Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет252/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   265

қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



608

609


3-сызба.  Айнымалы  тогы  бар  өткізгіште 

электрлік скин-эффектінің пайда болуы. Же- 

бе  уақыттың  белгілі  бір  сәтіндегі  токтың 

(І)  бағытын  көрсетеді;  үзік  сызықты  кон- 

турлар – құйынды токтар

өткізгіш массада тікелей тұйықталады. Ленц 



ережесіне сәйкес құйынды токтардың магнит 

өрісінің бағыты өзін индукциялаушы маг-

нит ағынының өзгеруіне қарсы әсер ететін 

бағытқа сәйкес болады. 

Құйынды токтар магниттік ағындардың 

магниттік-өткізгіштік  қима  бойынша 

біркелкі таралмауына әкеп соқтырады. Бұл 

жайт  магниттік-өткізгіштің  қимасының 

ортасында  негізгі  магниттік  ағынға  қарсы 

бағытталған  құйынды  токтардың  магнит 

өрісінің кернеулігінің ең үлкен мәнінің болу-

ымен түсіндіріледі. Ағынның жоғары жиілігі 

кезінде өрістің осындай «ығыстырылып шығарылуы» нәтижесінде ағын өзекшенің 

тек беттік жұқа қабатынан өтеді. Бұл құбылыс (электрлік скин-эффектіге ұқсас) 

магниттік скин-эффект деп аталған. 

Джоуль-Ленц заңына сәйкес құйынды токтар өздері пайда болған 

өткізгіштерді 

қыздырады,  бұл  энергияның  шығындалуына  әкеп  соқтырады.  Осы  жайтты 

болдырмау және магнит өрісін «ығыстырып шығару» эффектісін азайту үшін 

магниттік-өткізгіштер тұтас сомдалмаған, бірінен-бірі оқшауланған жеке пласти-

налардан құрастырылады және ферромагниттік материалдар магнит-диэлектрик-

термен, т.б. алмастырылады.

Құйынды токтар 



айнымалы ток өтіп тұрған өткізгіште де пайда болады, осы 

жайт токтың өткізгіштің көлденең қимасы бойынша бірқалыпты болмай таралу-

ына әкеп соғады. Өткізгіштегі токтың артқан сәтінде индукцияланған құйынды 

токтар 


өткізгіштің бет жағында алғашқы токтың бағытымен, ал өткізгіштің 

осінде  –  токқа  қарсы  бағытта  таралады  (3-сызба).  Осының  нәтижесінде 

өткізгіштің ішіндегі ток кемиді, ал сыртқы бетіндегі ток артады. Жоғары 

жиілікті ток іс жүзінде 



беткі қабаттан өтеді, өткізгіштің ішінде ток болмай-

ды.  Бұл  құбылыс  эл е кт рл і к   с к и н -

эффект деп аталған. Құйынды токтың 

негізгі магнит ағынымен өзараәсерлесуі 

нәтижесінде осы 



ток өтіп тұрған дене 

қызатын болады. 1852 жылы француз 

физигі  Жан 



Фуко (1819 – 1868) тұтас 

металл  дененің  индукциялық  токтың 



2-сызба. Электр  есептеуіштің дискісін- 

дегі  құйынды  токтар  (үзік  тұйық 

сызықпен  көрсетілген).  Суреттегі 

тұтас жебе дискісінің айналу бағытын 

көрсетеді.


қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



610

611


әсерінен қызатынын анықтаған және оны кеміту тәсілін ұсынған. Сол себепті 

бұл ток – 



Фуко тогы деп аталып кеткен. Осы құбылыс өлшеуіш техникада, ай-

нымалы ток машиналарында, металдарды балқыту және олардың 



беттік қабатын 

суару  үшін  қолданылады,  ал  оның  күштік  әсері  индукциялық  тежеуіштерде 

пайдаланылған.



ҚҰРҒАҚ АЙДАУсублимация (латынша «сублимаре – көкке көтеру») –  

заттың сұйық фазаға соқпай қатты күйден тікелей газтәрізді күйге ауысуы.



ҚЫРАУ – жұқа біркелкі емес мұз кристалдары. Ауадағы су буының сублима-

циясынан топырақ бетінде, шөптердің және басқа заттар бетінде ауаның темпе-

ратурасынан төменгі температураға салқындататын

 радиациялық салқынның 

әсерінен пайда болады. Көбінесе аспан ашық, желсіз түнде қырау түседі.



ҚЫСҚАРУ – кез келген мөлшерлердің, ұзындық өлшемдердің, т.б. кемуі.

Лоренцтік қысқару – масштабтардың қысқаруымен мағыналас.

Масштабтардың  қысқаруы  –  салыстырмалық  теориясындағы  дененің 

тыныштықта  болатын  санақ  жүйесімен  салыстырғанда  денелердің  қозғалыс 

бағытында осы дене өлшемдерінің кемуі.

ҚҰРАМА ЯДРО – ядролық реакцияның өтуі кезінде соққылауыш бөлшек- 

тердің нысана-ядромен бірігуі нәтижесінде пайда болатын ядролық жүйе. Құ- 

рама  ядро  тұрақсыз,  қысқа  мерзімде  реакцияның  ақтық  өніміне  айналады. 

Бөлшектердің қосқан энергиясы денелерді қыздырған кездегідей құрама ядроның 

барлық еркіндік дәрежелері арасында таралады. Статистикалық кездейсоқ ауытқу 

(флуктуация) салдарынан бір немесе бірнеше ядролық бөлшектер энергияның 

орташа мәнінен артық энергияға ие болуы, осының нәтижесінде әлгі 

бөлшектер 

«қызған» ядродан бөлініп шығуы мүмкін. Осы үрдіс (процесс) сұйықтың бу-

лануына ұқсас, құрама ядроны ыдыратады. Құрама ядроның «өмір сүруінің» 

орташа ұзақтығы (10

-22

 – 10


-21 

секунд) ядро орналасқан кеңістік арқылы шапшаң 

бөлшектер ұшып өтетін уақыттан көптеген есе артады. Құрама ядроның болуы 

реакцияның резонанстық энергетикалық тәуелділігінің ықтималдығынан білі- 

неді.  Бөлшектердің  белгілі  бір  энергияларында  құрама  ядроның  күйлеріне 

сәйкес кенеттен максимумдар байқалады. Құрама ядро туралы түсінікті алғаш 

рет 1936 жылы дат физигі Нильс 

Бор (1885 – 1960) ұсынған. Құрама ядроның 

термодинамикалық теориясын 1936 – 37 жылдары американ физиктері Ханс 



Бете 

(1906 – 2004) және Виктор 



Вайскопф (1908 – 2002), орыс физигі Лев Ландау 

(1908 – 1968) дамытқан.



«ҚҰРҒАҚ МҰЗ» – көміртектің (СО

2

) қатты қос тотығы – 78,5°С-та сұйық  



күйге ауыспай бірден буға айналады, сол себепті «құрғақ» мұз деп аталған. 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау