қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
600
601
Осы айтылғандардан ешбір материалдық нысан ешқашан жарық
жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғала алмайды немесе одан аса да ал-
майды деген қорытынды шығады. Сондықтан
жарық жылдамдығындай
шапшаңдықпен тек тыныштық массасы нөлге тең нысан ғана қозғала ала-
ды. Осы жайт әлгіндей массалы дене жалпы алғанда тыныштықта бола ал-
майды, оның әрқашан да жарық жылдамдығымен (с) қозғалуы тиіс. Тыныштық
массасы нөлге тең нысан – жарық, дәлірек айтсақ, жарық кванты – фотон.
ҚОЗҒАН КҮЙ, кванттық жүйенің – негізгі (нөлдік) күйдің энергиясы-
нан артық болатын тұрақсыз күй. Кванттық жүйе (атомдар, молекулалар, атом
ядролары) электрмагниттік энергияны жұту немесе өзгедей кванттық жүйелер-
мен өзараәсерлесу кезіндегі, мысалы,
соқтығысулар кезіндегі кванттық
ауысу тәсілімен қозған күйге көшеді.
ҚОЗДЫРУ – жүйені тұрақты тепе-теңдік күйден шығару.
Тербелістерді қоздыру – жүйеде тербелістердің пайда болуына әкеп соқты-
ратын әсер.
Тербелістерді параметрлік қоздыру – тербелмелі жүйенің кейбір параметр-
лерін периодты түрде өзгерту арқылы қоздыру.
ҚОЗДЫРЫЛҒАН КҮЙ, к в а н т т ы қ ж ү й е н і ң – кванттық жүйе үшін
мүмкін дискреттік қатардың ең аз (минимал) энергиясынан жоғары энергиясы
болатын әлгі жүйенің атомдарының молекулаларының және өзге кванттық
жүйелердің күйі. Негізгі күйден (ең аз энергиялы) өзге күйлер – қоздырылған
күйлер деп аталған. Жүйенің қоздырылған күйге ауысуы үшін оны энергия беріп
қоздыру қажет. Қоздырылған күйдің, әдетте, шекті «өмір сүру» ұзақтығы бола-
ды. Қоздырылған күйге сәйкес энергия деңгейлері де
қоздырылған энергия
деңгейлері деп аталады.
ҚОЗДЫРЫЛҒАН ӨТКІЗГІШТІК – диэлектриктердің және жартылай-
өткізгіштерді жарықтау (фотоөткізгіштік) немесе осылардың беттерін электрон-
дармен атқылау (электрондармен қоздырылған өткізгіштік) кезінде бұлардың
электрлік өткізгіштігінің артуы. Қоздырылған өткізгіштік
электрлік-кемтіктік
жұптардың шығарылуының себебінен туындаған.
ҚОЗУ, атомның неме се молекуланың
– атомның немесе молекуланың
негізгі күйден артық энергиялы күйге
(жоғарыдағы энергия деңгейінің біріне)
ауысуы (өтуі). Қозу бөлшектердің соқтығысулары кезінде немесе бөлшектердің
электрмагниттік сәулелер кванттарымен өзараәсерлесуі кезінде (әдетте
бөлшектердің өзараәсерлесуден алатын энергиясы оны иондандыруға жеткіліксіз
болған жағдайда) туындайды. Атомның немесе молекуланың
негізгі күйден
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
602
603
өзге күйлерінің барлығы
қоздырылған күйлер деп
аталған; о сы күйлердің
ә р қ а й с ы с ы б е л г і л і б і р
мөлшерлі бөлшектің негізгі
күйінен қозған күйге ауыс-
қанда ие болатын энергия-
сымен (қозу энергиясымен)
сипатталады. Егер қозған күй
метатұрақты күй болмаса,
онда бөлшектер осы күйде өте
қысқа мерзімғана тұрақтап
өздігінен негізгі немесе аз
энергиялы күйге ауысады. Бөлшектердің қозған күйде болатын орташа уақыты –
бөлшектің энергия деңгейіндегі «өмір сүру» уақыты деп аталған.
ҚОПАРЫЛЫС, жарылыс – заттардың өздерінің күйлерін кенеттен өзгертіп,
шектелген ортада лезде мол энергия бөлуімен қабаттастыра өзінің айналасындағы
ортаны қарқынды түрде жан-жаққа лақтырып ұшыруы. Қопарылыстың
алғашқы кезеңінде заттың ішкі химиялық (немесе ядролық) энергиясы жылуға
түрленеді. Химиялық қопарғыш заттардың (ХҚЗ-дың) әдеттегі жай отындармен
салыстырғанда жылу бөлгіштігі аз [~4·10
3
кДж/кг (немесе ~10
3
ккал/кг) ], бірақ
химиялық түрлену қысқа мерзімде (~10
-5
сек) және өтетіндіктен ауадан оттек
қатыспайтындықтан, қопарылыс үрдісінде (процесінде) заттар жан-жаққа ша-
шырап үлгерместен, жоғары температура (2·10
3
– 4·10
3
К) және жоғары қысым 10
ГПа (гига Паскаль = 10
9
Па) (10
5
атм) пайда болады. Газ көлемінің ұлғаюы қорша-
ған ортаны қозғалысқа түсіреді –
қопарылыс толқыны пайда болады, оның
таралу жылдамдығы қопарылыс ошағының маңында бірнеше км /сек-қа жетеді.
Қопарылыс толқыны қоршаған ортаға механикалық әсер етеді. Қопарғыш
заттар сыртқы әсерлер (мысалы, оттың, механикалық соққының,
детонацияның)
нәтижесінде лезде химиялық өзгеріске ұшырайды да, молекулалардың арасын-
дағы байланыс энергиясы жылу түрінде бөлініп шығады. Белгілі бір көлемдегі
заттың кез келген нүктесіндегі химиялық өзгерістен пайда болған жылу қопарғыш
заттан лезде тысқары шығып үлгермейтіндіктен, температура артады да, үрдіс
(процесс) үдеп
жылулық қопарылыс пайда болады.
Химиялық ыдырауға ұшыраған
заттың көлемі артып, жоғары қысымдағы
аса қызған күйге ауысады. Осы күй өзгерістері заттың ішкі қабатынан сыртқа
Қозуға көлдегі судың жаңбыр және басқалардан
толуын сырттай ұқсатуға болады.