Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет253/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   265

қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



610

611


ҚҰРЫЛЫМ, физикада – заттардың микроскопиялық және макроскопия- 

лық түзілімдерінің (құрылыстарының) сипаттамаларының жинақтауыш атауы.



Аса жұқа (нәзік) құрылым – атом электрондарының атом ядросының магнит- 

тік моментімен өзараәсерлесуін тудыратын атомдар энергиялары деңгейлерінің 

жақын орналасқан кіші деңгейлерге ыдырауы.

Баяулатқыш  құрылым  –  фазалық  жылдамдығы  жарықтың  вакуумдағы 

жылдамдығынан  кем  (баяу)  электрмагниттік  толқындарды  тудырушы  әрі 

бағыттаушы құрылғы.

Геликоидальдық  магниттік  құрылым  –  бірқатар  атомдардың  магниттік 

моменттерін бейнелейтін векторларының ұштары винттік сызықтарда жататын 

магнетиктік құрылым.

Жұқа (нәзік) құрылым – атмодардың, молекулалардың және кристалдың 

спин-орбиталық өзараәсерлесуі себебіне байланысты энергия деңгейлерінің және 

спектрлік сызықтардың ыдырауы.

Зоналық құрылым – электрондардың кристалдарда энергетикалық зоналар 

бойынша үлестірілуі.



Магниттік  құрылым  –  кристалдағы  атомдық  магниттік  моменттердің 

қайталанбалы (периодты түрде) кеңістіктік орналасуы мен бағдарлануы. 



Шашырамалы құрылым – энергияның шашырауы болатын және өздік құрылу 

үрдісінің (процесінің) өтуі мүмкін тепе-теңсіз термодинамикалық ашық жүйе.



ҚҰРЫЛЫМДЫҚ  ТАЛДАУ,  қ ұ р ы л ы м д ы қ   а н а л и з   –   металдар  мен 

материалдардың кристалдық құрылымын рентген сәулелері, электрондар мен 

нейтрондардың дифракциясы арқылы зерттеу. Осыған орай құрылымдық талдау 

рентгендік талдау, электрографиялық талдау және нейтрографиялық талдау 

болып ажыратылған. Осы құрылымдық талдаулар рентгендік құрылымдық 



талдау, нейтрография және эл ектрография деген жеке-жеке мақалаларда 

баяндалған.



ҚЫЗЫЛ ЫҒЫСУ – эталондық спектрлердің сызықтарымен салыстырғанда 

электрмагниттік спектр көздері сызықтарының толқын ұзындықтарының (λ) артуы 

(ұзаруы) (сызықтардың спектрдің қызыл бөлігіне қарай ығысуы). Қызыл ығысу 

сан жүзінде = (λ

қаб

 – λ


шығ

) / λ


шығ

 шамасымен сипатталады, мұндағы λ

шығ

 және 


λ

қаб


 – сәйкес түрде көз шығарған сәуле толқыны ұзындығы мен бақылаушы қабыл- 

даған  (сәуле  қабылдағышы)  сәуле  толқынының  ұзындығы.  Қызыл  ығысудың 

шығуына  екі  жағдай  себепші  болады.  Доплер  эффектісіне  байланысты 

қызыл ығысу – жарық көзінің бақылаушыға қатысты қозғалысы олардың ара 

қашықтығының  артуына  (ұзаруына)  әкеп  соқтыратын  жағдайда  пайда  бола-



қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



612

613


ды. 

Релятивтік  жағдайда  (яғни  жарық  жылдамдығындай  жылдамдықтарда) 

сәуле көзінің қозғалыс жылдамдығы (υ) сәуле қабылдаушыға қатысты жарық 

жылдамдығына  (с)  қарайлас  болған  кезде  қызыл  ығысу  сәуле  көзімен  оны 

қабылдағыштың  ара  қашықтығы  артпайтын  (



Доплердің көлденең эффектісі 

деп аталған) жағдайда пайда болуы мүмкін. Осы жағдайда пайда болатын қызыл 

ығысуды сәуле көзінде қабылдаушыға қатысты 

уақыттың релятивтік баяулау- 

ының нәтижесі ретінде түсіндіруге болады. Шалғайдағы галактикалар мен ква-

зарларда байқалатын 

космологиялық қызыл ығысу жалпы салыстырмалық тео-

рия негізінде Метагалактикалардың ұлғаюы (галактикалардың өзара бірінен-бірінің 

қашықтауы) ретінде түсіндіріледі. Метагалактикалардың кеңеюі өткен дәуірлер- 

ден сақталып қалған (

реликті) сәулелердің толқын ұзындығының артуына және 

оның  кванттарының  энергиясының  (яғни  реликті  сәулелердің  салқындауына) 

кемуіне әкеп соқтырады.

Гравитациялық қызыл ығысу жарық қабылдағыш сәуле көзіне қарағанда 

гравитациялық потенциалы аз аймақта болған кезде пайда болады. Бұл жағдайдағы 

қызыл ығысу – гравитацияға қатысушы массалар маңайында 

уақыт ырғағының 

баяулауының  салдары  болып  табылады.  Гравитациялық  қызыл  ығысудың 

мысалына тығыз жұлдыздардың – ақ ергежейлі жұлдыздардың спектрлеріндегі 

сызықтардың  ығысуы  жатады. 

1959  жылы  Ме с с б ау э рд і ң   э ф ф е к т і с і н 

пайдалана отырып Жердің гравитациялық өрісінің қызыл ығысуын өлшеу 

жүзеге асырылған.

ҚЫЛАУ – тұманды күндері ағаш бұтақтарында, бағанға керілген өткізгіш 

сымдарға, т.б. заттарға жабыса пайда болатын борпылдақ қар тәрізді ұсақ мұз  

кристалдары. Тұманды жағдайда қыстыгүні аязды күндері ауадағы су буының 

температурасы  төмендегенде  сублимация  (құрғақ  айдау)  нәтижесінде  пайда 

болады. Оның крист алды  және ұлпалы  түрлері болады. Кристалды қылау 

(талшықтарының ұзындығы бірнеше см-ге жетеді) негізінен жел өтіндегі заттар- 

ға, ауа температурасы – 15°С-тан төмендегенде ұлпалы қылау (қалыңдығы кейде 

бірнеше см, өте тығыз келеді) ауаның ылғалдығы артқан кезде, ықтасын жақта 

пайда болады.

ҚЫСҚАША  ТҰЙЫҚТАЛУ  –  әртүрлі  потенциалды  электр  тізбектерінің 

бір-бірімен өзара немесе өзге бір тізбекке алдын ала қарастырылмаған аз кедергі 

арқылы кездейсоқ жағдайда қосылуы (жалғасуы). Қысқаша тұйықталу айныма-

лы ток желісінде фазалар (2 және 3 фазаның) арасында болуы мүмкін. Тұрақты 

ток желісінде қысқаша тұйықталу полюстер аралығында немесе полюс пен жер 

арасында болады. Қысқаша тұйықталу электр қондырғыларының бөліктерінің 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау