14 апта
27 кредит сағат
№27 дәріс
Тақырып: Ашық экономика. Айырбас бағамы.
Дәрістің мазмұны
1. Тіркелген және құбылмалы айырбас бағамдары бар жағдайлардағы бюджет тапшылығы.
2. Төлем балансының дағдарысы. 2
28 кредит сағат
№28 дәріс
Тақырып: Экономикалық өсу.
Дәрістің мазмұны
1. Ұзақ мерзімді экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері.
ОЖСӨЖ мазмұны: 27
1.Ашық экономика үшін IS-LМ моделі
2. IS және LМ қисықтарына айырбас курсының және өзге де факторлардың әсері
3. Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша.
ОЖСӨЖ мазмұны: 28
1. Бекітілген айырбас курсы жағдайындағы ашық экономикадағы тепе-теңдік
2. Капитал қозғалысын реттеу жағдайындағы бюджеттік және ақша саясаты.
3. Ашық экономикадағы жылжымалы айырбас курсы
СӨЖ мазмұны: 27. Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша.
СӨЖ мазмұны: 28 Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша
15 апта
29 кредит сағат
№29 дәріс
Тақырып: Экономикалық өсу.
Дәрістің мазмұны
1. Қазіргі заманғы экономикалық осудің алғы шарттары мен өзіндік белгілері
30 кредит сағат
№30 дәріс
Тақырып: Экономикалық өсу.
Дәрістің мазмұны
1.Экономикалық өсудің Солоу моделі
ОЖСӨЖ мазмұны: 29
1. Экономикалық өсу түсінігі
2. Ұзақ мерзімді өсудің Солоу моделі. Модельдің графиктік көрінісі
3. Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша.
ОЖСӨЖ мазмұны: 30
1.Жинақтау және инвестиция. Капиталдың қорлануы
2. Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша.
СӨЖ мазмұны: 29 Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша
СӨЖ мазмұны: 30 Есеп шығару, тест тапсырма тақырып бойынша
3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
1
|
Реферат
|
Тақырып бойынша негізгі баяндама
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
3 апта
|
100% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
2
|
Оппонент болуы
|
Баяндама жасау
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
4 апта
|
100% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
3
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау
(барлығы 12 тапсырма)
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде
|
Тақырып бойынша
100% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
4
|
Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау
|
Ойлау қабылетін тексеру
|
Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты
Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты
|
№4 семинар
№10 семинар
|
Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 100% бағаланады
|
5
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексер
|
|
|
Тест
|
4. Пәннің оқу әдістемелік кешенмен қамтылу картасы
№
п/п
|
Әдебиет атауы
|
Қамтылуы
|
Ескерту
|
Кітапханада
|
кафедрада
|
студенттердің қамтылуы (%)
|
Электронндық түрі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
2
3
4
|
Бисенғазиев «Макроэкономика » Орал2000 жыл 168-бет с.
Мамыров М.Т
«Макроэкономика»
2000 жыл 420-бет
Киселев К.М
«Курс лекций по макроэкономике»2006 жыл 352 бет
Агапова М.В
«Макроэкономика» 2005 жыл 464 бет
Мухамедиев Б.М
Дуланбаева
Рахетуллиева
«Макроэкономика»
|
2
9
5
7
|
1
|
|
|
№ 2 корпус 2. №5 оқу залы
№ 2 корпус 2. №5 оқу залы
№ 2 корпус 2. №5 оқу залы
№ 2 корпус 2. №5 оқу залы
№ 2 корпус
201 ауд
|
5. Дәріс кешені
1 апта
1 кредит сағат
№1 - 3 дәріс
Тақырып: Макроэкономикаға кіріспе.
Мақсаты:Макроэкономика пәні бойынша студенттерге жалпы түсінік беру. Макроэкономиканың негізгі аспаптары.
Дәрістің мазмұны
Макроэкономикалық теорияның басты мәселелері.
Макроэкономикалық талдау ерекшеліктері.
Макроэкономикалық аспаптары: фискальды және монетарлы саясат.
1. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсінік береді. Сонымен бірге макроэкономика экономикалық өзгерістерге, оның ішінде экономикалық-қаржылық саясатқа, тұтыну мен қаржы, доллар мен саудадағы байланыстарға жалақы мен баға өзгерістеріне, ақша қорына, мемлекеттік бюджетке баса назар аударады. Қысқаша айтқанда экономиканың дамуы барысындағы әр-алуан пікір-таластарды, бүгінгі таңдағы экономикалық проблемаларды да кеңінен қарастырады. Тұрмысқа қажетті тауарлардың көлемін, ұлттық экономиканың әрекеттестігін анықтайды.
Макроэкономикада басты үш мәселе бар: біріншісі –жұмыссыздық, келесісі – инфляцияны түсіндіру, үшіншісі - өһнімнің өсу мөлшерін не анықтайтыны жөнінде. Тағы бір маңызды мәселе – халықаралық макроэкономиканың аумағына, әлемдік экономикаға талдау жасау. Макроэкономикадағы бұл маңызды көрсеткіштердің қоғам өмірінде маңызы зор. Мысалы, тұрғындар табысы ұлттық экономикадағы табысқа тікелей байланысты. Немесе жанұяның мүлкінің құны елдегі инфляция деңгейіне тәуелді болады.
2. Экономистер жалпы экономика туралы көзқарастарын моделдер көмегімен түсіндіруге тырысады. Моделдерде математикалық түрде әртүрлі экономикалық айнымалылар арасындағы байланыстар көрсетіледі. Экономикалық моделдерде айнымалылардың екі типі қолданылады: экзогенді және эндогенді. Экзогенді айнымалылар сырттан келеді, яғни олар бастапқы мәліметтер. Эндогенді айнымалылар модель ішінде қалыптасады, яғни олар шешімдердің нәтижесі болып табылады. Басқаша айтқанда экзогенді айнымалылар моделді құрмас бұрын белгілі болады, ал эндогенді айнымалылар моделдегі есептеулер нәтижесінде анықталады. Модельдердің мақсаты – экзогенді айнымалылардың эндогенді айнымалыларға әсерін түсіндіру.
Модель
Экзогенді айн Эндогенді айн
Мысалы, нанның нарығының моделін қарастырамыз. Нанға деген сұраныс оның бағасы мен тұтынушылар табысына байланысты. Ал оның ұсынымы баға мен ұнның бағасына байланысты. Нарықтық тепе-теңдік екеуінің қиылысуында орналасады. Осы модель экзогенді айнымалылардың (ұнның бағасы мен тұтынушы табысы) эндогенді айнымалыларға (нанның бағасы мен сатылған өнім көлемі) қалай әсер ететінін көрсетеді.
3. Экономикада экономистермен оқылатын айнымалылар бір нәрсенің (ақша, тауар) мөлшерін, санын сипаттайды. Осындай сандық айнымалылардың екі типі болады: қор және ағын. Қор– берілген уақыт аралығында өлшенетін мөлшер.Ағын– бір бірліктегі мөлшер.
Қор-ағын түсінігінің классикалық мысалы су толтырылған ванна. Ваннадағы толтырылған су – қор, краннан ағылған су - ағын. Ваннадағы қорда ағынның жинақталу нәтижесі көрінеді, ал ағында қордағы өзгеріс процесі көрінеді. Қор мен ағынды өлшеу үшін әртүрлі бірлік қолданылады. Мысалы, ваннада 10 л су бар, оған минутына 5 л су құйылады.
Макроэкономикада айнымалылар зерттелген кезде біздер «қор-ағын» байланысына ұқсас құбылыстармен көп кездесеміз. Мысалы, алдағы уақытта біз қарастыратын бір-бірімен байланысты қорлар мен ағындар:
Тұтынушы мүлкі –қор, оның шығысы мен кірісі –ағын;
Жұмыссыздар саны –қор, жұмысын жоғалтқандар –ағын;
Экономикада жинақталған капитал –қор, инвестиция көлемі –ағын;
Мемлекеттік қарыз –қор, бюджет тапшылығы –ағын.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылық пен ұқсастық
Соңғы уақытта қандай макроэкономикалық проблемалар талқылануда?
Қолданылатын әдебиеттер:
Агапова Т. Серегина С.Ф. Макроэкономика. М. МГУ, 1999
Бункина М.К. , СеменовВ.А. Макроэкономика М., 1995.
Бункина М.К. Монетаризм. М., 1994.
Гальперин В.Д. и др. Макроэкономика. Экономическая школа, 1996
№4 - 6 дәріс
Тақырып: Макроэкономикалық өлшемдер.
Мақсаты: Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер . Оларға жалпы түсінік беру. Ұлттық есепшоттар жүйесінің өзге көрсеткіштері. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, қолда бар табыстар туралыжалпы түсініктер беру. Атаулы және нақты айнымалыларды түсіндіру
Дәрістің мазмұны
Íåãiçãi ìàêðîýêîíîìèêàëûº ê¼ðñåòêiø – æàëïû ½ëòòûº ¼íiì
Æàëïû ½ëòòûº ¼íiìäi åñåïòåó æîëäàðû
Ìàêðîýêîíîìèêàëûº ê¼ðñåòêiøòåðäi» ¼çàðà áàéëàíûñû
Íîìèíàëäû æ¸íå нақты æàëïû ½ëòòûº ¼íiì
1. Æåêåëåíãåí ê¸ñiïîðûíäàð ¼çiíi» øàðóàøûëûº ¸ðåêåòií áà¹àëàó ¾øií øûººàí øû¹ûíäàðû ìåí ò¾ñêåí òàáûñòàðûí áóõãàëòåðëiê åñåï àðºûëû ºàäà¹àëàï îòûðàäû. Àë æàëïû åëäi» ýêîíîìèêàëûº õàë-àõóàëûí çåðòòåó ¾øií áóõãàëòåðëiê åñåï ñèÿºòû áåëãiëi áið ê¼ðñåòêiøòåðäi åñåïòåó æ¾éåñi ºîëäàíûëàäû. Îñûíäàé ìàêðîýêîíîìèêàëûº ê¼ðñåòêiøòåðãå ìûíàëàð æàòàäû: жàëïû ұëòòûº өíiì (Ƶ´), òàçà ½ëòòûº ¼íiì, ½ëòòûº òàáûñ, æåêå òàáûñ. Á½ë ê¼ðñåòêiøòåðäi» ê¼ìåãiìåí åëäå ¼íäiðiëãåí æèûíòûº ¼íiì ¼ëøåíåäi æ¸íå á½ë ê¼ðñåòêiøòåð åëäi» ýêîíîìèêàëûº æà¹äàéûíû» ñàíäûº ì¼ëøåðií, ñàïàëûº ñèïàòûí æ¸íå ¼ñó äèíàìèêàñûí áåéíåëåéäi, Ìàêðîýêîíîìèêàëûº ê¼ðñåòêiøòåð òåê åëäi» ýêîíîìèêàëûº õàë-àõóàëûí áåéíåëåï ºàíà ºîéìàéäû, ñîíûìåí áiðãå åëäi ýêîíîìèêàëûº æà¹ûíàí ñàóûºòûðó¹à áà¹ûòòàë¹àí øàðàëàðäû áåëãiëåóãå ì¾ìêiíäiê áåðåäi.
Ƶ´ - áåëãiëi áið ìåðçiìäå åëäi» ýêîíîìèêàñûíäà ¼íäiðiëåòií áàðëûº ñû òàóàðëàð ìåí ºûçìåòòåðäi» íàðûºòûº º½íû.
«..áåëãiëi áið ìåðçiìäå» Æµ´ 1 æûëäà íåìåñå 1 òîºñàíäà ¼íäiðiëãåí ¼íiì ê¼ëåìií áåéíåëåéäi.
«…åëäi» ýêîíîìèêàñûíäà ¼íäiðiëåòií» Æµ´-íi» áið á¼ëiãi øåòåëäå ¼íäiðiëói ì¾ìêií. ƶ´-íi» º½ðàìûíà åëäi» àçàìàòòàðûíû» ¼íäiðãåí ¼íiìäåðiíi» º½íû êiðåäi. Ìûñ. Æàïîíèÿäà iñòåéòií ºàçàºñòàí àçàìàòûíû» òàáûñû ²àçàºñòàííû» Ƶ´-íi» áið á¼ëiãi áîëûï òàáûëàäû. Àë åëäi» iøiíäå ¼íäiðiëåòií òàóàðëàðäû» º½íû Æàëïû iøêi ¼íiì äåï àòàëàäû. ÆI´ îíû ¼íäiðóøiëåðäi» ºàé åëäi» àçàìàòû åêåíiíå áàéëàíûññûç, ñîë åëäi» òåððèòîðèÿñûíäà ¼íäiðiëãåí òàóàðëàðäû» º½íû áîëûï òàáûëàäû. Ìûñ. ²àçàºñòàí àçàìàòûíû» Æàïîíèÿ çàóûòûíäà ¼íäiðãåí ¼íiìi Æàïîíèÿ åëiíi» ÆI´-íå ºîñûëàäû.
«…áàðëûº» Ƶ´-íi» º½ðàìûíà áàðëûº çà»äû ò¾ðäå ¼íäiðiëãåí æ¸íå ñàòûë¹àí òàóàðëàð ìåí ºûçìåòòåðäi» º½íû êiðåäi. Àë àñòûðòûí ýêîíîìèêàäà¹û òàóàðëàð æ¸íå æàí½ÿíû» ñàòó¹à åìåñ, ¼çi ò½òûíó¹à àðíàë¹àí òàóàðëàðû Ƶ´ º½ðàìûíà êiðìåéäi.
«…ñû òàóàðëàð ìåí ºûçìåòòåðäi»» ´íäiðiëåòií ¼íiì íàðûºòà ñàòûë¹àí¹à äåéií áiðíåøå ñàòûäàí ¼òói ì¾ìêií. Æàëïû ¼íiìíi» äàéûí ò¾ðiíäå íàðûºòà ñàòûëàòûí á¼ëiãií ñû ¼íiìäåð äåï, àë îäàí ¸ði ¼»äåóãå íåìåñå ñàòó¹à àðíàë¹àí ¼íiì (øèêiçàò, æàðòûëàé äàéûí ¼íiìäåð) àðàлық ¼íiìäåð äåï àòàëàäû. Ƶ´ ì¼ëøåðií ä½ðûñ àíûºòàó ¾øií åêi ºàéòà åñåïòåóäi áîëäûðìàó ºàæåò, ÿ¹íè Ƶ´ º½ðàìûíà àðàäà¹û ¼íiìäåðäi» º½íû åíãiçiëìåéäi, òåê ñû ¼íiì åñêåðiëåäi. Ìûñ. Íàí¹à àéíàëìàñ á½ðûí áèäàé æàðòûëàé äàéûí òàóàð áîëûï åñåïòåëåäi. Ƶ´-íiº áið á¼ëiãi ðåòiíäå íàííû» áà¹àñûí ¹àíà åñåïòåéìiç, áèäàéäû» äèiðìåíøiãå ñàòûë¹àí áà¹àñû ìåí íàóáàéøû¹à ñàòûë¹àí ½í áà¹àñû åñåïòåëìåéäi.
-
´íäiðiñ ñàòûñû
|
Ñàòó áà¹àñû
|
²îñûë¹àí º½í
|
À-åãiíøi
Á-äèiðìåíøi
Â-íàóáàéøû
|
0
10
25
35
70
|
10
15
10
35
|
Íàóáàéøû ¾øií 25 òåíãå ½í ñàòûï àëó¹à æ½ìñàëñà, ºàë¹àí 10 òåíãå (ºîñûìøà º½í) åºáåê àºû¹à, àðåíäà ò¼ëåìiíå, àìîðòèçàöèÿ ò.á. æ½ìñàëàäû. ЖҰӨ-нің құрамына соңғы өнімнің бағасы 35 тенге енеді. Егер ЖҰӨ-нің құрамына барлық аралық өнімдердің бағасын енгізсек (70 тенге), онда ЖҰӨ мөлшері артық есептелген болады. Сонымен бірге тауарды өндірудің әрбір кезеңінде тек қосымша құн ғана сол кезеңде ЖҰӨ-нің бір бөлігі ретінде есептеледі (10+15+10 = 35). Қосымша құндардың қосындысының сатылған нанның құнына тең болатынын көреміз. Осыдан ЖҰӨ-ді есептеудің келесі екі жолы шығады (2-сұрақ).
«нарықтық құны» ЖҰӨ өнім көлемін ақшалай бейнелейтін көрсеткіш. ЖҰӨ нарық бағасымен анықталады.
2. Жоғарыда қарастырылған мысал ЖҰӨ-ді есептеудің екі жолын көрсетеді. Біріншісі – тұтынушылар тауарды сатып алуға қанша шығын жұмсайды, яғни ЖҰӨ-ді тұтынушылардың шығынына қарап есептеуге болады. Екіншісі – қосымша құнның жасалу жолына қарай, яғни өндірушінің қосқан табысына байланысты есептеуге болады.
ЖҰӨ-ді есептеудің екі жолы
Тұтынушының шығынына қарап есептеу
Жеке тұтыну шығындары
Инвестициялық шығындар
Мемлекеттік шығындар
Таза экспорт шығындары
|
ЖҰӨ
|
Табысқа қарап есептеу
Амортизация
Жанама салық
Еңбекақы
Рента төлемдері
Процент
Пайда
|
Жеке тұтыну шығындарына үй шаруашылығының тұтынуға қажетті тауарларға жұмсаған шығындары жатады.
Инвестициялық шығындар өндірісті ұлғайтуға жұмсалады. Жалпы инвестициялық шығындардан жыл ішінде қолданылып тозған өндіріс құрал-жабдықтары мен ғимараттарының орнын толтыруға кеткен шығынды алып тастасақ, таза инвестиция шығады.
Таза инвестиция = жалпы инвестиция - амортизация
Мемлекеттік шығындарға ұлттық қорғанысқа, жол төсеуге, жергілікті үкімет пен мемлекет қызметкерлеріне берілетін жалақы және т.б. жатады. Трансферттік төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, ЖҰӨ құрамына енгізілмейді.
Таза экспорт шетелге тауар шығару мен сол жақтан тауар әкелу арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Таза экспорт = экспорт – импорт
3. Ұлттық есеп жүйесінде ЖҰӨ-ден басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады. Олар:
Таза ұлттық өнім дегеніміз жалпы ұлттық өнім мөлшерінен белгілі бір жылда тұтынылған ө.қ.ж. құнын алып тастағаннан қалған бөлігі.
Ж.Ұ.Ө - амортизация = Т.Ұ.Ө
Ұлттық табыс дегеніміз - таза ұлттық өнімнің, жанама салық мөлшерін алып тастағаннан қалған бөлігі.
Ұ.Т. = Т.Ұ.Ө - жанама салықтар.
Ұлттық табыс барлық экономикалық агенттермен алынатын пайданың жиынтығын көрсетеді.Ұлттық табыс 5 топқа бөлінеді:
Еңбекақы: жалақы және сыйақылар;
Меншік иелері табыстары: шағын кәсіпорындар табысы;
Рента табысы: жылжымайтын мүлік иелерінің пайдасы;
Ірі корпорациялар пайдасы: кредиторлар мен қызметкерлерге төлемді өтегеннен қалған таза пайда;
Таза процент: елдегі кәсіпорындардың процент үшін төлеген төлемім мен одан алған төлемі арасындағы айырмаға басқа елдердегі экономикалық агенттерден түскен процент төлемдері қосылады.
Жеке табыс – адамдардың өздерінің жеке қажеттерін өтеуі үшін қанша ақша мөлшері керек екендігін көрсететін көрсеткіш. Жеке табыс мынаған тең:
Жеке табыс = Ұ.Т.
- әлеуметтік сақтандыруға салынған салымдар
- корпорация пайдасы
- таза процент
+ трансферттік төлемдер
+ дивидендтер
Жеке табыс сомасынан салықтық және салықтық емес төлемдерді алып тастасақ қолда бар табыс шығады.
4. Ж.Ұ.Ө. мөлшері ақшалай өлшенетіні білгілі. Егер Ж.Ұ.Ө. мөлшері сол жылдағы нарықтағы бағамен есептелсе, ол номиналды (атаулы) Ж.Ұ.Ө. деп аталады. Номиналды Ж.Ұ.Ө. статистикалық мәліметтер бойынша жинақталып, есептелінеді. Номиналды Ж.Ұ.Ө. жыл сайын екі себепке орай өзгереді. Біріншіден тауардың физикалық өндірілуі, екіншіден нарық бағасы да соған қарай өзгеріп отырады. Мысал ретінде, экономикада екі жылда бірдей өнім өндіріліп жатыр делік, сол уақыт аралығында барлық бағалар екі еселенеді. Екінші жылдағы номиналды Ж.Ұ.Ө., экономикада физикалық өнім мүлдем өзгермесе де, бірінші жылдағы номиналды Ж.Ұ.Ө.– ден екі есе көп болады.
Енді әр жылда өндірілген Ж.Ұ.Ө. мөлшерін салыстыру үшін, бағаның мөлшерін дәлдеу қажет болады. Себебі баға инфляцияның (бағаның өсуі) және дефляцияның (бағаның төмендеуі) әсерінен өзгеріп отырады. Баға индексін қолдана отырып, бағаны осы өзгерістерден тазалауға болады. Инфляцияның әсеріне байланысты қайта есептелінген, дәлденген Ж.Ұ.Ө. нақты Ж.Ұ.Ө. деп аталады.
Индексті есептеу үшін есептеп шығару нүктесі - «тұтыну қоржыныны» туралы мәліметтің болуының маңызы зор. «Тұтыну қоржыныны» 300 – ге жуық, халық көбірек тұтынатын тауарлар мен қызмет түрлері кіреді ( азық – түлік, дәрі–дәрмек, киім және т.б.). Баға индексін анықтау үшін ағымдағы жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшерін мен базалық жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшеріне бөлеміз.
ағымдағы жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшері
Баға индексі = *100
базалық жылдың «тұтыну қоржынының» мөлшері
Немесе баға индексі Ласпейрес индексі типінде есептелінеді.
Pit Pºi - і игілігінің бағасы, базалық (0)және ағымдағы( t) кездердегі.
Qºi - базалық кезеңдегі - і игілігінің саны
Баға индексі номиналды Ж.Ұ.Ө.– ді нақты Ж.Ұ.Ө. –ге айналдыруға мүмкіндік береді:
Номиналды Ж.Ұ.Ө.
Нақты Ж.Ұ.Ө. =
Баға индексі
Номиналды Ж.Ұ.Ө.- ді нақты Ж.Ұ.Ө. –ге бөлу арқылы баға өзгерісін немесе инфлияция көлемін білуге болады. Ол баға индексі немесе Ж.Ұ.Ө. – нің дефляторы деп аталады.
Номиналды Ж.Ұ.Ө.
Ж.Ұ.Ө.-нің дефляторы =
Баға индексі
Ж.Ұ.Ө. дефляторы Пааше индексі типінде анықталады:
Мысалы.
Баға және өнім өндіру көлемі
Жылдар А-тауарының А-тауарының В-тауарының В-тауарының
бағасы көлемі бағасы көлемі
1 100 2 50
2 150 3 100
3 200 4 150
Номиналды Ж.Ұ.Ө. – ді есептеу
2001 (1 * 100) + (2 * 50) = 200
2002 (2 * 150) + (3 * 100) = 600
2003 (3 * 200) + (4 * 150) = 1200
Баға индексін есептеу
2001 (1 * 100) + (2 * 50) : (1 * 100) + (2 * 50) *100= 100
2002 (2 * 100) + (3 * 50) : 200 = 175
(3 * 100) + (4 * 50) : 200 = 250
Нақты Ж.Ұ.Ө. –ді есептеу
2001 200 : 1 = 200
2002 600 : 1,75 = 343
2003 1200 : 2,5 = 480
|
Бақылау сұрақтары:
ЖҰӨ-ді есептеудің екі жолы қандай?
Жеке табыс деп нені айтады?
Инфляция қалай анықталады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Агапова Т. Серегина С.Ф. Макроэкономика. М. МГУ, 1999
Бункина М.К. , СеменовВ.А. Макроэкономика М., 1995.
Бункина М.К. Монетаризм. М., 1994.
Гальперин В.Д. и др. Макроэкономика. Экономическая школа, 1996
№7-8 дәріс
Тақырып: Макроэкономикалық тұрақсыздық. Жұмыссыздық және инфляция
Мақсаты: Экономикалық цикл және циклдық ауытқулардың себептері, фазалары, типтері түсіндіру.
Дәрістің мазмұны
1.Экономикалық цикл және циклдық ауытқулардың себептері
2. Экономикалық цикл фазалары
3. Экономикалық цикл типтері
4. Экономиканы антициклдық реттеу
1. Нарық қатынастары дамыған елдердің бәріне тән ортақ қасиет – бұл олардың шаруашылығында экономикалық дағдарыстардың дүркін-дүркін қайталанып тұруы. Экономикалық өсу процесінің құлдыраумен алмасуын экономикалық дағдарыс деп атаймыз. Экономикалық бір дағдарыстың екіншісіне дейінгі кезеңі экономикалық цикл деп аталады. Немесе экономикалық цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруін айтамыз.
Экономикалық циклдің дамуының бірнеше ішкі және сыртқы себептері бар. Экономикалық циклдің ішкі себептеріне сату мен сатып алу арасындағы, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын өндіру көлемі арасындағы сабақтастықтың үзілуі жатады.
Циклдық ауытқулардың сыртқы себептері мыналар:
соғыс, революция және басқа да саяси қақтығыстар;
алтын, уран, мұнай сияқты бағалы кен орындарының ашылуы;
жаңа территориялардың игерілуіне байланысты тұрғындар санының өзгеруі;
өндірісітің құрылымын түпкілікті өзгертетін технологиялардағы ірі өзгерістердің болуы.
2. Экономикалық цикл 4 фазадан тұрады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Әрбір фазаның өзіне тән сипаттамасы, мазмұны мен ерекшеліктері бар.
өрлеу
Дағдарыс
жандану
тоқырау
Дағдарыс (құлдырау) фазасында жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы тепе-теңдік бұзылады, жиынтық ұсыныс жиынтық сұраныстан күштірек болады. Өндіріс орындарының көпшілігі банкротқа ұшырайды. Өндірістің қысқаруымен байланысты жұмыссыздық күшейіп, жалақы азаяды. Несие және қаржы жүйесі ретсізденіп, ең алдымен банктер күйзеліске ұшырайды. Процент нарқы артып, инвестиция жасау азаяды. Аштық, эпидемия сияқты келеңсіз әлеуметтік құбылыстар орын ала бастайды.Дағдарыс кезеңінде инфляция пайда болады. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталады.
Тоқырау (депрессия) кезіндегі ең төменгі нүктеде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейге жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды. Бағаның құлдырауына тосқауыл қойылады. Тоқырау фазасында дағдарыс фазасында болған келеңсіз саяси, әлеуметтік-экономикалық құбылыстар реттеледі. Алайда өндірістің молайуы байқалмайды.
Циклдік тоқырау бірте-бірте жандану (көтерілу) фазасына көшеді. Өндіріс көлемі ұлғая бастайды. Жұмыссыздар саны азайып, халықтың сатып алу қабілеті біршама өседі.
Өрлеу (шың) фазасы іскерлік белсенділіктің уақытша ең жоғары нүктесі. Өндіріс бар мүмкіншіліктерді толықтай пайдаланып, тауар өндіру көлемін осы циклдің ішіндегі ең жоғарғы деңгейге жеткізеді. Тұрғындар толығымен жұмыспен қамтылады, инвестиция жанданады.
3.Экономикалық циклдер олардың ұзақтығына байланысты 3 типке бөлінеді: қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді.
Қысқамерзімді цикл осы мәселені зерттеген ғалым Китчиннің есімімен Китчин циклі деп аталады. Оның ұзақтығы 3 жыл 4 айға тең. Китчин цикл ұзақтығын алтынның әлемдік қорының өзгеруімен байланыстырады.
Ортамерзімді цикл Жугляр циклі деп аталады. Француз оқымыстысы Жугляр XIX ғасырдың екінші жартысында экономикалық ауытқуларды зерттеген. Ол ортамерзімді экономикалық циклдердің болу себебін ақша айналымы, соның ішінде несиемен байланыстырады. Жугляр банк қызметіне байланысты болатын осындай дағдарыстар 10 жылда қайталанып тұрады деп есептеді. Ортамерзімді циклді зерттеуші ғалымдардың көпшілігі цикл ұзақтығын өндіріс құрал-жабдықтарының тозуымен де байланыстырады.
Ұзақмерзімді экономикалық цикл ұзақтығы 48-55 жылға созылады. Ұзақмерзімді экономикалық циклді зерттеуде орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің еңбегі ерекше болды. Ол Европа елдерінің экономикасын зерттей келе, олардың дамуын мынадай үлкен циклдерге бөлді.
I цикл 1789-1814 (өрлеу) – 1814-1849 (құлдырау)
II цикл 1849 -1873 (өрлеу) – 1873-1896 (құлдырау)
III цикл 1896 -1920 (өрлеу) – 1920-1940 (құлдырау)
Ұзақмерзімді экономикалық циклдің болуы кездейсоқтық емес, оның белгілі бір себептері бар. Макроэкономикадағы тепе-теңдіктің ұзақ мерзімге бұзылуы технологиялық өндіріс әдісіне байланысты. Өндірістің дамуына тек өндіріс құрал-жабдықтарының болуы жеткіліксіз. Оған қоса тиісті технология, қуаттер, ақпараттар, өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтығы технологиялық өндіріс әдісі ұғымын береді. Технологиялық өндіріс үнемі жаңарып отырады. Осындай технологиядағы ірі өзгерістер, технологиялық революциялармен бірге Кондратьев циклі басталады. Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда ірі өзгерістер болып, ол ұзақ мерзімді қамтиды. Сондықтан экономика өзінің тепе-теңдік қалпына жеткенше 50-70 жыл уақыт өтеді. Мысалы 1-ші циклдің болу себебі бу двигателі, тоқыма, көмір өндірісінің пайда болуына; 2-ші цикл темір жол, болат өндіру істерінің пайда болуымен, 3-ші цикл электротехника, автомобилб, химия өндірістерінің пайда болуымен байланысты.
4. Экономикалық циклдің болу себептері әртүрлі, осыған байланысты оны реттеудің әртүрлі жолдары бар. Олардың ішінен мынадай екі бағытты бөліп көрсетуге болады: неокейнсиандық және неоконсервативтік.
Белгілері
|
Неокейнсиандық бағыт
|
Неоконсервативтік бағыт
|
Реттеу бағыты
Мақсаты
Реттеу әдісі
Мемлекеттің ролі
|
Сұраныс
Жалпы елдің экономикасын реттеу
Салық-бюджет саясаты
Ақша-несие саясаты
шектелмейді
|
Ұсыныс
Жекеленген фирамларды реттеу
Ақша-несие саясаты
Салық-бюджет саясаты
Шектеледі
|
Дағдарыс фазасында мемлекеттің барлық әрекеті экономикалық белсенділікті көтермелеуге жұмсалады. Неокейнсиандық бағытты жақтаушылар пікірінше бұл жағдайда мемлекет сұранысты көтермелеуі қажет. Осы мақсатта үкімет салық нарқын төмендетіп, салық жеңілдіктерін енгізу арқылы тұтыну мен инвестицияның жандануына жағдай жасайды. Сонымен бірге сұранысты көтермелеу көзі ретінде мемлекеттік шығындар өсіп, қосымша жұмыс орындары жасалуы қажет.
Неоконсерватизм бағытын жақтаушылар ақша-несие саясатына көп көңіл бөледі. Олардың пікірінше дағдарыстан шығудың бір жолы – арзан несие ресурстарын көбейту арқылы инвестицияны жандандыру. Инвестицияның өсуі ұсынысты ұлғайтады. Осы бағыттағы идеялар негізінде бәсеке күресінің көмегімен жеке кәсіпкерлікті дамыту шаралары көзделген.
Экономикалық циклдің өрлеу фазасында мемлекет дағдарысты қайта болдырмау үшін тежеу саясатын жүргізеді. Неокейнсиандық бағыттағы идеялар негізінде салық нарқын көтеру, мемлекеттік шығындарды азайту арқылы жеке адамдар мен кәсіпорындар сұранысы тежеледі.
Неоконсерватизм бағыты бойынша өрлеу фазасында мынадай шаралар іске асады: несие процентін өсіру, осының нәтижесінде инвестицияны тежеу.Ол өз алдына тауар ұсынысын азайтады, өндірісті қысқартады.
. Мемлекет өз шығындарын үш түрлі жолмен қаржыландырады: біріншіден, салық төлемдерін өсіреді; екіншіден, тұрғындардан қарыз алады; үшіншіден, ақша басып шығарады.
Ақша басып шығарудан алынатын табыс «сеньораж» деп аталады. Ол француздың «сеньор» - феодал-жер иеленуші деген сөзінен шыққан.
Орта ғасырда феодалдар өз территриясында монеталар шығару құқына ие болған. Қазіргі кезде бұл құқық мемлекетке берілген. Мемлекет ақша басып шығара отырып, ақша ұсынысын өсіреді. Ақша ұсынысының өсуі инфляцияға әкеледі, сондықтан табыс табу мақсатында ақша басып шығару инфляциялық салық енгізумен бірдей бағаланады.
Инфляциялық салықты төлейтін кімдер? Жауап – қолма-қол ақшаны ұстаушылар. Инфляция нәтижесінде баға өседі, ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді. Мемлекет өз мақсатын орындау үшін ақша басып шығарады, ол өз алдына тұрғындар қолындағы ақшаның құнын түсіріп жібереді. Яғни ақша басып шығару қолда бар ақшаларға салынатын салық болып табылады.
Инфляцияның қоғамға тигізетін зардабын қарастырамыз. Бірінші талданатын – күтілетін инфляция. Күтілетін инфляциядағы бірінші шығын түрі – тұрғындар ақшасына салынатын инфляциялық салық. Инфляция тұрғындар қолындағы нақты ақша қорын азайтады. Қолдағы ақша азайғандықтан, адамға банкке жиі баруға тура келеді. Осы шығын түрі бейнелеу түрінде «тозған башмак шығындары» деп аталады.
Шығынның екінші түрі баға жазылған қағаздарды жиі өзгертумен байланысты. Мысалы, бағаның өзгеруі фирмаларға қымбат түседі: жаңа каталогтар шығару мен тарату қажет болады. Бұл шығынның бейнелеу түріндегі атауы – «меню шығындары».
Шығынның үшінші түрі мынаған байланысты: меню шығындарының болуына байланысты фирмалар бағаны жиі өзгертіп отырудан бас тартады.
Шығынның төртінші түрі салық заңдылығы формасына байланысты. Салық заңдылығының көп бөлімі инфляцияны есепке алмайды, ол нәтижесінде кейбір тұлғалардың салық бойынша міндеттемелерін өзгертеді.Мысалы, инфляция деңгейі 10% болсын, 100 долларға алған акцияны құнын сақтау үшін 110 долларға сату қажет. Инфляцияны есепке алмайтын салық заңдылығы бойынша 10 доллар табыс деп танылып, одан салық алынады.
Бесінші зардабы – баға күнде өзгеріп отыратын қоғамда өмір сүру қолайсыз болады.
Болжанбайтын инфляцияның зардабы күтілетін инфляциядан да күштірек. Ол байлықтың адамдар арасында спекулятивті түрде бөлінуіне әкеледі. Оны ұзақмерзімдік қарыз мысалында түсіндіруге болады. Инфляция деңгейі келісім шарт бойынша күтілетін шамадан жоғары болса, қарыз алушы ұтады, қарыз беруші ұтылады, ал төмен болса керісінше қарыз беруші ұтады, қарыз алушы ұтылады.
Болжанбайтын инфляция тұрақты зейнетақы алатын адамдарға да көп зардап әкеледі.
1. Ақша негізінен мынадай үш қызмет атқарады: құн өлшемі, қор жинау құралы және айналыс құралы. Ақшаның бірінші қызметі ақшаға сұраныспен байланыссыз, себебі баға белгілеу үшін қолма-қол ақша керек емес. Сондықтан ақша сұранысы теориясында басты назар оның соңғы екі қызметіне аударылады.
Ақшаның қор жинау құралы ретіндегі қызметіне басты назар аударатын теориялар ақша сұранысының қоржындық теориялары деп аталады. Бұл теория бойынша ақша - активтердің бір формасы, ол басқа актив түрлерінен тәуекел және табыс деңгейіне байланысты ерекшеленеді. Дәлірек айтсақ басқа активтерге қарағанда (акция бағасы түсуі мүмкін) тұрақты табыс әкеледі, сондықтан тұрғындар активтер қоржынын жасауда ақшаға жоғары сенім көрсетеді.
Қоржындық теория бойынша ақшаға деген қажеттілік әртүрлі актив түрлерінің тартымдылығына байланысты қалыптасады.Ақшаға деген сұраныс функциясын былай көрсетуге болады:
(M/P)d = L (rs, rb, ,)
rs – акциялардан күтілетін табыс
rb – облигациялардан күтілетін табыс
e – күтілетін инфляция деңгейі
W – материалдық активтер
rs, rb e өссе ақшаға сұраныс азаяды. W өсуі сұранысты өсіреді.
Капитал қоры (к) (к >0)‚ инвестиция ығысу шамасына тең болғанша өседі:
s · f(к) = dк
Бұл жағдайдан кейін бір жұмысбастыға есептегендегі капитал қоры өзгермейді, өйткені әсер етуші екі күш бір-біріне теңеледі (к = 0). Инвестиция ығысуға тең болған кездегі капитал қорының деңгейі еңбектің қормен қаруландыруының тепе-теңдік деңгейі деп аталады және к* арқылы белгіленеді. Экономика к* жеткен кезде ұзақ мерзімдегі тепе-теңдікте болады.
Тепе-теңдік тұрақты деп есептеледі, өйткені к-ның алғашқы мәнінен тәуелсіз экономика тепе-теңдік к* мәніне ұмтылады.
Егерде алғашқы к1 к* болса, онда жалпы инвестиция (s · f(к)) мәні ығысудан (dк) үлкен болады және капитал қоры таза инвестиция көлеміне өседі.
Егерде к2 к* болса, бұл инвестицияның тозудан төмен екендігін көрсетеді, демек капитал қоры азаяды және к* деңгейіне жақындайды (77-суретті қара).
Қор жинағының нормасы қор мен қаруландырудың тұрақты деңгейіне әсер етеді. Қор жинағы нормасының өсуі s1-ден s2 инвестиция қисығын жоғары оңға, s1 · f(к) -дан s2 · f(к) деңгейіне қозғайды (3-сурет).
Бастапқы жағдайда экономика капиталдың тұрақты қор жинағына, к*1-ге тең, бұл жерде инвестиция ығысуға тең.
i, dk dk
i'1 S2f(k)
S1f(k)
dk1, i1
k1* k2* k
Инвестиция қор жинағы нормасының (i1 – i1 ) деңгейіне өскеннен кейін, капитал қоры (к*1 ) тең және ығысу (dк1)-ге тең болып бұрынғы қалпында қалды. Мұндай шарттарда инвестиция ығысуды үлкейтеді, демек капитал қорының деңгейі к*1-ден к*2 өседі деген сөз.
Қор жинағының нормасы неғұрлым жоғары болған сайын, солғұрлым өнім көлемі мен капитал қоры тұрақты тепе-теңдік жағдайына ұмтылады.
Қор жинағы нормасының өсуі қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін жылдамдатады. Бұл жағдайда экономика жаңа тепе-теңдік нүктесіне жетеді.
Дегенмен, қор жинағының үрдісі де, қор жинағының нормасы да, экономиканың тұрақты өсуі механизмін түсіндіре алмайды. Экономиканың бір тепе-теңдік жағдайдан екінші тепе-теңдік жағдайға көшуін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |