қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
602
603
қарай
соққы толқын ретінде аса жоғары жылдамдықпен таралады. Заттың
соққы толқынымен сығылған қабаты химиялық ыдырауға бейім келеді. Осының
әсерінен мол энергия бөліну үрдісін детонация дейді. Детонациялық толқын
дыбыстың таралу жылдамдығынан шапшаң таралады.
Қопарылыс кезінде бөлінетін энергия қоры молекулалық немесе ядролық бай-
ланыс ретінде қопарғыш заттың бойында болады. Сырттан әсер ететін энергия
нәтижесінде туатын қопарылыс физика лық
қопарылысқа жатады. Бұлар:
1) кез келген ортада өтетін қуатты электр разряды. Осы разряд өзі өткен орта-
ны қыздырады әрі жоғары қысымды иондалған газға айналдырады; 2) металл
өткізгіштерден өте күшті ток өткенде жоғарыдағыдай қопарылыс құбылысы
(металл бірден буға айналады) байқалады; 3) жоғары қысымдағы газ баллондары-
ның (бітеу қазандар, сұйық не балқыған зат құйылған түтіктер, т.б.) жарылуы
мүмкін; 4) жоғары жылдамдықпен (ондаған км/сек) қозғалған қатты денелердің
соқтығысуы, т.б. мүмкін. Табиғатта әртүрлі құбылыстар тудыратын қопарылыстар
байқалады. Мысалы,
найзағай жарқылындағы қуатты электр разрядының,
вулканның кенет атқылауынан, аспаннан Жер бетіне құлап түсетін метеорит-
терден қопарылыс құбылыстары пайда болады. 1907 жылы Сібірге түскен Тунгус
метеориті шамамен 10
7
m тринитротолуол қопарылғанда бөлінетін энергияға
шамалас қопарылыс тудырған.
Қопарылыс үрдісін зерттеу нәтижесінде заттардың өте жоғары қысым мен
жоғары температурадағы күйі, зат сипаттамаларының кенет өзгеруі кезінде
байқалатын құбылыстар, соққы толқын тарататын ортаның қасиеттері, т.б. күрделі
ғылыми мәселелерді шешуге көмектеспек. Қопарылыстың жасанды тәсілімен
жасалатын түрлері әртүрлі салаларда пайдаланылуда. Кен ашу, кен қазу, кен бар-
лау істеріне, құрылыс (үлкен су бөгеттерін, жолдар, туннельдер) жұмыстарында
қопарылыс кеңінен қолданылады. Қопарылыстан туатын газдың аса қуатты
қысым күші металдарды салқындай штампылау, нығыздап беріктеу, біріктіру, т.б.
жұмыстарда қолдау тапқан. Алматы қаласының іргесіндегі Медеу шатқалындағы
селге қарсы бөгет (1966 жылы 21 қазанда) химиялық қопарғыш заттар қопа-
рылысымен жасалған ірі құрылыс болды.
Жылулық қопарылыс – жылу бөлу жылдамдығы кез келген көлемдегі жылу-
ды бөліп шығару жылдамдығынан едәуір артық болатын жағдайда жүзеге асатын
қопарылыс.
Ядролық қопарылыс – ядроішілік энергияның бөлінуін тудыратын қопа-
рылыс.
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
604
605
ҚОПАРЫЛЫС ТОЛҚЫНЫ, жарылыс толқыны – қопарылыс болған
ортаның жылжуынан пайда болған жоғары қысымды толқын. Қопарылыс толқыны
бойынша атмосфера қабаты мен жер қыртысының құрылымы, қазба байлықтың
түрі, орналасқан тереңдігі, алып жатқан көлемі, т.б. зерттеледі.
Қопарылыс кезінде пайда болған газдардың жоғары қысымдарының әсерінен
қопарылыс ошағының айналасындағы орта сығылып жоғары жылдамдыққа ие
болады. Қопарылыс толқыны қармаған аймақтағы ортаның қозғалысы бір қабаттан
екінші қабатқа лезде таралып көлемін ұлғайтады. Қопарылыс толқынының
айналасындағы шептегі заттар күйлерінің секірісті өзгерістері соққы толқыны
деп аталған, бұл толқын асқындыбыстық жылдамдықпен таралады. Қопарылыс
толқынының негізгі сипаттамалары: ең жоғарғы қысымы (р
m
), әсер ету уақыты (τ)
және импульсі (ѕ) болып табылады.
ѕ =
(t) dt. Қопарылыс ошағынан алыстаған сайын ең жоғары қысым мен
импульс бірте-бірте кемиді, ал әсер ету уақыты артады. Қопарылыстан өте алыс-
та қопарылыс толқыны дыбыстық (немесе қатты ортаның серпімді толқынына)
толқынға айналады.
ҚОС КҮШ – қатты денеге әсер етуші абсолюттік шамалары бойынша тең
және параллель, бірақ қарама-қарсы жаққа бағытталған екі күштің Ғ және Ғ', яғни
Ғ' = - Ғ жүйесі. Қос күштің теңәсерлі күші болмайды, яғни ол бір күшпен алмас-
тырылмайды (олай болса теңгерілмейді). Қос күштің әсер ететін сызықтарының
ара қашықтығы (l) қо с күштің иіні деп аталған. Қос күштің қатты денеге тигі-
зетін әсері оның моментімен (М) сипатталады, ол
Рl көбейтіндісінің абсолют шамасына тең және
қос күш әсер ететін жазықтыққа перпендикуляр
бағытталып, қос күштің бұру бағыты сағат тілінің
жүрісіне қарсы бағытта болады (оң координат
жүйесінде). Қос күштің негізгі қасиеті: егер қос
күштің моментін сақтай отырып қос күш жұбы
жазықтықтағы кез келген нүктеге немесе жазықтыққа параллель көшірілетін
болса, сондай-ақ жұп күштің абсолюттік шамасы және оның иіні-
нің ұзындығы өзгермейтін болса, оның қатты денеге тигізетін әсері де өзгермей-
ді. Бір қатты денеге түсірілген моменттері (М) бірдей екі қос күш біріне-бірі
механикалық эквивалентті болады. Берілген қатты денеге түсірілген қос күш-
тің кез келген жүйесі осы қос күш моменттерінің векторларының геометрия-
лық қосындысына тең моменті бір қос күштің механикалық эквиваленті болады.
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
604
605
Егер векторлардың геометриялық қосындысы – қос күштің өзге бір жүйесінің
моменттері нөлге тең болса, онда осы қос күш жүйесі бірдей болып табылады.
ҚОСАРЛАНҒАН ӨТКІЗГІШТЕР, екі өлшемді өткізгіштер – екі нашар
өткізгіш ортаның (мысалы, вакуум – диэлектрик, жартылайөткізгіш – диэлек-
трик) шекарасында жасанды жасалған электр
өткізгіштік жүйе. Қосарланған өткізгіштер –
электрстатикалық күштермен диэлектриктің
[мысалы, сұйық гелийдің (Не)] бетінде
ұсталатын (электрондар диэлектрикті поляр-
ландырады және оған тартылады); сондай-ақ
сыртқы тұрақты электр өрісімен диэлектриктің
бетіне перпендикуляр түсірілген электрондық
қабат (сызбаға қараңыз). Қосарланған өткізгіштерде жеткілікті төменгі жиілікті
айнымалы электрмагниттік өріске орналасқан ток тек ажыратылу шекарасына
параллель ағатын болады.
ҚОСАРЛАНҒАН ЭЛЕКТР ҚАБАТЫ – екі фазаның жанасатын шекарасының
бойында таратылған қарама-қарсы таңбалы электр зарядтарының жиынтығы.
Қосарланған электр қабатты тудыруға электрондар, иондар және бағдарланған по-
лярлы (меншікті диполдік моменті болатын) молекулалар қатыса алады. Қос электр
қабаты металды электролитке (мысалы, мырышты күкірт қышқылына)
матырғанда
пайда болады. Мырыш электролитке оң зарядталған иондар беріп, өзі теріс за-
рядталады. Электролиттің оң зарядталған иондары металдың бетіне тартылады,
соның нәтижесінде фазалардың жанасу беттерінің бойында қосарланған электр
қабаты пайда болады. Зарядталған қабаттар арасында пайда болатын электр өрісі
мырыштың еруіне кедергі жасайды, белгілі бір мәндерде еру тіптен тоқталатын
болады. Электрод-электролит шекарасында
потенциалдар секірісі пайда болады.
Тұтас алғанда қосарланған электр қабаты электрлік бейтарап, қабаттың
ішінде электр өрісінің кернеулігі үлкен мәнге ие бола алады. Зарядталған беттің
ауқымды және олардың арасы жақын болуы себепті қосарланған электр қабатының
электр сыйымдылығы үлкен болады. Қосарланған электр қабатының түзілуі
электркинетикалық құбылысты тудырады. Қосарланған электр қабатының
құрылымының электрхимиялық реакциялар, электролиз үшін маңызы зор.
ҚОСПАЛАР – қасиеттері әртүрлі бір немесе бірнеше заттар араласқан қосылыс.
Қоспалар
біртекті және әр текті болып бөлінеді. Біртекті қоспалар – газдар
қоспасы (ауа), сұйық не қатты ерітінділер. Бұл ерітінділерде екі құрам бөлік
(қанттың судағы ерітіндісі, алтын мен күміс, т.б.), ал әр текті қоспаларда бір, екі не
Қосарланған өткізгіштер
Достарыңызбен бөлісу: |