Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



жүктеу 0,99 Mb.
Pdf просмотр
бет11/37
Дата18.05.2018
өлшемі0,99 Mb.
#14254
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37

27

Әдістемелік құрал 

БОЛҒ

АН

 ОҚИҒ



АЛАР

 

Елімізде осындай қыз ғұмыры 



тәлкекке ұшыраған нәзік жан-

дар жүздеп саналады. 

– Мен болашақ күйеуіммен дискотекадан 

үйге 

қайтып келе жатқанда таныстым. Ол менен 8 

жас 

үлкен болды. Кездесе бастадық. 9-сыныпты бітір

-

геннен кейін ол күштеп мені алып қашып к

етті. 

Біздің поселкемізде сен басыңа «орамал салып алған

-

нан кейін» ата-анаңа қайта оралу ұят саналады,

 

яғни сен таза емессің және барлық таныстарың 

сені саусағымен көрсететін болады. Оның отбасы 

мені қабылдай қоймады, күйеуімнің шешесі менің 

өмірімнің астан-кестеңін шығарды.

10 сыныпта олар маған: «Саған оқудың к

ерегі не? 

Сені енді тұрмыс құрдың, күйеуіңе қызмет етуің 

керек» деп мектепке баруға рұхсат етпей қ

ойды. 

Күйеуімді сүймесем де онымен сөз таластыра 

алмадым. Ол ешқашан менің жағымда емес,

 әрдайым 

өз анасының жағында болды. Біршама уақыттан 

кейін маған қол көтеретінді шығарды. Оның отбасы 

менің аяғымның ауыр екенін білгенде де мені ешкім 

қолдаған жоқ, мен бұрынғыша үйдегі бар жұмы

-

сты атқара бердім. Жүктілігімнің 6 айлығында 

түсік тастадым. Оған ылғи да психикалық

 қысым, 

ауыр жұмыстар себеп болды. Ауруханадан шыққ

а-

нымда ата-анам мені өздерімен бірге алып к

етті, 

бір айдан соң ажырастық. Қазір менде бәрі 

жақсы, 

күйеуге шыққан жылдарымды қорқынышты тү

стер 

сияқты еске аламын.

М. Айгүл 

Алматы облысы Еңбекшіқа-

зақ ауданы Шелек ауылынан 

өзінің өмірлік тәжірибесі 

туралы әңгімеледі:



28

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Тағы бір кейіпкеріміз 

Алматы облысы-

ның Жамбыл ауданындағы П.Соня есімді 

қыздың өмірі денеңді түршіктіреді.

Соня  кішкентайынан  түріктің  қыздарын  жастай 

біреулер  алып  қашып  кететінін  біледі.  Оның 

құрбыларының  көбін  алып  қашып  кеткен  және 

олар 18-ге де толмаған болатын. Қыз алып қашу 

олардың  ауылында  ашық  және  тұрақты  түрде 

болып жататын, көптеген жас қыздарды мектептің 

алдынан-ақ  алып  кете  беретін,  кейді  бірнеше-

уін  бірден  ұрлап  кеткен  кездері  де  бар!  Үлкен-

дер  алаңдап,  қыздарын  мектепке  жібермейтін, 

кейбіреулері  ересектердің  жетелеуімен  баратын 

мектепке.  Соняның  да  ата-анасы  осылай  істеді. 

Басқа қыздарға қарағанда Соня оны тезірек алып 

қашып кетсе деп ойлайтын және ол құрбыларына 

егер өзін алып қашып кетсе күйеу болатын жігіті 

ұнамаса,  міндетті  түрде  кетіп  қалам  деп  айтып 

жүретін. Түрік қыздарында мұндай қадамға ешкім 

бара қоймас еді. Алайда, ол мұндай пікірді жай-

дан жай айтып жүрген жоқ еді, өйткені оның көз 

алдында өз анасына қатысты сәтсіз оқиға болған-

тын. 


Соняның  шешесін  кәмелет  жасына  толмай-ақ 

алып  қашқан  болатын.  Бірақ  та,  отбасы  құра 

алмады.  Жас  келіншек  кішкентай  Сонямен  өгей 

әкесіне оралды. Өз әкесін Соня содан кейін мүлде 

көрген емес. Ол үшін атасы әке бола білді... Белгілі 

себептерге  орай  Соня  қателесуден  қорқып,  ана-

сының  тағдырын  қайталағысы  келмеді.  Әсіресе, 

бір  құрбысының  некесі  сәтсіз  болғаннан  кейін 

бұл  қорқыныш  үдей  түсті.  Соняның  құрбылары-

ның бірі өз ата-анасына қайта оралғанда, күйеуі 

келіп кішкентай баласын алып кеткен болатын.

9 сыныптан кейін Соня колледжге барып оқымақ 

болды. Мектепте жақсы оқыды, тіпті барлық пән-

нен бестік алатын. Мұғалімдер оны мақтап, мек-

тепті тастап кетпеуін өтінді, бірақ ол өз отбасына 

көмектескісі келді, өйткені тек қана шешесі ғана 

жұмыс істейтін, ал атасы мен әжесі зейнет дема-

лысында еді. Аса кедей де тұрмады, керемет бай 

болды деп айтуға болмас. Күндіз Соня колледжде 

оқыса, кешке қарай шешесіне көмектесетін.

Бір  күні  ол  колледжден  қайтып  келе  жатқанда 

оны алып қашып кетті. Әдетте ол курстастарымен 

қайтатын,  ал  сол  күні  олар  ертерек  кетіп  қалған 

еді. Бір машина тоқтай қалып, оны бірнеше жігіт 

көлікке бір-ақ салып алып кеткен болатын. Қанша 

рет  айтып,  қанша  рет  жыласа да  ешқандай  пай-

дасы  болмады.  Сол  кездерде  ол  небәрі  15-ке 

толған еді. Ал күйеу бала Сонядан 10 жас үлкен 

боп шықты. Соня оған ұнап жүрген екен. Үйлену 

тойынан  кейін  бірден  аяғы  ауыр  болды.  Сөйте 

жүріп ол оқуын жалғастыра берді, ал жұмыс істе-

уге күйеуі рұхсат етпеді. Көп ұзамай дүниеге бір 

ұл келді. Барлық туысқандары да, Соняның өзі де 

қуанышты  болды. Алғашқы  екі  жылда  күйеуімен 

жақсы  тұрды.  Содан  кейін  күйеуі  қол  көтеретін 

болды.  Ол  барынша  төзімді  болды  және  ортақ 

балалары үшін кешіріммен қарайтын. Бірде күй-

еуі Соняны көкала қойдай етіп сабап тастағаннан 

кейін атасы келіп Соняны алып кетті.

Қазір  Соня  өз  ұлымен  және  өз  ата-аналарымен 

бірге  тұрады,  жұмыс  істейді.  Соняның  күйеуі 

үшінші рет үйленді, ал баласына өте сирек келіп 

кетеді.  Тек  қайыненесі  ғана  немересіне  жиірек 

келіп, қыдыр тып, демалыс күндерін бірге өткізіп 

жүрді.  Күйеуінен  ажырасқанына  Соня  өкінбейді, 

мұны дұрыс шешім болды деп есептейді.



Жоғарыда келтірілген барлық оқиғаларды «жақсы» аяқталған деп 

есептеуге болады, өйткені көптеген жағдайларда қыз балалар 

отбасы еркі мен дәстүрдің құрбаны болып қала береді және өмір 

бойы мәжбүрлі некенің тұзағында қалады. Олар үшін де, пәкістандық 

қыз бала Сабатини Джеймс үшін де тұрмысқа күштеп шығару «өмір 

бойы зорлық-зомбылықтың құрбаны болу» ретінде қала бермек.


жүктеу 0,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау