“Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.D) Үнді дауыссыз дыбыс.
-ма, -ме шылауының ұқсас келетін грамматикалық тұлғасын белгілеңіз.B) Болымсыз етістік.
“Б” дыбысының қандай екенін анықтаңыз.A) Ұяң дауыссыз дыбыс.
“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.B) Биік тау.
“Дейін, шейін” септеулік шылауының жазылу емлесін көрсетіңіз.D) Бөлек
“Ә” әрпінің емлесіне байланысты сөздің дұрысын көрсетіңіз. B) Күмән
“Әсем” сөзінің синонимдік тұрақты тіркесін көрсетіңіз.E) Қыздың жиған жүгіндей
“Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.D) Еш(қашан).
“Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.B) Еш(нәрсе).
“Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.D) Зерігу, іш пысу.
“Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.C) Үнді дауыссыз дыбыс.
“Онда” есімдігінің емлесіндегі ерекшелікті табыңыз.A) Жатыс септікте ол есімдігіндегі “л” дыбысы “н” дыбысына айналады.
“Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз. B) ...стаған.
«Еш» есімдігімен қосылып жазылатын сөзді табыңыз.D) Қашан.
«Жұмыртқа» сөзінің диалектілік баламасын табыңыз.E) Тұқым.
«Ізгілік» сөзінің антонимін табыңыз.A) Зұлымдық.
«Кең» мағынасындағы бейнелеуішті табыңыз. D) Қолп-қолп.
«Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз. B) Кешен.
«Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз. А) 5 дыбыс, 4 әріп.
«Орфография» деген сөздің мағынасын белгілеңіз. B) «Дұрыс жазамын».
«У» дыбысы дауыссыздың қызметін атқаратын жауапты таңдаңыз. B) Жауын.
«Ы» дыбысына тән сипаттаманы табыңыз.B) Жуан, езулік, қысаң.
1929 жылы қай әліпбиге көшкенімізді табыңыз.B) Латын әліпбиі.
-aу, -ақ, ғой демеулік шылаулары арқылы жасалатын сөйлем түрін көрсетіңіз.А) Лепті сөйлем.
-aу, -еу жұрнағы арқылы жасалатын сан есімнің түрін көрсетіңіз.Е) Жинақтық сан есім.
Автор сөзді сөйлемді көрсетіңіз.A) –Бұл не деген жұмбақ? – десті екеуі.
Автор сөзі қандай етістіктің көмегімен берілетінін көрсетіңіз.В) Де.
Автор сөзі төл сөзінен кейін тұрған сөйлемді анықтаңыз.B) “Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл,” – дейді.
Адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын ұғым атаулары.D) Дерексіз зат есім.
Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін анықтаңыз. D) 4.
Айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар біріккен сөзді анықтаңыз. C) Өнеркәсіп.
Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.А) Ала-құла, іске қосу.
Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.B) Үйінде озған – түбінде озар
-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз. C) Лепті сөйлем.
Академиялық шешендікке тән стиль түбірлерін белгілеңіз.B) Ғылыми, ресми, публистистикалық.
Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.
Антоним бола алмайтын сөзді табыңыз.C) Сары.
Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.D) Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
Антонимдері бар қатарды белгілеңіз. E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.
Антонимді бар қатарды белгілеңіз. А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ
Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.C) Тау жақтан баяу жел еседі.
Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді анықтап тұрған сөзімен белгілеңіз.Екі жылдың ішінде діни кітаптарды, қиссаларды өз бетімше жеңіл оқитын болдым (Ә.Тәжібаев).C) Екі жылдың.
Анықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.А) Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.
Анықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.D) Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.
Анықтауыштық қатынаста матаса байланысқан тіркесті табыңыз. В) Жайықтың толқындары.
Апар сөзі қандай сөздерден қысқарып жасалғанын анықтаңыз.A) Алып бар.
Араб тілінен енген сөзді табыңыз.А) Мектеп.
Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз. B) Емтихан, тәрбие.
Архаизмге жататын сөздер тобын белгілеңіз.D) Биқасап, барымта, ұрын бару.
Архаизмді белгілеңіз.D) Күпі.
Архаизмді көрсетіңіз.D) Патсайы.
Атау септігінде тұрып, іс-қимылдың иесін білдіретін сөйлем мүшесін белгілеңіз.E) Бастауыш.
Атаулы сөйлемді анықтаңыз.C) Айсыз қараңғы түн.
Атаулы сөйлемді анықтаңыз.В) Дала. Егіс даласы.
Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.A) Бала күнім.
Атаулы сөйлемді табыңыз.A) Бұрқыраған ақ қар.
Ауызекі сөйлеу стиліне жатады.C) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.
Ауызекі стилін табыңыз.B) Менен оларға тиетін инедей пайда жоқ.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.A) Қоза, шиіт.
Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.C) Күнсіздерге күн болған.
Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз. Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.B) Қисық.
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт.
Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.Бұлақтың көзін ашу – игі іс.B) Көзін.
Ауыспалы осы шақты көрсетіңіз.А) Сен ойнайсың.
Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.A) Қарайтынмын.
Ауыспалы өткен шақты көрсетіңіз.А) Ол ауылға жиі баратын еді.
Ауыспалы өткен шақты көрсетіңіз.E) Мұндай күндері сіркесі су көтермейтін.
Ашық буынды қатарды көрсетіңіз.C) Дала, жылы, орама.
Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.A) Аласа.
Ашық буынды табыңыз.B) Қа.
Ашық буынның ережесін белгілеңіз.А) Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Ашық дауысты дыбыстар қатарын табыңыз.А) А, ә, о, ө, е, э.
Ашық дауысты дыбысты табыңыз.A) А, Ә.
Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз. B) Әлдеқашан.
Ашық және қысаң дауыстылар араласып келген сөздер қатарын табыңыз.B) Масаты, төзім.
Ашық жуан буынды белгілеңіз.C) Аға, бала.
Ашық жуан буынды сөзді көрсетіңіз.B) Боса, баға.
Бағыныңқысы көсемше тұлғалы етістіктен жасалған байланысу түрлерін анықтаңыз.С) Қабысу мен жанасу.
Байланысу түрін анықтаңыз.Алтын сәуле.С) Орын тәртібі арқылы.
Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.Кейбіреулері сәл тоқтады.C) Есімдік.
Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.D) Отыз – онға бөлінеді.
Бастауыш қызметінде тұрған сын есімі бар сөйлемді көрсетіңіз.D) Ұялшақ сыбағасынан құр қалар.
Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз. B) Оқыған озады.
Бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігін анықтаңыз.С) Бәрі хабардар болып үлгерген сияқты.
Бастауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз. E) Жеті – киелі сан.
Бастауыш қызметіндегі сын есімді анықтаңыз.E) Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.
Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз. С) Ақылды аузын жауып, ділін ашар.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.В) Екі сегіз он алты.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз. A) Еңбек - өмір рахаты.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себебін көрсе-тіңіз.Оқу және оқу – менің басты мақсатым.D) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы сызықшаның қызметін көрсет.Бюрократ менмендермен алысу-«Қызылкеншінің» міндеті.C) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен
Бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болатын сөйлем мүшесін анықтаңыз.C) Баяндауыш.
Бастауыштан кейін қойылған сызықшаның қызметін анықтаңыз.Жүз жиырма беске бөлінеді.C) Бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін.
Бастауышты дәлелдеп түсіндіруші мүшені табыңыз.Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!В) Оңашаланған айқындауыш.
Бастауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние.С) Тұйық етістік.
Баяндауыш қызметіндегі сын-қимыл үстеуін табыңыз.А) Айнала жым-жырт, қаннен-қаперсіз.
Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін белгілеңіз. A) Салалас құрмалас сөйлем.
Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.A) Ыңғайлас.
Баяндауышы зат есімнен болғанда бастауыш қызметіндегі сілтеу есімдігінен кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз. С) Сызықша.
Баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.E) Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.
Бейнелеуіш сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.С) Екі көзі үлкейіп ашу шақыратындай жалт-жұлт етеді.
Бейнелеуіш сөзден болған пысықтауышты табыңыз.Олар жапыр-жұпыр, тез амандасып шықты.A) Олар.
Бейнелеуіш сөздер қатарын белгілеңіз.С) Жалп,селк, бүгжең.
Бейнелеуіш сөзді анықтаңызD) Бүгжең қақты.
Бейнелеуіш сөзді белгілеңіз.B) Ербең-ербең етті.
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.А) Артына жалтақ-жалтақ қарап кете барды.
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.С) Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді.
Бейнелеуіш сөзді табыңыз.C) Бұлтың.
Бейнелеуіш сөздің сөйлем ішіндегі мағынасын анықтаңыз.Майлы саз жас баланың еңбегінше былқ-былқ етеді.А) Жұп-жұмсақ.
Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді қалай атайтынын табыңыз. C) Диалект сөздер.
Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тіліне тән сөздердің қалай аталатынын белгілеңіз. A) Диалект сөздер.
Белгілі бір шаруашылық саласымен шұғылдануда қолданатын сөздерді көрсетіңіз.B) Кәсіби сөздер
Белгісіздік есімдігін табыңыз.А) Әрқашан күн сөнбесін.
Белгісіздік есімдікті табыңыз.D) Қайсыбіреу.
Бетпе-бет жүздесу арқылы жүзеге асатын стиль түрін көрсетіңіз . А) Ауызекі сөйлеу.
Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөз келгенде қойылатын тыныс белгілерін көрсетіңіз.C) Алғашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшаға алынады.
Бір түбірден түрлі жұрнақ арқылы жасалған сөздер қалай аталатынын анықтаңыз.A) Түбірлес сөздер.
Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз. В) Қарсылықты салалас
Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.А) Аб жылан, ақ сұңқар.
Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.B) Қағаз бастылық, қалжың бас.
Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.A) Көк(құтан), көк(жиек).
Біреудің сөзін ешбір өзгеріссіз қолдану жолы не екенін көрсетіңіз.B) Төл сөз
Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеу.C) Ендігәрі.
Бірігу арқылы жасалған күрделі үстеуді анықтаңыз.A) Бүгін.
Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.C) Еламан түршігіп кетті.
Бірінші буыны езулік дауыстыдан тұратын сөзді анықтаңыз.B)Қарақұм.
Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.D)Түсіндірмелі.
Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірліктің не екенін анықтаңыз.D)Сөйлем.
Бірыңғай анықтауышты сөйлемді табыңыз.А) Әдепті, мәдениетті адамның талғамы да биік.
Бірыңғай ашық буынды қатарды көрсетіңіз.E) Тілегіне жету.
Бірыңғай демеулікті табыңыз.C) –ақ, -мыс, -ау.
Бірыңғай еріндік дауысты дыбыстан тұратын сөзді анықтаңыз.C)Ұлу, үйту.
Бірыңғай еріндік дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.B)Бұлбұл, құс.
Бірыңғай жіңішке дауыстылардан құралған сөздерді табыңыз.D)Сезім, төзім, білім.
Бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын сөздерді табыңыз.C) Ұлағат, байланыс, құнарлы.
Бірыңғай жуан дауыстылардың қатарын табыңыз.D) О, а, ы, у, ұ.
Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді анықтаңыз. C) Хош иісті.
Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз. B) Тасаттық.
Бірыңғай мүше мен жалпылауышқа қатысты қойылған тыныс белгісін атаңыз.В) Пайда, мақтан – бәрі тұл.
Бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстыратын шылауларды белгілеңіз.D) және, мен (бен,пен).
Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
Бірыңғай түбір сөздері бар қатарды көрсетіңіз.D) Ыдыс, әңгіме, терезе.
Бірыңғай тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.D) Ат.
Бірыңғай үнді дауыссыз қатысқан сөздер қатарын табыңыз.E) Лаула, өнер.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.C) Дағды.
Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.E) Жоба.
Бітеу буынды белгілеңіз.C) Тал, төрт.
Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.B) Баппен сөйлеу.
Бітеу буынды қатарды көрсетіңіз.B) Бірлік болмай, тірлік болмас.
Бітеу буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.B) Бақбақ, шындық, маңғаз.
Бітеу буынның анықтамасын белгілеңіз.C) Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын.
Болжалды келер шақты көрсетіңіз.D) Енді қайтып жуыса қоймассыз.
Болжалдық сан есімді жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз. A) -лаған, -деген, -лап, -дай;
Болымды етістікті табыңыз.С) Әжібек жүгіріп барып, қарсы алдына тұра қалды.
Болымсыз етістіктерді көрсетіңіз.B) Оқыма, ішпе.
Болымсыз етістікті белгілеңіз.B) Көрме досыңнан.
Болымсыздық есімдігін табыңыз.С) Бейтаныстың қаперіне түк те кіріп шығатын емес.
Болымсыздық есімдікті белгілеңіз.B) Әлдеқалай.
Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.A) Дауысты дыбыстар.
Буын құрай алмайтын дыбыстарды белгілеңіз.А) Дауыссыз дыбыстар.
Буын талғамайтын жұрнақ арқылы жасалып тұрған сөзді көрсетіңіз.B) Еңбекқор.
Буын үндестігі сақталып жазылған сөзді көрсетіңіз.D) Өнерлі.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.D) -нікі, -ов, -тал.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз.C) -нікі (-дікі), -тай, -тал, -еке.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз.D) -ов, -ин.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны анықтаңыз.B)-ды, -ді.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.B) Әкетай.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.C) –мен.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.B) Әсемпаз.
Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз.E)Атамекен, ауыл-үй, жай-күй.
Буын үндестігіне сай емес сөзді көрсетіңіз.B) Кітап.
Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз.E) Күнәлар.
Буын үндестігіне сай қосымша сөзге қалай үндесетінін көрсетіңіз.A) Буынның жуан-жіңішкелігіне қарай.
Буын үндестігінің ғылыми түрдегі атауын көрсетіңіз.D) Сингармонизм.
Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.D) БҰҰ, 50см.
Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз. А) Тарс.
Буынға бөлінбейтін сөзді табыңыз. А) Қарт.
Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.A) Дала, бала.
Буынға қате бөлінген сөзді көрсетіңіз.C) Құ-мыр-сқа.
Буынның неден құралатынын табыңыз. B) Фонемадан.
Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыз.Бұл мәселемен өзгелер айналыссын.Е) Бұйрық райдың 3-жақ көпше түрі.
Бұрынғы өткен шақ жасалатын етістік фомасын көрсетіңіз.D) -ған, -ген.
Ғылыми стильге тән етістік формасын табыңыз.В) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.
-да (-де, -та, -те) демеулік шылауының жалғаулық шылаудан ерекшілігін анықтаңыз.С) Өзі қатысты сөзге қосымша күшейткіш мән үстеп тұрады.
Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз,A) Талаптыға нұр жауар.
Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.D) Мен мектептен келдім.
Дауыссыз дыбыстар санын анықтаңыз. C) 26.
Дауыссыз дыбыстардың анықтамасын белгілеңіз.A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстардың түрін анықтаңыз.E) 3.
Дауыссыздар жасауға қажетті қатарды анықтаңыз.B) Үн мен салдыр.
Дауысты дыбыстарды белгілеңіз. D) А, Ә, О, У.
Дауысты дыбыстардың жақ қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.C) Ашық, қысаң.
Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.B) Жуан, жіңішке.
Дауысты дыбыстың жасалу ерекшелігін көрсетіңіз. B) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар.
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды анықтаңыз. В) Тұйық буын.
Демеулік шылаулар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз. В) Ол – кезінде сонет жазуда да алдына жан салмаған ақын.
Демеулік шылауларды табыңыз. А) -ақ, -ау.
Демеуліктер қатарын көрсетіңіз.D) ғана, -мыс, -ды (-ді).
Дерексіз зат есімдерді белгілеңіз.E) Сана, қуаныш, ыза.
Дерексіз зат есімді табыңыз. B) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.
Дерексіз зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Оның есінде сақтау қабілеті де айналасындағыларды таң-тамаша қалдыра-тын.С) Бастауыш.
Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз.C) Мектеп, қағаз, гүл.
Дефис арқылы жазылатын шылауларды белгілеңіз.С) мыс, ай.
Дефис қойылмайтын жауапты анықтаңыз.С) 25-шілде.
Диалект сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.A) Шымкент облысында әдеби тілдегі шалбар сөзі сым деп аталады.
Диалект сөзді көрсетіңіз.B) Бережақ.
Диалект сөзді табыңыз.D) Кәсе.
Диалект сөзді табыңыз.B) Құдағай.
Диалект сөзді табыңыз.A) Тұқым, сым.
Дұрыс жазылған демеулікті белгілеңіз.D) ...Алайын мынасын ба, анасын ба?
Дұрыс жазылған есімдікті көрсетіңіз.D) Кей шақта.
Дұрыс жазылған жалғаулық шылауды табыңыз.B) Жақсылық пен жамандық алдыңнан қайтады.
Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.
Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.D) Әрбір, бірнеше.
Дұрыс жазылған одағайды табыңыз.B) Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!
Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсетіңіз.B) 105-мектеп.
Дұрыс жазылған сан есімді табыңыз.D) 8наурыз.
Дұрыс жазылған топтау сан есімді көрсетіңіз.C) 20-20-дан.
Дұрыс тасымалданбаған сөзді белгілеңіз.В) Же – рді.
Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.В) Таңер – теңгі.
Дұрыс тасымалданған сөзді белгілеңіз.B) Үміт-сіз.
Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз.C) Та-рақ.
Дұрыс тасымалданған сөзді табыңызD) Арық-тау.
-ды, -ді демеулігінің мағынасын табыңыз. В) Нақтылау.
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді анықтаңыз.B) Тұяқ.
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді белгілеңіз.D) Рас.
Дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөзді көрсетіңіз.A) Сылқ-сылқ.
Дыбыстық өзгеріске ұшырап қосарланған сөзді анықтаңыз.D) Жалт-жұлт.
Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз.C) Бүгін.
Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі не екенін анықтаңыз. В) Буын.
Езулік дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз.B) а, ә, е, э, ы, и .
Езулік дауысты дыбыстардан жасалған сөзді табыңыз. B) Әдебиет, теңіз.
Екі не одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздерді анықтаңыз.C) Біріккен сөздер.
Еліктеу сөзден жасалған сөз табын анықтаңыз.Үйдің іші күннің көзінен жарқырай түсті.А) Туынды етістік.
Еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан ерекшелігін көрсетіңіз.С) Айналадағы әр түрлі дыбысқа, жеке қимылға еліктеуді білдіреді.
Еліктеу сөздің құрамын, түрін анықтаңыз.Үйден алып шыққанында баланың жаны жоқтай, былқ-сылқ етіп буыны кетіп қалған.А) Күрделі еліктеу, бейнелеуіш сөз.
Еліктеу сөздің қызметін белгілеңіз. Екі көзі үлкейіп ашу шақыратындай жалт-жұлт етеді.Е) Баяндауыш.
Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Төр алдында жатқан екі баланың кішілеуі сақ-сақ күліп басын көтеріп алды. В) Пысықтауыш.
Еліктеу сөздің түрлерін белгілеңіз.A) Еліктеуіш сөздер, бейнелеуіш сөздер.
Еліктеуіш қатарын анықтаңыз.D) Шаң-шұң, пыр-пыр, салп.
Еліктеуіш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.С) Ойламаған жерде қойым дүр ете түсті.
Еліктеуіш сөзбен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.A) Шарт-шұрт сынды.
Еліктеуіш сөздерді көрсетіңіз.C) Тарс-тұрс етті.
Еліктеуіш сөздің түрін, қызметін анықтаңыз.Ауыздықтарын қарш-қарш шайнап аттар тыпыршиды.А) Қайталанған дыбыстық еліктеуіш,пысықтауыш.
Еліктеуіштер қатарын көрсетіңіз.В) Қарш-қарш, пыр-пыр.
Еліктеуішті анықтаңыз.B) Саңқ етті.
Еліктеуішті белгілеңіз.C) Дүңк-дүңк етті.
Еліктеуішті белгілеңіз.E) Бырт-бырт шайнады.
Еліктеуішті сөз тіркесін көрсетіңізD) Тырс ете қалды.
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңыз.D) Сылқ-сылқ күліп жіберді.
Еліктеуішті сөз тіркесін табыңызC) Гүрс-гүрс шығады.
Еліктеуіштің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Дабыр-дұбыр еткен үндеріне қарағанда өздері біраз адам сияқты.E) Анықтауыш.
Әліпбидегі әріптердің түрін анықтаңыз. B) Жазба, баспа түрі.
Әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататын дыбысты белгілеңіз.A) У.
Еріндік дауыстылар қатарын анықтаңыз.А) О, ө, у, ұ, ү.
Еріндік және езулік дауыстылар араласып келген сөздерді анықтаңыз.А) Құштарлық, құлаш.
Еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы өзгеріс байқалатын сөзді белгілеңіз.D) Өнер.
Еріндік, езулік дауыстылардың жазылуы мен айтылуындағы өзгерісі бар сөзді анықтаңыз.B) Бүгін.
Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.C) Дыбыстың жазудағы таңбасы.
Есептік сан есімнің күрделі түрін анықтаңыз.B) Он төрт.
Есептік сан есімнің сұрағын көрсетіңіз.B) Қанша?
Есім сөзден жасалған сын есімді көрсетіңіз.D) Денелі.
Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын белгілеңізC) Өнерпаз, намысқой.
Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.C) Қазандай, торсықтай.
Есімдерден сын есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз;D) -ғы, -гі;
Есімді меңгеруді табыңыз.E) Арман – адамға қанат.
Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.D) Бесінші сынып.
Есімді сөз тіркесіне тән сипаттаманы белгілеңіз.В) Басыңқы сөзі есімнен болған сөз тіркесі.
Есімді сөз тіркесінің қатарын табыңыз.А) Талапты бала, ескі дос.
Есімді тіркеске жататын мысалды көрсетіңіз.D) Сөзге сараң.
Есімдікке -ы, -і дәнекері арқылы жалғанатын септікті анықтаңыз.В) Көмектес септік.
Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.B) Мен еңбекті бағалаймын.
Есімдіктің қай сөз табының орнында қолданылып тұрғанын анықтаңыз.Анасы әлдеқашан ұйықтап қалған баласын оятқысы келмеді. А) Үстеу.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Біреудің бойы аласа,Біреудің ойы аласа.В) Анықтауыш.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Атымның сыры өзіме мәлім.E) Толықтауыш.
Есімшеден жасалған анықтауышты көрсетіңіз.А) Ой жетпейтін жер болмайды.
Есімшені табыңыз.В) Еңсеп сол күні зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ.
Есімшені табыңыз.А) Жолдассыз жолың болмас.
Есімшенің жасалу жолын анықтаңыз.D) Төрт түрлі.
Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Көргені көп көш бастайды.С) Бастауыш.
Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.Ұйымдасқан ұтады.А) Бастауыш.
Есімшенің сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз. Ондай тұста сені сынап өлең де жазатынмын,В)Баяндауыш.
Етістік нені білдіретінін белгілеңіз.A) Заттың қимылын білдіреді.
Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.B) Шашыраңқы.
Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз.E) Бітік.
Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.
Етістіктен жасалған туынды бейнелеуішті көрсетіңіз.D) Бауырындағы көк күшік домалаңдап қалды.
Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.С) Айтыс, келісім.
Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз. B) Шелдену, қоңдану.
Етістіктердің ішінен туынды етістікті табыңыз.B) Жасар, бірік.
Етістікті сөз тіркесін белгілеңіз.В) Балалармен әңгімелесу.
Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.D) Сөзіне таңғалды.
Етістікті сөз тіркесінің қатарын табыңыз. С)Орнынан тұру, шалғынға құлады.
Етістікті тіркестің құрамын анықтаңыз.Орамалын жайды.D) Табыс септікті зат есім мен етістік.
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.E) Келерміз.
Достарыңызбен бөлісу: |