Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет265/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265

л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



641

екі ұшына вольфрам электродтар дәнекерленген. Шамды айнымалы ток көзіне 

қосқанда электродтар аралығында сынап атомдарын қоздырып сәуле шығаратын 

электр разряды (ток күші А-дің ондық үлесіндей шамада болады) пайда болады. 



ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК  ЭКРАН  (французша  «экран  –  керме,  шымылдық, 

қалқа»)  –  люминофорлар  пайдаланылған,  электрмагниттік  сәулелерді  немесе 

корпускулалық шоқтарды көрінетін кескінге түрлендіретін, соңынан оны тіркеп 

(жазып) (әдетте 10

–3

 – 10


3

 секунд) алуға арналған құрылғы. 10

2

–10


эВ энерги-

ялы электрондық шоқтармен қоздырылатын люминесценттік экрандар жарық 

көздерінде, индикаторлық, осциллографиялық, жадқа сақтауыш, т.б. электрондық-

сәулелік аспаптарда (мұнымен қатар электрондық-сәулелік аспаптардың экран-

дары ретінде де) қолданылады. Бұл экрандар қабатталған конденсатор түрінде 

жасалған, жиілігі 50–10

4

 Гц тұрақты немесе айнымалы электр тогының әсері 



арқылы сәуле шығарады және қатты денелі индикаторлық құрылғы (рентгендік 

және гамма-сәулелік индикаторлық құрылғы) болып табылады. Рентгендік және 

гамма-сәулемен сәулелендіру кезінде кескіннің айқындылығын арттыру үшін 

күшейткіш рентгендік люминесценттік экран пайдаланылады. Инфрақызыл және 

асажоғары жиілікті өрістерді тіркеу үшін термосезгіштік люминесценттік экран 

қолданылады.



ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ (латынша «лумен, луминис – жарық» + «есцент – 

әлсіз  әсер»)  –  дененің  жылулық  сәуле  шығаруынан  артық  болып  табылатын 

және жарық тербелістерінің периодынан едәуір ұзақ уақытқа созылатын сәуле 

шығару. Анықтаманың алғашқы бөлігі люминесценцияны жылулық тепе-теңдік 

сәуле шығарудан ажыратқан және «люминесценция» ұғымының тек тепе-теңдік 

күйдің маңындағы атомдар (молекулалар) жиынтығына ғана қолданылады, себебі 

тепе-теңдіктен едәуір ауытқыған күйде 

жылулық сәуле шығару туралы, яғни 

люминесценция  туралы  сөз  етудің  мағынасы  болмайды.  Спектрдің  көрінетін 

аймағындағы жылулық сәуле шығару дененің температурасы бірнеше жүз немесе 

мыңдаған градусқа жеткенде ғана байқалады, ал д



ене кез келген температурада 

люминесценттік сәуле шығара алады, сондықтан люминесценцияны көбіне 

с алқын (суық) сәуле шығару деп атайды. 

Анықтаманың екінші бөлігін (ұзақтық белгісін) кеңес физигі Сергей 

Вавилов 

(1891 – 1951) енгізген. Ондағы мақсат люминесценцияны өзгедей жарықтың ша-

шырауынан, жарықтың шағылысуынан, жарықтың параметрлік түрлендірулерінен, 

тежеулік сәуле шығару және Черенков-Вавилов сәуле шығаруынан ажырату 

болған. Люминесценцияның өзгедей шашыратылулардан айырмашылығы онда 

сәуленің  жұтылуы  мен  сәуле  шығаруының  арасында  аралық  үрдістер  (про-



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



642

1-сызба.  Қарапайым  люминес- 

ценция кезіндегі кванттық ауы- 

сулардың сұлбасы: 1 – энергия- 

ның  негізгі  деңгейі;  2  –  сәуле 

шығару деңгейі; 3 – қоздыру дең- 

гейі.  Үзік  сызықпен  резо- 

нанстық  люминесценцияға  сәй- 

кес келетін кваттық ауысу көр- 

сетілген.

цестер)  өтеді,  бұлардың  ұзақтығы  жарық  толқынының  периодынан  артық. 

Осының нәтижесінде люминесценция кезінде жарықтың жұтылу және шығарылу 

тербелістерінің фазаларының арасындағы корреляция (өзара байланыс) жойыла-

ды. Люминесценциялық сәуле шығару жақын, ультракүлгін және инфрақызыл 

сәулелер диапазондарында жатады. Табиғи люминесценциялық құбылыстар – 



поляр шұғыласы, кейбір жәндіктердің, минералдардың, ағаш шіріктерінің ж а р 

қ ы р а у ы ежелден-ақ белгілі болған, бұл құбылысты жүйелі түрде зерттеу ХІХ 

ғасырдан басталған.

Люминесценцияны қоздырылу типіне, энергия-

ны түрлендіру әдісіне, жарқыраудың уақытша сипа-

ты бойынша топтауға болады. Қоздырылу түрі бой-

ынша люминесценция фотолюмине сценцияға 

(жарықпен  қоздырылу),  радиолюминесценцияға 

[өтімді  радиациямен  қоздыруға  [бұған  рент-

ген-люминесценция,  катодтық  люминесцен-

ция,  ионлюминесценция,  α-люминесценция 

(электр  өрісімен  қоздыру),  электрлюминес-

ценция,  триболюминесценция  (механикалық 

әдіспен  қоздыру),  хемилюминесценцияларға 

(химиялық реакция кезінде пайда болады) жата-

ды] ажыратылған. Жарқырау ұзақтығы бойынша 

фл уо р е с ц е н ц и я ғ а   (тез  сөнетін  люминесцен-

ция)  және  ф о с ф о р е с ц е н ц и я ғ а   (ұзақ  уақыт 

жарқырайтын  люминесценция)  топталған.  Пайда  болу  ерекшелігі  бойынша 

резонанстық, өздік, еріксіз және рекомбинациялық люминесценцияға бөлінген. Осы 

топтау шартты түрдегі топтау, себебі қатаң түрде белгілі бір уақытша шекараны 

көрсетуге болмайды. Ол тіркеуші аспаптардың ажыратқыштық қасиетіне тәуелді. 

Люминесценцияның қарапайым актісі атомның (молекуланың) негізгі энергия 

деңгейінен (1) (1-сызба) қозған деңгейге (3) ауысуына байланысты энергияның 

жұтылуынан, сәуле шығарусыз ауысудан 3→2 және сәуле шығару 2→1 ауысуы-

нан түзілген. Атомдық жұптарда (Hg, Cg, Na т.б.) люминесценциялық сәуленің 

тікелей  3→1  ауысуы  кезінде  (резонанстық,  люминесценция)  шығуы  мүмкін. 

3→2 ауысу ықтималдығы тура ауысумен 3→1 салыстырғанда жиірек болады. 

2-деңгей әдетте жұту деңгейінен (3) төмен орналасады, 

қоздыру энергиясының 

бір бөлігі атомдар тербелісінің энергиясына (жылуға ауысады) жұмсалып кемиді 

және люминесценцияның жарық кванты стокстық люминесценцияның жарықты 



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



643

2-сызба.  Метатұрақты  люминес- 

ценция кезіндегі кванттық-ауысу- 

лар сұлбасы: 1, 2, 3 – деңгейлер; 4 

метатұрақты деңгей

қоздырушы квантымен салыстырғанда аз энергиялы болады. Бірақ та көптеген 

жағдайларда  антистокстық  люминесценция  сырттан  молекуланың  тербелмелі 

энергиясын  жұту  есебінен  сәуле  шығарушы 

(2)  деңгейден  салыстырмалы  едәуір  жоғары 

деңгейге  (3)  ауысады.  Антистокстық  люми-

несценция кезіндегі квант шығаратын энергия 

квантты  қоздыратын  энергиядан  артық,  оның 

қарқындылығы аз.

2-деңгей қоздыру энергиясын жұтқан атомға 

(молекулаға) да өзге атомға да жатады, тиесілі 

болуы мүмкін (мұндай атом люминесценцияның 

о рт а л ы ғ ы ,  ал  ауысу  орталық  ішілік  ауысуы 

деп  аталған).  Алғашқы  жағдайда  люминес-

ценция 

өздік  люминесценция  деп  аталған. 

Люминесценцияның осы түрі 



резонанстық люминесценция ретінде будың және 

ерітінділердің атомдары мен молекулалары, сондай-ақ кристалдардағы қоспаланған 

атомдар үшін тән сипат. Кейбір жағдайларда атом (молекула) сәуле шығарудың 

2-деңгейіне ауысудың алдында аралық 



метатұрақты деңгейде (4) және 2-деңгейге 

ауысу  үшін  оған  қосымша  энергия,  мысалы,  жылулық  қозғалыстың  немесе 

жарықтың энергиясын беру керек. Осындай үрдіс (процесс) кезінде пайда болатын 

люминесценция – мет атұрақты люминесценция деп аталған.

Әртүрлі  заттардағы  люминесценциялар  бірінен-бірі  бөлшектердің  жұту 

деңгейінен  (3)  сәуле  шығару  деңгейіне  (2)  ауысу  ерекшеліктері  бойынша 

өзгешеленген. Энергияның өзге атомдарға (молекулаларға) берілуі электрондардың 

электрондық-иондық соқтығысулары кезінде, қоздырылған атомның қоздырылмаған 

атомға тікелей соқтығысулары, иондалу үрдістері (процестері) кезіндегі реком-

бинация  немесе  алмасу  тәсілімен жүзеге  асырылады. Газдардағы атомдардың 

шоғырлануының (концентрациясының) аз болуы себепті энергияның резонанстық 

және  алмасу  арқылы  берілуінің  маңызы  аз.  Қоздыру  энергиясы  ядролардың 

тербелістері  арқылы  берілуі  мүмкін 



конденсацияланған орталарда болады. 

Ең  соңында,  кристалдағы  энергияның  өткізгіштік  электрондар,  кемтік  пен 

электрондық-кемтіктік жұптар (экситондар) арқылы берілуінің маңызы зор. Егер 

энергияның берілуінің соңғы актісі рекомбинация (бөлшектердің қалпына келуі, 

мысалы, электрондар мен иондардың немесе электрондар мен кемтіктердің) болса, 

онда осы үрдісті сүйемелдеуші люминесценция – рекомбинациялық  люми-

несценция деп аталған. 



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



644

3-сызба. 

Кристаллфосфорлы  люминесцен-

ция  кезіндегі  кванттық  ауысу-

лардың  сызбасы:  1  –  валенттік 

зона;  3  –  өткізгіштік  зона.  1→3 

ауысу қоздыру энергиясының жұ-

тылуына сәйкес келеді; 3→4 және 

4→3  метатұрақты  деңгейдің 

(4-тұтқышпен)  электронды  қар-

мау  және  босату  ауысуларына 

сәйкес  болады,  а  –  ауысу  зона-

аралық люминесценцияға, б – ор-

талықтың  люминесценциясына, 

в – ауысу экситондық люминесцен-

цияға  (2-экситон  энергиясының 

деңгейі) сәйкес келеді

Люминесценциялық сәуле шығару қасиеті бар заттар люминофорл ар деп 

аталған, бұлардың дискретті энергетикалық спектрлері болуы қажет. Үздіксіз 

энергетикалық спектрі болатын (мысалы, металдар) заттар люминесценциялан-

байды: оларды қоздыру энергиясы үздіксіз түрде жылуға айналатын (ауысатын) 

болады.


Люминесценцияның екінші қажетті шарты – 

сәуле  шығару  ауысуының  ықтималдығы  сәуле 

шығарусыз ауысу ықтималдығынан артық болуы 

керек. Сәуле шығарусыз ауысу ықтималдығының 

артуы  л ю м и н е с ц е н ц и я н ы   с ө н д і р у г е 

әкеп  соқтырады.  Осы  ықтималдық  көптеген 

факторларға  тәуелді  мысалы,  температура 

жоғарылаған  кезде  (температуралық  сөндіру), 

люминесценцияланушы  молекулалардың 

(концентрациялық сөндіру) немесе қоспалардың 

(қоспалық сөндіру шоғырлануларының концен-

трациялары)  артқанда  байқалады.  Сонымен, 

люминесценцияның  сөндірілуі  люминесцен-

цияланатын  заттың  табиғатына  және  оның 

фазалық  күйіне,  сыртқы  жағдайларға  тәуелді. 

Төменгі қысым кезінде жарықтың газ-разрядтық 

көздерінде, люминесценциялық шамдарда және 

газдық лазерлерде пайдаланылатын металдардың 

және газдардың булары люминесценцияланады. Сұйық орталардағы люминесцен-

ция негізінен органикалық заттардың ерітінділеріне тән.

Люминесценцияланатын кристалдар – крист аллфо с форлар  деп аталған, 

бұлардың люминесценциясының жарықтылығы олардың құрамындағы қоспаларға 

(активаторлар деп аталған), жұтылу деңгейлері болатын энергия деңгейлеріне, 

аралық  немесе  сәуле  шығару  деңгейлеріне  тәуелді.  Осы  деңгейлер  ретінде 



валенттік зона мен өткізгіштік зона пайдаланылған.

Кристаллфосфорлардағы  жүйелерді  жарықпен,  электр  тогымен  немесе 

бөлшектер шоқтарымен қоздыру еркін электрондарды, 

кемтіктер мен экситон-

дарды тудыра алады (3-сызба). Электрондар торлар бойынша орын ауыстыра 

жүріп «қақпанға» (4) шөгеді. Кемтігі бар еркін электрондардың рекомбинациясы 

(қайта комбинациясы) кезінде пайда болатын люминесценция – зонааралық не-

месе шеткері люминесценция деп аталған (3-сызба, а-жағдай). Егер жарықталу 




л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



645

орталығы ұстаған (қоспа атомымен немесе торлар ақауымен) кемтігі бар электрон 

рекомбинацияланатын болса, орталық люминесценцияланады (3-сызба, б-жағдай). 

Экситондардың рекомбинациясы кезінде экситондық люминесценция пайда 

болады (3-сызба, в-жағдай). Полярлану люминесценциясы сәуле шығарушылық 

және  жұтушылық  атомдық  жүйелердің  бағдарлануына  және  мультиполдігіне 

байланысты.

Люминесценцияның  физикалық  параметрлерін  зерттей  отырып  заттардың 

энергетикалық күйлері, молекулалардың кеңістіктік құрылымы, энергиялардың орын 

ауыстыру үрдістері (процестері) туралы мәліметтер алынады. Люминесценциялық 

әдістер 

қатты денелер физикасының маңызды әдістерінің бірі болып табылады. 

Люминесценция лазерлердің әсерлерінің негізіне алынған. Биолюминесценция аз 

деңгейлі клеткаларда өтетін үрдістер туралы ақпараттар алуға мүмкіндік туғызды. 

Катодлюминесценция  осциллографтардың,  теледидарлардың,  локаторлардың 

т.б. экрандарының жарықталуының негізіне жатады. Радиолюминесценцияның 

ядролық физикада маңызы бар (сцинтилляциялық санауыш). Люминесценция 

дефектоскопияда, 

люминесценциялық сырлар өндіруде, жол белгілерін бояу 

үшін пайдаланылады.

Адамдарға  өте ерте кездерден кейбір жәндіктердің, шіріген ағаштардың және 

минералдардың  жарқырайтыны  белгілі  болған.  Бұл  құбылыстар  ұзақ  уақыт 

құпия болып келді. Осы құбылыстың люминесценция екендігі белгілі болды. 

Люминесценциялық сәулені заттардың атомдары, молекулалары және иондары 

белгілі бір сыртқы ықпалдардың себептерінен өздерінің негізгі энергетикалық 

төменгі (ВВ) күйлерінен қозып (яғни, қосымша энергия алып) жоғарғы күйге (АА) 

ауысып, 10

8

 секунд уақытта қайтадан бастапқы энергетикалық төменгі күйіне 



ауысқанда жарық көзі – фотондар шығарады.

Осы люминесценциялық құбылысты сырттай кәдімгі селге ұқсатуға болады. 

Таулы аймақтағы қар мен мұздықтардың еруінен пайда болатын шағын көл бо-

латынын білеміз. Жаз айларындағы аптап ыстық кезінде (немесе қатты нөсерлі 

жаңбыр жауғанда) әлгі көлдер суға толып бөгеттерді бұзып төмен қарай лап беріп 

ағатыны белгілі. Осы мысалдағы көлдің қар мен мұздықтың кенеттен көп еруіне 

дейінгі су деңгейін атомдардың, молекулалардың энергетикалық негізгі деңгейі, 

ал көлдің бөгеттің ернеуіне дейін су толған деңгейін атомның, т.б. қозған жоғары 

деңгей деп қарастыруға болмақ.

ЛЮМИНОФОРЛАР (латынша «лумен – жарық» және грек. «форос – тасу-

шы») – әртүрлі қоздыру әсерлерінің салдарынан люминесценцияланатын қатты 

және сұйық заттар. Люминофорлар – жұтқан энергиясын жарық энергиясына 



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



646

түрлендіретін (люминесценциялайтын) қасиеті болатын заттар. Қоздыру типі 

бойынша люминофорлар 

фотолюминофор, рентгенлюминофор, катодлюми-

нофор, электрлюминофорларға ажыратылады; Химиялық табиғаты бойынша 

люминофорлар  органикалық  люминофорлар  (о р г а н л юм и н о ф о рл а р )  және 

анорганикалық (бейорганикалық) люминофорлар (фо сфорлар) болып бөлінеді. 

Кристалдық құрылымы болатын фосфорлар кристаллфо сфорлар деп аталған. 

Люминофордың жарқырауы оның негізгі затының қасиетіне, сондай-ақ қоспасына 

(а к т и в ат о р ғ а )   да  байланысты  болады.  Активатор  негізгі  затта  (негізде) 

жарқырау орталықтарын түзеді.

Люминофорлар 



әртүрлі  энергия  түрлерін  жарыққа  түрлендіру  үшін 

қолданылады. Қолданылу шарттарына тәуелді люминофорлардың параметрлеріне, 

қоздыру типіне, қоздыру спектріне (фотолюминофорлар үшін), сәуле шығару 

спектріне, сәуленің энергетикалық шығуына, уақыттық сипаттамасына (қоздыру 

уақытына және 

соңыра шығатын сәуленің бірден сөнбей біраз уақыттан соң 

сөну ұзақтығына белгілі бір талаптар қойылады. Кристаллфосфорларда әр алуан 

параметрлі люминофор алуға болады.

Әртүрлі фотолюминофордың қозу спектрлері ультракүлгін сәуле толқынынан 

бастап инфрақызыл сәуле толқынына дейінгі аралықты қамтиды. Сәуле шығару 

спектрі көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін сәуле аймақтарында жатады. 

Жекеленген люминофорлардың шығаратын сәулесінің



 спектрлік жолағының 

ені мыңдаған ангстремнен бірнеше ангстремге дейін өзгереді және ол люми-

нофорлар мен активаторлардың шоғырлануына, температураға тәуелді болады.

Люминофорлар  сәулесінің  шығымы  (сәуленің  шығуының  қоздырылуға 

қатынасы)  қоздыру  түріне,  оның  спектріне  (фотолюминесценция  кезінде) 

энергияның  жарық  энергиясына  түрлену  тетігіне  тәуелді.  Ол  люминофорлар 

мен активаторлардың шоғырлануы мен температурасы жоғарылаған кезде күрт 

төмендейді  (люминесценцияның  өшуі).  Әртүрлі  люминофорлар  сөндірілген 

соң жарқырауын кенет тоқтатпай белгілі бір уақыт өткенде сөнуі (яғни соңыра 

өшуі) 

10

–9

 секундтан бірнеше сағатқа дейінгі аралығына созылады. Соңыра 

жарқырауы ең қысқа болатын люминофорлар органикалық люминофорлар, ал 

ең ұзақ жарқырайтын кристаллфосфорлар. Қолданылатын люминофорлардың 

арасындағы негізгі типтері: кристаллфосфорлар, органикалық люминофорлар, 



люминесценцияланатын әйнектер.  Мұның ішінде бәрінен көп таралғаны –  

кристаллфосфорлар.  Люминесценттік  шамдарда  кристаллфосфорлардың  қос- 

пасы немесе бір компоненті ғана қолданылады. Люминофорлар құрамындағы

 

заттардың  жарқырауы  күндізгі  жарықтың  құрамына  жақындау  бо-



л

32

ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ЛЮМИНОФОР



647

лып  таңдалады.  Катодлюминофорлар  электрондықсәулелік  түтіктердің, 

осциллографтың, ақ-қара жай және түрлі түсті кинескоптардың, т.б. экрандарын 

жасау үшін қолданылады.

Органика лық люминофорлар ерітінділерде (флуоресцин, родамин) және 

қатты күйдегі (пластикалық масса, антрацен, стильбен, т.б.) денелерде люминес-

ценцияланады яғни жарық шығарады. Олар өте күшті жарқырайды әрі шапшаң 

іске қосылады. Олардың шығаратын люминесценциялық сәулесінің түсі жарықтың 

көрінетін аймағының бүкіл түстерін шығара алатындай дәрежеде  таңдалады. 

Органикалық люминофорлар сұйық лазерлердің активті бөлігі ретінде де пай-

даланылады. Органикалық люминофорлар кристалдары γ-сәулесі мен шапшаң 

бөлшектерді тіркейтін сцинтилляторлар ретінде қолданылады.

Л юм и н е с ц е н ц и я л а н у ш ы   ә й н е к   әртүрлі  құрамды  әйнек  матрицалар 

негізінде дайындалады. Әйнекті қайнату кезінде шихтағы (қоспаға) активатор 

көбінесе сирек кездесетін химиялық элементтердің немесе актиноид қатарының 

элементтерінің тұздары араластырылады. Бұл әйнектердің мөлдірлігі жоғары, сол 

себепті олар лазерлік материалдар ретінде де және ультракүлгін сәулелер арқылы 

алынған кескіндерді көрінетін кескінге айналдыруда пайдаланылады.



ЛЮММЕР-ГЕРКЕ ПЛАСТИНКАСЫ (орысша «пластина – қатты денеден 

жасалған ені тар жұқа жолақ») – өте жоғары дәрежеде өңделген әйнектен немесе 

кварцтен жазық-параллель пластина түрінде жасалған көп сәулелі оптикалық 

интерферометр.  Пластинканың  бетінен  тізбектеліп  шағылған  кезде  сәуленің 

бір бөлігі одан сыртқа шығып кетеді (сызбаға қараңыз). Сол себепті параллель 

сәулелердің шоғының жолына қойылған жинақтаушы линзаның фокустық (тоғысу) 

жазықтығында интерференцияланатын, біріне-бірі қатысты жүріс айырмашылығы 

тұрақты  болатын  әлгі  параллель  сәулелер  шоғы  пайда  болады.  Мұны  неміс 

физиктері О.



Люммер және Э.Герке ойлап тапқан.

жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау