Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет254/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   265

қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



612

613


оқшаулауыштарының (изоляцияларының) істен шығып бүлінуінен пайда бола-

ды және тізбектегі ток күшінің кенеттен едәуір шамаға артуымен қабаттасып  

өтеді, осы жайт электр жабдықтарының зақымданып бүлінуіне әкеп соқтырады. 

Қысқаша тұйықталу кезінде электр тұтынушыларға қажет электр кернеуі төмендеп 

кетеді.  Қысқаша  тұйықталудың  қауіпті  зардаптарын  болдырмас  үшін  токты 

шектеуіш  реакторлар  қолданылады,  электр  желілерінің  бөліктері  топталады, 

қысқаша тұйықталу бола қалған учаскелерді ток желілерінен тез арада ажыратып 

жіберетін автомат құрылғылар (релелік қорғау, автоматты ажыратқыштар) пайда-

ланылады.

ҚЫСЫМ – бір дененің екінші дененің бетіне (мысалы, ғимарат іргетасының 

астындағы жерге, сұйықтың ыдыс қабырғасына, қозғалтқыштың цилиндріндегі 

газдың поршеньге, т.б.) әсер етуі кезінде пайда болатын нормал (дене бетіне 

перпендикуляр бағытталған) күштің қарқындылығын сипаттайтын физикалық  

шама. Егер күш дене беті бойынша біркелкі таралса, онда осы беттің кез келген 

бөлігіне әсер ететін қысым (р) : р F/Ѕ, мұндағы Ѕ – дене бетінің ауданы, F – осы 

бетке перпендикуляр түсірілген күштердің қосындысы. Егер күш біркелкі тарал-

майтын болса, онда бұл теңдік берілген ауданға түсірілетін орташа қысымды, ал 



Ѕ-тің шамасы нөлге ұмтылған кездегі берілген нүктедегі қысымды анықтайды. 

Күш біркелкі таралған жағдайда қысым дене бетінің бүкіл нүктесінде бірдей 

болады. Ал біркелкі таралмаған жағдайда бір нүктеден екінші нүктеге өткенде 

қысым өзгеретін болады. 

Үздіксіз орта үшін сол ортаның әрбір нүктесіне «қысым» туралы ұғым енгізі- 

леді. Тыныштықтағы сұйықтың немесе газдың барлық бағыты бойынша қысым 

бірдей болады; бұл жағдай қозғалыстағы идеал (үйкеліссіз қозғалатын) сұйық 

пен газ үшін де тура. Тұтқыр сұйықтың берілген нүктесіндегі қысымы ретінде 

өзара  перпендикуляр  үш  бағыттағы  қысымның  орташа  мәні  қабылданады. 

Газдардың кинетикалық теориясы бойынша газ тәрізді ортадағы қысым жылулық 

қозғалыстағы газ молекулаларының бір-бірімен немесе газбен шекаралас бетпен 

соқтығысуы кезінде берілетін импульске байланысты. Газдардағы қысым (оны 

жылулық қысым деп атауға болады) температураға пропорционал. Атомдарды 

өзара жақындатқанда тебу күштерінің артуы нәтижесінде пайда болатын қысым 

«салқын» қысым деп аталған. Конденсацияланған ортадағы қысымның, мұнымен 

қатар, атомдардың (ядролардың) жылулық тербелісіне байланысты «жылулық» 

құраушысы да болады. Конденсацияланған ортаның көлемі шектелгенде немесе 

кішірейгенде «жылулық» қысым температураның өсуіне байланысты артады. 

Қысым манометр, барометрвакуумметрмен және әртүрлі қысым датчиктері 



қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



614

615


арқылы өлшенеді. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) қысым бірлігі – Пас- 

каль (Па), 1 Па = Н/м

2

, бірліктердің МКГСС жүйесінде – кг күш/ см



2

-мен өлшенеді. 

Қысымның бұдан басқа жүйеден тыс өлшемдері де бар: физикалық атмосфера 

(атм), техникалық атмосфера (ат) бар, сондай-ақ мм сынап бағаны және мм су 

бағаны. 

Қысым асажоғары вакуумнан (төменгі қысым) өте жоғары мәнге дейін кең 

ауқымды шекте өзгереді. Кейде осы өзгеріс әртүрлі материалдардың қасиетте- 

ріне едәуір әсерін тигізеді.

Заттар үш түрлі: қатты, сұйық және газтәрізді күйлерде болады. Осы күйлер- 

дің әрқайсысында заттар әр қилы сығымдалады. Идеал газ кез келген дәрежеде 

сығымдалады, қалыпты жағдайда қысым 

Бойль – Мариотт заңына бағынышты 

(осы заң бойынша газдың қысымы оның көлеміне кері пропорционал өзгереді). 

Сұйық, керісінше, едәуір қиын сығымдалады, оның көлемінің өзгерісі қарапа- 

йым заңға бағынышты болмайды. 

Қатты денелер ең аз сығымдалады. Олардың ішкі құрылымдары қатаң түзіл- 

ген, атомдары белгілі қашықтықта өте үлкен күшпен ұсталып тұрады, сыртқы 

қысымға ең көп кедергі келтіреді. Осы құрылым жеткілікті жоғары қысымда 

бұрмаланады  немесе  қирайды,  бірақ  оның  тәртібі  ішкі  атомдармен  немесе 

молекулалық құрылыммен анықталады.

0°С температурада сұйық сынаптың көлемі қысымның 0–7·10

8

 Н/м


2

 (0–7000 

атм) шегінде миллиондық үлеске ғана өзгереді.

Қысымның әсерінен кез келген заттың күйі белгілі бір жағдайларда едәуір 

өзгереді. Мысалы, қысым кейбір кризистік нүктелерден төменгі температурада 

газды сұйыққа айналдыра алады.

Шекті жоғары қысымдар өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Металдарды әр- 

түрлі өңдеулер қысым күшімен жүзеге асырылады. Екінші жағынан жеткілікті 

жоғары қысымдарда металл, керісінше, 

пластикалық қасиетке ие болады.

Қысым диапазонының екінші ұшында вакуум бар, мұнда ауа немесе газдар  

әр қилы дәрежеде сиретілген. Вакуум шығару (алу) үшін тұйық көлемнен газ 

сорылып шығарылады. Сол себепті әлгі көлемдегі молекула саны едәуір кемиді, 

сондықтан сәйкесінше молекулалар арасындағы соқтығысулар саны азаяды, осы 

жайт газдың ішкі энергиясының және қысымының өзгергенін білдіреді. Бірақ тұ- 

йық көлемде вакуум шығарумен аяқталмайды, алғашында осы тұйық көлемде 

 газдан өзге ештеңе болмаған еді. Толық емес вакуум сұйықтың бетіндегі кеңіс- 

тіктегі буды шуғарудан соң пайда болады. Егер сору арқылы сұйықтың үстіндегі 

газдың  қысымы  кемітілсе,  онда  сұйықтың  атмосфералық  қысымда  қайнау 

нүктесінен төменгі температурада әлгі сұйық қайнайды.



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау