Бақылау сұрақтары:
Ақша сұранысы туралы монетарлық және кейнстік тұжырым туралы түсінік бер?
Ақшаға деген сұраныс. Баумол-Тобин моделі туралы не білесің?
Ақша ұсынысы деп нені айтады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997
№24 дәріс
Тақырып: Тақырыбы:Таурлар мен ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-тендік. IS-LM үлгісі.
Мақсаты: Жабық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік.IS-LМ қисығын құру арқылы олардың макроэкономика пәні бойынша білімдерін тереңдету.
Дәрістің мазмұны
1. Тауар нарығындағы тепе-теңдік. IS қисығы
2. Ақша нарығындағы тепе-теңдік. LМ қисығы
3. Салық-бюджет және ақша-несие саясаттарының тепе-теңдікке әсері
1. Макроэкономикалық тұрақтылықтың тұңғыш моделі – классикалық модель (АД-АS) экономика тарихында маңызды орын алады. Бұл модель экономикалық тепе – теңдіктің болуын баға механизмімен түсіндіреді, тек баға ғана жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным арасындағы тепе – теңдікті орнатады. Нәтижесінде экономика мемлекеттің көмегінсіз тауар тапшылығы, тауар артықшылығы, жұмыссыздық, инфляция сияқты дағдарыстың белгілерінен қорғалады. Классикалық модель 30- жылдардағы Ұлы Депрессияға дейін 100 жылдай уақыт өзінің маңыздылығын сақтап келді. 30-шы жылдардағы дағдарыс баға механизмі арқылы экономиканы өз бетімен реттеу мүмкін еместігін көрсетті.1933 жылы американдықтардың ¼ жұмыссыз қалды, ЖҰӨ 30 пайызға құлдырады. Жаппай жұмыссыздық пен табыстың құлдырауы орын алды. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңаша модельге қажеттілік туды. Ол ағылшын экономисі Дж.Хикспен 1937 жылы ұсынылды және «IS-LМ» моделі деген ат алды. «IS-LМ» моделінің тағы бір көрінісі Кейнс теориясында, «Кейнс крестінде» орын алады.
Ақша нарығы мен тауар нарығы бір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты осы екі нарықта да бірдей тепе-теңдік шартын анықтау қажет болды. Яғни «IS-LМ» моделі тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар мен ақша нарықтарында бір мезгілде тепе-теңдік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі мен пайыз мөлшерлемесі тіркемесін табуға модель мүмкіндік береді.
Алдымен тауар нарығындағы тепе-теңдікті қарастырамыз. Тауар нарығындағы теңдік IS қисығымен көрсетіледі.
IV r I
r1 IS1
I r0 IS0
IS
I I0 I1 Y1 Y0 Y
S1
I=S S0 S
III II
S
Сурет 1. «IS» моделі
Бұл графикте «IS-LМ» моделінің бір құрамдас бөлігі IS моделі көрсетілген. IS моделі төрт айнымалы (Y, I, S, r) арасындағы байланысты көрсетеді.
IV квадрантта инвестиция мен пайыз мөлшерлемесі арасындағы кері байланыс көрсетілген. Пайыз мөлшерлемесі өскен сайын инвестиция көлемі қысқарады (r0 пайыз мөлшерлемесіне I0 инвестиция көлемі сәйкес келеді).III квадрантта I=S теңдігі көрсетілген. II квадрантта қор жинағы мен табыс арасындағы байланыс көрсетілген. Табыстың өсуімен байланысты қор жинағы да өседі. I квадрантта пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы байланыс бейнеленеді. Егер пайыз мөлшерлемесі өссе мынадай өзгеріс болады: инвестиция азаяды, аз инвестиция мөлшеріне қор жинағының да төмен мөлшері сәйкес келеді, қор жинағының төмендеуі табыстың да азаятынын көрсетеді. Қорытынды: IS қисығы инвестиция мен қор жинақтау тең болған жағдайдағы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы кері байланысты көрсетеді.
2. LМ қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LМ қисығының графигі – ақша ұсынысының (МS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен табыстың арасындағы тура арасындағы байланысты көрсетеді.
r MS LM
E2
r2 r2
E1 MD2
r1 r1
MD1
Y1 Y2 Y
Мысалы, Y1 ұлттық табыс өндірілсін. Оның көлемі ақшаға деген сұранысты анықтайды, ол МD арқылы көрсетілген. Егер ақша ұсынысы МS көрсетілсе, ақша нарығындағы тепе-теңдік Е1 нүктесінде орнығады. Яғни табыстың Y1 мәніне r1 процент мөлшерлемесі сәйкес келеді. Табыс мөлшерінің Y1 –ден Y2–ге өсуі ақшаға деген сұранысқа тек пайыз мөлшерлемесі әсер етпейді, сонымен бірге табыс та әсер етеді. Табыстың өсуіне байланысты тауарларды сатып алу да көбейеді, ақша сұранысы артады. ақшаға деген сұранысты өсіреді, демек пайыз мөлшерлемесін r1-ден r2-ге өсіреді. Неғұрлым табыс жоғары болған сайын, пайыз мөлшерлемесі де жоғары болады. Осылай табыс мөлшерін өзгерту арқылы ақша нарығында тепе-теңдікті орнықтыратын бірнеше пайыз мөлшерлемелерін анықтауға болады. Осындай ақша нарығында тепе-теңдікті орнықтыратын табыс пен процент мөлшерлемелеріне сәйкес нүктелер жиынтығынан LМ қисығын тұрғызуға болады.
Қортынды: LМ қисығы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы тура байланысты көрсетеді.Неғұрлым табыс көп болған сайын пайыз мөлшерлемесі де жоғары.
3. Модельдегі тепе-теңдік IS және LМ қисықтарының қиылысында болады. IS және LМ қисықтарының қиылысуында бір мезгілде тауар нарығында, әрі ақша нарығында тепе-теңдік орнығады. Экономистер «IS-LМ» моделін экономикалық саясаттағы өзгерістердің ұлттық табысқа әсерін анықтау үшін пайдаланады. Мысалы:
Салық-бюджет саясатының тепе-теңдікке әсері.
G Y C Y MD R I XN Y
Ақша саясатының тепе-теңдікке әсері.
MS R I Y Yd C
Бақылау сұрақтары:
Тауар нарығындағы тепе-теңдік?
Ақша нарығындағы тепе-теңдік?
Салық-бюджет және ақша-несие саясаттарының тепе-теңдікке әсері қалай болады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997
№25-26 дәріс
Тақырып: Ашық экономика. Айырбас бағамы.
Мақсаты: Елдің ашық экономикадағы іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс табады. Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз.
Дәрістің мазмұны
Төлем балансы
Ағымдағы шот, капитал қозғалысының есебі. Капиталдың халықаралық ағымы
Кіші ашық экономика моделі
Фискальдық саясаттың төлем балансына әсері
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Валюта бағамына әсер ететін факторлар
1. Елдің ашық экономикадағы іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс табады. Елдің экспорттық операциялары елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар;
2. Капитал қозғалысынаң балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3. ХВҚ қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4. Қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі;
2. Ашық экономикада, жабық экономикадағы сияқты қаржы нарығы тауар нарығымен тығыз байланысты. Осы байланысты көрсету үшін төмендегі негізгі макроэкономикалық тепе-теңдікті пайдаланамыз:
Y= C + I + G + NX
Y - C - G = NX+ I
Жоғарыда қарастырылғандай, Y - C – G дегеніміз ұлттық жинақ ақша (мемлекеттің қор жинағы) (S)
S = I + NX
(I – S) + NX = 0
Осы теңдеудің әрбір бөлігінің өз аты бар. NX – тауарлар мен қызметтің халықаралық ағымын көрсетеді. Ол төлем балансының ағымдағы шоты деген ат алған. Ағымдағы шот – біздің таза экспортымызға айырбасталып шетелден алынатын сома.
Мысалы, ағымдағы шотты есептеу:
Ағымдағы шот = (тауар экспорты + шетелден келген факторлық табыс (пайыз түрінде шетелдік инвестициялардан табыс)+ туризм қызметінің экспорты) – (тауар импорты + шетелдік инвесторларға пайыздық төлемдер + қызмет көрсету импорты)
(I – S) – капитал қозғалысының есебі. Ол сыртқы инвестицияның ішкі қаражат жинақтаулардан артылғанын көрсетеді. Инвестициялар елдің жинақтаған қаражатынан артылуы мүмкін, яғни инвесторлар инвестициялық жобаларды әлемдік қаржы нарығынан алынған қаражатпен іске асыруы мүмкін.Сондықтан капитал қозғалысының есебі сыртқы қаржы көздеріне негізделген капиталдың іштегі жинақталған көлеміне тең.
Капитал қозғалысының есебі = капитал түсімі – капитал кетімі
Егер (I–S) оң шама болса, ал NX теріс шама болса, капитал қозғалысының есебі оң сальдо, ағымдағы шот тапшылықта болады. Бұл әлемдік қаржы нарығынан қарыз алуды және экспортқа қарағанда импорттың артықшылығын бейнелейді. Егер (I – S) теріс шама болса, ал NX оң шама болса, бұл әлемдік қаржы нарығында біздің несие беруімізді және импортқа қарағанда экспорттың артықшылығын бейнелейді.
Капитал қозғалысының есебі мен ағымдағы шот балансы капиталды қаржыландыратын қорлар ағымы мен тауарлар мен қызметтің халықаралық ағымының бір медальдың екі жағы екенін көрсетеді. Бір жағынан, егер біздің қаражат жинақтауымыз инвестициядан артылса, артылған қаражат шетелге қарыз беру үшін қолданылады. Оларға қарағанда біз тауарлар мен қызметтерді артық шығарсақ (NX оң шама) қарызды қолдану оларға қажет. Екінші жағынан, егер біздің инвестициялар қаражат жинақтаудан артық болса, инвестиция шетелден қаржыландырылады.
r S
оң сальдо
r* NX
I(r)
|
|
3. Ашық экономикадағы экономикалық агенттер әрекетін түсіндіру үшін модель құру қажет. Модельде біз қарастыратын экономика кіші ашық экономика деп аталады. Кіші ашық экономиканың ерекшелігі оның үлесі әлемдік нарықта шамалы болады, әлемдегі пайыз мөлшерлемесіне де әсері шамалы. Кіші ашық экономика әлемдік пайыз мөлшерлемесін берілген деп қарастырады.
Модельді құруда мынадай үш тұжырымдамаға сүйенеміз:
Экономикада өндірілетін өнім өндіріс факторларымен байланысты: Y = F (K,L)
Қолда бар табыс мөлшері жоғары болған сайын, тұтыну көлемі де жоғары. Тұтыну функциясын былай жазамыз: C = C (Y - T)
Пайыз мөлшерлемесі жоғары болған сайын, инвестиция көлемі де төмен. I = I (r)
Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдікті былай өзгертеміз:
NX = (Y - C – G) – I
NX = S* - I (r*)
Кіші ашық экономикада (әлемдік пайыз мөлшерлемесі жағдайында) елдегі қор жинағы мен инвестициялар арасындағы айырма ағымдағы шот сальдосын, осыған сәйкес капитал қозғалысы сальдосын да анықтайды.
4. Бірдей баға заңы деген ат алған экономикалық теорияның негізгі постулаты бойынша бір тауар бір уақытта әр түрлі жерде әр түрлі бағамен сатылмайды. Халықаралық нарықтарда қолданылатын бірдей баға заңы сатып алушылық қабілетінің паритеті деген ат алды. Бұл тұжырым бойынша, халықаралық нарықтағы мысалы доллардың сатып алу қабілеті бірдей. Мысалы, егер астық А елінде Б еліне қарағанда арзан болса, онда А елінен астық сатып алып оны Б еліне сату арқылы пайда табуға болады. Осындай алыпсатарлық әрекет нәтижесінде А еліндегі астыққа сұраныс және Б еліндегі астық ұсынысы өседі. А елінде баға өсіп, Б елінде баға төмендейді, нәтижесінде екі нарықтағы баға теңеседі.
Сатып алушылық қабілетінің паритетіне байланысты таза экспорт айырбас курсының өзгерісіне сезімтал болады.
5. Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз. Мысалы, 130 тенге = 1S.
Валюта нарығына байланысты негізгі түсініктер:
Девальвация – ұлттық валютаның құнсыздануы. Ол ұлттық валюта бағамының шетел валюталарына немесе халықаралық ақша өлшемдеріне қарағанда төмендеуінен көрініс табады. Девальвация себептері – инфляция, төлем балансының тапшылығы.
Ревальвация – ұлттық валютаның басқа елдердің валюталарына қатысты бағамын жоғарылату.
Дефляция – артық ақша жиынының бір бөлігін айналыстан әдейі алу. Үкімет салықты көбейту, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудың есептік мөлшерлемесін арттыру, валюталық реттеуді күшейту, т.б. арқылы инфляция қарқынын бәсеңдету мақсатымен жүргізеді.
Деноминация – елдегі ақша айналысын тәртіпке келтіру, есептеу мен есеп айырысуды оңайлату мақсатында ескі ақша белгілерін белгіленген ара салмақ бойынша жаңа ақша белгілеріне айырбастау арқылы ұлттық ақша өлшемін ірілендіру.
Қазіргі кезде валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
валютаның еркін айналымдағы бағамы;
тағайындалатын валюта бағамы;
Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам сұраныс пен ұсыныс әсерінен қалыптасады. Валютаның еркін айналымдағы бағамына мынадай факторлар әсер етеді:
тұтынушы талғамының өзгеруі. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, долларға сұраныс өседі;
табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге сұранысты өсіреді;
Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі. Мысалы елдің пайыздық мөлшерлемелері басқа елге қарағанда жоғары болса, ол инвестициялауға тиімді елге айналады.
Алыпсатарлық. Мысалы Қазақстанда инфляция жоғары болады деп күтілсе, теңгеге сұраныс төмендейді.
Тағайындалатын валюта бағамы әдісінде мемлекет валюта бағамын тұрақтандырып отырады. Ол мынадай жолдармен іске асады:
Резервтерді қолдану. Бағам ауытқулары байқалған кезде, мемлекет оны валюта қорын пайдалану арқылы тұрақтандырады;
Сауда саясаты. Ол мемлекеттің валюта бағамын тұрақты сақтау үшін импортты шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты.
Валюталық бақылау, оңтайландыру. Мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.
Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясатын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.
Валюта бағамдарының мынадай үш түрі қолданылады:
1. Алтын стандарт. 1879-1934 жылдар аралығында қолданылды. Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы доллар – 25 гр, фунт – 50 гр, сондықтан 1 фунт 2 долларға айырбасталады.
Алтын стандарты дүниежүзілік шаруашылықта маңызды роль атқарды. Кез-келген банк валютаны алтынға айырбастауға міндетті болғандықтан, артық ақша басып шығару, яғни инфляция болмады. Бірақ 1-ші дүниежүзілік соғыстың басталуы алтын стандартын ұстап тұруға мүмкіндік бермеді. Себебі елдер зор көлемдегі әскери шығындарын қосымша ақша басып шығарумен жапты. Осыған байланысты көптеген елдер,соның ішінде Ресей ақша стандартынан бас тартты. (Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер алтын стандартын қайта ендіруге тырысты. Мысалы Англия 1925 жылы валютаны алтына айырбастауға шешім қабылдады, бірақ 1931 жылы төлем қабілетінің жетіспеуіне байланысты одан бас тартты.) Осылай алтын дүниежүзілік төлем құралы қызметін атқаруын тоқтатты.
2. Бреттон-Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ-тың Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық басқосуда «әсер етілетін байланған валюта бағамы» туралы келісімге қол қойылды. Осы конференцияда Халықаралық Валюта қоры құрылды. Бұл жүйеде доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша ролін атқарды. (Доллардың үстемдігі 20-жылдай мерзімге созылды. Еуропа елдерінің дамуымен байланысты доллармен қатар басқа валюталарға сұраныс өсті. )
3. Реттеулі ауытқымалы валюта бағамы. Бұл жүйе қазіргі кезде қолданылып келе жатқан бірден-бір жүйе. 1971 жылғы Ямайка келісімінен кейін елдер арасындағы валюта қатынастары ауытқымалы (жүзбелі) айырбас бағамымен жүзеге асатын болды. Валюта бағамы сұраныс пен ұсыныс мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.
Экономистер валютаның бағамын екіге: атаулы және нақты бағамға бөледі.
Атаулы бағам - екі елдің валюталарының айырбас бағасы. Мысалы 130 теңгені 1 долларға айырбастаймыз.
Нақты бағам – ол екі елдегі тауар бағасының қатысы. Басқаша айтқанда ол елдің ішінде шығарылған тауар бағасын басқа елдегі шығарылған тауар бағасына салыстыра көрсетеді.
Нақты бағам = атаулы бағам * (өз елінде өндірілген тауар құны / шетелде өндірілген тауар құны)
6. Валюта курсына әсер ететін мемлекеттің әрекетін тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Валюта курсын тікелей реттеу – бұл дисконттық саясат жүргізу, валюталық интервенция және валюталық шектеу. Дисконттық саясат – бұл мемлекеттің валюта курсын реттеу мақсатында оның қалыптасуына әсер ететін нарық күштерін реттеуге бағытталған әрекеті. Мысалы валютаның бағамын өсіру мақсатында Орталық Банк есептеу мөлшерлемесін өсіреді. Ол шетел капиталының кірісін ұлғайтады.
Валюталық интервенция – бұл Орталық Банктің шетел валюталарын сату және сатып алуы арқылы ұлттық валюта курсына әсер етуге бағытталған әрекеті. Орталық Банк өз елі валютасын сыртқы нарықта сатады: сату айырбас бағамын төмендетеді, ал сатып алу -өсіреді.
Валюталық шектеу – ұлттық және шетел валютасымен жүретін операцияларды реттеуге бағытталған, экономикалық, құқтық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесі (валютаны еркін сатуға тыйым салу, шетелге валюта аударуды реттеу…)
Валюта курсын жанама реттеуге ақша эмиссиясы,. ақша-несие және қаржы саясатының шаралары жатады.
Бюджет-салық саясаты әсері. Егерде мемлекет ұлттық қордың көлемін мемлекеттік сатып алу арқылы қысқартатын болса, S-I көлемі қысқарады, ал ол NX көлеміне әсер етеді. Бұл жағдай 1-ші суретте көрсетілген. - нақты айырбас бағамы. Қордың азаюы ұлттық валютаның ұсынысын төмендетеді. Ол өз барысында нақты бағамды жоғарылатады. Соның нәтижесінде елдің тауарлары қымбаттап, таза экспорт көлемі төмендейді.
S2 - I S1-I
2
1
NX()
NX
NX2 NX1
1-cурет
|
S – I(r*1) S-I(r*2)
2
1
NX()
NX
NX2 NX1
2-сурет
|
Шетелдегі бюджет салық саясаты. Жоғарыдағыдай жағдай шетел мемлекеттері жасасын. Ол әлемдік қордың көлемін азайтады, соның нәтижесінде пайыздық мөлшерлеме көтеріледі. Оның көтерілуі ішкі инвестициялық пайызды төмендетеді. I-дің төмендеуі S-I қисығын оңға жылжытады, соның нәтижесінде NX көлемі үлкейеді (2-сурет).
Инвестициялық сұраныстың өзгеруі. Елдің ішіндегі инвестициялық сұраныстың өсуі I-дің үлкен мағынаға ие болуын көрсетеді. 1-суреттегідей жағдай қайталанады.
Бақылау сұрақтары:
Девальвация дегеніміз не?
Валюталық интервенция деп нені айтады?
Валюталық шектеу деп нені айтады?
Шетелдегі бюджет салық саясатының анықталуы?
Төлем балансы қандай тармақтардан құралады?
Кіші ашық экономика дегеніміз не?
Халықаралық нарықтарда қолданылатын бірдей баға заңы қалай анықталады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997
№27-30 дәріс.
Тақырып. Экономикалық өсу
Мақсаты: Экономикалық өсудің мәлеметтерді беру.
Дәрістің мазмұны
Ұзақ мерзімді экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері.
Қазіргі заманғы экономикалық осудің алғы шарттары мен өзіндік белгілері
Экономикалық өсудің Солоу моделі
1. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде жан басына шаққандағы ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономикада басым болып отырған құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді өсу тенденциясы тұрақты. Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Экономикалық өсуді өлшеудің екі жолы бар:
Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ. ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ өсуі немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі.
Экономикалық өсудің факторлары немесе қайнар көздері мыналар:
Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі;
Еңбек ресурстарының сапасы мен саны;
Негізгі капитал қорының көлемі;
Технологиялар
Экономикалық өсудің екі типі болады. Экономиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молайуы - өндірістің экстенсивті типі деп аталады. Экономикалық өсудің экстенсивті факторларына мыналар жатады:
қолда бар технология деңгейін сақтай отырып, инвестиция көлемін өсіру;
жұмысшылар санын өсіру;
өндірісте пайдаланылатын шикізат, материал, отын және т.б. айналым құралдарын өсіру.
Ал өндірісті дамыту факторларының сан есебінен емес, олардың сапалық өзгеру нәтижесі негізінде өсуі экономикалық өсудің интенсивті типі деп аталады. Экономикалық өсудің интенсивті факторларына мыналар жатады:
ғылыми –техникалық прогрестің жедел дамуы (жаңа техника, технология ендіру, қондырғыларды жаңарту);
қызметшілер біліктілігінің артуы;
негізгі және айналмалы қорларды пайдалану деңгейін жақсарту;
шаруашылық қызмет тиімділігін оны ұйымдастыруды жақсарту ақылы жетілдіру.
Қазіргі кезде дамыған барлық елге экономикалық өсудің интенсивті типі ортақ. Оның басты себептері мыналар: табиғаттың шексіз және түпсіз болмайтындығы; сандық өсу жолының мүмкіндігі аз және өте тиімсіздігі; қазіргі заманның бөлінбейтін біртұтастығының әсері; әлемдік байланыстың тереңдеуі және күшейуі және т.б.
Интенсивті даму жағдайында өндірілетін өнім көлемі мен сапасы өсіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғам мүшелерінің жағдайы жақсарады, өндірістің болашақ дамуына материалдық база жасалады, ғылым мен мәдениеттің дамуына мүмкіндік туады.
2. Өндіріс факторлары мен шығарылған өнім көлемі арасындағы байланыс өндіріс функциясы арқылы ипатталады. Тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы былай өрнектеледі: У= F(K,L) және кез-келген z > 0 үшін: zУ= F (zK, zL). Онда, егер z = 1/L, онда У/L = F( K/L, 1) У/ L = у; К/L = к деп белгілеп, жоғарыдағы функцияны былайша өрнектейміз:
у = f (k)
Бұл функция еңбек өнімділігі пен капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады: у = і + c. Мұндағы і – бір жұмысбасты адам басына шаққандағы инвестиция, с – бір жұмысбасты адам басына шаққандағы тұтыну. Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады:
c = (1 – s) y
s – қор жинағы
y = c+i = (1-s) y+i,
бұдан і = s · y
Тепе-теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына және табысқа пропорционалды болады.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі:
f(к) = c + i немесе f(к) = i/s
Тауар нарығындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капиталдың жиналуын өндірілген өнімге деген сұраныс анықтайды.
Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капиталдың қоры екі себепке байланысты өзгереді:
Инвестициялар капитал қорын өсіреді;
Капиталдың бір бөлігі тозады, ол капиталдың қорының азаюына әкеледі.
Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың амортизациясы (капиталдың ығысуы) әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысу – азайтады.
Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: I = s · f(к).
к-ның кез келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен тұтынуға бөледі (1-сурет).
Y
f(k)
с
МРК s f(k)
у і
1 K
y = f(к), і = s · f (к), с = f (к) - s · f (к),
Амортизация төмендегідей жағдайларда ескеріледі: жылдағы капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып отырады (d - ығысу нормасы), онда ығысу көлемі капитал көлеміне пропорционал болады және мынаған тең: d · к
Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін төмендегідей өрнектеуге болады:
к = i – dк
немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады:
к = s · f(к) - dк
Солоу үлгісін жетілдіру үшін, екі алғышартты қарастырамыз.
Біріншісі – экономикалық өсуге халықтың санының өсуінің әсері
Екіншісі – технологиялық прогресстің әсері.
Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі. Бұл қормен қаруландыруға инвестиция және ығысумен қатар әсер ететін жаңа фактор болып есептеледі Халықтың санының өсуі ығысу сияқты қормен қаруландыруды төмендетеді. Халық саны өскенде қормен қаруландыру тұрақты болу үшін, халық қандай қарқынмен өссе, капитал соншалықты өсуі керек.
3.Солоу үлгісіндегі технологиялық прогрессті ескеру өндіріс функциясының берілген түрін өзгертеді. Өнгдіріс функциясы төмендегідей бейнеленеді:
Y=F(K,L·E)
Мұндағы Е – еңбектің тиімділігі, ал (L·E) – тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.
Неғұрлым Е үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар соғұрлым өнімді көп өндіреді.
Технологиялық прогресс еңбектің тиімділігінің өсуі Е, тұрақты g қарқынымен өседі деп жорамалданады. Демек, Солоу үлгісі бойынша бір адам басына шаққандағы өнімнің өсуі немесе өмір деңгейінің үздіксіз өсуінің бір ғана шарты болып технологиялық прогресс есептеледі.
Сонымен, технологиялық прогресс қарқыны g, халықтың өсуі қарқыны п жағдайында тұрақты қалыпты жалпы өнім өндірудің өсу қарқыны (g + n) тең болады.
Бір жұмысшыға шаққандағы капитал қорының өзгерісі төмендегідей бейнеленеді:
к = і – dк – nк немесе к = i – (d + n )к
Капитал қорының төмендеуі нәтижесінде емес, ол өскен халыққа қайта бөлу арқылы болады. Бұл жағдайда капиталдың ығысуын қамтамасыз ететін және пайда болған жаңа жұмыс орындарын капиталмен қамту үшін қажетті инвестиция көлемі болуы тиісті. n · к мәні бір жұмысшыға шаққанда қанша қосымша капитал қажет болатындығын көрсетеді. Бірақ Экономиканың тұрақты тепе-теңдік шартын тұрақты қормен қаруландыру (к*) жағдайында төмендегідей жазуға болады:
к = s · f(к) - (d + n) к = 0
немесе s · f(к) = (d + n) к
Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайды бейнелейді.
Экономиканың тұрақты жағдайында капитал және бір жұмысшыға шаққандағы өндірілетін өнім, басқаша айтқанда қормен қаруландыру (к) және еңбектің өнімділігі (у) тұрақты болады.
У/У= L/L = K/K = n
i,
(d+n)k
sf(k),
(d+n)k
s·f(k) (d+n+g)k' (d+n+g)k'
s·f(k')
k1 k* k2 k k * k2 k`
Сонымен, халық санының өсуі тепе-теңдік жағдайындағы экономиканың үздіксіз өсуінің негізгі бір себебі болып есептеледі. Халықтың өсу қарқынының ұлғайуына байланысты (d + n) · к қисығының бұрыштық коэффиценті өседі, мұндай жағдай тепе-теңдік қормен қарулану деңгейінің (к*) төмендеуіне немесе у-тің төмендеуіне әсер етеді.
Технологиялық прогрестің үлгіге енуі, тұрақты тепе-теңдік жағдайының талдауын өзгертеді.
Еңбектің бір бірлігіне сәйкес тұрақты тиімділігі бар капитал көлемін к' арқылы белгілесек, онда
к' = К/ L·E ал у'= У/ L·E
Тұрақты тепе-теңдік жағдайында (80-суретті қара) қормен қаруландыру деңгейі к* бір жағынан қормен қаруландыруды өсіретін инвестицияның әсерін, ал екінші жағынан жұмыспен қамтылғандар санының өсуін және технологиялық прогреске ығысудың әсерін қарастырады, онда еңбектің бір бірлігінің тиімділігіне әсер ететін капитал деңгейі төмендейді:
s · f(к') = (d + n + g) к'
Тұрақты жағдайда (к'*), (К) капиталдың жалпы көлеміне тең болғанда технологиялық прогрестің болуы және өнім көлемі (У), (n + g) қарқынымен өседі. Бірақ халықтың өсуінен ерекше, өзгеше қормен қаруландыру (К/ L) g қарқынымен өседі, ал бір адам басына шаққандағы өнім (У/ L) болады. Соны көрсеткіш халықтың әл- ауқатының көтерілгенін көрсететін шама.
Сонымен, Солоу үлгісі арқылы ресурстар толық қамтылған кездегі тепе-теңдік жағдайында экономиканың үздіксіз өсуінің тетігі түсіндірілді.
Тұрақты тепе-теңдік жағдайындағы Солоу үлгісіндегі негізгі айнымалылардың сипаттамасы
Технологиялық
Прогресс және халық санының өсуі болмаған жағдайда
|
Халық санының nқарқынымен өс жағдайында
|
Халық санының n қарқынымен өсуі және технологиялық прогрестің gқарқынымен өсуі
|
Айнымалы Өсу қарқыны
|
Айнымалы Өсу қарқыны
|
Айнымалы Өсу қарқыны
|
L 0
|
L n
|
n L
|
K 0
|
K n
|
L·E n + g
K n + g
|
k = K/L 0
|
K = K/L 0
|
k' = K/L·E 0
k = K/L g
|
У 0
|
У n
|
У n + g
|
|
|
y' = У/L·E 0
|
y = У/L 0
|
y = У/L 0
|
y = У/L 0
g
|
Кейнс үлгілерінде қор жинағының нормасы экзогенді беріледі және табыстың тепе-теңдік жағдайдағы өсуінің қарқынын анықтайтындығы белгілі.
Ал неоклассикалық Солоу үлгісінде қор жинағының кез келген нормасында нарықтық экономика қормен қаруландырудың (k*) тұрақты деңгейіне және балансталған өсуге ұмтылады. Бұл жағдайда табыс пен капитал ( n + g) қарқынымен өседі.
Қор жинағы нормасының көлемі экономикалық саясаттың зерттеу нысаны және экономиканың өсуін талдайтын әр түрлі бағдарламаларда зерттеледі.
Тепе-теңдік экономиканың өсуі қор жинағы нормасының әр түрлі деңгейінде қарастырыла береді, сондықтан оңтайлы қор жинағының нормасын таңдау проблемасы туындайды.
Қор жинағы нормасының оңтайлы көлемі Э. Фелпстің «алтын ереже» қағидасына сәйкес келеді. Экономика өсуінің тепе-теңдік жағдайында, тұтыну жоғары шекті деңгейде болуын қамтамасыз етеді.
Қор жинағы нормасының оңтайлы көлеміне сәйкес келетін қормен қаруланудың тұрақты деңгейін ( k**) деп белгілейміз, ал тұтыну (с**).
Жұмыспен қамтылған бір адам басына шаққандағы кез келген қормен қаруландырудың тұрақты деңгейінде (k*) тұтыну деңгейін анықтау үшін, төмендегі тепе-теңдікті өрнектейміз:
у = с + i
Мұндағы тұтыну с = у – і
С* = f(k*) – dk* i = s · f(k) = dk
y*
dk* dk*
F(k*)
c**
k** k*
5-сурет
Егерде k* < k** болса, онда өнім көлемінің өсуі ығысу мәнінен (f(k*қисығы) жоғары болады, демек олардың арасындағы айырма тұтыну мәніне тең және өседі.
Егер k* > k** болса, онда өнім көлемінің өсуі ығысу мәнінен төмен болады, демек тұтыну төмендейді.
Тұтынудың өсуі k** нүктесіне дейін болады, бұл нүктеде ол жоғары шегіне жетеді.
Бұл нүктеде капитал қорының бір бірлікке өсуі капиталдың шекті өніміне (МРК) тең және ығысуды d мәніне өсіреді.
Егерде өнімнің өсімшесіне қажетті инвестиция ығысуды жабуға пайдаланылса, онда тұтынудың өсуі болмайды. Сонымен, «алтын ережеге» сәйкес келетін капиталмен қаруланудың деңгейі (k**) болғанда, төмендегі шарттар орындалуы керек:
МРК = d, бұл шарт орындалғанда МРК = d + n + g болады.
Егер экономикадағы капитал қоры «алтын ереже» жағдайынан үлкен болса, онда қор жинағының нормасын төмендететін бағдарлама қажет. Мұндай бағдарлама тұтынуды үлкейтеді және инвестицияны төмендетеді.
Экономика тепе-теңдік қалпынан шығып, «алтын ережеге» сәйкес келетін пропорцияға жетеді.
Егерде экономикада қарастырылып отырған кезеңде капитал қорының мөлшері k** төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарлама қажет. Бұл бағдарламаның басында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өскен соң, белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-теңдік жағдайына жетеді, бұл жағдай «алтын ережеге» сәйкес болады, демек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды.
Жоғарыда қарастырылған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-теңдікте болады және факторлар толық қамтылады.
Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.
Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес.
Үлгіде тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады, бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім кезеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды. Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын – s, d, n, g-ді үлгінің ішінде анықтау керек еді, өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді.
Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық, әлеуметтік. Үлгіде пайдаланылған Кобб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреуінің бір-бірімен байланысын бейнелейді, бұл байланыстар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді. Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында (n + g) қарқынымен өседі, ал адам басына шаққандағы өнім – g қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.
Эндогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық, институтционалдық байланыстыруға тырысады.
«Ұсыныс экономикасының» тұжырымын ұстағандардың айтуы бойынша, толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық өсудің негізгі факторлары?
Өнім көлемінің динамикасы деп инені айтады?
Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында қалай болады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997
7 .Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Апта -1
ОСӨЖ 1
Тақырып. Макроэкономикаға кіріспе.
Мақсаты:. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсініктер беру
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
Экономикалық теориялар мен үлгілер.
Қандай проблемалар макроэкономикалық мектептер арасында негізгі айырмашылықтар болады.
№2 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1.Макроэкономика төмендегі түсініктердің қайсысын зерттейді:
А) Жеке ұсыныс В) Экономикалық іс-әрекеттер
С) Фирманың әрекеттері D) Инфляция Е) Фирма табыстарының қайта бөлінуі
2. Макроэкономикаға дұрыс анықтама беріңіз:
А) Қоғамдағы шектеулі материалдық игіліктер мен қызметтерді құру және тұтыну туралы ғылым
В) Адамдардың экономикалық өмірі туралы түсініктер, категориялар, принциптер, теориялар және экономикалық заңдар жүйесіндегі жалпы түсінік беретін экономика туралы ғылым
С) Кәсіпорындардың фирмалардың экономикалық, шаруашылық қатынастары туралы ғылым
Д) Жалпы экономиканы оқытатын ғылым
Е) Барлық жауаптар дұрыс
3. Макро талдаудың объектілеріне төмендегі түсініктердің қайсысы жатады:
А) Тұтастай қоғамның шаруашылық өмірі
В) Макроэкономикалық ресурстардың шектеулігі пайда болуының себептері, түрлері, механизмі
С) Ресурстарды иемденушілердің әлеуметтік сипаттағы макроэкономикалық мүдделері
Д) Макроэкономиканың формалары, құрылымы, нәтижелігі
Е) Жоғары аталғандардың барлығы
4. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктерін анықтаңыз:
А) Көрсеткіштерді анықтау В) Моделдерді құру
С) Мәліметтерді агрегаттау Д) Корреляциялық тәуелділікті құру Е) Барлық жауаптар дұрыс емес
5. Нормативті макроэкономикалық сипаттамаға нені жатқызуға болады:
А) Егерде ақша массасын 50% -ке дейін қысқартсақ,бұл кезде инфляция 3%-ке дейін төмендейді
В) Экспортты лицензиялау оның тиімділігін арттырады
С) Мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі несие массасын ұлғайтады
Д) Мемлекеттік оптималды деңгейге дейін қысқарту
Е) Энергетикадағы бағалардың өсуі тұтыну бағаларының 6% -ке дейін жоғарылауына әкеледі
ОСӨЖ 2
Тақырып. Макроэкономикаға кіріспе.
Мақсаты:. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсініктер беру
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
Макроэкономикада экономикалық моделдердің қолданылуы.
«Қор-ағын» түсініктері.
Қысқа және ұзақмерзімдік кезең ерекшеліктері.
№2 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1. Нарықтық жағдайындағы «еркін ойын ережелеріне» не жатады:
А) Экономикаға қатысушылардың салық салу деңгейін белгілеу
В) Ұлттық валюта курсын тұрақтандыру
С) Экономикаға мемлекеттің араласпауы
Д) Сыртқы сауда еркіндігі
Е) Макроэкономикада қаржы нарықтарының болуы
2. «Не? қалай?Кім үшін өндіру?» деген негізгі экономикалық сұрақтар микро және макродеңгейінде шешіледі. Бұл сұрақтардың қайсысы тек қана макродеңгейде шешіледі:
А) Не өндіріледі
В) Қандай инфляция деңгейі болуы мүмкін
С) Қаншалықты тауарлар мен қызметтер өндіріледі
D) Тауарлар мен қызметтерді кім өндіреді
Е) Тауарларды кім сатып алады
3. Төмендегі аталған қызметтердің кайсысын нарықтық экономикада салықтар атқарады:
А) Фискалдық В) Әлеуметтік С) Реттеу D) Ынталандыру
Е) Барлығы бірге
4. Дж.Кейнс классикалық макроэкономикалық теорияның концепциялардың қайсысын сынаған:
А) Сэй заңын В) Ақша сандық теориясын С) Экономиканың нарықтық өзін-өзі реттеуші теориясын
D) Маркстік теорияны Е) Барлық жауаптары дұрыс
Апта -2
ОСӨЖ 3
Тақырып. Макроэкономикаға кіріспе.
Мақсаты:. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсініктер беру
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.Макроэкономикалық модель
2.Агрегаттау
№2 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
1. Макроэкономикалық модель не үшін құрылды:
А) Экономиканың идеалды қызмет етуі үшін
В) Экономикада болып жатырған құбылыстардың нақты көрінісі үшін
С) Принципиалды экономикалық байланыстарды анықтау үшін
D) Эндогенді өзгерткіштердің экзогенді өзгерткіштерге ықпал етуін талдау үшін
Е) Фирмалар мен үй шаруашылығының іс әрекетін зерттеу үшін
2. Үй шаруашылық шығындарының элементтерінің қайсысы ЖҰӨ құрамыны кіреді:
А) Таныс адамнан ұсталған автомобиль сатып алу В) Брокерден жаңа акциялар сатып алу
С) Коммерциялық банкте жинақ қарыздарын облигацияларын сатып алу
D) Жоғалған қаламның орнына жаңа қалам сатып алу Е) Барлық жауаптар дұрыс емес
3.Төмендегі түсініктердің қайсысы макроэкономикада оқытылады:
А) Жеке ұсыныс В) Экономикалық іс әрекет С) Экономикалық саясат
D) Фирманың активтері E) Жеке сұраныс
4. Макроэкономика пәніне дұрыс анықтамасын беріңіз:
А) Қоғамдағы шектеулі материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну және қалыптасу туралы ғылым.
В) Төлем балансының тепе – теңдігін ,инфляция деңгейінің минимизациясын, экономикалық әрекетті бір көзқарастан тұрақты экономикалық өрлеудің жағдайын қамтамасыз етуін зерттейтін экономикалық ғылымның саласы
С) Кәсіпорын мен фирмаларға байланысты экономикалық және шаруашылық қатынастарының экономикалық ғылымның саласы
D) Жеке мүдделерді E) Жеке ұсыныс
5. Фундаменталдық экономикалық сұрақтар “не, қалай, кім үшін өндіремін” макро және микро деңгейде шешіледі. Мына сұрақтардың қайсысы тек қана макроэкономикалық деңгейде шешіледі:
А) Не өндіру керек В) Қандай инфляция деңгейімен кездесеміз
С) Қанша тауар мен қызметтер өндірілетін болады D) Тауар мен қызметтерді кім өндіреді? E) Кім үшін өндіреді
ОСӨЖ 4
Тақырып. Макроэкономикаға кіріспе.
Мақсаты:. Макроэкономика жалпы экономиканың жедел дамуы немесе оның құлдырауы тұсындағы жағдайы, өндірілетін өнімнің өсуі және инфляция мен жұмыссыздық кезеңіндегі төлем балансы, айырбас курсы туралы түсініктер беру
№1 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз
№2 тапсырма
Тест сұрақтарға жауабы табыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |