатынасы мемлекеттік шығындар мультипликаторы деп аталады.
Мультипликатор қор жинақтаудың шекті бейімділігіне кері пропорционалды болады:
1 1
мр = мрс + мрс = 1 мр =
мрs 1 - мрс
3. Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.
Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық түсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.
Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.
Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.
Экономиканың «кіріктірме тұрақтандырғышы» дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істейді.
3. Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы «амортизаторы» қызметін атқарады.
Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.
Циклдік өрлеу кезеңінде Ү2 >Y0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді. Нәтижесінде бюджет артықшылығы өседі және инфляциялық дүрлігіс төмендейді .
Циклдік төмендеу кезеңінде Ү2 0 , сондықтан салық дағдылы түрде төмендейді, ал трансферттер өседі. Қорыта айтқанда, салыстырмалы түрде өнім көлемі мен жиынтық сұраныс өскенде бюджет тапшылығы құлдырауды шектейді.
Табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым мемлекеттен алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт төмен болады.
G,T T
Бюджет
тапшылығы
G=const
Бюджет
артықшылығы
G
Y1 Y0 Y2 Y
Егерде ағымдағы табыстың динамикасынан тәуелсіз мемлекеттік шығындарды (G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда да экономика тұрақтылығының деңгейі жоғары болады. Т' жағдайында циклдік бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады. Сондықтан да Т жағдайымен салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді. Сол мезгілде экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы бюджет-салық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына – экономика әлуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге ынтаны бекіту мақсаттарына қарама-қарсы келеді.
5. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:
- ақша-несие эмиссиясы;
- займ шығару;
- мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.
Тапшылықты жою үшін ақша эмиссиялау жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы. Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша массасының су қарқыны жоғары болған жағдайда орташа баға деңгейі өседі.
Инфляция деңгейінің жоғарылауы жағдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады. Инфляцияның өсуіне байланысты экономикалық ынта бұзылады, салықты уақытында төлемеу орын алады, себебі өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық, қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі.
Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығару арқылы қаржыландырылса, онда пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының азаюына алып келеді. Осыдан ығыстыру әсері пайда болады. Мемлекет қарызының өсуіне байланысты инвестиция көлемінің қысқаруы ығыстыру әсері деп аталады.
6. Дәстүрлі көзқарас. Қарыз құралдары арқылы қаржыландырылатын салықты азайту экономикаға бірнеше бағыт бойынша әсер береді. Салықтың азаюы тез арада тұтыну шығындарын өсіреді.
Халықтың тұрмыс-жағдайы жұмысбастылық пен табыстың өсуіне байланысты жақсарады, бірақ осымен бірге инфляция қарқыны да өсуі мүмкін. Бұл саясаттың зардабын кейінгі ұрпақтар шегуі мүмкін: олар жинақталған капиталы аз және улкен сыртқы қарызы бар елде өмір сүреді.
Рикардиандық көзқарас. XIX ғасырдың атақты экономисі Давид Рикардо бірінші болып мынадай теориялық аргументке көңіл аударды: салықтың төмендеуі тұтынуға әсер етпейді. Егер тұтынушылар салықтың төмендеуінен үнемдеген қаражатын қор жинақтауға жұмсаса, оның мөлшері мемлекеттің салықты төмендетуден жоғалтқан қаржысына тең болады. Нәтижесінде ұлттың қаражат жинақтауы өзгеріссіз қалады. Болашағын ойлайтын тұтынушы салықтың төмендеуі, осыған байланысты мемлекеттік қарыздың өсуі болашақта салықты қайта көтеретінін түсінеді. Үй шаруашылығы салықтың төмендеуімен байланысты артылған табысын болашақта салық төлеу үшін сақтайды. Сондықтан салықтың төмендеуі қаражат жинақтау көлеміне әсер етпейді.
1981- жылы Рейган үкіметімен жүргізілген салықты төмендету саясаты осы екі көзқарасты тексерудің жалғыз сынағы болды деп айтуға болады. Бұл жағдай дәстүрлі көзқарас үшін ұтымды аргумент болды. Бюджет тапшылығы ұлттық қаражат жинақтаудың төмен деңгейімен, жоғары процент нарқымен қатар жүрді. Ал рикардиандық көзқарастарды жақтаушылар қаражат жинақтаудың төмен болуын Рейган үкіметінің уәде еткен экономикалық өсу болашағымен байланыстырып, тұрғындар болашақта салық өседі деп күтпеген деп түсіндіреді.
Экономикалық саясатта мемлекеттік қарыз мәселесінің маңыздылығына өз мағынасын жойғанша, осы төңіректегі пікірталастар жалғаса береді деп айтуға болады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Бюджет –салық саясаты деп нені айтады?
Мемлекеттік шығындардың мультипликаторы ?
Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясатын ата?
Бюджет тапшылығы және артықшылығына не әсер етеді?
Бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдерін ата?
Қолданылатын әдебиеттер:
Агапова Т. Серегина С.Ф. Макроэкономика. М. МГУ, 1999
Бункина М.К. , СеменовВ.А. Макроэкономика М., 1995.
Бункина М.К. Монетаризм. М., 1994.
Гальперин В.Д. и др. Макроэкономика. Экономическая школа, 1996
№21-23.
Тақырыбы:Таурлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-тендік. IS-LM үлгісі.
Мақсаты: Ақша агрегаттары.на жеке- жеке тоқталу.Ақшаның сандық теориясының теңдеуін құрастыру бойынша студенттерге осы категориялар бойынша білімдер жүйесін жасақтау. Ақшаға сұраныс функциясы.Ақша базасы және ақша массасын арттырубойынша білімдер жүйесін арттыру
Дәрістің мазмұны
Ақша сұранысы туралы монетарлық және кейнстік тұжырым
Ақшаға деген сұраныс. Баумол-Тобин моделі
Ақша ұсынысы
Ақша саясатының құралдары
Ақша мультипликаторы
1. Экономикадағы атқаратын қызметтеріне байланысты ақшаға сұраным үнемі болып тұрады. Ақша сұранымы мен ақшаға байланысты тепе – теңдікті зерттеу мынадай екі бағытты қалыптастырады: монетарлық және кейнстік.
Монетарлық теория (Милтон Фридмен, И.Фишер) ақшаға деген сұранымды неоклассиктердің сандық ақша теориясымен байланыстырады. Сандық ақша теориясында айналымға қажетті ақша мөлшері американ профессоры И.Фишердің мына формуласымен анықталады. М= P*Q / V
Осы теория бойынша ақшаға сұраным мынадай факторларға байланысты: 1) баға деңгейіне 2) өндірілген өнім көлеміне 3) ақшаның айналыс шапшандығына;
Классикалық теория ақша сұранысын табыспен байланыстырса, кейнстік керісінше пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады. Кейнстік теория ақшаға сұранымды мынадай 3 психологиялық дәлелмен байланыстырады:
1. Келісімдер мотиві(мәмілеге деген ақшаға сұраныс). Келісімдер жөніндегі сұраным қашанда ақшаның тауар және қызметке төленуі барысында пайда болады. Немесе ақша айналыс және төлем құралы болғандықтан ақшаға үнемі қажеттілік туып отырады. Бұл жағдайда ақшаға деген сұраным Ж.Ұ.Ө мөлшеріне тура пропорционалды болады. 1а суретінде осы ақша сұранымы МD сызығы арқылы көрсетілген. Ол Ж.Ұ.Ө мөлшеріне байланысты болғанымен, пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз болады. Сондықтан ол вертикалды тік сызық түрінде көрсетіледі.
2. Сақтық мотиві (аргументі). Ақшаға сұранымның болуы екіншіден ақшаның қор жинау қызметін атқарумен байланысты. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, оның өзі табысқа тура пропорционалды болады. Бұл сұраныс пайыз мөлшерлемесіне байланыссыз болғандықтан, тік сызық түрінде көрсетіледі.
Ақшаның қор жинау құралы ретіндегі қызметіне басты назар аударатын теориялар ақша сұранысының қоржындық теориялары деп аталады.
3. Алыпсатарлық (жалдаптық) дәлел. Адамдар ақшаны пайда табу үшін акция, облигация түрінде ұстауы мүмкін. Пайыз мөлшерлемесінің жоғары болуы облигация құнының төмендеуіне (облигация құны = бағалы қағаз бойынша алынатын табыс / пайыз мөлшерлемесі), соған байланысты облигацияға сұраным өсіп, ақша массасына сұранымның қысқаруына әкеледі.
Елдегі пайыз мөлшерлемесі мен ақша сұранысы арасындағы кері пропорционалды байланыс 1б суретінде МD2 қисығы арқылы көрсетілген.
r МD1 r МD2 r МР
M M M
1 а – сурет 1 б -сурет 1 в - сурет
Ақшаға деген жалпы сұраным 1в суретінде МD қисығымен көрсетіледі. DD = МD1 + МD2
2. Ақшаға трансакциондық сұраныс теориясы ақшаның айналыс құралы қызметіне басты назар аударады. Олардың пікірінше, ақшаның басқа активтерден айырмашылығы – ол сатып алу операцияларын жүзеге асыру үшін қажет. Осыған байланысты тұрғындар ақшаны бағалы қағаздарға салмай, қолында немесе есеп шоттарында ұстайды. Осы теориядағы басты модель 1950 жылдары экономистер Уильям Боумол мен Джеймс Тобинмен жасалған Баумол-Тобин моделі.
Баумол-Тобин моделінде қолма-қол ақшаны жинақтаудың артықшылықтары мен кемшіліктері жан-жақты зерттеледі. Қолма-қол ақша ұстаудың артықшылығы адам әрбір сатып алу үшін банкке бармайды, кемшілігі қолма-қол ақша ұстау арқылы адам банктен алуы мүмкін проценттен айрылады.
Мысалы, адам жыл бойына Y долл жұмсауды көздеп отыр. Оның ақшаны жұмсауының бірнеше вариантын қарастырамыз.
Ақша Ақша Ақша
құралы құралы құралы
Y
Y/2
Y/4 Y/2N
1 Уақыт 1/2 1 уақыт 1/ N 1
1-сурет 2-сурет 3-сурет
Жыл басында Y долларын алып, оны жыл бойына біртіндеп жұмсауы мүмкін (1-сурет). Жыл басында ол Y-ға тең, аяғында 0-ге тең, жыл бойындағы орташасы Y/2.
Екінші вариантында (2-сурет) Y долларын екіге бөліп пайдаланады немесе ақшаны алу үшін банкке екі рет барады. Жыл басында Y/2 долларын алып, жарты жылда біртіндеп жұмсайды, екінші жартысында ақшаның екінші бөлігін жұмсайды. Оның ақшасы жыл басындағы Y/2-ден 0-ге дейін өзгереді, орташа Y/4 құрайды.
Егер жыл бойына банкке N рет барса, әрбір барған сайын Y/N долл ақша алады, орташа шамасы – Y/ 2N.
N жоғары болған сайын қолдағы ақша азаяды, алынбаған процент түріндегі табыс төмен және банкке жиі баруға байланысты адам үшін қолайсыздық жоғары (шығынды F деп белгілейміз).
Енді N шамасының ұтымды көлемін дәл есептеуге болады. Кез келген N үшін оның орташа шамасы - Y/ 2N, процент түрінде табыс алмаудан зардап - i Y/ 2N, банкке қайта-қайта бару шығыны – FN. Жалпы шығын = i Y/ 2N + FN.
Шығындар жалпы шығындар
Банкке бару шығындары (FN)
алынбаған процент (i Y/ 2N)
N* N
Жалпы шығынды миним.
банкке бару саны
Баумол-Тобин моделі бойынша қолдағы ақша табыс деңгейіне тура пропорционалды, процент нарқына кері пропорционалды.
3. Ақша ұсынысы Мs екі қосындыдан тұрады: банк жүйесінен тыс қолда бар ақша және экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер.
Ақша ұсынымы мынадай себептерге байланысты анықталады:
Ақшаны эмиссиялаумен орталық банк айналысады. Ақша нарығына ұсынылатын ақшаның мөлшері елдің саяси шешімдеріне көбірек тәуелді болады.
Елдегі жүргізіліп жатқан ақша – несие саясатына байланысты.
Елдегі ақша ұсынымының өзгеруіне шетелге шығарылатын және шетелден келетін валюта мөлшері де әсер етеді. Шетелден келетін валюта кететін валютаға қарағанда көп болса, елдегі төлем құралының массасы өседі және керісінше. Ал ол өз алдына елдегі процент нарқына байланысты. Оның жоғары болуы шетел валютасын ішке тартады.
3.
r
MS1 MS
r1
r0 MD
M
|
Суретте ақша нарығындағы сұраныс (MD) пен ұсыныс (MS) көрсетілген. Ақша нарығындағы тепе-теңдік r0 нүктесіне сәйкес пайыз мөлшерлемесінде орнығады. Енді мысалы Орталық банк ақша ұсынымын азайтсын. Ақша ұсынымы қисығы Мs солға жылжиды.
|
Ақша ұсынымының қысқаруы уақытша ақшаға деген тапшылықты туғызады. Тұрғындар мен фирмалар ақша тапшылығын қолдағы облигацияларды сату арқылы толықтыруға тырысады. Ол облигациялар ұсынымын арттырып, оның құнын түсіреді. Мысалы, облигация құны 1000 долл, 50 долл табыс (5). Облигация құны 667 долл түссін. Облигациялар тартымдылығы өсіп, ақшаға сұраныс төмендеп, пайыз мөлшерлемесі өседі.
3 Ақша саясаты – бұл жиынтық сұранымды реттеу мақсатымен Орталық Банктің несие жағдайы мен ақша айналымына әсер етуге бағытталған іс - әрекетінің жиынтығы. Ақша саясатының негізгі мақсаты несие және ақша айналымы жағдайына әсер ету арқылы экономиканы реттеу болып отыр, басқаша айтқанда, жұмыссыздық пен инфляцияны болдырмау мақсатымен өндірістің жоғарғы деңгейде болуына ықпал жасау.
Орталық Банк банкнот эмиссиясында ғана емес, сонымен қатар ақша саясаты сферасында да маңызды құралдары немесе тәсілдері мыналар: ашық нарықтағы операциялар, есепті проценттік саясат, міндетті резервтер нормасын өзгерту.
Ақша несие саясатының басты бағыты – ашық нарықтағы операциялар болып табылады. Бұл операциялардың мәні – айналымдағы ақша мөлшерін реттеу мақсатымен бағалы қағаздар нарығындағы операциялар, яғни мемлекеттік облигацияларды сату және сатып алу болып табылады. Ол былайша жүзеге асады. Орталық Банк облигациялардың бір бөлігін сатып алады. Комерциялық банктердегі несиелік ақша массасы ұлғаяды. Ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады.
Есепті – проценттік саясаттың мәні банк проценттерінің деңгейін реттеу болып табылады. Орталық банктің есептеу мөлшерлемесін өзгерте отырып мемлекет жеке, комерциялық банктердің қарыз процентін өзгертуге түрткі болады. Есептеу мөлшерлемесі – бұл орталық банктің басқа банктерге беретін қарыз проценті. Есептеу мөлшерлемесінің өсуі инвестициялық белсенділікті шектейді, ол оның арзандауы – іскерлік белсенділікті көтермелейді.
Ақша несие саясатының келесі жолы – міндетті резервтер нормасын өзгерту. Комерциялық банктердің депозиті ерікті салыным және міндетті ақша салынымдарынан (міндетті резервтер) тұрады. Міндетті резервтер Орталық банкте сақталады және оның мөлшерін Орталық банк белгілеп отырады. Орталық банк міндетті резервтер нормасын арттыра отырып, комерциялық банктердің несие қаражатын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту комерциялық банктердің несие қаражатын ұлғайтады.
Сонымен бірге ақша – несие саясатының мынадай қосымша әдістері бар. Егер инфляция деңгейі қатты көтеріліп, ақша өте құнсызданса, мемлекет көп жағдайда ақша реформасын жасайды. Ескі ақша айналыстан шығып, айналымға жаңа ақшаның керекті мөлшері шығарылады.
Орталық банктің ақша саясатын жүргізу механизмі мынандай сатылардан тұрады: 1) Орталық банк ақша саясатын жүргізу құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, ақша массасын ұлғайтады. 2) банк депозиттерінің мультипликациялық ұлғаюы жүзеге асырылады. 3) ақша ұсынымының көбеюінен несие арзандайды, яғни процент нарқы төмендейді. 4) несие процентінің төмендеуі нәтижесінде инвестиция жанданады. 5) инвестицияның жандануына байланысты өндіріс ұлғаяды, табыс өседі, жұмыссыздық азаяды.
Осыдан ақша ұсынысы мен іс белсенділігінің деңгейінің арасында тура пропорционалды байланыс бар екендігіне көз жеткізу қиын емес. Ақша ұсынымы көбейгенде онымен бірге тұтынушылар мен кәсіпорындардың шығындары өседі. Одан құлдырау кезінде ақша ұсынысын көбейтсе, экономиканы сауықтыруға мүмкіндік туатындығы шығады. Ал керісінше, экономика өрлеу кезінде болса, ақша ұсынысын кеміту, сұранымды азайтып, бағаны төмендетеді.
4 Ақша массасының өсуі орталық банктің эмиссиялау (жаңа ақша шығару) қызметіне ғана байланысты емес, сонымен бірге ақша массасы коммерциялық банктердің несие берудегі әрекетіне байланысты да өсіп отырады. Коммерциялық банктер несие берген кезде ақша массасы ұлғаяды, ал несиені қайтып алған кезде ақша массасы азаяды. Коммерциялық банктердің жаңа ақша жасау процесін мына мысалмен түсіндіруге болады. Банктің активі 100 мың долл. Орталық банктің нормативі бойынша міндетті резерв нормасы 10 %. Яғни банктің 10 мың долл. резерв қорында сақталады, 90 мың долл. несие ретінде оны тұтынушыларға беріледі. 90 мың долл. айналымдағы ақша массасына қосылады. Жаңа ақша жасау процесі осымен аяқталмайды. Товарлар мен қызметтерге жұмсалған бұл ақшаны екіншілері қайтадан басқа банктерге салуы мүмкін. Осы банк салынымның 10% резерв қорына жұмсайды, қалған 81 мың долл. несие ретінде ұсынылады.. Ақша массасы 90 + 81 = 171 мың долл. өсті. Келесі сатыда осылай несие беру жалғасады. 100+81+72…= 1млн. долл. Осылай міндетті резерв нормасы 10% болған жағдайда алғашқы 100 мың долл. еселеніп көбейіп, банк депозитін 1 млн долл. дейін өсіреді. Ақша массасының ұлғаюын банк мультипликаторы (m) сипатайды:
1
m = * 100 r – міндетті резерв нормасы.
r
Мультипликатор міндетті резерв нормасына кері пропорционалды. Міндетті резерв нормасы 5% төмендесе мультипликатор 20-ға тең, яғни 20 есе көп өсім әкеледі.
Банк депозиті жүзді банк резервінің мөлшеріне бөлгенге тең болады. Алдыңғы қарастырған мысалдар үшін банк депозиті 100:10=10 болатындығы көрініп тұр. Онда жалпы ақша айналымындағы қаржыны есептеу үшін бастапқы салынған ақша осы мультипликаторға көбейтіледі. Біз қарастырған мысал үшін 100 мың * 10 = 1млн.
Достарыңызбен бөлісу: |