Г. И. Нестеренко 20 ж «Есеп және аудит», «мжб»,



жүктеу 2,14 Mb.
бет3/11
Дата21.12.2017
өлшемі2,14 Mb.
#5168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық цикл және циклдық ауытқулардың себептері қандай?

2. Экономикалық цикл фазаларын ата?

3. Экономикалық цикл типтерін ата?


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994

  2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003

  3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.

  4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.

  5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997

9-10 дәріс



Тақырып: Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздық және инфляция

Мақсаты: Жұмыссыздықтың, инфляцияның мағынасын тісундіру.

Дәрістің мазмұны

1. Жұмыссыздыққа әсер етуші факторлар

2. Инфляция және оның болу себептері

3. Инфляцияның түрлері және инфляцияны өлшеу

4. Инфляция және процент нарқы. Фишер тиімділігі

5. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс. Филлипс қисығы


1. Жұмыссыздық әрбір адамға тікелей және қатты әсер ететін макроэкономикадағы басты проблемалардың бірі. Жұмыссыз болу адамдардың әлеуметтік жағдайын нашарлатып қоймайды, сонымен бірге ол психологиялық зардап береді. Сондықтан оның болу себептерін білу, оған қарсы экономикалық саясат жүргізу макроэкономикада зерттеу аймағының мақсаты болып табылады.

Жұмыссыздықтың болуының басты екі себебі: жұмыс табу проблемасы мен еңбекақының қаталдығы.



Жұмыс табу проблемасы. Жұмыссыздықтың бір себебі жұмысшы күші құрылымы мен бос жұмыс орны арасындағы сәйкестіктің орнығуына белгілі бір уақыт мерзімі керектігімен түсіндіріледі. Жұмысшылар қабілеті, кәсібі әртүрлі және әрбір жұмыс орнына қойылатын талаптар да әртүрлі. Сонымен бірге бос жұмыс орны туралы ақпарат жеткіліксіз, жұмысшылардың бір географиялық орыннан екіншісіне тез ауысуы мүмкін емес. Жаңа жұмыс орнын табу уақыт шығынымен байланысты. Жұмыс орны мен қызметкер арасындағы сәйкестікті орнатуға уақыттың қажеттілігі фрикциондық жұмыссыздықты туғызады.

Фрикциондық жұмыссыздықтың болуы экономикаға тән қасиет. Көптеген мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты фрикциондық жұмыссыздықты азайтуға бағытталады. Осы бағыттағы шаралар: еңбекпен қамту бюролары жұмыстарын жетілдіру, кәсіптік қайта дайындау бағдарламаларын жасау.



Ебекақы қаталдығы. Еңбекақы қаталдығы – еңбек ұсынысын сұранысқа сәйкестендіретіндей икемді өзгеріске қабілетсіздік. Егер нақты жалақы тепе-теңдік жалақы мөлшерінен жоғары болса, ұсыныс сұраныстан асып кетеді. Жоғары жалақы деңгейінде фирмалар жұмысшыларды жалдауды қысқартады, жұмыссыздық пайда болады. Еңбекақы қаталдығы нәтижесінде пайда болатын жұмыссыздық күту жұмыссыздығы деп аталады.

Жұмыс күші ұсынысы жоғары болуына байланысты, фирмалардың жалақыны төмендетуге мүмкіндігі бар. Бірақ еңбекақы қатаңдығы оған мүмкіндік бермейді. Еңбекақы қатаңдығы өз алдына мынадай себептерге байланысты: минималды жалақы туралы заңдардың қабылдануы, кәсіподақтардың монополиялық билігі және фирмалармен ынталандырушы жалақыны орнату (жоғары жалақы еңбек өнімділігін арттырады).


2. Инфляцияның пайда болуының барлық елдерге тән мынадай себептері бар:

  1. мемлекеттік бюджеттің тапшылықта болуы, яғни әлеуметтік, әскери мақсаттағы шығындарды көп жұмсауы. Осының нәтижесінде бюджет тапшылығы күшейіп, оны толықтыру мақсатында мемлекет қағаз ақшаларды артық басып шығарады.

  2. Кәсіподақтар жалақының өсуін талап етеді, бұдан шығын да өседі, одан кейін баға өседі, сосын – жалақы мөлшерінің жаңа өсімі қайталанады. Нәтижесінде «инфляцияляқ серіппе» пайда болады.

  3. Инфляцияның тағы бір себебі - бәсекенің тиісті деңгейде болмауы. Шындығында жоғарғы бәсеке жағдайында бір тауардың қымбаттауы басқа тауардың арзандауына әкеледі. Ал нарықта монополист үстемдік еткен жағдайда тауар бағасы деңгейі үнемі көтеріліп, инфляцияға әкеледі.

  4. Инфляцияның пайда болуы оны күтумен де байланысты. Өндіріс иелері өздерінің табысының инфляцияға байланысты азаю мүмкіндігін ескере отырып, тауар бағасын көтере бастайды. Нәтижесінде бір мезгілде тауар бағасының өсуі және өндіріс көлемінің қысқаруы орын алады.

3. Инфляцияның мынадай түрлері бар:

1. Өту қарқынына байланысты 3 түрге бөлінеді: 1) баяу инфляция, жылдық инфляция деңгейі 10% –ке дейін. 2) қарқынды инфляция (20%-200%) 3) ұшқыр немесе гиперинфляция. Мұнда ақша айналымы толық бұзылады. Мысалы, инфляция деңгейі 1985 жылы Боливияда 3400, 1990 жылы Аргентинада 2000 құрады. Дүниежүзілік рекорд әзірге Никарагуа елінде – 33000.

2. Өту формасына байланысты ашық және басыңқы инфляция болады. Еркін баға белгіленетін нарықтық экономикаға ашық инфляция тән. Ашық инфляцияда бағаның өсуі анық көрінеді. Басыңқы немесе жасырын инфляция реттелетін бағалар қолданылатын әміршілдік экономикаға тән. Бағаға бақылау жасайтындықтан мұндай экономикада бағаның өсуі байқалмайды, ол жасырын түрде болады. Бірақ инфляция әрекетін тауар тапшылығынан, өнім сапасының нашарлығынан, бартерлік айырбастаудың дамуынан көруге болады.

3. Инфляцияның пайда болу себебіне байланысты сұраным және шығындар (ұсыным) инфляциясы болады. Сұраныс инфляциясында сұраныс пен ұсыныс теңдігі сұраным жағынан бұзылады. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде, мемлекеттің әскери және әлеуметтік мақсаттағы шығындарының өсуінде пайда болады.

Шығындар инфляциясы - өндіріс шығындарының өсуіне байланысты бағаның өсуі.

4. Күтілетін және күтілмейтін инфляция болады. Күтілетін инфляцияда тұтынушылар бағаны одан әрі өседі деп күтіп, тауарға сұранымын арттырады. Нәтижесінде баға өседі.

5. Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінң алшақтауына байланысты инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты үнемі өзгеріп отырады.

Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Ағымдағы жылдың инфляция деңгейі мына формуламен есептеледі:


Инфляция деңгейі

=

Pa - Po

Po



100%

Pa – ағымдағы жылдағы орташа баға деңгейі

Po- өткен мерзімдегі орташа баға деңгейі

Мысалы, баға индексі 2000 жылы 113,6 болсын, 2001 жылы ол 118,3.

Инфляция деңгейі = (118.3-113.6) / 113.6 * 100% = 4.1%


4. Экономистер банктер белгілейтін процентті номиналды процент нарқы (i), оның сатып алу қабілетіне байланысты процент нарқын нақты процент нарқы (r) деп атайды. Егер инфляция деңгейін  деп белгілесек, бұл үш көрсеткіш арасындағы байланысты былай көрсетеміз:

r = i - 

Бұл теңдеуді былай өзгертіп жазуға болады:

i = r + 

Бұл теңдеу американ экономисті Ирвинг Фишер (1867-1947) құрметіне Фишер теңдеуі деп аталады. Теңдеу номиналды процент нарқы екі себепке байланысты өзгеретіні көрсетеді: нақты процент нарқының өзгерісі және инфляция деңгейі.

Ақшаның сандық теориясы және Фишер теңдеуі ақша массасының өсуі номиналды процент нарқына қалай әсер ететінін көрсетеді. Ақшаның сандық теориясына байланысты ақша массасының 1%-ке өсуі инфляция деңгейінің де 1%-ке өсуіне әкеледі. Фишер теңдеуіне сәйкес , инфляция деңгейінің 1%-ке өсуі номиналды процент нарқын 1%-ке өсіреді.

Инфляция деңгейі мен номиналды процент нарқы арасындағы қатынас Фишер тиімділігі деген ат алды.
5. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филлипс қисығы арқылы зерттеледі. Ағылшын экономисті А.В.Филлипс жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің заңдылығын Ұлыбритания елінің 1861-1956 жылдардағы статистикалық мәліметтерін талдай отырып, график түрінде былай бейнеледі.



Р
Р3
Р2
Р1
U3 U2 U1


Бұл қисық сызық жоғарғы жұмыссыздық жағдайында инфляцияның төмен болатынын көрсетеді. Және керісінше жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранымды арттырады, бағаның өсуіне итермелейді.




Егер жұмыссыздықтың U1 деңгейін мемлекет жоғары деп тапса, оны төмендету мақсатында фискальдық және ақша-несие саясатын жүргізе отырып, жаңа жұмыс орындарын жасауға ұмьылады. Жұмыссыздық деңгейі V2-ге дейін төмендейді, бірақ инфляция P1-ден P2 – ге көтеріледі


Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыссыздыққа әсер етуші факторларды ата?

  2. Инфляция және оның болу себептері қандай?

  3. Инфляция және процент нарқы бұл не?.

  4. Фишер тиімділігін ата?


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994

  2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003

  3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.

  4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.

  5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997

11 дәріс



Тақырып: Ұлттық табыс:өндіру, бөлісу. Тұтыну.

Мақсаты: Тұтыну, жинақ ақша қорлары мен инвестициялар.,Мемлекеттік бюджет және мемлекеттік борыш. Сауда операциялары, капитал шығыны туралы білімдерін кеңейту.

Дәрістің мазмұны

1. «Экономикадағы ақша құралдарының айналымы» моделі

2. Тауарлар мен қызметтер өндірісі

3. Ұлттық табысты өндіріс факторлары бойынша бөлу


1. Ұлттық табысты өндіру және бөлу мәселелерін зерттеу мынадай сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:

  • Елдегі фирмалар қанша өнім өндіреді? Ұлттың табысының мөлшерін не анықтайды?

  • Өндірістен алынған табыс кімге түседі? Жұмысшылар қанша алады, меншік иелері қанша иемденеді?

  • Елдің өнімдерін кім сатып алады? Үй шаруашылығы тұтынуға, фирмалар инвестицияға, үкімет қоғамдық мұқтаждыққа қаншасын алады?

  • Тауарлар мен қызметтерге сұраныс пен ұсынысты не теңдестіреді?Тұтыну, инвестиция, мемлекеттік сатып алулар арасындағы сәйкестікті не қамтамасыз етеді?

Нақты экономиканың қызмет етуі «экономикадағы ақша құралдарының айналымы» моделінде айқын көрінеді. Бұл модельде экономикадағы үш агент – үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет арасындағы байланыс көрсетіледі.

Үй шаруашылығы түскен табысын салық төлеуге, қаражат жинақтауға жібереді, Фирма өнімдер мен қызметтерді сатудан алған табысын өндіріс факторлары иесіне төлем ретінде жұмсайды. Үкімет салық түрінде табыс ала отырып, оны мемлекеттік сатып алуларға жұмсайды. Бұл модельдегі өзара байланыстарды біз мынадай сатылар бойнша қарастырамыз:



  1. Ұлттық табысты құрайтын фирмалардың өндірісінің көлемі немен анықталады;

  2. Бұл ұлттық табыс өндіріс факторлары нарығы арқылы үй шаруашылығына қалай бөлінеді;

  3. Алынған табыстың қандай бөлігін үй шаруашылығы тұтынады, қандай бөлігін жинақтайды;

  4. Тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс бір-біріне қалай теңеседі.

2. Фирмалардың өндірісінің көлеміне екі көрсеткіш: өндіріс факторлары және өндірістік функция әсер етеді.



Өндіріс факторлары – тауарлар мен қызметтер өндіруге қажетті ресурстар (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік). Өндіріс факторларының шығарылатын өнім көлеміне әсерін анықтау үшін өндірістік функция қолданылады:

Y = F ( K, L)

Өндіріс функцияларының көпшілігі өндіріс ауқымының тұрақты тиімділігі қасиетін иемденеді. Егер өндіріс факторларының өсуіне байланысты алынатын өнім де сол шамаға өссе, өндірістік функцияның осы қасиеті орындалады:

zY = F (z K, zL)


3. Экономикадағы өндірістің жалпы көлемі ондағы табыстың жалпы көлеміне тең. Өндіріс факторлары мен өндірістік функция тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемін анықтайтын болғандықтан, осымен қатар олар ұлттық табыстың да мөлшерін анықтайды.

Ұлттық табыстың бөлінуі өндіріс факторларына қойылатын бағаға байланысты. Ал бұл баға өз алдына нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қойылады. Фирма өнімін Р бағасымен сатады, жұмысшыларына w жалақысын төлейді және капиталды r аренда бағасына жалдайды. Табыстың бөлінуін анық көрсету үшін капитал тек үй шаруашылығына тиесілі деп қарастырамыз. Яғни үй шаруашылығы капиталды арендаға береді, өзінің жұмыс күшін сатады.

Фирманың мақсаты пайда табу. Оның пайдасы былай есептеледі:

П = P*Y – WL –RL

Пайданың өндіріс факторларына қалай байланысты екенін анықтау үшін өндірістік функцияны қолданамыз:

Y = F ( K, L) П = P* F ( K, L) – WL –RL

Бұл теңдеу пайданың өнім бағасына, өндіріс факторларының бағасына және олардың санына байланысты екенін көрсетеді.

Фирма пайдасын максималдау үшін еңбектің шекті өнімі нақты жалақыға тең болғанша жұмысшыларды жалдайды:

MPL =W / Р W / Р –нақты жалақы.

Фирма өндіріс факторлары үшін төлем жасағаннан кейін өзінде қалатын табыс экономикалық пайда деп аталады. Экономикалық пайда мынаған тең:

Экономикалық пайда =Y - ( MPL* L) + (MPК* К).

Y = ( MPL* L) + (MPК* К) + экономикалық пайда

Осыдан ұлттық табыстың жұмысшылардың табысына, капитал иелері табысына және экономикалық пайдаға бөлінетінін көруге болады.

Егер өндірістік функция өндіріс ауқымының тұрақты тиімділігін иемденетін болса, экономикалық пайда 0–ге тең болады да, өндіріс факторлары үшін төлемнен соң ештеңе қалмайды. Бұл Эйлер теоремасының тұжырымдамасы. Бұл теорема бойынша:

F ( K, L) = ( MPL* L) + (MPК* К)

Егер әрбір өндіріс факторына оның шекті өнімі берілетін болса, онда өндіріс факторлары үшін төленетін барлық төлемдер жалпы өндірілген өнімнің көлеміне тең. Басқаша айтқанда, өндіріс ауқымының тұрақты тиімділігі және бәсеке болса, экономикалық пайда нольге тең.


12 дәріс

Тақырып: Ұлттық табыс:өндіру, бөлісу. Тұтыну.

Мақсаты: Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрамдас бөліктері.Тұтыну функциясы. Пайыз бағамы және тұтыну функция бойынша білім беру.

Дәрістің мазмұны

  1. Жабық экономикадағы жиынтық сұраныстың құрамдас бөліктері.

  2. Тұтыну функциясы.

  3. Кейнстік тұтыну функциясы.


1. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлінеді:

  • Тұтыну (С)

  • Инвестициялар (I)

  • Мемлекеттік сатып алу (G)

  • Таза экспорт (NX)

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:

  • Қысқа мерзімді қоладнылатын тауарлар

  • Ұзақ мерзімді қоладнылатын тауарлар

  • Көрсетілген қызмет

Экономикада өндірілген өнімдердің басым бөлігі тұтынуға жұмсалады. ЖҰӨ-ні үштен екі бөлігі тұтынуға келетін болғандықтан, тұтыну жайлы шешімдер қабылдау экономиканың маңызды сұрақтарының бірі.

Табыстың салық төлемдерін өтеуден қалған бөлігі қолда бар табыс деп аталады.

Yd = Y-T Yd – қолда бар табыс.

Тұтыну деңгейі жеке байлыққа () және қолда бар табысқа (Yd) оң тәуелді. Табыстың өсуімен тұтыну деңгейі де өседі. Олардың арасындағы байланыс тұтыну функциясы деп аталады:

С = C (,Yd)

Табыс тек тұтынуға жұмсалмайды, оның белгілі бір бөлігі қор жинақтауға қолданылады:

Тұтыну (С) + Қор жинағы (S ) = Табыс (Y)
2. Тұтыну мен қор жинақтау мәселесін зерттеу барысында Дж.М.Кейнс мынадай психологиялық факторлардың әсерін атап көрсетті.

Біріншіден, табыс деңгейі өске сайын адамдардың тұтынуға жұмсайтын шығыны да өседі, бірақ табыс деңгейінің өсу қарқыны мен тұтыну шығындарының өсу қарқыны бірдей болмайды. Табыс өскен сайын тұтыну шығындарының өсу қарқыны азаяды, ал қор жинақтау қарқыны өседі. Тұтыну мен қор жинақтаудың өсу және кему қарқынын көрсету үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:

ìðñ = ∆C / ∆Y ìðñ – тұтынудың шекті бейімділігі

ìðs = ∆S / ∆Y ìðs – қор жинағының шекті бейімділігі


ìðñ + ìðs = 1


Òàáûñ (Y)

Ò½ò. øû¹. (Ñ)

ìðñ

²оð. æèí (S)

ìps

1000

1100


1200

1300


1400

1000

1090


1170

1240


1290

-

0,9


0,8

0,7


0,5

0

10

30



60

110


-

0,1


0,2

0,3


0,5


Екіншіден, тұтынудың орташа бейімділігі деп аталатын тұтынудың табысқа қатынасы табыстың өсуімен бірге азаяды. Кейнстің пікіренше қор жинақтау – байлықтың белгісі, сондықтан байлар кедейлерге қарағанда табысының көп бөлігін жинақтауға жұмсайды.

аðñ =C/Y тұтынудың орташа бейімділігі

аðs =S/Y қор жинағының орташа бейімділігі

Кейнс табыс тұтынуды анықтайтын басты фактор деп санады, және процент нарқының роліне мән бермеді. Ал классикалық мектептегі экономистердің пікірі бойынша жоғары процент нарқы қор жинақтауды ынталандырады.
3. Кейнстік тұтыну функциясы оның жетістіктеріне қарамастан, мынадай екі проблеманы туғызды.

Біріншісі, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі экономистердің жасаған болжауларынан туындады. Кейнс теориясы бойынша табыстың өсуіне байланысты тұтынуға шекті бейімділік азайып, қор жинағына шекті бейімділік өсуі қажет. Ал соғыстан кейінгі жылдары табыстың өсуіне байланысты қор жинақтаудың өсуі байқалған жоқ.

Екіншісі, экономист Саймон Кузнецтің зерттеулеріне байланысты туындады. Оның бұл зерттеулері Нобель сыйлығына иегер атануға мүмкіндік берді. Саймон Кузнец 1940 жылы 1869 жылдан бастап жинаған мәліметтерінің қорытындысын шығарды. Оның зерттеуі бойынша тұтынудың табысқа қатынасы бірнеше жылдар бойы тұрақты болып қалды.

Қысқа уақыт мерзімінде кейнстік тұтыну функциясы орындалғанмен, ұзақ мерзімде оның дұрыстығы осылай нақты деректермен дәлелденген жоқ.


Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. ЖҰӨ құрылымындағы шығындарына қандай шығындар жатады?

  2. Тұтыну функциясы дегеніміз?

  3. Кейнстің тұтыну теориясына түсінік бер.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Агапова Т. Серегина С.Ф. Макроэкономика. М. МГУ, 1999

  2. Бункина М.К. , СеменовВ.А. Макроэкономика М., 1995.

  3. Бункина М.К. Монетаризм. М., 1994.

  4. Гальперин В.Д. и др. Макроэкономика. Экономическая школа, 1996

13 дәріс



Тақырып: Ұлттық табыс:өндіру, бөлісу. Тұтыну.

Мақсаты: Пайыз бағамы және инвестициялық функцияны түсіндіру.

Дәрістің мазмұны

  1. Инвестициялық шығындар

  2. Инвестиция динамикасын анықтайтын факторлар

1. Инвестициялық шығындар ұлттық экономика деңгейінде ұлғайған ұдайы өндірісті бейнелейді. Инвестиция – бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайту мен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй, мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салыған капитал мөлшерін көрсетеді. Фирамалар да, үй шаруашылығы да инвестициялық тауарларды иеиденеді. Фирмалар капитал запасын ұлғайту үшін және ескілерін жаңарту үшін инвестициялық тауарларды сатып алады. Үй шаруашылығының жаңа үйлер сатып алуы да инвестицияның бір бөлігі. АҚШ-та ЖҰӨ-нің 15-процентке жуыған инвестициялар құрайды.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисті ДЖ.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиіді сұрсныстың басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестициялық шығындар үш түрге бөлінеді. Кәсіпорындардың негізгі қорларына жұмсалатын инвестициялар (өндірістік инвестициялар)– кәсіпорындармен өзінің өндірістік қызметінде пайдаланылуға алынатын ғимараттар, құрылыстар және қондырғылар.



Тұрғын үй құрылысына жұмсалатын инвестициялар құрамына тұру үшін және жалға беру үшін алынатын үйлерге жұмсалған шығындар жатады.

Тауарлы-материалдық қордағы инвестицияларға сақтауда тұрған тауарлар, материалдар мен шикізаттар, аяқталмаған өндіріс және дайын бұйымдар жатады
2. Инвестиция динамикасын анықтайтын факторлар мыналар:

  1. Инвестицияға қаржы жұмсау ең алдымен сол инвестиция жұмсаудан алынатын пайда нормасына байланысты. Егер алынатын пайда инвестицияға жұмсалатын шығынды өтемесе, инвестиция жасау тиімсіз; Инвестицияға елдегі пайыз мөлшерлемесі әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесі өсуі инвестицияны тежесе, пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі инвестицияны жандандырады;

  2. Инвестиция салық салу деңгейіне байланысты. Салық нарқының өсуі инвестицияны тежейді және керісінше;

  3. Өндіріс технологиясындағы өзгерістер;

  4. Қолдағы негізгі капитал;

  5. Экономикалық күтулер;

  6. Жиынтық табыс динамикасы.

Инвестициялар тұрақсыздығының негізгі факторлары:

  1. Құрал-жабдықтардың ұзақ мерзім жұмыс істеуі;

  2. Инновациялардың тұрақсыздығы;

  3. Экономикалық күтулердің өзгергіштігі;

  4. ЖҰӨ циклдік ауытқулары.

Инвестиция негізінен пайыз мөлшерлемесіне байланысты болады. Нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту инвестиция тартымдылығын азайтады. Бұл байланыс инвестиция функциясымен сипатталады:

I = I(r)


3. Номиналды және нақты пайыз мөлшерлемелері болады. Номиналды – оның құны бойынша ақша бірлігінде көрсетілген мөлшерлеме.

Нақты – инфляцияны есепке алғандағы пайыз мөлшерлемесіне. Мысалы номиналды пайыз мөлшерлемесі – 9, инфляция деңгейі – 5, нақты пайыз мөлшерлемесі 4-ке тең (9-5)



Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Инвестициялық шығындар түрі қандай?

  2. Инвестиция динамикасын анықтайтын факторларды ата?

  3. Инвестициялар тұрақсыздығының негізгі факторларына нелер жатады?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Агапова Т. Серегина С.Ф. Макроэкономика. М. МГУ, 1999

  2. Бункина М.К. , СеменовВ.А. Макроэкономика М., 1995.

  3. Бункина М.К. Монетаризм. М., 1994.

  4. Гальперин В.Д. и др. Макроэкономика. Экономическая

14-17 дәріс.



Тақырып: Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Мақсаты: Жиынтық сұраныс түсінігі, жиынтық ұсыныс түсінігі түсіндіру

Дәрістің мазмұны

  1. Жиынтық сұраныс түсінігі

  2. Жиынтық ұсыныс түсінігі

  3. Қысқа және ұзақ мерзімдік кезеңдегі экономикалық тепе-теңдік

  4. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруі

  5. Кейнс кресі

1. Жиынтық сұраныс – тұтынушы сұранысына ие болатын өндірілген өнім саны мен баға арасындағы байланыс. Немесе жиынтық сұраныс дегеніміз кез-келген мүмкін болатын баға деңгейінде тұтынушылар, кәсіпорындар мен үкіметтің сатып алатын нақты өнімінің көлемі (Нақты ЖҰӨ). Жеке тауар нарығындағы секілді жиынтық сұраныс пен баға деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Неғұрлым баға деңгейі төмен болса, соғұрлым елде өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көп бөлігін тұтынушылар, кәсіпорындар және үкімет сатып алады. Ал баға деңгейі жоғары болса, оны тұтыну да қысқарады. Баға деңгейі мен өнім өндіру арасындағы осы байланысты графикте былай көрсетуге болады.

Баға


деңгейі

АД

Нақты өндіріс көлемі






Баға деңгейі мен өнім көлемі арасындағы кері байланыстың болуының мынадай себептері бар:

Процент мөлшерлемесінің тиімділігі. Егер елдегі баға деңгейі өсетін болса ақшаға сұраныс өседі, себебі тауарлар алу үшін тұтынушылар ақшаны көп қажет етеді. Ал ақшаға сұраныстың өсуі сол ақшаны пайдаланғаны үшін төленетін ақыны – процент мөлшерлемесін өсіреді. Процент мөлшерлемесі жоғарылаған сайын сатып алуға мүмкін болатын тауарлар саны азаяды. Яғни баға деңгейінің өсуі процентті де өсіреді, ал ол өз алдына өндірістің нақты көлемін қысқартады.

Байлықтың тиімділігі. Елдегі баға деңгейінің өсуі тұрғындардың жинаған байлығының құнын түсіріп жібереді. Тұрғындар кедейленуіне байланысты тұтыну шығындарын қысқартады.

Импорттың тиімділігі. Елдегі баға деңгейінің өсуі шетелмен салыстырғанда өсетін болса экспорт көлемі қысқарады. Шетелдер жағынан елдің тауарына деген сұраныстың азаюы өндіріс көлемін қысқартады.

Жиынтық сұраныс қисығына баға деңгейінен басқа мынадай факторлар әсер етеді, және олардың әсерімен жиынтық сұраныс қисығы қозғалады:



  • Орталық Банк ақша ұсынысын қысқартқан жағдайда жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды;

  • Салықтағы өзгерістер жиынтық сұраныс қисығын қозғалтады;

  • Субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің енгізілуі және т.б.

2. Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді. Баға деңгейінің жоғары болуы өндірістің көлемін ұлғайтуға ынталандырады, ал баға деңгейінің төмендеуі өндірісті қысқартуға әкеледі. Бұл байланысты графикте былай көрсетеміз:
баға АS

деңгейі

нақты өндіріс көлемі
Суретте АS қисығы 3 түрлі жағдайда көрініс алып тұр. Біріншісі көлденең сызықпен көрсетілген. Ол кейнстік кесінді деп аталады. Кейнстік кесінді жұмыссыздық жағдайындағы ұсыныс қисығын бейнелейді. Кейнстің көзқарасы бойынша ресурстарын толық пайдаланбай отырған экономикада өндіріс көлемінің ұлғаюы баға деңгейіне байланыссыз болады. Фирмалар жұмыссыздықты пайдаланып ағымдағы еңбек ақысына керекті жұмыс күшін жалдайды. Осыған байланысты олар көрсетілген баға деңгейінде сұранысты қанағаттандыра алады.

Вертикальды тік қисық сызық классикалық кесінді деп аталады. Себебі экономикалық теорияның классикалық бағыт өкілдері экономиканың ресурстармен толық қамтылған жағдайын зерттеді. Классикалық жағдайда ұсыныс қисығының тік болуы кез-келген баға деңгейінде қажетті тауар өндіріледі дегенді білдіреді. Бұл жағдай баға деңгейі қаншама өссе де өнім өндірудің ұлғаймайтынын көрсетеді, себебі өндіріс бар мүмкіншілігін пайдаланып жұмыс жасап тұр.

Классикалық және кейнстік кесіндінің ортасында аралық кесінді орналасқан. Бұл аралықта еңбек ресурстары жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттары іске қосыла бастайды. Бұл жағдайда бағаның өсуі өндіріс көлемін ұлғайтады.

3. Классикалық үлгі және жиынтық сұраныстың тік қисығы ұзақ мерзімдік кезеңді талдауда қолданылады. Ұзақ мерзімдік кезеңде өнім шығару көлемі баға деңгейіне тәуелді емес (Сурет 3). Бұл жағдайда сұраныстың өзгерісі бағаға әсер етеді, өндіріс көлеміне әсер етпейді. Мысалы, егер ақша ұсынысы қысқарса, жиынтық сұраныс қисығы төменге ығысады. Жиынтық сұраныстың қысқаруынан баға деңгейі төмендейді.



АS

AS


AD1

AD2 AD1

AD2

Сурет 3. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі Сурет 4. Қысқа мерзімдік кезеңдегі

жиынтық ұсыныс жиынтық ұсыныс


Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен беріледі. Қысқа мерзімдік кезеңде тауарларға баға икемсіз болады, сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделмеген. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етпейді. Мысалы, Ұлттық Банк ақша ұсынысын азайтса, жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды. Баға деңгейі өзгермейтіндіктен, жиынтық сұраныстың өзгеруі өнім көлемінің төмендеуін тудырады.

4. Экономикадағы тербелістер жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзгеруінен басталады. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысын экономикалық сілкініс немесе талықсытпа (шок) деп атайды.

Жиынтық ұсыныс жағынан болатын сілкіністер мысалдары:


  • Құрғақшылық салдарынан азық-түлікке деген ұсыныстың күрт төмендеуі оларға деген бағаның өсуін тудырады;

  • Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа заң фирмалардың зиянды заттардың қалдықтарын қысқартуды талап етеді – фирмалар бағаны жоғарылату арқылы өндірістің қосымша шығындарын тұтынушыларға жүктейді;

  • Кәсіподақтар күресі – шығарылатын тауарларға деген бағаны және жалақының жоғарылауына әкеледі және т.б.

5. Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкіметтің тауарларға және қызмет көрсетуге жоспарлап отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлық материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.

Экономика жабық болса, жоспарланған шығындар (Е) былай бейнеленеді:

Е = C + I + G

Е Y=E

Y1 E = C+ I + G

E1 жоспарланбаған қор жинау

E2

Y2 жоспарланбаған қордың қысқаруы

Y2 Y0 Y1 Y
Бұл модель өзінің сыртқы келбетіне байланысты «Кейнс кресі» деп те аталады.Y=E сызығында жоспарланған шығындар табысқа тең. Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі Y0 тепе-теңдік көлемінен Y1-ге артса, онда жоспарланған шығындар табыстан аз, яғни сатып алушылар тауарларды фирмалардың өндіргенінен аз сатып алатындықтан, жоспарланбаған қор жинақтау болады. Қордың өсуі фирмаларды өндірісті және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр етеді. Y1 Y0 –ге дейін төмендейді, яғни табыс пен жоспарланған шығындар теңеледі.

Керісінше, Y2 табыс көлемінде, жоспарланған шығындар өндіріс көлемінен жоғары. Көтерілген сұраныс фирма қорларының қысқаруы есебінен қанағаттандырылады, бұл жұмысбастылық пен өнімнің өсуіне ынталандырады. ЖҰӨ біртіндеп Y0 –ге дейін өседі, және қайтадан тепе-теңдік орнығады.

Кейнс кресін мемлекеттің бюджет-салық саясатының әсерін көрсету үшін қолдануға болады.


Е Y=E

E2= Y2 В ∆Y

∆Y

E1= Y1 А



∆Y

E1= Y1 E2= Y2 Y




Кейнс кресіндегі мемлекеттік шығындардың өсуінің әсері.

Мемлекеттік шығындардың ∆Y-ге өсуі жоспарланған шығындарды да осы шамаға өсіреді. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ығысады. Мемлекеттік шығындардың өсуі табыстың өсуіне әкеледі.






Е Y=E

E2= Y2 В мрс×∆Т

∆Y

E1= Y1 А



∆Y

E1= Y1 E2= Y2 Y




Кейнс кресіндегі салықтың төмендеуінің әсері.

Салықтың ∆Т-ге төмендеуі өсуі жоспарланған шығындарды мрс×∆Т шамаға өсіреді. Тепе-теңдік А нүктесінен В нүктесіне ығысады. Салықтың төмендеуі табыстың өсуіне әкеледі.




жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау