қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
598
599
Броундық қозғалыс – сұйықтағы немесе газдағы қалқымалы ұсақ бөлшектердің
үздіксіз ретсіз қозғалысы.
Бірқалыпты қозғалыс – материалдық нүктенің жылдамдығының сан мәні
уақытқа байланысты болмайтын қозғалысы.
Бірқалыпты айнымалы қозғалыс – материалдық нүктенің шамасы бойынша
бірқалыпты үдемелі қозғалысы.
Винттік қозғалыс – қатты дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдық
векторына параллель түзусызықты ілгерілемелі қозғалысы мен осьтің төңірегін-
дегі айналмалы қозғалыстан құралған күрделі қозғалысы.
Еркін қозғалыс – дененің механикалық байланыстармен шектелмеген
қозғалысы.
Жазық қозғалыс – қатты дененің барлық нүктелері кез келген қозғалмайтын
жазықтыққа қатысты параллель орнын ауыстыратын қозғалысы.
Жылулық қозғалыс – заттардың атомдарының, молекулаларының және басқа
бөлшектерінің қарқындылығы дененің температурасымен анықталатын ретсіз
қозғалысы.
Құйынды қозғалыс – сұйықтың немесе газдың кіші бөліктерінің тек
ілгерілемелі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір лездік осьтердің төңірегінде
айналатын қозғалысы.
Механикалық қозғалыс – денелердің және олардың бөліктерінің бір-біріне
қатысты орын ауыстыруы.
Реактивтік қозғалыс – реактивті күштер әсері нәтижесінде пайда болатын
қозғалыс.
Салыстырмалы қозғалыс – дене қалпының жылжымалы санақ жүйесіне
қатысты уақыттың өтуіне байланысты өзгеруі.
Тасымалды қозғалыс – берілген сәттегі қарастырылып отырған нүктенің
жылжымалы санақ жүйесінің кіші аймағы арқылы өтетін абсолюттік қозғалыс.
Тербелмелі қозғалыс – белгілі бір уақыт бойынша қайталануымен сипатта-
латын қозғалыс.
Тұрақты қозғалыс – сұйық пен газдың кеңістіктегі әрбір нүктесінде олардың
қозғалыстарының сипаттамалары (жылдамдығы, үдеуі) және қасиеттері (қысымы,
тығыздығы) уақыттың өтуіне байланысты өзгермейтін қозғалысы.
Ілгерілемелі қозғалыс – қатты дененің онымен байланысқан кез келген түзу
сызықтың өзіне-өзі параллель орын ауыстыратын қозғалысы.
ҚОЗҒАЛТҚЫШ – кез келген энергия түрлерін механикалық жұмысқа
түрлендіретін машина (құрылғы). Қозғалтқыштар
бірінші текті және екінші текті
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
598
599
деп екіге ажыратылған. Бірінші текті қозғалтқыш (мысалы, бу, газ, жел)
табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су энергиясын, ядролық энергияны,
жел энергиясын, т.б.) тікелей механикалық жұмысқа түрлендіреді; е к і н ш і т е к
т і қ о з ғ а л т қ ы ш бірінші текті қозғалтқыш (мысалы, сағылған ауа энергиясын
пайдаланатын электрқозғалтқыш, ауа қозғалтқыш) арқылы алынған энергияны
түрлендіреді.
Бірінші текті мәңгі қозғалтқыш – алғаш рет қозғалтқан соң сырттан ешқандай
энергия тұтынбастан шексіз ұзақ уақыт жұмыс істей алмақшы деп болжалданған
қозғалтқыш.
Екінші текті мәңгі қозғалтқыш – қоршаған орта денелері беретін жылуды
түгелдей жұмысқа түрлендіре алады делінген периодты әрекетті болжалды машина.
ҚОЗҒАЛЫС – ф и л о с о ф и я л ы қ ұ ғ ы м бойынша – материя болмысының
мәңгілік формасы, материяның жасауы, материялық нысанның (объектінің) кез
келген өзараәсерлесуі. Бір сөзбен айтқанда материясыз қозғалыс жоқ және
қозғалыссыз материя болмақ емес. Материяның қозғалысы абсолютті, кез келген
тыныштық салыстырмалы және қозғалыстың бір сәті болып есептеледі (мысалы,
дене Жерге қатысты тыныштықта болғанымен, онымен бірге Күнді айналып
қозғалады, т.б.).
Қозғалыстың негізгі формалары: механикалық және физикалық (жылулық,
электрмагниттік, гравитациялық, атомдық және ядролық), химиялық, биологиялық,
т.б. қозғалыстар болып табылады.
ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ, импульс – механикалық қозғалыстың материал-
дық нүкте үшін оның массасының (m) жылдамдыққа (υ) көбейтіндісіне тең
өлшеуіші. Қозғалыс мөлшері mυ – нүкте жылдамдығының бағытымен бағыттал-
ған векторлық шама. Нүктенің қозғалыс мөлшері күштер әсерінен, жалпы жағ-
дайда сан жүзінде де және бағыты бойынша да өзгереді; осы өзгеріс
динамика-
ның екінші (негізгі) заңымен анықталады. Қозғалыс мөлшері кейде и м -
пульс деп те аталады.
Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері (Q) оның барлық нүктелерінің қозға-
лыс мөлшерлерінің геометриялық қосындысына немесе бүкіл жүйенің масса-
ларының (М) жүйенің массасы орталығының жылдамдығының (ϑ
ж
) көбейтін-
дісіне тең: Q=Σm
k
·ϑ
k
=M·ϑ
ж
¸
мұндағы k – жүйедегі нүктелер саны. Жүйенің қозға-
лыс мөлшері тек сыртқы күштердің әсерінен ғана өзгереді. Қозғалыс мөлшерінің
өзгеру теоремасы бойынша: Q
1
– Q
о
=ΣЅ
е
k
, мұндағы
Q
о
және Q
1
– жүйенің бел-
гілі бір уақыт аралығының бастапқы және соңғы кездеріндегі қозғалыс мөлшер-
лері, Ѕ
е
k
– осы уақыт аралығындағы сыртқы күштер (F
е
k
) импульсі.
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
600
601
Тұйық жүйе, яғни сыртқы күш әсер етпейтін жүйе үшін қозғалыс мөлшері-
нің сақталу заңы орындалады. Бұл жағдайда жүйенің жеке бөліктерінің қозға-
лыс мөлшерінің өзгеруі мүмкін (мыс., ішкі күштердің әсерлерінен), бірақ жалпы
жүйе үшін Q=Σm
k
υ
k
теңдігі тұрақты болады. Реактивті қозғалыс, қарудың атылуы
кезіндегі тебіліс (дүмпу), еспе винттің жұмысы, т.б. осы заң арқылы түсіндіріледі.
Жарық жылдамдығына (с) жуық жылдамдықпен қозғалған еркін бөлшектің
қозғалыс мөлшері немесе импульсі мына формула бойынша анықталады:
р = m·υ
, мұндағы β = υ/с. Егер υ<<с болса, онда формула мынадай түрге
өзгереді: р = m·υ. Физикалық өрістердің де (электрмагниттік, гравитациялық, т.б.)
қозғалыс мөлшері болады.
Өрістің қозғалыс мөлшері өріс қозғалыс мөлшерінің
тығыздығымен сипатталады және ол – өріс кернеулігі немесе потенциалы ар-
қылы өрнектеледі.
ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІНІҢ МОМЕНТІ, кинетика лық момент –
материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының өлшеуіш-
терінің бірі. Бұл момент әсіресе, айналмалы қозғалысты зерттеуде елеулі ма-
ңызы бар. Күш моменті тәрізді қозғалыс мөлшерінің моменті (К) де орталыққа
(нүктеге) және оське қатысты ажыратылады. О орталығына қозғалыс мөлшерінің
моменті – қозғалыс мөлшері (mυ) мен О орталығынан берілген түзуге дейінгі
(бойымен қозғалыс мөлшерінің векторы бағытталған) ең қысқа қашықтықтың
көбейтіндісіне тең, яғни К
0
=[r∙mυ] мұндағы r – қозғалыстағы нүктенің радиусы.
Ол О орталығы мен mυ арқылы өтетін жазықтыққа перпендикуляр бағытталады.
ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ДЕНЕ МАССАСЫ – салыстырмалық теорияның негі-
зіне сәйкес қозғалыстағы дененің массасы оның тыныштық жағдайдағы масса-
сынан (тыныштық массасынан) артық және де жылдамдық артқан сайын үздіксіз
өсетін болады. Классикалық механиканың көзқарасы бойынша дененің массасы
оның қозғалысына тәуелді болмайтыны белгілі. Ғарыштық жылдамдықпен
ұшатын кәдімгі денелер үшін массаның артуы елеусіздей аз шама, оны осы заманғы
ешқандай өлшеуіш аспаптармен өлшеу мүмкін емес. Бірақ та
жарықтың тара-
лу жылдамдығына (с) жуық шапшаңдықпен қозғалатын атомдық бөлшектер
үшін салмақтың артуы едәуір еленетін шамада болады. Мысалы, 1000 эВ энер-
гиялы 18 720 км/сек жылдамдықпен қозғалатын электронның массасы 2,957
есе, ал энергиясы 10 МэВ-қа тең және жылдамдығы жарық жылдамдығына
жуық электронның массасы 20,58 есеге артады. Жарық жылдамдығына тең
жылдамдықпен қозғалатын дененің массасы шексіз үлкен болса, денеге әсер
етуші үдеткіш күш те шексіз үлкен болмақшы.
Достарыңызбен бөлісу: |