Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет2/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265

5

Атақты физик Альберт  



эйнштейн: «Ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі 

сөздерден айырмашылығы неде? Ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға 

ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының 

тұжырымдауы себеп болған. Егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің 

жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда 

өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарды» 

деген болатын. Эйнштейннің осы ойынан шығатын қорытынды: ғылым деге- 

німіз  – ұжымдасқан, яғни көптеген білімдердің жиынтығы екенін аңғарамыз. 

Ғылыми атаулар әр ел ғалымдары еңбектерінің нәтижелерінен қалыптасатындықтан, 

олар көпшілікке түсінікті болу үшін ортақ бір тілде тұжырымдалатын болған. 

Физика  ғылымы  біздің  заманымыздан  бұрынғы V  –  ІV  ғасырлардағы  ежелгі 

грек ойшылдары атаған атауларға еліктеп грекше, одан кейінгі орта ғасырларда 

ғылыми тілге айналған латынша аталып келген. Қазіргі кезде ғылыми атаулар 

ара-тұра өзге тілдерде де аталуда. Осылайша халықаралық ортақ тілде аталған 

ғылыми атаулардың қалыптасқан мән-мағынасын әр халықтың  тіліндегі балама 

атаулары бойынша анықтау қабылданған. Әрбір ғылыми атау, мысалы, «ФИЗИКА»  

( грекше «физус – табиғат») деген атаудың қандай мағыналы сөзден қалыптас- 

қандығы, яғни шығу тегі – этимологиясы бойынша түсіндірілген. 

Энциклопедиядағы мақала атаулары әліпбилік ретпен «А»-дан басталып, «Я»-ға 

дейінгі әріптік тізбек бойынша орналастырылды. Мақалалардың өзара байланы-

сын аңғарту үшін арнайы 

сілтемелік әдіс қолданылды. Айталық, «Атом» деген 

жалпылама мақалада оның құрамдас бөліктері: 



электронпротон және нейтрон 

туралы арнайы жеке-жеке егжей-тегжейлі мақала берілгендігін білдіру үшін әлгі 



электронпротон  және нейтрон деген атаулар курсивпен жазылатынын айтқанбыз. 

Сондықтан курсивпен терілген атаулардың энциклопедияда жеке-дара мақала 

болып берілгенін естен шығармаңыздар. Мысалы, 

«Атом ядросының бөлінуі» 

деген мақалада потенциалдық тосқауыл, ядролық тізбекті реакция, т.б. курсив-

пен терілген болса, осылар туралы энциклопедияда жеке мақалалар бар деген сөз. 

Сондай-ақ «өзараәсерлесулер», «жылуөткізгіштік», «асқынөткізгіш», т.б. тәрізді 

физикалық ұғымдардың атаулары бір ғана мағынаны білдіретін термин ретінде 

біріктіріліп жазылғанын ескертеміз.




ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

6

ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫнЫҢ дАМУ КЕЗЕҢдЕРІ



Физика (грекше «физис – табиғат») – материяның құрылысы мен қасиеттерін 

және оның қозғалыстарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар 

ең  жалпылама  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым.  Физика  ұғымы  мен  оның 

заңдары  –  бүкіл  табиғаттану  ғылымдарының  негізіне  қаланған.  Физика  дәл 

ғылымдар саласы болып табылады, сондықтан табиғаттың санмен бейнелеуге 

болатын заңдылықтарын зерттейді. Физика ежелгі заман ғылымы болғандықтан, 

жалпылама  табиғат  құбылыстары  туралы  бүкіл  ілімдерді  қамтыды.  Білімдер 

мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жеке-

леген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған, соның бірі физика ғылымы 

болды. Физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара  –  

шартты  бөлініс  болып  табылады  және  уақыт  өткен  сайын  соны  идеялар  мен 

теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылым- 

дардың ең өзектілерінің бірі.

Физика – тәжірибелік ғылым: оның заңдары тәжірибе жүзінде дәлелденген, 

орныққан фактілерге негізделген. Физикалық заңдар сан жүзіндегі қатынастар 

болып табылады да, математикалық тілде тұжырымдалады. Физика эксперименттік 

(ғылыми тәжірибелік) және теориялық физикаларға салаланған. 

Физика ғылыми-

зерттеу нысандары (объектілері) бойынша – қарапайым бөлшектер физикасына, 

ядролық физикаға, атомдар мен молекулалар физикасына, газдар мен сұйықтар 

физикасына,  қатты  денелер  физикасына,  плазма  физикасына,  т.б.  салаларға 

ажыратылған. Зерттелетін үрдістер (процестер) немесе материяның қозғалысына 

байланысты физика – материалдық нүкте және қатты дене механикасы, тұтас 

орта механикасы, термодинамика және статистикалық механика, электрдинами-

ка, тартылыс теориясы, кванттық механика және өрістің кванттық теориясына 

ажыратылған.  Зерттеу  мақсатына  сәйкес  қолданбалық  физикаға  (қолданбалы 

оптикаға) топталған. 

Найзағайдың жарқылы, аспанның күркіреуі, Күннің және Айдың тұтылуы, 

т.б. Физикалық құбылыстар ежелден-ақ өзіне адамзаттың назарын аудартқан. 



ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИКТЕР

7

        демокрит                  Г.Галилей           э.торричелли                Р.Бойль

Біздің заманымыздан бұрынғы (б.з.б.) VI – ІІ ғасырлар аралығында ғұмыр кешкен 

ежелгі грек ғалымдары 



демокрит (б.з.б. 470/406 – 370), эпикур (б.з.б. 341 – 270), 

Лукреций (б.з.б. І ғасыр) заттардың атомдық құрылымы туралы алғашқы идея-

ларды тұжырымдаған. Ежелгі грек ғалымы Клавдий 



птоломей (б.з.б. ІІ ғасыр) 

Әлемнің геоцентрлік (яғни Әлемнің ортасында Жер орналасқан делінетін) жүйесін, 

статиканың қарапайым заңдарын (рычаг ережелерін), жарық сәуленің түзусызық- 

ты таралуын және оның шағылысу заңын, гидростатиканың бастамасын (Архимед 

заңы) тұжырымдаған. Электр мен магнетизмнің қарапайым көріністері байқал- 

ған. Б.з.б. ІV ғасырға дейінгі физикалық ілімдерді ежелгі грек философы әрі ғалы- 

мы 

Аристотель (б.з.б. 384 – 322) қорытындылаған. Орта ғасырларда Аристотель- 

дің ілімін шіркеу міндетті ілімге айналдырып, ғылымның дамуына ұзақ уақыт 

тежеу жасаған. Физиканың ғылым ретінде дамуы ХVІІ ғасырда итальян ғалымы 

Галилео 


Галилейдің (1564 – 1642) ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастау алған. 

Галилей қозғалысты математикалық түрде сипаттаудың қажеттілігін алғаш түсін- 

ген ғалым болды. Ол берілген денеге айнала қоршаған денелердің әсері Аристо- 

тель іліміндегідей жылдамдықпен емес, дененің еркін түсу үдеуімен анықталаты- 

нын дәлелдеген. Осы жаңалық инерция заңының алғашқы тұжырымы болды. 

Галилей механикадағы салыстырмалық принципті ашты, денелердің еркін түсу 

үдеуінің дененің тығыздығы мен массасына тәуелді болмайтынын дәлелдеді, поляк 

астрономы Николай 



Коперниктің (1473 – 1543) теориясын негіздеген және астро-

номия ғылымында оптикалық, жылулық, т.б. құбылыстарды зерттеуде айтарлық- 

тай нәтижеге қол жеткізген. Галилейдің шәкірті – физик Эванджелиста 

торричел-

ли (1608 – 1647) атмосфералық қысымның болатынын айғақтаған және 1644 ж.  

сынапты барометрді жасаған. Ағылшын физигі әрі химигі Роберт 



Бойль (1627 – 

1691) мен француз физигі Эдм 



Мариотт (1620 – 1684) газдардың серпімділігін 

зерттеген және өздерінің есімдерімен аталған алғашқы газ заңдарын тұжырым-




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау